126
препараттардан нутталлиоз ауруында да пироплазмозға қарсы қолданылатын
дәрілер нәтиже береді (диамидин, азидин).
Сондай-ақ, нутталиоздың көпке
созылып асқынған түрінде 0,005-0,01 г/кг мөлшерінде 5-10 % сульфантрол
ерітіндісі бұлшық етке егіледі.
Асқазан қызметін қалпына келтіру үшін жемге қосып биомицин 0,002-
0,005 г/кг мөлшерінде немесе биоветин береді.
Бұл дәрілер іштегі қабыну
процестерін тежеп, жылқының сауығып кетуіне әсерін тигізеді.
Алдын алу шаралары. Нутталлиозға қарсы сақтық шараларын
жүргізгенде, оның пироплазмозбен аралас немесе пироплазмоздан сәл кейін
шығатынын ескерген жөн. Кейбір шаруашылықтарда әсіресе жас малдың,
жаз
айларында арық болуы, осындай аралас инвазияға байланысты болса
керек. Сондықтан жаз айларында осы үйірдегі жылқының қанын мезгіл-
мезгіл тексеріп тұру қажет. Егер нутталлиоз
ауруы шыға қалған жағдайда
оған қарсы алдын ала дауа шаралары жүргізіледі.
Мемлекеттік шекараларда экспортқа және импортқа жіберілген малдар
нутталиозға тексерілуі тиіс.
3.3 Қоян эймериозы
Қоян эймериозы дегеніміз – 4-5 айлық кездегі көжектердің асқынған,
және асқынған кездегі созылмалы аурулары, олар Coccidiida түрлерінен
туындайды.
Орналасатын жері - і шектегі
эпителлиалдық жасушалар мен
бауырдың өт жолын айтамыз.
Қоздырушылары. көжектерде эймерийдің тоғыз түрі паразитті
тіршілік етеді, оның сегізі-ішекте, ал біреуі – өт жолында. Осы
аталғандардың төртеуі маңызды рөл атқарады.
E.perforans – ооцисталары эллипстік және сопақ формада, мөлшері (20-
25) х (12-15) мкм, түссіз, микропилесі өте көріне бермейді.
Спорогония
процесі 1-2 күнге созылады. Эндогендік даму процесі ішектің төменгі
қабатында өтеді. E.media – сопақ формалы, ооцистердің мөлшері (18-
33)х(13-21) мкм, сарғылт – қоңыр түсті, микропилесі жақсы көрінеді.
Спорогония процессі 2-3 күнге созылады. Эндогендік даму 12
елі іШектеу,
жіңішке ішектің жоғарғы бөлігінде өтеді.
E.magna – сопақша формадағы ооцистер, (32-37)х(21-25) мкм
көлеміндегі, сары қоңыр түсті, оның төңірегінде білезік түрінде түзілген.
Спорогония 3-5 күн бойы жүреді. Эндогендік даму тоқ ішектің орта және
төменгі бөлігінде жүреді.
E.stiedai – сопақша келген және эллипсті
формадағы ооцистердің
көлемі – 37-21 мкм, сарғылт – қоңыр түсті, аяғында микропилесі болады.
Эндогендік дамуы өт жолында өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: