Конспектті дайындаған: Ринат Абу Мухаммад Қазақстани إعداد: رينات أبو محمد كازاخستاني 


Өткен материалдың қысқаша түйіндемесі



бет5/9
Дата04.07.2016
өлшемі6.65 Mb.
#175894
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Өткен материалдың қысқаша түйіндемесі:

  1. Әт-Тәуия күні қажылық (жасау ниетімен) ихрамға кіру және тәлбийя айту.

  2. Мина (алқабына) жүру және сонда түнеу.

  3. Минада бесін (зухр) және қалған бес уақыт намаздарды, қысқартып, бірақ әр намазды өз уақытында оқу.

  4. Арафатта (тұру) Күні күн шыққаннан кейін Минадан Арафатқа ұарай жылжу. 142

  5. Егер мүмкіндік болса, Нәмирада Арафаттың жанында түстен бұрын тоқтау.

  6. Урана уәдиіне қарай жүру және бесін (зухр) мен екінті (аср) намаздарын қосып оқу. Бірінші бесін, содан кейін бірден екінті намазы оқылады.

  7. Имамның Арафат (Күні) намазға дейін құтпа айтуы.

  8. Арафатта дұға жасап, Аллаһты мадақтап, ораза ұстамай тұру.

  9. Арафатта тұрған кезде, жүзді қыблаға қаратып және қолды көтеріп дұға ету.

  10. Арафатта тәлбийя сөздерін айту.

  11. Күн батқаннан кейін тыныштық сақтап, Арафаттан шығу.

  12. Муздалифада ақшам (мағриб) және құптан (‘иша) намаздарын қосып оқу. Бірінші ақшам намазы, содан соң бірден құптан намазы оқылады.

  13. Осы намаздардың әрқайсысының алдында иқамат айтылады.

  14. Осы екі намаздың арасында қосымша (сүннет) намаздарын оқудан бас тарту.

  15. Муздалифада бір түн бойы түнеу.

  16. Таңның алғашқы шапақтары көрінісімен таң (фәжр) намазын оқу.

  17. Муздалифаның шекарасында орналасқан әл-Мәш’ар әл-Харамда жарық түскенге дейін жүзді қыблаға қаратып және Аллаһқа дұға етіп, Оны мадақтап (тахмид), Оны ұлықтап (тәкбір), «лә иләһа илләЛллаһ» сөздерін айтып (тәхлил) тұру.

  18. Әл-Мәш’ар әл-Харамнан күн шыққанға дейін шығу.

  19. Мухассир алқабынан өткен кезде жүрісті әдеттегіден жылдамдату.


ҮЛКЕН БАҒАНАҒА (ӘЛ-ЖӘМРАТ ӘЛ-КУБРА143) ТАС ЛАҚТЫРУ144
82- Кейін [үлкен бағанаға (әл- жәмрат әл-кубра) шығаратын] орта жолмен145 қасында ағаш өсіп тұрған (осы) бағанаға дейін жетіп алды,

83- және [түске дейін] оған жеті тас лақтырды146.

84- Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әл-хазф147 мөлшеріндей болған әр тасты лақтырғанда: «Аллаһу Әкбар!» («Аллаһ Ұлы!»), - деп айтты148.

85- [Осы орайда] ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) [түйесінің үстінде отырып және: «Рәсімдеріңді149 (орындауды) менен үйреніңдер, өйткені, ақиқатында, мен білмеймін, бұл менің соңғы қажылығым шығар», - деп,]150 уадидің ішкі жағынан151 тас лақтырды».

86- [Ол (яғни хадистің жеткізушісі – редактордың ескертпесі) былай деді: «Ол Құрбан Айт күнінен кейін [қалған әт-ташрик152 күндерінде] тастарды түстен кейңн лақтырды]153.

87- [Сурака бин Мәлик бин Жу’шум Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үлкен бағананың (жәмрат әл-акаба) қасында, ол тас лақтырып жатқанда кездестіріп, одан: «Уа, Аллаһтың елшісі! Бұл тек біздерге ғана қатысты ма154?», - деп сұрады. (Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)): «Жоқ, бұл барлық заманға»(, - деді)]155.



ҚҰРБАН ШАЛУ ЖӘНЕ БАСТЫ ҚЫРУ
88- Кейін (Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)) құрбан шалу орнына барып, сонда өз қолымен алпыс үш [сиыр мен түйені] құрбандыққа шалды.

89- Кейін ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) орнын Алиге (Аллаһ оған разы болсын) берді156. Ол (Йеменнен) айдап келген [қалған] жануарларды құрбандыққа шалды, ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған осыда көмектесті.

90- Кейін ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әр сойылған малдан бір кесім еттен алуды, оларды қазанға салып, пісіруді бұйырды157. (Тағам дайын болған кезде,) олар екеуі еттен жеп, сорпасын ішті».

91- [Хадистің риуаяттарының бірінде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдері атынан құрбандыққа сиыр шалғаны келтіріледі]158.

92- [Хадистің басқа нұсқасында ол (яғни Жәбир) былай деді: «Біз құрбандыққа жеті (адамның) атынан бір түйе және жеті (адамның) атынан бір сиыр шалдық (ал басқа риуаятта: «...Ол құрбандыққа түйе шалды», - деп келтіріледі). (Жәбирден жеткен хадистің тағы бір нұсқасында былай деп жеткізіледі: «Бір құрбандыққа шалатын малға жеті (адамнан) тұратын топтан тура келді». Сонда біреу одан (яғни Жәбирден): «Сен сиыр туралы не айтасың: оны бір топ адамдар атынан құрбандыққа шалуға болады ма?», - деп сұрады. Бұған ол (яғни Жәбир): «(Иә, өйткені) ол құрбандыққа шалынатын малдардың қатарына кіреді», - деп жауап берді).

93- (Хадистің нұсқаларының бірінде былай деп хабарланады: «Жәбир: «Бұрын біз құрбандыққа шалынатын малдың етін (Минада болатын) үш (күннен) артық жемейтінбіз. Ал содан соң Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): («Жеңдер әрі қамданыңдар159»), - деп, бізге (бұған) рұқсат берді. [Ол былай деді: «Әрі біз (осы еттің бір бөлігін) жедік, (ал қалған бөлігін) қамдандық][та, сол қамданумен Мәдинаға дейін жеттік160.


ҚҰРБАН АЙТ КҮНІ ОРЫНДАЛАТЫН РӘСІМДЕРДІҢ ҚАЙСЫСЫН БОЛСА ДА БАСҚАСЫНАН ЕРТЕ, НЕ КЕШ ОРЫНДАУДА КҮНӘ ЖОҚ
94- (Хадистің бір нұсқасында былай деп хабарланады: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құрбан шалды [және басын қырды]»)161.

95- “Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) [Құрбан Айт күні Минада] адамдармен бірге болды. Әрі [сол күні] оған [, ретінен бұрын істелген] рәсімге қатысты қандай сұрақ қойылса да, ол міндетті түрде: «Ода күнә жоқ, ода күнә жоқ»162, - деп жауап берді. Мысалы, оған бір кісі келіп: «Мен басымды құрбан шалғанға дейін қырып тастадым», - дегенде, (Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)): «Бұда күнә жоқ», - деп жауап берді).

96- Кейін оған басқа адам келіп: «Мен басымды тас лақтырғанға дейін қырып қойдым», - деді, (оған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)): «Бұда күнә жоқ», - деп жауап берді.

97- [Кейін оған басқа адам келіп: «Мен Қағбаны тас лақтырғанға дейін тауап жасап қойдым», - деді, (бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)): «Бұда күнә жоқ», - деп жауап берді].

98- [Басқа бір кісі: «Мен Қағбаны құрбан шалғанға дейін тауап жасап қойдым», - деді, (бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)): «Оны шала бер, әрі бұда күнә жоқ», - деді].

99- [Кейін тағы бір адам келді де: «Мен құрбанды тас лақтырғанға дейін шалып қойдым», - деді, (бұған Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)): «[Оларды лақтыр, әрі] бұда күнә жоқ», - деді].

100- [Кейін Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мен құрбандықты осы жерде шалдым, алайда Минаның барлығы құрбан шалатын орын болып табылады].

101- [Әрі Меккенің әрбір шатқалы мен оған (алып баратын) жол да құрбан шалатын орын болып табылады]163.

102- [Сондықтан да құрбандықтарыңды тұрақталған орындарыңда шала беріңдер», - деді]".164
ҚҰРБАН АЙТ КҮНІНДЕ АЙТЫЛҒАН ҚҰТПА165
10З - [Жәбир (Аллаһ оған разы болсын) былай жеткізді: “Құрбан айт күнінде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге құтпа айтып: «Қай күн ең қасиетті болып табылады?», - деп сұрады. (Адамдар): «Осы біздің күн», - деп жауап берді. (Кейін) ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Қай ай ең қасиетті болып табылады?», - деп сұрады. (Адамдар): «(Осы) біздің ай», - деп жауап берді. (Кейін) ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Қай қала ең қасиетті болып табылады?», - деп сұрады. (Адамдар): «Осы біздің қала» (, - деп жауап берді). Сонда (Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)) былай деді: «Ақиқатында, сендердің өмірлерің166 және сендердің мал-мүліктерің сендер үшін осы қаладағы, осы айдағы осы күндерің сияқты қасиетті болып табылады. Мен (осыны сендерге) жеткіздім бе?!» (Адамдар): «Иә!», - деп жауап берді. Сонда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Уа, Аллаһ! (Осыны) раста!», - деді”].
АДАМДАР ЛЕГІНІҢ ҚАҒБАНЫ НЕГІЗГІ ТАУАП (ӘТ-ТАУАФ ӘС-САДР)167 ЖАСАУ ҮШІН (МЕККЕГЕ) АҒЫЛУЫ
104- Кейін Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түйесіне отырды да, адамдардың легі арасында (Аллаһтың) Үйіне қарай ұмтылды [, әрі (олар) Қағбаны тауап жасады168,

105- бірақ әс-Сафа мен әл-Мәруа (төбелерінің) арасын сағи жасамады]169.

106- Ол бесін (зухр) намазын170 Меккеде орындады171.

107- Одан кейін ол бану Абд әл-Мутталиб тайпасының адамдарына жақындады, [ал олар] Зәм-Зәм (бұлағының) суын үлестіріп жатқан болатын172, және былай деді: «Уа, ‘Абд әл-Мутталибтің ұрпақтары, су шығарыңдар! Егер мен адамдардың сендерді осы жерден ығыстырып тастауларынан қорықпағанымда173, оны сендермен бірге шығарар едім».

108- Олар оған (Зәм-Зәм бұлағынан) су алып берді, ал ол одан қанып ішіп алды»174.

Өткен материалдың қысқаша түйіндемесі:


  1. (Үлкен) бағанаға (тас лақтыру үшін) Арафатқа барған жолдан басқа жолмен бару.

  2. Үлкен бағанаға (әл-жәмрат әл-кубра) Құрбан Айт күні күн шыққаннан түске дейін уадидің ішкі жағынан тас лақтыру.

  3. Егер қажеттілік болып жатса, түстен кейіннен түнге дейін тас лақтыруға деген рұқсат.

  4. Әр тасты лақтырғанда тәкбір айту.

  5. Тас лақтырудан бұрын тәлбийя сөздерін айтуды тоқтату.

  6. Тас лақтыру ихрам халінен «кіші», яғни толық емес шығуды меңзейді.

  7. Әт-тәшрик күндерінде тас лақтыру түстен кейін орындалады. Тәшрик күндері бірінші және екінші бағаналарға тас лақтырып болған соң шетке шығып, ұзақ уақыт дұға ету қажет.

  8. Қажылықтың әл-қиран мен әт-тәматтуғ түрлерін жасаушы қажылар құрбан шалады. Кім құрбандыққа шалатын мал таба алмаса, қажылық кезінде үш күн әрі үйіне қайтқан соң тағы жеті күн ораза ұстайды.

  9. Түйе немесе сиыр жеті адамның атынан құрбандыққа шалынады.

  10. Құрбан шалу Минада да, Мекеде де орындала береді.

  11. Құрбандыққа шалынған малдың етінен жеу.

  12. Тас лақтырып болған соң хош иістер жағу, басты қыру және әйеліне қосылудан басқа ихрам халінде тыйым салынған барлық нәрселердің рұқсат етілуі.

  13. Басты оң жақтан бастап қыру.

  14. Имамның Құрбан Айт күніне (байланысты) құтпа айтуы.

  15. Қағбаны негізгі тауап (тауаф әс-садр / тауаф әл-ифада) жасау үшін Меккеге аттану, әрі оны орындау барысында алғашқы үш айналымда жылдам (әр-рамл) жүрмеу.

  16. Қағбаны тауап жасап болған соң Ибраһим (тұрған) орнының (мақам Ибраһим) алдында екі ракағат намаз орындау.

  17. Әт-тәматтуғ қажылығын жасаушы қажының әс-Сафа мен әл-Мәруа арасын сағи жасауы. Әл-Қиран қажығын жасаушы қажы бұл сағиді жасамайды.

  18. Құрбан Айт күні орындалатын қажылық рәсімдерінің ретін сақтау.

  19. Осы рәсімдерді орындап болған соң ихрам халінен толық және соңғы рет шығу.

  20. Қағбаны негізгі тауап жасап болғаннан және екі ракағат намаз орындап болғаннан кейін Зәм-Зәм (бұлағынан) су ішу.

  21. Минаға оралу және тәшриктің үш күндерінде сонда болу.

  22. Тәшриктің әр күнінде түстен кейін үш бағаналарға (жәмараттарға) тас лақтыру.

  23. Меккеден үйге кетудің дәл алдында Қағбаны қоштасу тауабын (тауаф әл-уада’) жасау, әрі оны орындау барысында алғашқы үш айналымда жылдам (әр-рамл) жүрмеу.


АЙШАНЫҢ ӘНГІМЕСІНІҢ АЯҚТАЛУЫ
109- [Жәбир (Аллаһ оған разы болсын) былай деді: «Ақиқатында, Айша етеккірі келген күйде қажылықтың (Аллаһ) Үйін тауап жасаудан өзге барлық рәсімдерін орындады»].

110- [Ол былай деді: «Ал ол (етеккірінен) тазарған кезде, Қағбаны тауап175 етті және әс-Сафа мен әл-Мәруа арасын сағи жасады. Содан кейін (Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)) оған: «Міне, енді сен қажылық пен умрадан (кейін) ихрам халінен шықтың», - деді].

111- [Ол (Айша) былай деді: «Уа, Аллаһтың елшісі! Сендер қажылық пен умра жасап, кетіп бара жатырсыздар, ал мен – тек қажылықты ғана ма?»176. [Сонда ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ақиқатында, сенің (Аллаһтан алатын сауабың) олардың (Аллаһтан алатын сауабына) сәйкес болады».].

112- [Ол былай деді: «Ақиқатында, мен қажылықты орындағаныма дейін жүрегімде (Аллаһтың) Үйін тауап жасамағаным үшін кірбің болатын»]».

113- [Жәбир былай деді: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жұмсақ мінезімен ерекшеленетін, сондықтан да егер ол бір нәрсені қаласа, ол оның қалауын орындайтын]177.

114- [Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Я, Абдурахман178! Онымен бірге әт-Тан’имге бар, әрі ол сол жерден (шығып) умрасын орындасын», - деді.

115- [Әрі ол қажылықтан кейін умра жасады] [да, кейін] әл-Хасба түнінде179 [қайта оралды]]».]

116- [Жәбир былай деді: «Қоштасу қажылығы кезінде180 Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түйе үстінде отырып (Аллаһтың) Үйін тауап жасады әрі (Қара) тасқа қисық сапты аса таяғын тигізіп (өтті). (Ол осыны) адамдар оны көрулері, (оның рәсімдерін) бақылаулары және оған өз сұрақтарын қоюлары үшін (істеді), өйткені оның айналасына өте көп халық жиналған еді»].

117- [Жәбир былай деді181: «Бір әйел баласын Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қарай көтерді де: «Мынау қажылық жасай алады ма182?», - деп сұрады. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): Иә, ал саған осы үшін сауап (тиісті)”, - деп жауап берді». {әт-Тирмизи, Ибн Мәжаһ, әл-Бәйһақи}]183.

Осы жолдар менің ол туралы Жәбир (Аллаһ оған разы болсын) баяндаған “Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қажылығы” атты зерттеуімді аяқтайды. Кейбір бауырларымыздың кеңесіне ілесіп, Аллаһ оларға игілігімен қайырсын, мен осы кітабымның соңында қажылық рәсімдерінің қысқаша мазмұндамасын келтіремін. Бұл тарау осы рәсімдер туралы білуі және үйренуі қажет болған қажылар үшін ерекше көкейтесті болып табылады.



Осымен кітап аяқталды. Соңында әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мақтау-мадақтар айтамыз!

1 Яғни яһудилер мен христиандар – ред.

21 Ибн ‘Аббас, Аллаһ оларға разы болсын, былай деп жеткізген: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдерге ұқсап-еліктейтін ерлерді және ерлерге ұқсап-еліктейтін әйелдерді лағынеттейтін». Хадистің басқа нұсқасында: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдерге ұқсап еліктейтін ерлерді және ерлерге ұқсап-еліктейтін әйелдерді лағынеттеген», - деп хабарланады (әл-Бухари жеткізген) - ред.

3 Редактордың ескертпесі: Әт-таматту’ қажылығы – кіші (умра) және үлкен қажылықты ізбе-із келесідей тәртіппен өтеу: Меккеге келген қажы ең алдымен умраны өтейді де, содан соң ихрам халінен шығады. Кейін 8 зул-хижжада ол қажылық рәсімдерін өтеу үшін қайтадан ихрамға кіреді. Егер қажылықты өтеуші адам құрбан шалатын малдарын өзімен бірге айдап келсе, онда әт-таматту’ қажылығын жасау рұқсат етілмейді.

4 Редактордың ескертпесі: Әл-қиран қажылығы – қажылық пен умраны келесі тәртіппен қоса өтеу: қажы ең алдымен умраны өтеп, содан соң ихрам халінен шықпай және қажыларға жүктелетін тиісті тыйымдарды орындап, қажылықты орындау уақытын күтеді.

5 Редактордың ескертпесі: Әл-ифрад қажылығы – умрасыз тек жалғыз қажылықты ғана жасау.

6 Біз «Бұл (бұйрық) тек сахабаларға ғана қатысты» деп айтатындарды №24 тармаққа жасаған ескертпеде теріске шығарғанбыз.

7 Редактордың ескертпесі: яғни әт-таматту’ қажылығын жасаса.

8 Араб түбегінде өсетін бұта түріндегі өсімдік, сол өсімдіктің талшықтарынан тіс тазалағыш таяқшалар жасалады – ауд. каз.

9 Редактордың ескертпесі: яғни ихрам халінен шығып, әйелдерімен жыныстық қатынас жасау.

10 Аудармашыдан (қаз.) - бұл (тыйым) намаз орындаушы мен ол сәжде жасайтын орынның арасынан кесіп өтетін адамға қатысты. Қз.: (шейх әл-Әлбанидің) «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының сипаттамасы» кітабы, «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазының қысқаша мазмұндамасы».

11 Редактордың ескертпесі: Аллаһтың рахымымен бұл кітап «UMMAH» Баспа үйі тарапынан орыс тілінде басып шығарылды.

12 Мен (яғни шейх әл-Әлбани – редактордың ескертпесі) былай деймін: жоғарыда баяндалғанның барлығынан оқырманның өзі де шейх әл-Исламның (Ибн Таймийяның) «Ихрамдағы адамға ол Кім үшін ихрамға кірген болса, Соған өзін құрбан етуі ең абзал болып табылады, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және онымен бірге қажылық жасаған сахабалар солай істеді» деген сөздері қате екенін түсіне алады.

13 Осыдан, бұған «Бізге адамдарға олардың жай-күйіне сәйкес тиістісін беру бұйырылған еді» деген хадис нұсқайтынындай, “адам оны зиярат етіп келген қонақтармен өзін лайықты түрде ұстауы үшін, олармен танысуы, олардың атын, жай-күйін білуі абзал” деген пайда алынады.

14 Жәбир зағип болатын.

15 Осыда «бала хадис алып жүруші бола алады, бірақ ол оны тек кәмелетке жеткеннен кейін ғана жеткізе алады» дегенге нұсқау бар (Ислам мәселесінде де тура осылай).

16 «Мархабан» - «Қош келдіңіздер» сөзі сүннет болып табылады, әрі егер адам оны Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ілесу ретінде айтса, сол үшін сауап алады.

17 Осыда бөгде адамға (тікелей мағынада емес, халық ішінде қалыптасқан ғұрып бойынша) «балам», («інім», «аға» «қарындас», «әпке»,) «ата», «көке» деп айтуға болатындығына нұсқау бар, өйткені бұл арабтардың әдет-ғұрпы еді, әрі сахабалар осыны амал ететін.

18 Осыда білім талап етушінің: «Менен сұраңдар», - деп айтуына рұқсат етілетіндігіне нұсқау бар .

19 Қазақ тіліне аудармашының ескертпесі: орыс тіліндегі мәтінде «одеяло» деп келтірілген.

20 Сондай-ақ бұған иықтарды ашып намаз оқуға деген тыйым бар басқа да хадистер нұсқайды.

21 Жәбир намазда әуретті жабудың ең төменгі мөлшері қандай болуға тиісті екенін тәжірибеде көрсеткісі келді. Сондай-ақ хадисте зағип адамға ұйып намаз оқуға болатындығына нұсқау бар.

22 Сәлафтардың Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетін біліп-түсінуге деген ұмтылысына, сондай-ақ сұрақ қандай үлгіде қойылу қажет екендігіне нұсқау.

23 Ғалымдар Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинаға коныс аударғанынан соң һижраның оныншы жылы бір-ақ рет, яғни «қоштасу қажылығы» деп аталып кеткен қажық жасағанына бірауызды келіскен. Ғалымдардың әртүрлі пікірлерін туғызған басқа «Қажылық қашан бұйырылды?» деген мәселе болды. Ғалымдар арасында бұған қатысты бірнеше пікірлер болған, олардың арасындағы ақиқатқа ең жақыны - «қажылық һижрадан кейін тоғызыншы не, оныншы жылы парыз етілді» деген пікір.

24 120 мыңға жуық.

25 Осыда бұйрықтағы негіз оны бірден орындау керек екендігіне нұсқау бар.

26 Осыда олар қиран қажылығын жасау ниетімен шыққандығына нұсқау бар.

27 Зул-Хуләйфа – Мәдинадан алты миль қашықтықта орналасқан жер (Хуләйфа – бұл талдың аты).

28 Әл-Жухфа – Меккеден үш күндік (марахил) қашықтықта орналасқан жер. Шейх әл-Ислам Ибн Таймийя өзінің “Мәжмуа әр-Расаи’л әл-Кубра” еңбегінің “Мәнасик әл-Хаж” (2/356) тарауында былай деген: «Бүл – бүгінгі күні бұзылып кеткен Мухай’а атты ескі қоныс. Соған байланысты, қажылар ихрамға оған (жеткенге) дейін Раабиғ деген жерде кіреді. Ол батыс бағыттан келетін қажылар, мысалы, Шам (Сирия, Иордания, Палестина, Ливан) және Мысыр тұрғындары үшін микат (ихрамға кіру орны – редактордың ескертпесі) болып табылады».

29 Зат Ирқ – Араб жазирасындағы Нәжд пен Тихама аудандарын бөлетін орын болып табылатын мекен. Бұл жерден Меккеге дейінгі қашықтық қырық екі мильді құрайды, бұл туралы “Әл-Фатхта” хабарланады.

30 Яләмлам – Меккеден екі күн қашықтықта орналасқан жер, бұл отыз мильді құрайды.

31 Адамдар микатқа қатысты үш санатқа бөлінеді: 1 – (макки) харам аймағында тұратын және харам шекарасында умра үшін ихрамға кіретіндер; 2 – харам аймағының сыртында, бірақ микаттың ішінде түратындар – олар ихрамға өз үйлерінде кіреді; 3 – микаттың сыртында тұратындар (афакиюн) – олар ихрамға микатта кіруге міндетті.

32 Бұл Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шаштарын тарап, хош иіс сеуіп, ихрам киімін – «изар» (қажы белінен төмен жағын орап алатын мата – редактордың ескертпесі) мен «рида» (қажы иығына тастайтайтын мата – редактордың ескертпесі) кигеннен кейін орын алды. Тура соны оның сахабалары да істеді. Ихрам киіміне, яғни изар мен ридаға қатысты айтар болсақ, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) запыранға (шафран) боялғаннан басқа еш нәрсеге тыйым салмады. Бұл туралы Ибн Аббас айтқанын әл-Бухари жеткізді. «Запыранға боялған» деген сөздер запыран сияқты сары түске боялуды меңзейді.

Ибн Аббастан жеткізілетін осы хадис микатка жетпей жатып ихрам киімін киюге болатындығына нұсқайды, көп адамдар осылай істеуді дұрыс деп санамаса да. Ихрамхаліне кіруді ниет етудің үкімі бұдан өзгеше, біздің пікірімізше, бұл (ниет) тек микатта ғана не болмаса, егер қажы ұшақта келе жатқан және микатты ихрам халіне кіруді ниет етуден бұрын өтіп кетуден қорықса, оған жетуден сәл ертерек жасалады.

Сондай-ақ Шариғат бойынша ниетті тілмен айту (мысалы: «Уа, Аллаһ, ниет еттім…», - деп, т.с.с. - редактордың ескертпесі) ихрамға кіргенде де, дәрет алудың алдында да, намазға кіріскенде де, ораза ұстаудан бұрын да, құлшылықтың басқа түрлерін орындаудан бұрын да рұқсат етілмейді, өйткені ниет тек жүректе бекітіледі. Ал ниетті тілмен айтуға келер болсақ, бұл діни жаңалық (бидғат) болып табылады, ал «кез келген бидғат адасушылық болып табылады, әрі әрбір адасушылық Отта (болады)». Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сенімді түрде жеткен нәрсе – бұл ихрам халіне кіруден бұрын айтылатын “Ләббайка Аллаһумма умратан уа хажан” (“Міне, мен Сенің алдыңда, уа, Аллаһ, умра және қажылық (жасап тұрмын)”) деген сөздер. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы сөздерге тоқтады, әрі оларға еш нәрсе қоспады, мұны шейх әл-Ислам Ибн Таймийя өзінің “ән-Нийя” («Мәжмуа әр-Раса’ил әл-Кубра», 1-бөлім, 244-245 беттер) кітабында растағанындай.


33 Яғни, бұл туралы екі «Сахихта» келтірілген Ибн Умардың хадисінде келтірілетіндей, Зул-Хуләйфадан.

34 Микаттар екі түрлі болады: уақытпен байланысты микат және орынмен байланысты микат. Уақыт микатына келер болсақ, бұл үш айлар (шәуал, зул-қағда, зул-хижа). Әрі сондықтан да егер адам тәматтуғ қажылығын жасағысы келсе, онда оған қажылық айларының бірінде умра жасау керек болады. Ал егер ол умраны басқа кезде жасаған болса және Меккеде қажылық басталғанға дейін қалса, онда оған ифрад қажылығын жасау жақсырақ болады. Әрі бұл Ибн Таймийя мен төрт имамның пікірі.

Ал орынмен байланысты микаттар: 1-Зул-Хуләйфа, 2-Әл-Жухфа, 3-Зат Ирқ, 4 – Қарн, 5 – Яләмлам



35 Асма босанатынын білетін еді, бірақ осыған қарамастан бәрібір (жолға) шықты, әрі осы (жайт) қажылық оны жасауға мүмкіндік пайда болған кезден бастап бірден парыз болатынына нұсқау бар.

36 Осыда әйел кісіге етеккірі (хайыз) немесе босанғаннан кейінгі қаны келген кезінде микатты ихрам халіне кірмей өтуіне болмайтынына нұсқау бар. Сондай-ақ осыда ол ғұсыл құйынуы қажет екендігіне де нұсқау бар.

Ғұсыл сондай-ақ басқа адамдар үшін де шариғатпен заңдастырылған, бұған Ибн Умардан жеткізілетін мына сенімді хадис нұсқайтынындай: «Ақиқатында, егер адам ихрамға не Меккеге кіргісі келсе, ғұсыл құйыну Сүннеттен». Бәйһақи, Хаким т.б.



37 Яғни Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намаздан соң талбийяны айтпады. Ол оны, бұл туралы келесі тармақта айтылатынындай, тек өзінің түйесіне мінген соң ғана айтты.

38 Бесін (зухр) намазын. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдинадан екінті (аср) намазын оқып шыққан болатын. Зул-Хуләйфаға жеткеннен соң, ол адамдарды күтіп тұрғанда ақшам (мағриб), құптан (‘иша), таң (фәжр) және бесін (зухр) намаздарын (сол жерде) оқыды. Бұған барлық хадистердің жиынтығы нұсқайды. Әрі осыда егер адам микатқа бес уақыт намаздың біреуінің уақыты кіргенде жетіп келсе, онда ол ихрамға парыз намазын орындап болғаннан кейін кіру керек екендігіне нұсқау бар. Ал ихрам үшін орындалатын намазға қатысты айтар болсақ, бұл – бидғат.

Батхада ихрам себепті емес, осы алқаптың артықшылығы себепті екі ракағат намаз орындау шариғатта заңдастырылған. Мысалы, әл-Бухари ‘Умардан (Аллаһ оған разы болсын) оның былай деп айтқанын жеткізеді: “Мен Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Уади әл-‘Ақиқта былай деп айтқанын естідім: “Бүгін түнде маған Раббымның елшісі келді де: «Осы берекелі уадиде намаз оқы да: “Умратан фи хәжатин” [Умраны қажылықтың ішінде (орындаймын)»], - деп айт», - деді” (осы хадистің басқа бір риуаятында: “Умратан уа хәжатан” [«(Мен) умра мен қажылықты (өтеймін)», - деп келтіріледі].



39 Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ихрам халіне кіруінен бұрын Айша (Аллаһ оған разы болсын) оған ең жақсы хош иісті майларды жақты. Ол (Аллаһ оған разы болсын): «Ихрамды киген Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айрығындағы хош иісті майлардың жылтырауы әліге дейін көз алдымда тұр», - деп айтатын. Бұл хадис «Сахих» әл-Бухариде келтіріледі.

Ихрам киіміне келер болсақ, шейх әл-Ислам «Манасик әл-Хаж» (кітабында) былай деген: «Сүннетке сай ихрамға изар және рида киюмен кіреді. Имамдардың бірауызды келісіміне сәйкес олар тігілген де, тігілмеген де болуы мүмкін». Көп адамдар осы мәселеде қателесіп, (ихрамдағы адамға) барлық тігілген нәрсе, яғни жіппен тігілген кез келген киімді: ол адамның қандай да бір дене мүшесін жапса да, жаппаса да - тыйым салынған деп есептейді. Сөйтіп «мүлде барлық тігілген нәрсеге тыйым салынған» деген пікір дұрыс емес болып табылады. Іс жүзінде (ихрам халіндегі адам үшін) адам денесіне сәйкес пішіп тігілген, мысалы, көйлек, жейдеше, сырт киім, кеудеше, шалбар және адамның әлдебір дене мүшесінің пішімі бойынша тігілген барлық нәрсеге тыйым салынған. Ихрамдағы адамға дәл осы үлгідегі киімді киюге тыйым салынған, тіпті ол тоқылған болса да. Ал ридаға, егер ол қысқа немесе тар болса, бір нәрсені қоса тіге салуға, немесе егер ол жыртылып қалса, тігуге рұқсат етілген. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ихрамдағы адам көйлек, сәлде, сырт киім, шалбар, сары ағашпен (уарс) немесе запыранмен боялған кез келген киім және қайыс мәсі, тек егер ол сандали таба алмаса (өйткені мұндай жағдайда қайыс мәсі киюге болады), кимеуі керек», - деп айтқан. Ибн Таймийя «Манасик әл-Хаж» (кітабында) былай деп жазады: «Қажылық жасаушы адам қайыс мәсіні тобықтан төмен болу үшін кесудің қажеті жоқ, өйткені Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алғашында оларды кесуді бұйырған болатын, ал кейінірек, Арафатта болған кезінде ол изар таппағандарға шалбар киюге, ал сандали таппағандарға мәсі киюге рұқсат етті. Ғалымдардың екі пікірінің ең дұрысырағы осындай». Бұл ерлерге қатысты.

Әйелге қатысты айтар болсақ, оның ихрамы екі нәрседен тұрады: ниқаб пен қолғап кимеу, бұған Сүннет: «Ихрамдағы әйел ниқаб және қолғап кимеуі керек», - деп нұсқайтынындай. Осы орайда, ихрамдағы әйелге бетін жаулық сияқты (хымар) немесе басынан бетіне түсетін жамылғы тәрізді әйел киімі (жилбаб) сияқты нәрсемен жабуға рұқсат етіледі, ғалымдардың ең дұрыс пікіріне сәйкес тіпті егер ол бетке тисе де, алайда әйел оны байлап кимеуі керек деген шартпен.

Адам ихрамға кірісімен, ол үшін басын қыру харам болады. Бірақ егер оған қандай да бір себеппен басын қыруға тура келсе, онда ол құрбан шалуға міндетті, бұған Құран мен Сүннет мәтіндері нұсқайтынындай:

مَن كَانَ مِنكُم مَّرِيضاً أَوْ بِهِ أَذًى مِّن رَّأْسِهِ فَفِدْيَةٌ مِّن صِيَامٍ أَوْ صَدَقَةٍ أَوْ نُسُ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет