Пререквизит – жоқ
Постреквизит – Ауызша аударма практикасы, Жазбаша аударма практикасы, Ғылыми-техникалық аударма, Экономикалық және коммерциялық мәтіндерді аудару
Зерттеу мақсаты: Оқу аудармасы практикасында комуникативті модел ережелерін, заңдылықтарын кеңірек қолдануға, аударма бойынша базалық білімдерін кәсіби деңгейге дейін кеңейтуге көмектесу.
Қысқаша мамұны: Тілдік функциялар. Эквивалент деңгейлері. Аудармалық ауыстырулар. Монореманы аудару. Диреманы аудару. Номиналдылық. Аудармада сөйлемді бөлу және біріктіру.
Күтілетін зерттеу нәтижелері:
Білім: Студенттер аударылатын тілге бастапқы мәтінің барлық комуникативтік параметрлерін беруді қамтамасыз ететін негізгі дағдылар мен іскеліктерді біледі.
Іскерлік: студенттер бастапқы мәтінге оның комуникативтік мазмұнын анықтау мақсатында аудармалық талдау жасай алады. Мәтіндегі аудармалық проблеммаларды және оларды шешу жолдарын анықтай алады. Мәтіндң қабылдаушының прагматикасын анықтай алады.
Дағды: ғылыми әдебиеттерді теориялық талдау дағдылары, арнайы әдебиетпен, монографиялармен жұмыс істеу дағдыларын, мәтінің тілдік қызметін анықтау дағдылырын меңгереді.
Құзіреттілігі: курсты аяқтағаннан кейін студенттер эквиваленті аударма жасауға қажет тиісті білім, аудармалық трансформацияларды қолдану әдістерін меңгереді.
Бағдарлама жетекшісі: Басимова Г.С.,аға оқытушы
24
|
TOEA 0224
|
Тілі оқытылатын елдің әдебиеті және аударма мәселелері
Кредит саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны - 3
Пререквизит – 39 кредит
Постреквизит – Қазақ (орыс) және шет ел тілдерінің функционалды стилистикасы, Реферат дайындау және аннотация жасау
Зерттеу мақсаты: студенттерді оқытылатын тіл елінің әдебиеті тарихымен, оның көркем – образды дәстүрімен, көрнекті жазушыларымен, олардың шығармаларының аударма нұсқаларымен таныстыру арқылы олардың бойында әдеби- елтанымдық, мәдениетаралық- коммуникативті, аудармашылық және лингвоелтанушылық біліктілікті қалыптастыру.
Тілі оқылатын ел әдебиетінің өзіндік ерекшелігін және оның әлемдік мәдениеттегі рөлін танып білу;
көркемдік бағыттармен және белгілі жазушылардың шығармаларымен танысу; жеке авторлардың шығармаларының аудармаларына талдау жасау; мәдени - тарихи шындықтармен танысу; лингвоелтану бойынша білімді бекіту.
Қысқаша мазмұны: «Тілі оқылатын елдің әдебиеті және аударма мәселелері » пәні университеттің аударма бөлімдерінде оқытудың алғашқы сатысында (бакалавриат) оқытылатын әлем әдебиеті курсының бөлігі болып табылады. Курсқа түрлі елдердегі әдеби процестердің қарқынды дамуымен, мәдени- тарихи жағдайдың күрделілігімен және әлеуметтік өзгерістердің жаhандылығымен байланысты көлемді, жан- жақты материал кіреді.
Күтілетін зерттеу нәтижелері:
Білім: оқылатын шығармалардың мазмұнын, өзекті мәселелерін, жанрлық ерекшеліктерін, идеялық- көркемдік ерекшеліктерін, олардағы көтерілген мәселелелерді; тілі оқылатын ел жазушыларының шығармашылығын; жеке жанрлар мен авторларды аудару қиыншылықтарын, аудармашылық жұмыстарының алдағы бағдарларын.
Іскерлік: тілі оқылатын ел мәдениетінің ерекшеліктерін салыстыра отырып, әдеби шығармалардың аудармаларына талдау жасау;
оқылатын шығармалардың ұлттық ерекшелігін айқындау; көркем шығарманың мәдени – тарихи ерекше белгілерін бөліп көрсете алу; анықтамалық, оқу -әдістемелік және сыни әдебиеттерді рефераттау, конспектілеу.
Дағды: әдеби шығармалардың салаларын меңгеруге, әдебиет тарихындағы авторларды мұраларының алар орнын жан-жақты оқып игеруге Іскерлік пен дағды қалыптасады.
Құзіреттілігі: әдеби тағылым қалыптастырудағы кемеңгердің әдебиетте алар орнын танып біледі. Теориялық білімді практикамен ұштастыруға үйреніп, әдеби-зерттеу жұмысын меңгереді.
Бағдарлама жетекшісі: Оразбаева Г.Д., аға оқытушы
|
25
|
AAKSh 0225
|
Англия және АҚШ әдебиеті
Кредит саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны - 3
Пререквизит – 39 кредит
Постреквизит – Қазақ (орыс) және шет ел тілдерінің функционалды стилистикасы, Реферат дайындау және аннотация жасау
Зерттеу мақсаты: студенттерде түпнұсқа тілде ағылшын және американ әдебиеттерін оқу дағдыларын қалыптастыру; студенттерді жазушылардың шығармаларымен таныстыру; оқытылатын тіл елінің әдебиеті көркем – образды дәстүрімен, көрнекті жазушыларымен, олардың шығармаларының аударма нұсқаларымен таныстыру арқылы олардың бойында әдеби- елтанымдық, мәдениетаралық- коммуникативті, аудармашылық және лингвоелтанушылық біліктілікті қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Англия және АҚШ әдебиеттерінің дамуының негізгі бағыттары. Қазіргі заманғы британдық және американдық проза. Тілі оқылатын ел әдебиетінің өзіндік ерекшелігін және оның әлемдік мәдениеттегі рөлін танып білу; көркемдік бағыттармен және белгілі жазушылардың шығармаларымен танысу; жеке авторлардың шығармаларының аудармаларына талдау жасау; мәдени - тарихи шындықтармен танысу; лингвоелтану бойынша білімді бекіту.
Күтілетін зерттеу нәтижелері:
Білім: жазушылардың шығармаларын, аудармалық қателерді, авторлардың шығармаларының аудармасына талдау жасауды біледі.
Іскерлік: тілі оқылатын ел мәдениетінің ерекшеліктерін салыстыра отырып, әдеби шығармалардың аудармаларына талдау жасау; оқылатын шығармалардың ұлттық ерекшелігін айқындау; әртүрлі әдеби жанрлардағы шығармаларды түсініп оқи алады.
Дағды: оқыған шығармалардың мазмұнын және өз пікірін айта алады.
Құзіреттілігі: Теориялық білімді практикамен ұштастыруға үйреніп, әдеби-зерттеу жұмысын меңгереді.
Бағдарлама жетекшісі: Оразбаева Г.Д., аға оқытушы
|
26
|
Elt 0226
|
Елтану
Кредит саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны - 3
Пререквизит – 39 кредит
Постреквизит – Мәдениетаралық қарым-қатынас контекстіндегі арнаулы-кәсіби шет тілі
Зерттеу мақсаты: Аударма процесі кезінде кәсіби деңгейде қатынас құралы ретінде қолданылатын шет тілін меңгеру үшін қажет мәдениаралық және танымдық біліктерін қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Географиялық орналасуы. Минералды шикізат ресурстары. Экономика. Жетекші өнеркәсіптің салалары және олардың орналасуы. Британдық монархия. Монархиямен байланысты негізгі салтанаттар мен дәстүрлер. Ұлыбританиядағы сайлау. Парламенттік және жергілікті сайлау. Парламент. Общин палатасы және лордтар палатасы. Британия Ата заңы. Заң жүйесі және құқық қорғау. Сот түрлері, олардың қызметтері мен өкілеттілігі. Жергілікті басқару ұйымдары, олардың қызметі, өкілеттілігі. Британдық үкімет. Ағылшын шіркеуі, тарихы, қағидалары. Мұсылман діні және оның Ұлыбританияда пайда болуы.
Күтілетін зерттеу нәтижелері:
Білім: Тілі оқытылатын елдердің негізгі тарихи кезеңдерінің дамуын, сол елдердің экономикалық географиясын, әкімшілік-саяси және аймақтық бөлінуін, қазіргі заманғы саяси, экономикалық, әлеуметтік –мәдени процесстерін біледі
Іскерлік: Тілі оқытылатын елдердің саяси, экономикалық, әлеуметтік –мәдени үпроцестеріне талдау жасай алады. Қазақстан Республикасында жүріп жатқан процестерді ақиқатты және құбылыстарды салыстыра отырып, жалпы және ерекше оқиғаларды көрсете алады. Нақты мәдениаралық жағдайларға байланысты туындайтын мәселелерде лингвоелтану курсы бойынша алған білімін пайдалана алады.
Дағды: Энциклопедиялық сөздіктермен жұмыс істей алады. Сөздің қорын елтануға байланысты қолданылатын фразеологиялық сөз тіркестерімен, ағылшын тілі лексикалық-семантикалық айырмашылығын көрсететін варианттармен толтыра алады.
Құзіреттілігі: Елтанудық лексика, фразеология және терминологияны білімін көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: Мухатова А.Д., аға оқытушы
|
27
|
GAMN 0227
|
Гид-аудармашы мамандығының негіздері
Кредит саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны - 3
Пререквизит – 39 кредит
Постреквизит – Мәдениетаралық қарым-қатынас контекстіндегі арнаулы-кәсіби шет тілі
Зерттеу мақсаты: Аударма процесі кезінде кәсіби деңгейде қатынас құралы ретінде қолданылатын шет тілін меңгеру үшін қажет мәдениаралық және танымдық біліктерін қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Ұлыбританияның географиялық орналасуы. АҚШ-ның географиялық орналасуы. Қазақстанның географиялық орналасуы. Ұлыбритания; АҚШ және Қазақстанның минералды шикізат ресурстары. Жетекші өнеркәсіптің салалары және олардың орналасуы. Ұлыбритания; АҚШ және Қазақстанның көрнекті жерлері. Ұлыбритания; АҚШ және Қазақстанның ұлттық рәміздері.
Күтілетін зерттеу нәтижелері:
Білім: Ұлыбритания; АҚШ және Қазақстанның мәдениеті мен тарихын біледі.
Іскерлік:Аудиториямен жұмыс істей алады. Тілі оқытылатын елдердің саяси, экономикалық, әлеуметтік –мәдени үпроцестеріне талдау жасай алады. Қазақстан Республикасында жүріп жатқан процестерді ақиқатты және құбылыстарды салыстыра отырып, жалпы және ерекше оқиғаларды көрсете алады. Нақты мәдениаралық жағдайларға байланысты туындайтын мәселелерде лингвоелтану курсы бойынша алған білімін пайдалана алады.
Дағды: Энциклопедиялық сөздіктермен жұмыс істей алады. Сөздің қорын елтануға байланысты қолданылатын фразеологиялық сөз тіркестерімен, ағылшын тілі лексикалық-семантикалық айырмашылығын көрсететін варианттармен толтыра алады
Құзіреттілігі:Елтанудық лексика, фразеология және терминологияны білімін көрсете алады.
Бағдарлама жетекшісі: Мухатова А.Д., аға оқытушы
|
28
|
MKTP 0228
|
Мәдениетаралық қарым-қатынастың теориясы мен практикасы
Кредит саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны - 3
Пререквизит – 39 кредит
Постреквизит – Мәдениетаралық қарым-қатынас контекстіндегі арнаулы-кәсіби шет тілі
Зерттеу мақсаты: студенттердің өзге тілдік мәдениет құблыстары мен феномендері жайлы білім жүйесін дамытып, өзінің және өзге тілдік мәдениеттің құндылықтарын аялай білуге тәрбиелеу; өзге халыққа тең, оның мәдениетімен тығыз байланысқан стереотиптерді ұғындыру; тіл және мәдениетінің өзара байланысын түсінуге негізделген қатынастық біліктілікті қалыптастыру;мәдениетаралық қатынаста жүзеге асыра үйрету.
Қысқаша мазмұны: Курстың әдістемелік негізі мәдениетаралық қарым-қатынас мәселелерін үйренуге жеке бағытталған көзқарас арқылы іске асатын философиялық-антропоцентриттік (адамгершілік) принцип болып табылады. Курс мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, мәдениеттердің айырмашылықтарымен танысуға, қазіргі заманғы ақпараттық кеңістікте стереотиптерді қалыптастыруға түрткі болады. Мәдениетаралық қарым-қатынас – әлемдегі көп мәдениет жағдайында әртүрлі мәдениет пен этностардың өзара әрекет етуін анықтайтын ғылым. Курс мәдениетаралық қарым-қатынастың мәдени-антропологиялық негіздері мен әлеуметтік-психологиялық аспектілерін,мәдениеттің негізгі категорияларының мәселелерін, мәдениетаралық қарым-қатынас тәжірибесі мен басқа мәдениетті меңгеру ерекшеліктерін қамтиды.
Күтілетін зерттеу нәтижелері:
Білім: студент мәдениетаралық қарым-қатынастың негізгі ұғымдарын; мәдениетаралық қарым-қатынас процесін зерттеудің тиімді әдістерін; өз елінің мәдениет қағидаларын және олардың мағыналарын; мәдениеттердің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын; мәдениетаралық қарым-қатынастың әртүрлі жағдайларында өзін-өзі дұрыс ұстауға қажетті стратегияларды біледі.
Іскерлік: өзге мәдениет өкілдерінің жағдайларға байланысты қалыптасқан мінезқұлық ерекшеліктерін сыни тұрғыдан түсіне білу;
-тіл мәдени ортада алынған тәжірибенің маңызы мен оның адамның іс-әрекеттеріне тигізер әсерінің дәрежесін ұсыну;
-әр түрлі типтер мен жанрлардағы мәтіндердің мазмұнына, өзге мәдениет қауымдастығының өнер туындалары мен бұқара ақпарат құралдарына түсінік бері;екі мәдениеттің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата білу;
-қажетті білімді тілдің өзге тілдік мәдениетті түсіну үшін пайдаланып, ондай білімді иелену стратегиясын меңгеру;
Дағды: студенттердің өзге тілдік мәдениет құблыстары мен феномендері жайлы білім жүйесін дамытып, өзінің және өзге тілдік мәдениеттің құндылықтарын аялай білуге тәрбиелеу; өзге халыққа тең, оның мәдениетімен тығыз байланысқан стереотиптерді ұғындыру; тіл және мәдениетінің өзара байланысын түсінуге негізделген қатынастық біліктілікті қалыптастыру;
Құзіреттілігі: барабар аударманы жүзеге асыру үшін мәдениетаралық қарым-қатынас бойынша білімдерін қолдану;
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы, Тулекова М.Қ.
|
29
|
TTMK
0229
|
Тіл теориясы және мәдениетаралық қарым-қатынас
Кредит саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны - 3
Пререквизит – 39 кредит
Постреквизит – Мәдениетаралық қарым-қатынас контекстіндегі арнаулы-кәсіби шет тілі
Зерттеу мақсаты: ағылшын тілін қажетті деңгейде меңгеру, қарым-қатынас жасау қабілеттіліктерін дамыту және қалыптастыру; мәдениетаралық қарым-қатынас жасау құзіреттілігін қалыптастыру және дамыту; студенттердің өзге тілдік мәдениет құбsлыстары мен феномендері жайлы білім жүйесін дамыту.
Қысқаша мазмұны: Курс мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, мәдениеттердің айырмашылықтарымен танысуға, қазіргі заманғы ақпараттық кеңістікте стереотиптерді қалыптастыруға түрткі болады.Көп мәдениет жағдайында әртүрлі мәдениет пен этностардың өзара әрекет ету процесін, мәдениетаралық қарым-қатынастың мәдени-антропологиялық негіздері мен әлеуметтік-психологиялық аспектілерін,мәдениеттің негізгі категорияларының мәселелерін, мәдениетаралық қарым-қатынас тәжірибесі мен басқа мәдениетті меңгеру ерекшеліктерін оқытады.
Күтілетін зерттеу нәтижелері:
Білім:басқа мәдениет, этномәдениет, тіл жүйесі, өара әрекет етудің тиімді жолдарын, мәдени ерекшеліктерді түсінуге түрткі болатын мәдени материалдар негізінде мәдениетаралық қарым-қатынас үрдісінде мәселелерді шешу туралы біледі.
Іскерлік: қарым-қатынас, тілдік міндеттер жағдайында шет тілде сөйлей алады.
Дағды: мәдениетаралық құзіреттілік арқылы сөйлеу дағдыларын, шет тілінде қарым-қатынас жасау дағдыларын, кәсіби деңгейдегі әңгіме және келіссөздер жүргізу барысында (ақпарат беру, түсіндіру,анықтау,кеңес беру және т.б) сияқты қарым-қатынастың реестрларын; әртүрлі функциональді стилдер және жанрлардағы түпнұсқа әдебиетті оқудың барлық түрлерін біледі.
Құзіреттілігі: монологты сөйлесу мен кәсіби сипаттағы хабарлама жасаудың барлық түрлерін біледі.
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы, Тулекова М.Қ.
|
30
|
KShET
0230
|
Қазақ (орыс) және шет ел тілдерінің функционалды стилистикасы
Объем в кредитах – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны - 3
Пререквизит – 76 кредит
Постреквизит – жоқ
Зерттеу мақсаты: студенттерге тілдегі стилистикалық құралдармен олардың жүйесі жайлы теориялық білім беру және әр-түрлі стильдегі тілдің функцияларын, функциональды стильдің бөліну критерияларын баяндау, аударма қызметінде әртүрлі функциональды стильді теңбе-тең қолдану әдісін қалыптастыру
Қысқаша мазмұны:
Күтілетін зерттеу нәтижелері:
Білім: стилистиканы ғылым ретінде анықтай алу, стиль ұғымы, стильдің әр-түрлі трактовкасын біледі, стилистикалық тәсілмен мәнерлілігін анықтай алады, стилистикалық тәсілдер мен тілдің мәнерлілігін фонетикалық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік деңгейде топтай алады, стилистикалық тәсіл мен тілдің мәнерлеу құралдарының функциясын біледі.
Іскерлік: тексте көркемдеу құралдары мен стильдік тәсілдерді тауып оның функцияларын анықтай алады, көркем тексте автордың индивидуальдық стиль ерекшеліктерін көрсете алады, текстің қандай функциональды стильге жататынын анықтай алады
Дағды: әр түрлі функционалды стилдің линвостилистикалық мінездемесін анализдейді, функциональды стильдің /классификациясын/ топтасуын, оның коммуникативті мақсатын анықтайды.
Құзіреттілігі: тілдің сөздік құрамының стилистикалық топтасуы, кез-келген функционалды бағыттағы текстің стилистикалық анализдеу техникасын меңгереді, әр түрлі функционалды стилдің линвостилистикалық мінездемесін анализдейді, ауызша және жазбаша коммуникациясының жанрлы стилистикалық формаларын қолданады.
Бағдарлама жетекшісі – ф.ғ.к., доцент Калимова Ж.У.
|
31
|
KShZhE 0231
|
Көркем шығармалардың жанрлық ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасау
Кредит саны – 2 (0+2+0), ECTS бойынша кредит саны - 3
Пререквизит – 76 кредит
Постреквизит – жоқ
Зерттеу мақсаты: Көркем шығармалардың жанрлық ерекшеліктерін табу және шет тілінен ана тіліне жазбаша аудару барысында аудармалық шешімдердің тәсілдерін анықтау.
Қысқаша мазмұны: Көркем әдебиет (проза, поэзия, драма) стилінің функциональді–коммуникативті және тілдікстилистикалық ерекшелігі.Әдеби-көркем стилдің әртүрлі анықтамасы.Көркем әдебиеттің эстетикалық қызметі. Автордың жеке стилі. Лингвистикалық анализ жасау және көркем мәтінді талдау мәселелері мен әдістері.
Күтілетін зерттеу нәтижелері:
Білім: Көркем аударма мәселелері бойынша негізгі теориялық білімді,көркем мәтіндерді жазбаша аударудың негізгі этаптары мен тәсілдерін біледі.
Іскерлік: Көркем мәтіндердің жанрлық-стилистикалық ерекшеліктерін табуды, көркем мәтіндерді жазбаша аудару үшін қолданылатын тілдік құралдар арсеналын анықтауды біледі.
Дағды: Көркем мәтіндердің жанрлық ерекшеліктерін табу, көркем шығармаларға салыстырмалы-аудармалық анализ жасау дағдылары бар.
Құзіреттілігі: Көркем аударманың негізгі мәселелері бойынша білімін көрсете алады,көркем мәтіндерді аударуда дәлдікке жетуге негіз немесе кедергі болатын факторларды анықтай алады.
Бағдарлама жетекшісі – Тулекова М.К., аға оқытушы
|
32
|
TBK 0232
|
Тіл біліміне кіріспе
Кредит саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны - 5
Пререквизит –жоқ
Постреквизиты – жоқ
Зерттеу мақсаты: Лингвистикалық ойлау қабілетін қалыптастыратын жалпы методологиялық сипаттағы күрделі мәселелерді түсіну, тілдің мәні және тіл бөлшектерінің семиологиялық табиғаты, тілдің дамуы мен коммуникативтік қызметі, тіл- ойлау- ақиқат, тіл және қоғам, басқа да коммуникативтік құралдар мәселелерін танып білу.
Қысқаша мазмұны: Тіл – адамзат қоғамында ғана өмір сүретін, адамдардың бір-бірімен қатынас жасайтын құралы. Тілдің қоғамдық табиғаты. Тіл – ерекше қоғамдық құбылыс. Әлеуметтік тіл білімі. Тілдердің қарым-қатынасы. Тілдің өмір сүру формалары. Ұлттық тіл және жергілікті диалектілер. Диалектілер. Тілдің тарихи дамуы. Лингвогенез және антропогенез. Тілдің пайда болуы туралы ғылыми деректерӘлем тілдерінің топтастырылуы. Генетикалық, типологиялық, ареалдық принцип. Негізгі тілдік одақтарТіл – жүйе және құрылым. Вариант және инвариант. Фонетика және фонология. Грамматика. Тілдің грамматикалық құрылысы. Негізгі бірліктері. Грамматикалық форма және категория. Морфология. Сөз формасы. Сөз таптары. Синтаксис. Сөйлем және сөз тіркесі.Лексикология. Лексикология салалары. Семасиология. Сөз мағынасы. Сөз және зат. табу мен эвфемизмдер. Арнаулы лексика. Термин және терминология. Тілдің сөздік құрамының стилистикалық қабаттары. Лексикография. Фразеология. Сөздердің еркін және фразеологиялық тіркестері.Жазу теориясы және тарихы. Сурет және суреттік емес жазулар. Жазу таңбалары. Олардың түрлері. Алфавит және графика. Транскрипция және транслитерация. Орфография.
Күтілетін зерттеу нәтижелері:
Білім: Тіл білімінің өзекті мәселелерін білуі
Іскерлік: Алған білімдерін практикада қолдана білуі
Дағды: Тілді талдаудың негізгі әдістерін меңгеру дағдысы
Құзіреттілігі: Тіл білімі тарихының даму және қалыптасу сатылары, бағыттары және концепция мәселелерін түсіне білу құзіреттілігі
Бағдарлама жетекшісі – ф.ғ.к., доцент м.а. Ә.М. Жұмағұлова
|
33
|
TBN 0233
|
Тіл білімінің негіздері
Кредит саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны - 5
Пререквизит –жоқ
Постреквизиты – жоқ
Зерттеу мақсаты: Тілдің мәні және тіл бөлшектерінің семиологиялық табиғаты, тілдің дамуы мен коммуникативтік қызметі, тіл- ойлау- ақиқат, тіл және қоғам, басқа да коммуникативтік құралдар мәселелерін танып білу.
Қысқаша мазмұны: Тіл – адамзат қоғамында ғана өмір сүретін, адамдардың бір-бірімен қатынас жасайтын құралы. Тілдің қоғамдық табиғаты. Тіл – ерекше қоғамдық құбылыс. Әлеуметтік тіл білімі. Тілдердің қарым-қатынасы. Тілдің өмір сүру формалары. Ұлттық тіл және жергілікті диалектілер. Диалектілер. Тілдің тарихи дамуы. Лингвогенез және антропогенез. Тілдің пайда болуы туралы ғылыми деректерӘлем тілдерінің топтастырылуы. Генетикалық, типологиялық, ареалдық принцип. Негізгі тілдік одақтарТіл – жүйе және құрылым. Вариант және инвариант.
Күтілетін зерттеу нәтижелері:
Білім: Тіл білімінің өзекті мәселелерін білуі
Іскерлік: Алған білімдерін практикада қолдана білуі
Дағды: Тілді талдаудың негізгі әдістерін меңгеру дағдысы
Құзіреттілігі: Тіл білімі тарихының даму және қалыптасу сатылары, бағыттары және концепция мәселелерін түсіне білу құзіреттілігі
Бағдарлама жетекшісі – ф.ғ.к., доцент м.а. Ә.М. Жұмағұлова
|
34
|
KKT 0234
|
Қазіргі қазақ /орыс тілі (теория және практика)
Кредит саны – 2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны - 5
Пререквизит –жоқ
Постреквизиты – жоқ
Зерттеу мақсаты: Тіл- ойлау- ақиқат, тілдің мәні және тіл бөлшектерінің семиологиялық табиғаты, тілдің дамуы мен коммуникативтік қызметі, тіл және қоғам, басқа да коммуникативтік құралдар мәселелерін танып білу
Қысқаша мазмұны: Қазіргі қазақ тілі. Лексикология пәні. Қазақ тілінің лексикалық құрамы. Лексиканың жүйелігі. Лексикография. Сөздіктердің негізгі түрлері. Қазақ тілінің фразеологиялық жүйесі. Сөз құрамы. Морфология. Синтаксис.
|
Достарыңызбен бөлісу: |