170
бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуы мүмкін. Өлім жа- засын қолданганда сот әрбір
нақты іс бойынша жаза тағайындаудың жалпы негіздерін басшылыққа алады (ҚК-нің 52-бабы).
Өлім жазасын қолдануга істелген қылмыстың ерекше ауырлығы, жазаны ауырлататын төтенше
мән-жайлармен қатар қылмыс істеген адамның айрықша қауіптілігі, моральдық азгындыкка түсуімен
бірге, айуандық іс-әрекеттерге барып, өте ауыр қылмыстар істеуі негіз бола алады. Сондықтан да
өлім жазасы қолданылуы мүмкін қылмыстық істерді қарағанда сот барлық уақытта да сотталушының
психикалық жай-күйін ерекше зерттей- ДІ.
Өлім жазасын қолдану барлық жағдайда істелген қылмыстың анықтаган мән- жайларын және
сотталушының мейлінше толык сипаттайтын мәліметтерге сүйене
оты- рып, үкімде дэлелденген
болуы керек.
Өлім жазасын қолданудың ерекшелігі сол, бұл тұргыдагы қылмыстарды қарау бірін- ші
инстанция соттарының құзыретіне жатады жэне мұндай істерді карау алка билер сотының
қатысуымен жүзеге асырылады.
Өлім жазасы әйелдерге, сондай-ақ он сегіз жасқа толмай
қылмыс жасаган адамдарга, сот үкім
шыгарган сэтте алпыс үш жасқа толған жэне одан асқан еркектерге тагайындалмайды.
Туган күннен кейінгі тәуліктің басталуы адамды 18-ге толган деп санауга негіз бе- реді. Еркектер
үшін алпыс үш жасқа толуды үкім шығарған (қылмыс істеген емес) кезбен өлшеу кажет. Өлім
жазасы туралы үкім кем дегенде ол күшіне енген соң 1 жылдан кейін орындалады.
Қазақстан Республикасы Жогаргы Сотының «Қылмыстық жаза тағайындаған кез- де соттардың
заңдылықты сақтауы туралы» 1999 жылгы 30 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулысының 14-тармагында
өлім жазасына байланысты заңдарды қолдануда басшылыққа алатын төмендегідей қагидалар
белгілеп берді:
ҚК-нің 47-бабына сэйкес өлім жазасы ең ауыр жаза болып табылатынына және кылмыстық заң
оны ерекше ауыр қылмыстар үшін колданылуы мүмкін екеніне, бірак талап етпейтініне соттардың
назары аударылсын. Өлім жазасы заңда көзделген рет- терде тек оны тагайындаудың кажеттілігіне
жауапты ауырлататын төтенше жағдайлар негіз болғанда жэне аса ауыр қылмыс жасаган адам
айрықша қауіпті болганда гана колданылады.
Сот ҚК-нің 47-бабының екінші бөлігіне сәйкес, өлім жазасы - әйелдерге, 18
жаска толмай
қылмыс жасаган адамдарға, үкім шыгарган сәтте жасы 63-ке толған, одан жасы асқан адамдарға,
сондай-ак ҚК-нің 56-бабының 4-бөлігіне сэйкес, аяқталмаган қылмыс үшін сотталган адамдарга
қолданылмайтынын ескеруі керек. Сондай-ақ, сот ҚК-нің 69-бабының 5-бөлігіне сәйкес ескіру
мерзімінің өтуіне байланысты кылмыстық жауап- кершіліктен босатуға негіз таппаган адамдарга да
өлім жазасы тағайындалмайды. ҚК-нің 75-бабының 4-бөлігінде көрсетілген жагдайларда үкімді
ескіру мерзімі өткеннен кейін орындаған кезде өлім жазасы 25
жылга немесе өмір бойы бас
бостандыгынан айыруга ауыстырылуы тиіс.
ҚІЖК-нің талабына сәйкес, өлім жазасы сот қүрамына кіретін судьялардың тек бір- ауыздан
қабылдаған шешімі бойынша тагайындалады.
Өлім жазасын қолдану барлық жагдайда да жасалған қылмыстың анықталган мэн- жагдайларына
және сотталушыны мейлінше толык сипаттайтын мәліметтерге, соның ішінде оның психикалык күй-
жайына сүйене отырып, үкімде дәлелді болуы керек.
ҚК-нің 47-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, өлім жазасын орындау үкімнің заңды күшіне енген
сәтінен бастап бір жылдан соңгана Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексінің тиісті
бабында көрсетілген құжаттардың негізінде орындалады.
Қазакстан Республикасы Президентінің 2003 жылгы 17 желтоқсандагы Жарлыгы бойынша өлім
жазасын орындауга мораторий енгізілді. Осыған орай Қылмыстық кодекстің 47-бабының 3-бөлігінде
Қазакстан Республикасының Президенті өлім жаза- сын орындауга мораторий енгізген кезде, өлім
жазасы туралы үкімді орындау мораторий қолданылған уақытта токтатыла тұрады деп корсетілген.
Өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен жазаны ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеу
аркылы өмір бойы бас бостандыгынан айыруга немесе жиырма бес жыл мерзімге бас бостандыгынан
171
айыруга ауыстырылуы мүмкін. Өлім жазасына кесілген адамдардың,
өлім жазасын орындауга
мораторийдің күші жойылган жағдайда, олардың мораторий ен- гізгенге дейінгі өтініш беруіне
немесе бермегеніне қарамастан, кешірім жасау туралы өтініш беруге кұкығы бар (Қылмыстык
кодекстің 47-бабы 5-бөлігі).
Әлем елдерінде өлім жазасын қолданудың тәртібі әр түрлі.
Көптеген өркениетті елдердің қылмыстық заңы бойынша, өлім жазасы Отанга опасыздық,
шпиондық,
кісі өлтіру, адамдарды акы алу үшін үрлау, өрт қойганы, тонау жэне басқа да ауыр
қылмысты істегені үшін қолданылады. Еуропаның бірнеше мемле- кеттерінде: Италия, Германия,
Франция, Скандинавия елдерінде, сондай-ак Латын Аме- рикасы, Австралияда өлім жазасын қолдану
жойылган. АҚШ Жоғарғы Соты 1976 жыл- дан өлім жазасын қолдануды кайта жаңғыртты. Қазір
Құрама Штаттардын 37 штатында өлім жазасы қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: