Ескерту: Көзді өңдеген кезде, бір тампонмен екі көзді бірдей сүртуге тиым салынады, себебі: бір көзден екінші көзге инфекция жұғуы мүмкін.
АУЫЗ ҚУЫСЫНЫҢ КҮТІМІ
Мақсаты: пациенттің жеке бас гигиенасын сақтау, стоматиттің және ауыз қуысының басқа да қабынбалы ауруларының алдын алу.
Көрсетілімі: қалі ауыр, әлсіреген, дене қызуы көтерілген, төсек тартып жатқан науқастар.
Дайындаңыз: стерилді – 2 лотокты, 2 пинцетті,тіл ұстағышты, ауыз кергішті, дәке сүрткілерін, тампондарды, 2 шпателді, алмұрт тәрізді баллоншаны немесе Жане шприцін, мензуркаларды; вазелинді, антисептикалық ерітінді құйылған флаконды, сүлгіні, суы бар стаканды, қолданған заттарды салатын лотокты, қолғаптарды, ішінде дезинфекциялайтын ерітінді бар ыдысты, «Б» класының медициналық қалдықтарын жинауға арналған ҚЖЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
Пациентпен жылы жүзді, шырай білдіріп амандасыңыз,өзіңіздің мамандығыңызды және аты-жөніңізді айтыңыз.
Пациентке аты жөнін атап тіл қатыңыз.( (алғашқы рет сөйлескенде, оның аты-жөнін біліп алыңыз).
Пациентпен психологиялық қатынас орнатыңыз.
Қатынастың вербалды және вербалды емес әдістерін қолданып, (қолдарды сермеп, бет-әлпетті қимылдатып, оны ұстап немесе түртіп, көзіне қарап) пациентпен сенімді қатынас орнатыңыз.
Кәсіптік тактіні және нәзік,биязы мінез-құлықты сақтаңыз.
Пациент өзіне мұқият көңіл аударылғанын және оған ізгі ниетпен көмек көрсеткісі келетінін көруі керек.
Пациенттің жеке басын сыйлайтын принципті ұстаныңыз.
Пациентке осы манипуляцияны орындаудың мақсатын және орындалу барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.
Ауыз қуысын, қызыл иектерін, тілді мұқият қарап шығыңыз.
Пациентті Фаулер қалпына жатқызыңыз.
Басын бір жағына бұрыңыз, мойнын және кеудесін сүлгімен жауып, иек астына лоток қойыңыз.
Стерилді орамадағы қолғаптарды алыңыз, қаптамасының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерлемесінің сізге сәйкестігін тексеріңіз. Қолғаптардың сыртқы қаптамасын ашып дайындап қойыңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде деконтаминациялаңыз,қолғаптарды киіңіз.
Пациенттен тістерін сығылыстыруын сұраңыз(тіс протезін сүрткімен ұстап алып тастаңыз).
Мензуркаға антисептикалық ерітіндіні құйыңыз.
Лотоктарды дайындаңыз (стерилді және қолданған заттарға арналған). Стерилді лотокқа дәке сүрткілерін, тампондарды пинцетпен ұстап салыңыз.
Шпателмен пациенттің ұртын жылжытыңыз және антисептикалық ерітіндімен суланған дәке тампонын пинцетпен ұстап,әрбір тістің сыртқы жағын қызыл иектен бастап сүртеді. Тісті азу тістен бастап, күрек тістерге қарай, дәке тампондарын жиі ауыстырып сол жағынан өңдейді.
Оң жағын да тура осындай реттілікпен өңдейді.
Ауыз қуысын, қызыл иекті, тістерді осындай реттілікпен алдымен сол жағын, сосын оң жағын дәке тампондарын жиі ауыстырып, өңдейді.
Тілді стерилді дәке сүрткісімен орап алып, сол қолмен немесе тіл ұстағышпен ұстап, абайлап тартып ауыз қуысынан шығарып алыңыз. Шпателге дәке сүртісін қабаттап орап, тіл үстіндегі қабатты (өңезді) сүртіп алыңыз да, тілді 2-3 мәрте сүрткілерді ауыстыра отырып тіл түбірінен, тіл ұшына қарай, оның жан жағын қамти отырып сүртіңіз.
Дәке салфеткасын антисептикалық ерітіндімен ылғалдап, қалі ауыр пациенттің тілін түбірінен ұшына қарай өңдеп шығыңыз.
Пинцетті, шпателді, тіл ұстағышты, сүрткілерді лас заттарға арналған лотокка салыңыз.
Пациентке аузын шайқауға көмектесіңіз немесе ауыз қуысын алмұрт тәрізді баллоншаныңол болмаса Жане шприцімен көмегімен шайқаңыз.
Ауыз бұрышын шпателмен тартыңыз және реттілікпен алдымен сол содан соң оң жағының ұрт аралықтарын, ерітіндінің орташа ағымымен шайып шығыңыз.
Ауыз айналасын құрғақ сүртілермен құрғатыңыз, стерилді сүрткіге вазелинді салып,еріндерін сүртіп шығыңыз.
Қолданған құралдарды ішінде зарарсыздандыратын ерітінді бар ыдысқа батырыңыз, дәке сүрткілерін, тмпондарды ҚЖЖК салыңыз.
Қолғаптарды шешіңіз, ҚЖЖК салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз
Ескерту: ауыз қуысын шайқау манипуляциясын қалі ауыр пациенттерге жасауға болмайды, ерітіндінің тыныс алу жолдарына кетіп қалу себебінен пациенттің аяқ астынан өліп қалу қаупі бар;
Қалі ауыр науқастардың ауыз қуысы тістерін күніне 2 мәрте антисептикалық ерітіндімен өңдеп тұру қажет;
Еріндері жарылған болса, ауыз кергіш қолданылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |