Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау



бет1/12
Дата24.02.2024
өлшемі57.68 Kb.
#493073
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау


Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау

  1. Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау қағидалары, әдістері мен тәсілдері

  2. Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін талдау

  3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау көрсеткіштері



1 Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау қагидалары, әдістері мен тәсілдері

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаты - табыс табу. Әсіресе, қазіргі бәсекелік күрестің күшеюі мен экономикалық дамудың жаңа жагдайында тек табыс тауып қана қоймай, тиімділігін арттыру мәселесіне кеңіл бөлуді қажет етеді. Кэсіпкерлік қызметтің тиімділігін галым-зерттеушілер эртүрлі көзқарас түрғысынан қарастырады. Көбінесе өндіріс тиімділігімен байланысты қарастырылады. Яғни, өндірістің нақты нәтижелері шығындармен немесе қолданылған ресурстармен салыстырылады. Мұндай жагдайда тиімділіктің негізгі қағидасы ең аз шығын жұмсай отырып, ең көп табыс табу.


1 Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау - ол кәсіпорынның қаржы - экономикалық жағдайын интегралды (рейтингтік) бағалауды білдіреді. Кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын объективті бағалауға өндірістік - шаруашылық қызметке қаты-сушылардың барлығы мұқтаж.
Кәсіпорынның менеджерлері үшін олар қабылдайтын шешімдердің, сондай - ақ, материалдық, еңбек, қаржы ресурстарын пайдалану тиімділігін жэне алынған соңгы қаржылық нәтижелерді багалау үшін маңызды.
Меншік иелеріне (соның ішінде акционерлер) бизнеске салынган қаражаттың қайтымдылығы, кэсіпорынның рентабель-ділігі, сондай-ақ экономикалық тәуекелдің деңгейі және капиталды жоғалту ықтималдылығы қандай дәрежеде екендігін білу маңызды. Жеткізушілер үшін олардың жеткізген материалдық ресурстары, орындаған жұмыстары мен көрсеткен қызметтері үшін төлем жасау мүмкіншілігін бағалау маңызды.
Кредиторлар мен инвесторларды берілген несиелерді қайтару мен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндігін багалау қызықтырады.
Кәсіпорын қызметінің осы аталған барлық аспектілері отандық және әлемдік тәжірибеден жинақталған әдістер (құралдар) көмегімен басқарылады. Кәсіпорын тиімділігін анықтауға арналған құралдар ретінде әртүрлі көрсеткіштер кеңінен қолданылады.
Экономикалық жағдайдың өзгеру тенденциясын объективті көрсететін көрсеткіштердің ұтымды тізімін әрбір кәсіпорын дербес қалыптастырады. Тиімділік көрсеткіштерінің құрамы кәсіпкердің алдына қойған мақсаттарымен анықталады.
Кәсіпкерліктің басты мақсаты - ең көп пайда табу, бірақ жалпы бағыты пайданы жоғарылату болғандықтан, оган өзге де көп-теген мақсаттар тэн болып келеді:
1) ең көп пайда табу мақсатының әртүрлі бағытта қалыптасу мүмкіншілігімен сипатталады. Ол төмендегілерді қамтамасыз етуді білдіреді:

  • нарықтық конъюнктура мен кэсіпорын ресурстарына сәйкес келетін ең жоғары пайданы;

  • қалыптастырылатын пайда деңгейі мен қалыпты тәуекел дәрежесі арасындағы ұтымды қатынасты;

  • компанияның меншік иелерінің инвестициялаған капиталына қажетті табыс деңгейі үшін төлемдерді;

  • қалыптастырылатын пайданың сапалық деңгейінің жоғары болуын;

  • даму міндеттеріне сэйкес пайда есебінен инвестициялаудың жеткілікті көлемін;

  • қызметкердің пайданы бөлуге қатысу бағдарламасының тиімділігін.

  1. мақсаттардың көптігі ең жоғары пайда табу мақсатына жету үрдісінің баламалылығында көрініс табады. Яғни, көптеген нұсқалардың ішінен тиімділік қағидаларына айтарлықтай жоғары дэрежеде сәйкес келетін ұтымды бір нұсқа таңдалады.

  2. мақсаттардың көптігі оның құрамының бірнеше құрамдас бөліктен тұратындығымен сипатталады. Кәсіпкерлік қызмет өзіне мынадай аспектілерді қамтиды: өндірістік, коммерциялық қаржылық және консалингтік. Осы багыттардың әрқайсысына тән өзінің мақсаттары болады.

Кэсіпкерлік қызметтің тиімділігін нәтижелердің шығындарға қатынасы көмегімен де көрсетуге болады. Ол үшін үшін эртүрлі көрсеткіштер (қор қайтарымдылығы, материал қайтарымдылығы, еңбек өнімділігі т.б.) қолданылады. Мұндай қатынастың мақсатты бағыты - ең көп табыс табуға ұмтылу. Осыған байланысты шығындардың әрбір бірлігіне келетін нәтижені ұлғайту міндеті қойылады.
Тиімділік көрсеткіштерінің жүйесі мен мақсаттарды қалыптастыру кезінде олардың тиімділіктің жалпы қағидаларына сәйкестігін қамтамасыз ету керск. Осыған байланысты тиімділіктің мынадай қағидаларын бөліп керсетуге болады:

  1. Тиімділікті өлшеудің негізгі қағидасы - мақсаттар мен қызметтің соңғы нэтижесінің өзара байланысы. Кәсіпкерлік қызмет әрқашан белгілі бір мақсаттарға жетуге бағытталғанымен, оған әрқашан жете алмауы мүмкін. Бірақ міндетті түрде нәтиже шығады, тіпті, ол нәтиже жоспарланбауы немесе оң сипатқа ие болмауы да мүмкін. Егер соңғы нәтиже мақсаттарға сәйкес келсе, онда қызмет тиімді (ұтымды) болғаны, ал сәйкес келмесе қызмет тиімсіз (ұтымсыз) деп танылады.

  2. Кәсіпкерліктің тиімділігін бағалаудың екінші қағидасы - оңтайлылықтың бірнеше өлшемдерін пайдалануга қол жетімділік. Мұндағы мәселе өлшемдердің қажеттілігі емес, оларды пайдалануға қолжетімділік жөнінде айтылып отырғанын ескеру керек. Бірыңғай немесе жалпылама бағалауды қолдану үшін мүмкіндіктер болмаған жағдайда, өлшемдер жиынтығы қолданылады.

Мақсаттарды белгілеу үрдісі стратегияны әзірлеу шеңберінде жүзеге асырылады. Тиімділік көрсеткіштерінде көрініс табуды талап ететін мақсаттардың және соған сәйкес нәтижелерді бағалаудың екі түрі болады: сандық жэне сапалық.
Кэсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау кезінде сандық бағалауға басымдық беріледі, ол мақсаттарды сипаттау үшін де, нәтижелерді сипаттау үшін де пайдаланылады. Сандық бағалау бақылау кезеңінде нақты және негізделген нәтижелер береді, сондай - ақ, бақылау жүргізу тәртібін анықтау үшін де қолданылады. Мұндай бағалау сенімді нәтижелер алуға мүмкіндік береді.
Кез-келген сапалық категориялар балдардың немесе индекстердің көмегімен сандық бағалаулармен сипатталуы мүмкін. Бірақ, мұндай бағалаудың әрқашан шартты элементі болады, оны қысқартуға болады (мысалы, сараптамалық әдістің барлық ережелері мен қағидаларын сақтау көмегімен), бірақ толықтай алып тастау мүмкін емес.
Кәсіпкерлік қызмет нэтижелері көрсеткіштерінің таңдалған стратегияға тәуелділігін төмендегі кестеден (15кесте) көруге болады.
3. Кәсіпкерліктің тиімділігін бағалаудың үшінші қағидасы - мақсатты тұжырымдау кезінде кәсіпкердің нарыктық ұстанымының тұрақтылығын сипаттайтын мақсаттарға басымдық беру. Мұндай тәсіл ең көп пайда табуға ұмтылуға қайшы келмейді, бірақ кәсіпорынның ұзақ мерзімді перспективада табысты жұмыс жасауына жағдай жасайды. Тиімділікті бағалау стратегиялық басымдықтарды ескере отырып жүргізіледі, ал, көпшілігінде, бағалаушы көрсеткіштердің басым бөлігін таңдалған стратегиялық бағытта жұмсалатын күш — жігердің нәтижелілігін сипаттайтын көрсеткіштер кұрайды.
4. Тиімділікті бағалаудың төртінші қағидасы бағалау мақсаттары мен көрсеткіштерінің өнімнің өмірлік циклімен өзара байланысы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет