Көрнекілігі: плакатқа жазылған нақыл сөздер, үлестірмелік материалдар, сиқырлы қоржын, эмблема, асық, мадақтамалар, сыйлықтар. Барысы



бет1/6
Дата23.11.2023
өлшемі26.31 Kb.
#484186
  1   2   3   4   5   6
Мақсаты


Мақсаты: Адамгершілік қасиеттерін, жеңге мен қайын сіңлінің арасындағы өзара сыйластық, бір — біріне деген сүйіспеншілікті нығайтып, ана мен бала, жеңге мен қыз арасындағы тәрбиені одан әрі дамыту, Отанын, тілін, қазақы салт — дәстүрді құрметтей білуге үйрету.
Көрнекілігі: плакатқа жазылған нақыл сөздер, үлестірмелік материалдар, сиқырлы қоржын, эмблема, асық, мадақтамалар, сыйлықтар.


Барысы:
1. Таныстыру
2. Өз өнері
3. Ата дәстүр – асыл қазынам
4. Жеңешем әзірлеген дастархан
5. Үй тапсырмасы
6. Аталар айтқан асыл сөз


Мұғалім: Құрметті асыл аналар, құрметті ұстаздар, қыз — қызғалдақтар. Көгіміздегі бейбітшілік нұрындай болып көктем шуағы төгілгенде адамзатты қуанышқа бөлеп, адам баласына өмір, жылылық, әсемдік сыйлайтын Аналар мерекесі келді. Ана! Осы бір қасиетті сөзде қаншама мол мейірім, асып төгілер мол қуаныш бар. Асыл аналар! Көктем бейбітшілігіндей құлпырып, күндей күліп жүре беріңіздер! Отбастарыңызға амандық, балаларыңызбен бақытқа бөленіп ұзақ өмір сүрулеріңізге тілектеспіз.
«Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» Әсел және Қарлығаш


1 — жүргізуші:
Армысыңдар, ардақты көрерменім,
Көрсетеді өнерін өрендерім.
Біз сайысқа кетеміз қадам басып
Алдыменен алайық амандасып.
Жұлдыз болып жарқыраймыз,
Шырақ болып маздаймыз.
Шалқытамыз достарды,
Балқытамыз тастарды,
Біз жүрегін тоқтатпаймыз өмірдің.


2 — жүргізуші:
Армысыздар, ақ жүректі ұстаздар,
Шәкіртіне білім нұрын шашқандар.
Армысыңдар, жеңгелері қыздардың,
Сахнаға сайысуға келіп жеткен.


1 — жүргізуші:
Армысыңдар, қадірменді асыл халқым,
Арта берсін абырой, атақ — даңқың.
Қарсы алайық қыздарды жеңгесімен
Ұстаған қазағымның ата — салтын.


2 — жүргізуші:
Құрметті аналар, ұстаздар, оқушылар, бүгінгі мерекелік «Жеңгем және мен» сайыс сабағымызға қош келдіңіздер! Мереке қарсаңында өткелі отырған «Жеңгем және мен» атты жеңгелер мен қыздарымыздың сайысына қатысушы жұптарды ортаға шақырамыз.
(музыка ойналып тұрады. Ортаға жеңгелер мен қыздар шығады. Сайысқа қатысушы жұптар: 1)
2)
3)
4) )


1 — жүргізуші:
Құрметті сайысқа қатысушылар, сайысты бастамас бұрын сіздерді әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
1 — жүргізуші:
1)___________




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет