Кафедра меңгерушісі Джарасова Г. С


№10 Практикалық жұмыс. Жанып тұрған фитиль салу



бет11/20
Дата09.06.2016
өлшемі7.12 Mb.
#124772
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20

№10 Практикалық жұмыс. Жанып тұрған фитиль салу


Corel Draw графикалық редакторын іске қосып, Ellipse (Эллипс) құрал- сайманын алып, бомбаның суретін саламыз. Бомбаның бір жағы шығыңқы болғандықтан, Rectangle (Прямоугольник) құрал-сайманын пайдаланамыз (154- сурет).

154-сурет


Салынған Ellipse (Эллипс) және Rectangle (Прямоугольник) объектілерін белгілеп, келесі команданы орындаймыз: Arrange → Shaping → Weld (Расположение → Изменение формы → Объединить). Нәтижесінде екі объект тұтас бір объектіге өзгереді (155-сурет).


155-сурет Пайда болған бомбаны қара түске бояймыз.

Бомбаның шығыңқы бөлігіне аса көңіл бөлу керек: Shape (Форма) құрал- сайманын пайдаланып, бұрыштарын дөңгелектейміз.

Бомбаның көлемін көрсету үшін, Ellipse (Эллипс) құрал-сайманының көмегімен овал салып, оны сұр түске бояймыз (156-сурет).

Овал мен бомбаны біріктіреміз.

Basic Shape (Простые формы) құрал-сайманын пайдаланып, жұлдызша саламыз (157-сурет). Жұлдызшаның түрін жоғарғы панельден аламыз:



156-сурет 157-сурет
Pick (Указатель) құрал-сайманын пайдаланып, жұлдыздың ұштарын ұзартамыз. Жұлдызды ақ түске бояп, сыртқы контурын алып тастаймыз (158-сурет).

Interactive Transparency (Интерактивная прозрачность) құрал-сайманын пайдаланып, жұлдызшаға мөлдірлік (прозрачность) эффектісін береміз (159- сурет).


158-сурет 159-сурет


Осымен бомбаны салу аяқталды, енді оның фитилін салуға көшейік:

Ол үшін Rectangle (Прямоугольник) құрал-сайманын пайдаланып, тіктөртбұрыш салып, Ellipse (Эллипс) құрал-сайманының көмегімен екі бірдей овал саламыз да суретте көрсетілгендей орналастырамыз (160-сурет).

Arrange → Shaping → Weld (Расположение → Изменение формы → Объединить) командасының көмегімен осы үш фигураны біріктіріңдер.

Пайда болған фигураны екі рет шертіп белгілейміз де шамамен 250 бұрышқа бұрамыз.


160-сурет


Pick (Указатель) құрал-сайманының көмегімен фигураны белгілеп алып, Fill (Заливка) құрал-сайманының ішінен Fountain Fill (Градиентная заливка) түрін таңдап алып, ашылған сұхбат терезеде төмендегі параметрлерді енгіземіз: Type (Тип заливки) – Radial (Радиальный) деп алып, негізгі түс ретінде сұр түсті беріңіз (161-сурет).

161-сурет


Боялған фигураның көшірмесін жасау керек. Ол үшін: фигураны белгілеп, тышқанның сол жағымен орнын ауыстырып, қоятын кезде тышқанның оң жағын басу қажет.

Interactive Blend (Интерактивное перетекание) құрал-сайманын пайдаланып (162-суретте көрсетілгендей) фигураның жиілік санын көбейтеміз.

Енді дайын болған фитиль мен бомбаны біріктіреміз, Interactive Envelope (Интерактивная оболочка) құрал-сайманының көмегімен біраз майыстырамыз (163-сурет).

Бомбамыз жанып тұрған болғандықтан, оттың суретін салу керек. Ол үшін бізге таныс Star Shapes (Звезды) құрал-сайманын пайдаланамыз. Осындай жұлдыздың екеуін салу қажет.

Салынған жұлдыздың біреуі - үлкен және түсі - сары болу керек, ал екіншісі - кішірек, түсі - қызыл болу қажет және екі жұлдыздың да сыртқы контурын алып тастау қажет.

162-сурет 163-сурет
Қызыл жұлдыз сары жұлдыздың үстіңгі жағында орналасуы керек (164- сурет).

Interactive Blend (Интерактивное перетекание) құрал-сайманын пайдаланып екі фигураның арасына ағым (перетекание) жүргіземіз (165-сурет).


164-сурет 165-сурет

Соңғы кезең барлық объектілерді біріктіру керек. Ол үшін барлығын белгілеп: Компоновать → Группа командасын орындау қажет. (165-сурет)

165-сурет (нәтиже).

№11 Практикалық жұмыс. Жанып тұрған майшамды жасау


CorelDraw графикалық редакторын іске қосып, Basic Shapes (Базовые фигуры) құрал-сайманының ішінен, тамшыға ұқсайтын фигураны таңдап алып, бұл фигураның екі көшірмесін жасау қажет. Бірі-үлкен және түсі - сары, ал екіншісі - кіші, түсі - қызыл болу қажет. Қызыл түсті тамшыны сары түсті тамшының үстіңгі бетіне орналастырамыз (166-сурет). Пайда болған фигуралардың сыртқы контурын алып тастаймыз (167-сурет).

166-сурет 167-сурет


Interactive Blend (Интерактивное перетекание) құрал-сайманын пайдаланып, екі объектінің арасына ағым (перетекание) жүргіземіз (168-сурет).

Оттың суретін салып болдық, енді майшамның фитилін салу қажет. Ол үшін төртбұрыш құрал-сайманын пайдаланып, оны градиенттік бояумен (Gradient Fill) бояу қажет.



168-сурет
Салынған от пен фитильді біріктіру қажет: Компоновать → Группа командасының көмегімен.

Енді майшамның өзін салу қажет. Ол үшін параллель екі овал саламыз да, Fountain Fill (Градиентная заливка) құрал-сайманын таңдап алып, 169-суретте көрсетілген параметрлерді енгіземіз: (а - төменгі овалдың параметрі, б - үстіңгі овалдың параметрі).


169-сурет


Interactive Blend (Интерактивное перетекание) құрал-сайманын пайдаланып төменгі овалдан жоғарғы овалға ағым (перетекание) жүргіземіз (170-сурет). Ағым қадамын 120 деп беріңіз.

Соңғы кезең барлық объектілерді біріктіру керек. Ол үшін барлығын белгілеп: Компоновать → Группа командасын орындау қажет (171-сурет).


170-сурет 171-сурет (нәтиже).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет