Кіріспе зерттеудің көкейтестілігі


Электрондық оқулықты құру құралдарына қарай



бет7/18
Дата26.05.2022
өлшемі1.45 Mb.
#458686
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Электр оку кешен дипл

Электрондық оқулықты құру құралдарына қарай:

  • стандартты қосымшаларды қолданатын электронды оқулық (Werd,P. Point);

  • HTML форматының стандартты браузерiн қолданатын электрондық оқулық;

  • HTML форматының өз браузерiн қолданатын электронды оқулық деп бөледi.

Мультимедиялық оқулық. Оқыту процесiнде электронды оқулық студент пен мұғалiмнiң педагогикалық iс-әрекеттiң құралы ретiнде жүредi. Электрондық оқулық курстың бiрнеше бөлiм бойынша интегралдық дайындық жасауға немесе бiрнеше пән бойынша дайындық жасауға мүмкiндiк бередi және де оның қабылдау нақтылығын, маңызды байланыстары мен қатынастарын анықтауды қамтамасыз етедi. Электрондық оқулықта бүкiл оқыту процесi iске асырылады, мақсатынан бастап нәтижеге дейiн.
Қазiргi жағдайда электрондық оқулық оқыту процесiнiң компьютерлiк ұйымдастыруы жағдайындағы оқыту формасы ретiнде қарастырылады.
Электрондық оқулықта:

  1. Мұқаба (титул парағы);

  2. Мазмұндама;

  3. Анкетация;

  4. Оқу материалының толық баяндамасы;

  5. Оқу материалының қысқаша баяндамасы;

  6. Қосымша әдістер;

  7. Өзін өзі тексеру жүйесі;

  8. Бақылау жүйесі;

  9. Авторлық жүйесі;

  10. Терминдер сөздігі;

  11. Оқулық элементтерімен жұмыс істеу жүйесінің анықтамалығы;

  12. Оқулық элементтерімен жұмыс істеу жүйесінің анықтамалығы;

  13. Оқулықпен жұмыс істеуді басқару жүйесі.

Мұқаба мүмкіндігінше боялған болуы керек. Ол үшін графикалық енгізулер мен фонды қолдану қажет. Оқулықтың көрсетілім үлгісіне мұқабаны анимация, бейне, қойылым немесе оқулықтың айналмалы аннотациясын безендіруге болады.
Мазмұндама. Электрондық оқулықтың маңызды құрылымдық элементі болып табылады. Бір жағынан ол өте нақты болуы керек, ал екінші жағынан максималды көрнекі болуы керек. Бұдан басқа мазмұндамасы:

  1. Өз білімін тексеру жүйесіне;

  2. Аралық бақылау жүйесіне;

  3. Мәтіндік фрагмент бойынша оқулықтың мазмұнының бөлігін іздеу функциясына;

  4. Терминдер мен анықтамалар сөздігіне;

  5. Қосымша әдебиеттер тізіміне;

  6. Оқулықтың кез келген бөлігіне көшуге;

  7. Оқулықпен жұмысты бітірген соң титул парағына оралуға, кіруге мүмкіндік береді.

Аннотация. Аннотация болуы – бұл кез-келген оқулықты құру кезiндегi жақсы топ. Аннотация тiкелей оқулықтың мұқабасына орналастыру мүмкiн.
Оқу материалының толық баяндамасы. Электрондық оқулықты құрудың қажеттi шарты – онда толық оқу материалдарының болуы, әғни: мәтiннiң, графиканың, кестенiң, иллюстрацияның, әртүрлi заставкiлерiн, дыбыстық фрагменттiң болуы. Оқулықтың әрбiр бетiнде тек қана мәтiн, үлкен емес графикалық элементтер, ағымдағы парақтың қысқаша мазмұны және де материалдарды зерттеу процесiнiң басқару элементтерi болуы керек.
Оқу материалының қысқаша баяндамасы. Оның жеткiлiктi маңызы бар, өйткенi мұндай баяндамалар құрылымдық блок – схема түрiнде берiледi; ал ол өз кезегiнде берiлген мәлiметтi, барынша аз уақыт iшiнде зерттеуге мүмкiндiк бередi.
Қосымша әдбиеттер. Әдебиеттер тiзiмiнiң iшiнде тұрақты және оны қолданушы бiлiм базасын жетiлдiру мақсатында қолданады.
Өзiн-өзi тексеру жүйесi. Өзiн-өзi тексеру жүйесi маңызды назар аударған жөн. Онда бәрi қамтылған болуы және оқулық мазмұнына сәйкес бiлiм деңгейiн тексере отырып, санымен қолы оқыту маңызын орындайды.
Аралық бақылау жүйесi. Аралық бақылау жүйесiне оқулықтың бiрiншi бетiн алуы мүмкiн. Ол өзiн-өзi тексеру жүйесiне байланыстырылған, нақтырақ айтсақ: өзiн-өзi текстiлеу нәтижесi. Егер білім алушы қандай да бiр тақырыптан өзiн-өзi тексеру жүйесiнде жақсы нәтиже алса, аралық бақылау жүйесi көмегi арқылы, ол сол нәтиженi сақтап қойып, мұғалiмге көрсете алады.
Мәтiндiк фрагменттердi iздеу функциясы. Мұндай функцияның болуы мiндеттi. Мұндай функцияның iс әрекетi принципi мен интерфейсi көптеген программаның iшiнен танымал. Мұндай функция мәтiннiң ұзын жолын, символын, тiптi бүтiндей абзацты ендiре алады.
Авторлар тiзiмi. Ережеге сәйкес, бөлек бетте толтырылады және де онда тек қана авторлар тiзiмi де тұрады. Осы бетте оқулықтың жасаушы ұйымның толық реквизиттерiн орналастыруға болады.
Терминдер сөздiгi. Сөздiктiң болуы қажет және ол бөлек бетте толықтырылады. Осы ретте қолданушыға сөздiктен шығып сол жұмыс iстеп отырған бетке беруiн қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар үйренушiге сөздiкке тез жету жолдарын қамтамасыз ету керек.
Оқулықтың басқарушы элементтерiнен жұмыс iстеу жүйесiнiң анықтамалығы. Ол барлық экрандық түймелерi бар және ақпаратты басқарудың жалпы әдiстерi бар мәтiн өрiсiн бiлдiредi. Анықтамалық жүйе оқулықтың кез-келген бетiнен шақырылуы қажет, сондықтан да оқулықтың барлық беттерiнде болады (кез-келген бетте экранда шақырушы түймесi болады). Түйменi басқан кезде анықтамалық мәтiн өрiсi шығуы керек.
Оқулықпен жұмысты басқару жүйесi. Ол экран түймелерi мен мәтiн өрiсiнiң жиынтығын бередi, оның әрқайсысында анықтамалық мәтiн бар. Ол қолданушыға оқулықтың ақпарат бөлiгiнiң кез-келген бөлiмiн қолдануға, сондай-ақ өзiн бақылау жүйесiнде қажеттi iс әрекеттердi орындауға мүмкiндiк бередi. Электрондық оқулықта сонымен қатар қосымша және анықтамалық мәтiндер бар.
Қосымша мәтiндер – бұл негiзгi мәтiн нұсқаулығын тереңдетуге және толықтыруға арналған, оқу материалы бар жеке вербалды құрылым. Қосымша мәтiндер оқулықтың ғылыми дәлелдiгi мен эмоционалды жүктiлiгiн күшейтуге арналған. Қолданушыларды зерттеу жұмысының элементтерiмен таныстыруға арналған. Қосымша мәтiннiң көмегi арқылы оқулыққа программалық материалдардың жоғарғы бөлiктерi енгiзiледi.
Қосымша мәтiннiң ерекше ролi оқулықтың тәрбиелiк қызметiнде көрiнедi. Қосымша мәтiннiң элементтерiне мыналар жатады:

  • құжаттар

  • хрестоматиялық материалдар

  • мемуарлы, ғылыми-зертеулiк, көркем әдебиеттерден үзiндiлер

  • көркем бейнелеу мен жеткiзу

  • қаратпа

  • библиографилық және ғылыми мәлiметтер

  • статистикалық мәлiметтер, соның iшiнде кесте түрiнде

  • әртүрлi тiзiмдер және т.б.

Анықтамалық мәтiн – материалды түсiну үшiн қажеттi жеке вербалды құрылым. Анықтамалық мәтiндер анықтамалық аппарат деп аталатын бөлiмнiң негiзiн құрайды. Оған қойылатын мiндеттi талап: оқулықтың негiзгi бөлiмнiң ажырамас бөлiгi.
Анықтамалық мәтiннiң элементтерiне мыналар жатады:

  • оқулық, оның бөлiмдерiне пәндiк кiрiспе;

  • ескертулер мен тiзiмдер;

  • сөздiктер;

  • алфавиттер;

  • анықтамалықтар;

  • схема, карта, жоспар, график диаграммаға түсiндiрмелер;

  • формуланың, бiрлiк жүйесiнiң, коэфициентiнiң, элементерiнiң жиынтық кестесi;

  • нақты бiлiм айналамында қолданылған символикалық белгiлеулер тiзiмдемесi;

  • оқулықта қолданылған қысқартулар тiзiмi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет