«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің
М.Мәметова атындағы №27 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
КҮНТІЗБЕЛІК – ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
(ұзақ мерзімді жоспар)
Пәні: Қазақ тілі, Қазақ тілі мен әдебиеті
Мұғалімі: Атантаева А.А.
Сыныбы: 1 «Б», «В», 4 «Б»
2022-2023 оқу жылы
Бекітемін
Мектеп директоры:
_____ Алтынбаева А.А.
«____» ______ 2023ж.
|
Келісемін
Директордың ғылыми-әдістемелік
ісі жөніндегі орынбасары
_________ Н.Н.Исабекова
«____» ____ 2023 ж.
|
Қаралды
Ә/Б отырысында хаттама
№____
_____ Алдоңғарова А.С.
«____» ____ 2023 ж.
|
Пән мұғалімі: Атантаева Ақтолқын Арыстанбекқызы
Қаласы: Тараз қаласы
Мектебі: М.Мәметова атындағы №27 орта мектебі
Сыныптар : 1 «В», «Г»
Оқулықтар: (автор, аты, баспа, шыққан жылы) Қазақ тілі, Қазақ тілі мен әдебиеті
1.Хазимова Ә.Ж., Салыхова Б.О., Бейсебекова М.Ж., Алматы. «Алматы кітап баспасы», 2021 ж.
Түсінік хат
«Қазақ тілі мен әдебиеті» Оқыту орыс тіліндегі мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқыту кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша іске асырылады.ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген 1-4 сыныптарға арналған Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген).
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары ( 08.04.16ж. №226 бұйрығымен енгізілген өзгерістері мен толықтырулар); ( 10.05.18ж. №199 , 17.10.2018ж №576 бұйрықтарына енгізілген өзгерістері мен толықтырулар).
«2020-2021 оқу жылында ҚР Жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» ҚР БҒМ әдістемелік нұсқау хаты.
«Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – қоғамдық ортада қазақ тілінде қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін коммуникативтік дағдылардың негізін қалыптастыру және тілдік нормаларды қолдануға, сауатты жазуға үйрету.
Қазақ тілі пәнін оқыту процесі тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым әрекеттері арқылы ұйымдастырылады. Оқу процесінде жүйелі түрде жүргізілетін сөздік жұмысы, әңгіме тыңдау, оқу, мәтінмен жұмыс жасау, жағдаяттық тапсырмалар орындау, постерлермен жұмыс істеу, сахналық қойылым дайындау оқушылардың сөздік қорын жетілдіреді.
Оқыту қазақ тілінде емес сыныптардағы «Қазақ тілі» пәнінен оқу жүктемесінің көлемі:
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде:
1-сыныпта – аптасына 2 сағат, барлығы – 66 сағат;
Мұғалім сабақ барысында оқушылардың сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыруға аса назар аударады. Сонымен қатар, бастауыш сыныптарда сабақ сайын сөздік диктант, көшіріп жазуды өткізуге болады. Бұл жазба жұмыстары оқушылардың сауатты жазу дағдысын қалыптастырады.
Бастауыш сыныптарда оқу бағдарламасының мазмұнын толық меңгерту үшін жазба жұмыстарын өткізуді мұғалім қолданыстағы нормативтік және нұсқаулық құжаттарға сәйкес өздігінен жоспарлай алады.
Мұғалім пән аясында білім алушының сөздік қорын кеңейту үшін үлгілік оқу бағдарламасында берілген лексикалық-грамматикалық минимумды негізге алады. Әр сабақта 2 лексикалық минимумды меңгерту ұсынылады. Лексикалық минимумда ортақ тақырыптар бойынша сонымен қатар күнделікті тұрмыс-тіршілікте, әлеуметтік ортада жиі қолданылатын сөздер, қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейіне сәйкес келетін (1-4-сыныптар үшін А 1 қарапайым деңгей) шектеулі сөздер мен сөз тіркестері қамтылған. 1-сынып білім алушылары үшін лексикалық минимумдар саны: 120 сөз.
Достарыңызбен бөлісу: |