К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



Pdf көрінісі
бет30/199
Дата05.12.2023
өлшемі5.37 Mb.
#485597
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   199
zhanuarlardy invaziyaly aurulary3

Трематодалардың дамуы. Трематодалар – биогельминттер, олар 
Аралық иелерідiң ауысуымен (су және құрғақ жер моллюскалар), кейде 
қосымша (моллюскалар, балық, жәндiк) иелермен дамиды. 
Жыныстық жетiлген мариттер клиникалыққы ортаға көп мөлшерде 
жұмыртқа бөледi. Жұмыртқаның клиникалыққы қабаты 4 бөлiктен тұрады: үш 
клиникалыққы қабаты механикалық зақымдардан, ал төртiншiсi – химиялық 
әсерден қорғайды. Қолайлы жағдайда жұмыртқадан 1-шi сатыдағы дернәсілдер 
– кiрпiкшемен қапталған мирацидий шығады. Мирацидий белсендi түрде 
моллюскаларға шауып, оның ұлпасына енедi немесе моллюскамен жұтылады. 
Кейде аралық иесi iшiнде мирацидий бар жұмыртқаны жұтады. Моллюскада 
мирацидий кiрпiкшелерiн жояды да, спороцистаға сосын редияға, редиядан 
церкарийға айналады. Церкарийлар моллюскадан шығып, құйрығының 
көмегiмен белгiлi бiр уақыт суда жүзiп жүредi де, өсiмдiк, тасқа жабысады
сосын құйрығын жойып, инвазиялық саты-адолескарийға айналады. 
Қосымша иелердiң қатысуымен трематодалардың дамуында церкарий 
оның ағызасына түседi де, метацеркарийға айналады. 
Дефинитивтi иелердiң ағзасына инвазиялық дернәсілдер шөппен немесе 
сумен түседi. Онда қабығы бұзылып, жас трематодалар әр түрлi жолмен 
маритке дамиды. 
Ветеринариялық паразитологияға трематодалардың 5 подотряды 
маңызды болады. 
Fasciolata - фасциолята – трематода дене пiшiнi мен көлемi әр түрлi. 
Ауыз емiзiкшелерi дененiң алдыңғы бөлiгiнде, құрсақ емiзiкшелерi оған жақын, 
ал сары денелер дененiң қабырға бойы орналасқан. Трематодалар бiр, кейде екi 
Аралық иелерімен дамиды. 
Paramphistomatа - парамфистомата – осы подотрядтағылардың құрсақ 
емiзiкшесi жақсы дамыған және дененiң артқы бөлiгiне қозғалған. Олардың 
дамуы бiр аралық ие қатысуы мен дамиды. Ауылшаруашылық малдарының 
месқарынын зақымдайды. 


39 
Heteroрhyata – гетерофиата – ұсақ және орташа трематодалар. Екi Аралық 
иелерідiң қатысуымен дамиды, метацеркарий балық және шаянтәрiздiлерде 
болады. Етқоректiлердiң бауырының өт жолдарында жиi описторхтар кездеседi. 
Echinostomatata – эхиностоматата – бұл адоральды дискпен қаруланған 
және қаруланбаған трематодалар. Олар екi Аралық иелерідiң қатысуымен 
дамиды, сондай-ақ олардың қосымша иелерi моллюск, балық болуы мүмкiн. 
Суда жүзитiн құстардың көп түрiн зақымдайды. 
Sсhistosomatata – шистосоматата – бөлек жынысты трематодалар. 
Емiзiкшелерi әлсiз дамыған, жұмыртқалары түртiкшелермен жабдықталған. Бiр 
ғана аралық иенің қатысумен, яғни моллюскамен дамиды. Сүтқоректiлердiң 
және құстардың қан жүйесiн зақымдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет