ІІТАРАУ Қазақ тілі сабағында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану әдістері
2.1. Жаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі
Оқу үрдісінде субъектіні қалыптастыруда инновациялық технологияларды қазақ тілі сабағында тиімді қолдану.
Орыс ғалымы Л.В. Зенков Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану- білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы –деп атап көрсеткендей, күн сайынғы тіпті сағат сайын артып, өзгеріп отырған әлемдік ақпаратқа ілесу, ондағы жаңашыл әдіс-тәсілдерді меңгеріп, пайдалана білу,бүгінгі күннің мұғалімнен үлкен ізденісті, зор талапты, өз білімін жетілдіріп арттыруды қажет етіп отыр. Заманауи жоғары технологияларды пайдалану арқылы ғана,біз ұстаздар сапалы білім беруге қол жеткізе аламыз.Қазіргі уақытта қолданыста жүрген 25-ке жуық оқыту технологиялары, 40-қа жуық сабақ түрлері бар. Бұл технологиялар өз ресурстарын тауысуға айналды. Бүгінгі таңда әлем жаңа тың серпілістер үстінде.Қазіргі кезде мектептің оқу үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені анық. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекеті-технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.Мектептердің оқу үрдісіне жаңа технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып,сабақ қарқыны жеделдетіліп, жеке тұлғамен жұмыс істей отырып, саралап, даралап оқытуға мүмкіндік туады.Жаңа технология оқушының өзіндік жұмыс атқаруына және ең бастысы –оқушының білім жетістіктерін жақсартуға ықпал етеді.Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштер тәсілдері ретіндегі деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға болады.Оқушының дайындық деңгейін саралау , оқушының жеке танымдық мүмкіндігін ескерудің басты тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс.Тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарланған іс- әрекеттік модель ретінде қарастыруға болады.Оқытудан күтілетін нәтижелер тізбесін негізге ала отырып,әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру, жазбаша тексеру,тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.
Тапсырмалардың мұндай түрлері оқушының іс-әрекеттік-компетенттік тәсілге бейімделуіне мүмкіндік береді.Мектептегі оқытуды технологияландыру қазіргі нарықтық экономика жағдайынан, өмір талабынан туындап отыр. Деңгейлік саралау технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Деңгейлік тапсырмалар бірінші, екінші, үшінші деңгейде беріледі. Бірінші деңгейдегі тапсырма мемлекеттік стандарт деңгей, мұны барлық оқушылар орындауға міндетті. Екінші деңгей күрделенеді, бұл деңгейлік тапсырманы орындауға оқушылардың барлығы құқылы, ал үшінші деңгейді шығармашылықпен жұмыс істей алатын, өзіндік пікірін жеткізе алатын, ойын дәлелдей алатын қабілетті оқушылар орындайды.Орыс мектептерінде өтілетін қазақ тілі сабақтарының мақсаты – оқушылардың сөздік қорын дамыту, оқу техникасын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, сөйлем құрлысын меңгерту, қазақ тіліне тән дыбыстарын айтып, сөз ішінен ажырата білуге үйрету. Сондықтан да оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта жаңа технологияларды қолдана білу керек. «Технология» гректің «teche»- өнер, шеберлік және «logos»- ғылым деген сөзінен шыққан, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді. Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады. Бүгінгі таңда оқу процесінде оқытудың қалыптасқан негізгі әдістерімен қатар оқытудың жаңа әдістері, яғни инновациялық әдістері де жиі қолданылады. Оқу процесінде оқытудың озық технологиясын қолдану – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сондықтан да біздің мектептің мұғалімдері үнемі ізденіс үстінде. Олар заман талабына сай оқушылардың білімін тереңдету үшін, тілге деген қызығушылығын арттыру үшін көп еңбек етуде. Қазақ тілі сабағының басты талабы – сабақтың сапасын арттыра отырып сабақ түрлері мен әдістерін танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу. Осы мақсатта қазақ тілі мұғалімдері сабақ өту әдістерін толықтырып, әр уақытта ізденісте болады. Қазіргі уақыт талабына сай мен де өз сабақтарымды жаңаша ұйымдастырып, өзіндік тың ізденістерге талпынып отырамын. Сабақ өткізу барысында оқушыларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеп, оқушылардың сабаққа қызығуын арттырып, сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін пайдаланып келемін. Мен қолданатын сабақтың жаңа түрлері де сабақтың мазмұнын, мақсатына, жүру барысына қарай дамытпалы саяхат сабақ, ертегі сайыс сабақ, ойын, жарыс сабағы, тест әдісімен өткізіліп келеді. Кеңінен қолданылып жүрген технологиялардың бірі – «Мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту технологиясы». Бұл технология оқушылардың ізденушілік, өзіндік жұмыс істеу, білімді сапалы қабылдау, шығармашылықтарын арттыра түсуге бағыттайды, мәселені тиімді шешудің жаңа мүмкіндіктерін анықтайды.
В.П.Беспалько оқу материалын меңгерудің 4 деңгейін ұсынады: 1. Оқушылық (ученический) 2. Алгоритмдік (алгоритмический) 3. Эвристикалық (эвристический) 4. Шығармашылық (творческий).Ғалым оқушылық деңгейден бастап шығармашылық деңгейге дейінгі даму кестесін былай көрсетеді. Оқушылық деңгейде білімнің берілуі, деңгейлік тапсырмалардың іске асырылуы бағдарлама талабына сәйкестігіне байланысты. Алгоритмдік деңгейде оқу материалдарының түсініктілігі, мазмұны деңгейлік тапсырмалардың күрделене түсуінен аңғарылады. Эвристикалық деңгейде білімнің берілуі жүйелілігі, сабақтастығы, іздендірушілік ерекшелігі басым болып, деңгейлік тапсырмалардың танымдық жағынан жетілуіне, тереңдетілуіне айрықша назар аударылады. Шығармашылық деңгейде баланың дарындылығы, таланты, тапсырмаларды орындаудағы ізденімпаздығы танымдық, рухани интелектуалдық шеберлікке ұштасады. Сонымен, оқыту технологиясы бұрыннан келе жатқан классикалық педагогика жетістіктерін пайдалана отырып, оны жаңа әдістермен байытып, білім алуды оқушының өзіндік іс-әрекеттері арқылы ұйымдастыруды талап етеді. Сабақ кезінде деңгейлік тапсырмалар орындау барысында оқушы төменгі деңгейді орындап қана шектелуі мүмкін немесе бірнеше деңгей тапсырмасын ұқыптылықпен, жауапкершілікпен меңгеруі мүмкін. Егер аз уақыттың ішінде оқушы көп тапсырма орындап үлгерсе, ол оқушының іскерлігі, шеберлігі, белсенділігі мен қабілеттілігі жоғары. Оқушының осындай зеректігін одан әрі дамыту үшін де деңгейлік тапсырмалар қажет. Мұғалім деңгейлік тапсырмалар арқылы сабақ кезеңдерінде оқушының танымдық ойын, белсенділігін, икемдігін арттыру жұмыстарын шеберлікпен жүргізе алады. Деңгейлік тапсырма негізінде оқу объектілерінің терең де шығармашылық ара қатынасы ескеріледі. Оқушының өзін өзі тануына, өз күйін өзі сезінуіне, ізденімпаздық тудыратындай әлеуметтік – мәдени кеңістік жасау қажет. Деңгейлік оқыту технологиясын келесідей қылып қолданамыз. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі. Деңгейлік тапсырмалар үш деңгейде жүргізіледі. Әр сыныпта оқушылардың өз бетімен жүргізген жұмыстары тоқсандық қорытынды жұмыстары, бақылау жұмыстары есепке алынады. Әр оқушының жеке дамуының көрсеткіші жасалады. Оқушы өзін -өзі бақылайды. Жыл соңында әр оқушының білім сапасы қорытындыланады. Жыл бойы құрылған әр оқушының білім сапасының мониторингісінен оның білім деңгейі анықталады. Оқушы жыл бойы өзінің қалыс қалған жақтарын есепке алып отырады. Деңгейлік тапсырмаларды құруға қойылатын талаптар мынадай: Біріншіден, мұғалім деңгейлік тапсырма құрылатын сыныптың бағдарламасын, мемлекеттік, стандартты, базалық оқу жоспарын толық білуі тиіс. Екіншіден, оқушының физио –психологиялық ерекшелігі, қабілеті, білім деңгейі назарға алынғаны жөн. Үшіншіден, оқушылардың басқа пәндерден алған білімдері ескеріліп, пәнаралық байланыс жүзеге асырылады. Әсіресе орыс мектептеріндегі қазақ тілі тапсырмаларына әдебиет материалдарын пайдалану өте тиімді.
Төртіншіден, деңгейлік тапсырмалар қызықты, баланың ойлау қабілетін дамытатын, көркемдігі жоғары, тілі түсінікті болуы қажет. Бесіншіден, тапсырмалар біртіндеп күрделене келіп, оқушының жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру мақсатына сай мазмұны терең, жан-жақты болғаны жөн. Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз- оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілетін дамытатын, әлеуметтік көзқарасын қалыптастыратын, ізденушілікке баулитын, жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесі. Мұндай жұмыстар жүйесі төрт деңгейлік тапсырмалардан тұрады. Бірінші деңгей тапсырмалары білімнің минималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес, бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшеліктеріне сай болады. 4- сынып бағдарламасына байланысты оқушылар лексикалық тақырыптар мен тілдік ережелерді, жазба жұмыстарын орындайды. Кейіннен жоғары сыныптарда оқыған кезде де есінде тұрақты қалатындай бағытта сөздік минимумдарды меңгереді. Тыңдап, айтып, оқып, аударып, жаза алады. Адамдардың айтқанын түсінеді, сұрақтарға жауап береді. Естігенін қайталап айтады. Жеңіл ережелерді жаттап алады. Фонетиканы толық меңгереді. Грамматикалық, лексикалық тапсырмаларды игереді. Мәтінмен жұмыс жасайды. Екінші деңгей тапсырмалары түрленіп, күрделене түседі. Оқушылар сынып бағдарламасына сай тақырыптарды меңгеру барысында жұмыстың барлық түрлерімен танысады. Оқушы өз бетімен ізденеді, жеке қабілетіне қарай еңбек етеді. Баланың ықыласы өседі. Оқушының сөйлеуі, хабарды түсінуі, қабылдауы, жазба жұмыстарын орындау көрсеткіштері міндетті деңгейден әлдеқайда жоғары болады. Осындай талаптарға байланысты оқушы сөздерді дұрыс құрастыру, сөйлемді толықтыру, сұраққа жауап, диалог құру сияқты тапсырмаларды еркін меңгере бастайды. Үшінші деңгей тапсырмалары танымдық –іздену, алған білімді жинақтау, бекітуге бағытталады. Бұл тапсырмалар оқушылардың пәнге дәрежесінің жоғары болуымен, баланың өз жеке басының белсенділігімен өз ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайға сай пайдалануымен сипатталады. Ол хабарлау; суреттеу; тілдік жағдайға, ортаға байланысты бейнелеу тапсырмаларын орындайды. Ситуацияға байланысты әр түрлі нұсқада диалог құрады. Мәтін бойынша сұрақ қояды. Талдау, жинақтау, салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Танымдық –іздену түрдегі жұмыстарды іске асырып, өз бетімен орындайды. Оқушы үйренген сөздерінен, тіркестерден өзінше тұжырым жасауға ұмтылады. Бірінші сатыда оқушы мұғалім көмегімен бағдарлама бойынша тиянақты білім алады, не оқыса, соны қайталап айтып береді, орындаушылық қызмет атқарады. Екінші сатыда осы алған білімін тереңдетіп, түрлендіріп, өзгертілген тапсырмалар орындау арқылы оқушы өз бетімен еңбек етеді. Үшінші сатыда танымдық-іздену жолындағы тапсырмалар орындап, бала өз тұжырымын жасайды. Сонымен педагогика ілімінде қолданылатын деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту дегеніміз – оқыту үрдісінің белгілі түрі және сапалы оқытуды ұйымдастыру формаларының жиынтығы, оқыту жүйесі. Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту үшін жүргізілетін деңгейлік тапсырмалар – бір жағынан, оқушының білімін дамытушы, ал екінші жағынан, әдістемелік міндеттерді жүзеге асырушы.
ҚОСЫМША 4 сыныпқа арналған тапсырмалар
І деңгейлік тапсырма
Берілген сөздерді буынға бөліп жаз, қандай буын екенін анықта (ашық, тұйық, бітеу) Ақын, алмас, сен, ерте, жұрт
ІІ деңгейлік тапсырма
Берілген сөздерді буынға бөл.
Мектеп, әже, қант оқушы, мұғалім, бозторғай, ата, дәптер, кітапхана, дәрігер.
ІІІ деңгейлік тапсырма
Дауыссыз дыбыстан басталатын екі мақал жаз, мәнін аш.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі. Бұл проблемаларды шешуде жаңа технологиялардың атқаратын орны бөлек. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу-бүгінгі күннің мақсаты.
Осындай өзгерістерден кейін көп жылдардан бері қалыптасқан сабақ беру әдістері,оның ішінде, студенттерге дайын білімді бере салу, ұсынылған тапсырманы орындату, бірсарынды тапсырмалар жүйесі сияқты жұмыс түрлері өз актуалдығын жоғалтты.
Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр оқытушыныңөзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі-сабақ.
Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі, мақсаты айқын, қызықты және толық мәнді болуы тиіс. Ол - сонымен бірге басқа ұлт студенттеріне қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, өнерін насихаттайтын пән.
Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша көздегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет. Сабақта жаңа технология ретінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалануда өткізілетін сабақтарды жоспарлаудың негізгі талаптары:
- жағымды психологиялық орта жасау;
- студенттердің тіл үйренуге деген қызығушылығын (уәж, ынта, ұмтылыс) тудыру;
- ақпараттық –коммуникативтік технолгиялармен жұмыс істей білуге үйрету;
-ақпараттық-коммуникативтік технолгиялармен орындалатын жұмыстардың проблемалық болуы;
- проблеманы шешуге және шешім қабылдай білуге үйрету;
- кез-келген проблеманы шығармашылық тұрғыдан шешуге бейімдеу;
- өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру;
- пікірін, тұжырымын, идеясын дәлелдей және қорғай білуге дағдыландыру;
- өз бетінше орындауға берілген жұмыстарға үлкен жауапкершілікпен қарауға,шығармашылықпен орындауға үйрету;
- студенттердің бірлескен таным процессіне белсенді араласуына мүмкіндік жасау;
- студенттердің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе
талқылап, олар туралы пікір алысуға мүмкіндік жасау;
- студенттерге өздік жұмыстарын ұйымдастыру үшін орта құру;
Жоғарыда айтылған мақсатқа жету үшін оқытушының әрекеті:
- сабақтың тақырыбына сай мақсаттың айқын болуы;
- негізгі мәселені бөле көрсетуі;
- материалдардың өмірмен байланыстылығы әрі тәрбиелік мәнінің маңызды болуы;
- студенттермен тең құқылы түрде қарым-қатынас жасай білу;
- өз талаптарын бұйрық түрінде емес, кеңес түрінде ұсыну;
- әр пікірді, идеяны тыңдай білу, оны сыйлау және онымен санасу;
- ерекше идеяларға қолдау жасап отыру;
- жағымды (позитивті) және конструктивті көзқарас ұстану;
- сабақта ақпараттық-коммуникативтік технолгияларды қолдану арқылы үнемі жаңалықтар енгізіп отыру;
- студенттермен жеке жұмыстар жүргізу үйге берілетін тапсырманың уақтылы және нақтылы берілуі;
- бағалау нормалары сақталып, әділ бағалануы;
- осы нәтижеге жеткізетін –сабақтың жүйелігі.
Қазақ тілі сабағында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану әдістері тиімділігі мен уәжін арттырып, білім берудің табысты болуына оң ықпалын тигізері сөзсіз.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияны барлық деңгейлерде жүйелі пайдалану арқылы сабақтарда алынған ақпаратқа талдау жасай білуге, ақпаратты дұрыс таңдау жауапкершілігін қалыптастыруға және өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады.
Ақпараттық-коммуникативтік технология негізінде - оқытудың жаңа моделін құруға жол ашып отыр.
Ақпараттық технология сабақты түрлендірудің, ерекшелендірудің, дараландырудың тәсілі ғана емес, сонымен қатар сабақты жаңаша ұйымдастырудың мүмкіндігі.
Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда – студент өзін белсенді және еркін, оқытушымен тең дәрежеде ұстай алады. Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын
жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, студенттің өздік жұмысының көлемін көбейтуге болады. Педагогикалық технология жалпы компьютерлендіру үрдісінен тысқары қалған жоқ.
Сондықтан сабақта ақпараттық және коммуникативтік технологияны кеңінен пайдалану үйреншікті, қалыпты жағдай ретінде қарастырылғаны жөн. Бүгінгі күні кез-келген оқытушы қазақ тілі пәні болсын, басқа пәндер болсын ақпараттық және коммуникативтік технологияны пайдалану арқылы әртүрлі сабақтарға әзірлемелер дайындап және оны жоғары деңгейде өткізе білсе, сабақтың тартымды әрі қызық болатыны анық.. Мұндай сабақтар студенттерді басқа әлемге, ақпараттар әлеміне, тарту арқылы сол әлемді өз көзімен көруге, көргенін курстастарына жеткізу барысында тіл дамыту мүкіндігіне ие болады.
Сабақты интернет желісіне қосылған компьютер арқылы басқару – қазақша сөйлеуге үйренудің тиімділігін арттырып, студенттің ойлау қызметін белсендіреді. Компьютерді қазақ тілі сабағында пайдаланудың негізгі мақсатының бірі – Қазақ радиосы, Шалқар бағдарламасы мен теледидар материалдарын сабақта тиімді пайдалануды ұйымдастыру
арқылы, дәстүрлі оқытушы→дәрісхана→студент жүйесінің орнына студент→компьютер→комьютерлік оқыту бағдарлмалары→оқытушы жүйесін енгізу, оқыту үрдісін, оқытушы мен студент рөлінің сипатын түбегейлі өзгертеді. Компьютердің
иллюстративтік және диалогтік мүмкіндіктері оқу үрдісінің уәждеме саласы мен әрекеттік құрылымына үлкен әсерін тигізеді.
Тіл үйрену қабілеті төмен студенттердің өзі де компьютерден берілген тапсырмалар арқылы сөйлеуге, ойын қазақша жеткізуге тырысады. Қазақ тілін үйретуде интернеттің мүмкіндігіне тоқтайтын болсақ, сөйлеу әрекетінің төрт түрінде (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым) де пайдалануға болатыны белгілі. Яғни, ақпараттық технология – оқу орындарында білім жетілдіруші құрал.
Мысалы: бастауыш топтарда - интернеттен алынған суреттерді иллюстративті материал ретінде пайдаланып, әр түрлі жаттығулар құрастыру арқылы студенттердің сөйлеу дағдысын қалыптастыруға; шағын ертегілер мен әңгімелерді тыңдату және оқыту арқылы тіл дамытуға, сонымен қатар материалды таңдау мүмкіндігін студенттердің өзіне
беруге болады. Студент материалды іздеу барысында әртүрлі мәтіндерді оқып, оны түсінуге тырысады. Жалғастырушы топтарда –жаңалықтарды көріп, тыңдату, тыңдаған жаңалықтары бойынша пікір алмасу және Қазақ радиосынан: «Бала тілі - бал», «Атадан қалған асыл сөз», «Інжу-маржан», «Даланың дана арулары», Кешкі ертегі айдарларымен берілген материалдарды тіл дамыту жұмыстарына пайдаланамыз т.б.
Осы материалдар көмегімен төмендегідей жұмыс түрлерін ұйымдастыруға болады.
Қазақ тілі сабағында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану әдістері: Мысалы: 1. «Ассоциация және болжам»
Студенттер топпен, жұппен немесе жеке тапсырма алады. Берілген жұмыс тақырыбын естігеннен кейін қандай ассоциация пайда болды?
2. «Сұрақ-жауап»
3. «Тапсырманы тыңдап, аяқта»
4. «Мен диктормын».
5. «Мен музыкамен көркемдеушімін»
6. «Мен көркемдік жетекшімін»
Интернет арқылы жалғастырушы топтармен жүргізілетін жұмыстардың тиімді түрі ретінде соңғы кезде студенттердің өз беттерінше дайындап жүрген – комикс жасау
жұмыстарына толығырақ тоқтала кетейік. Комикс дегеніміз - әр түрлі сюжетті суреттер арқылы белгілі оқиғаға студенттердің өздері құрастырған әңгімелері. Әңгіменің ортақ тақырыбын студенттермен ақылдаса отырып, бірлесіп таңдауға да немесе студенттердің өз бетімен таңдауына да болады.
Комиксжасау жолдары:
1. интернеттегі «Paint» бағдарламасымен салған суреттерінің көмегімен дайындайды;
2. дайын аннимацияларды пайдаланады;
3. мультфильмдерді пайдаланады;
4. суреттерге түсіріп, түсіріілген суреттерді пайдаланады;
Комиксжасау арқылы студенттердің – шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттері қалыптасады; ассоцативтік өрісі кеңейеді; қазақша сөйлеу және жазу(сюжеттегі рөлдердің сөздерін жазу арқылы) қабілеттері дамиды, студенттің қазақ тіліне деген қызығушылығы және белсенділігі артады.
Қорыта келе айтарымыз, ақпараттық-коммуникативтік технология:
1. оқу материалын терең түсінуге;
2. оқу мотивациясының артуына;
3. алған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына;
4. білім беруге жұмсалатын уақыттың азаюына ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |