«Келісемін» «Бекітемін» шжқ МҚК «Талдықоған қаласы» Оқу ісі жөніндегі


Стандарт « Бүйрек перкуссиясының техникасы »



бет15/38
Дата03.12.2022
өлшемі121.75 Kb.
#466339
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38
Стандарттар ішкі аур. проп.

20. Стандарт « Бүйрек перкуссиясының техникасы ».
1. Науқастан тұруын сұрау.
2. Белдің бүйрек проекция аймағына сол қолдың алақанын қоямыз.
3. Оң қолдың алақан қырымен сол қолдың сыртқы бетінен қысқа соққылар жасаймыз. Егер соққы кезінде ауырсыну байқалса - Пастернацкий симптомы оң деп бағалаймыз.


21. Стандарт « Буындар пальпациясының техникасы ».
1. Науқасқа ыңғайлы жағдай жасаймыз: қолдың буындары вертикальды жағдайда зерттеледі, омыртқаның буындары вертикальды және ішке жатқан қалыпта, аяқтың буындарын науқасты отырғызып, тұрғызып, жатқан қалыпта зерттейді.
2. Буын бетіндегі теріні жеңіл сипау және шымшу.
Пальпациялағанда келесі өзгерістерді анықтаймыз:
-Қарау кезінде анықталатын “ буындардың сыртқы түрін ” ( мысалы, көлемінің ісінуін немесе жазылуын, тұрақты дефигурациясын және деформациясын ).
-Зақымдалған буын терісінің гипертермиясын, кейде оның ісінуінсіз.
-Буын капсуласының ауырсынуын.
-Ірі буындағы еркін сұйықтықты ( мысалы, тізе буынында ).
-Тығыздалулар-кальцинаттар, инфильтраттар, ірі артериялардың бойында түйінделулер, тофустар.
-Омыртқалардың және артқы өсінділерін сипалау және соққылау кезінде олардың ауырсынуын бағалайды.
- Жамбас- сегізкөз жалғамын тексергенде, біраз уақыт жамбас қанатын алақанмен басып тұру керек. Егер осы жалғамдарда қабыну процесі болса, зақымдалған аймақта ауырсыну байқалады.


22. Стандарт « Қалқанша безін пальпациялау техникасы ».
Науқасқа ыңғайлы жағдай жасаймыз- отырғызып, тұрғызып, арқасына жатқызып. Қалқанша безін пальпациялаудың үш тәсілі:
1-тәсіл: тексеруші науқастың алдында тұрып, бүгілген екі қолдың 2-5 саусақтарын төс - бұғана – емізік бұлшық еттің артына, ал үлкен саусақтарды алдынан қалқанша шеміршектерінің маңына орналастырамыз. Науқастан жұтынуын сұраймыз, сол кезде қалқанша без көмеймен бірге қозғалып, дәрігердің саусақтарынан өтеді.
2-тәсіл: дәрігер науқастың сол жағында және сәл алдында орналасады. Мойын бұлшық еттерінің жақсы босаңсуы үшін, науқастан басын сәл еңкейтуін сұраймыз. Сол қолдың алақанымен дәрігер науқастың мойнын артқы жағынан бекітіп, оң қолдың саусақтарымен қалқанша безін пальпациялайды.
3-тәсіл: қалқанша безін пальпациялағанда-тексеруші науқастың артында тұрады. Қолдың үлкен саусағы мойынның артқы беткейіне орналастырылады, ал қалған саусақтар қалқанша безі сіңірлерінің үстінде, төс-бұғана-емізікше бұлшықеттерінің алдыңғы бетіне қарай орналастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет