Кредит №1 «Арнайы психология» пәні бойынша


-лекция. Қазақстандағы және Ресейдегі арнайы психологияның даму тарихы



бет2/10
Дата14.06.2016
өлшемі1.1 Mb.
#134231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2-лекция.

Қазақстандағы және Ресейдегі арнайы психологияның даму тарихы.

(1 сағат)
Жоспары:
1. Қазақстандағы арнайы психология саласының даму тарихы.

2. Ресейдегі арнайы психология саласының даму тарихы.


Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:

  1. Илешева Р.Г. Психические болезни. Казахская ССР. Краткая энциклопедия, Алматы.

  2. Илешева Р.Г. Аффективные психозы в позднем возрасте. Алматы, 1981.

  3. Кербиков О.В., Озерецкий Н.И., Попов Е.А., Снежневский А.В. Учебник психиатрии. М., Медицина, 1979.


Қосымша:

  1. Руководство по психиатрии ( ред. А.В. Снежневский). Москва, Медицина, 1983.

  2. Сухарева Г.Е. Клинические лекции по психиатриии детского возраста. Т. 1, М., Медгиз, 1955-1965гг.


Лекцияның мәтіні:

Қазақстан жерінде 19 ғасырдың екінші жартысына дейін дәрігерлер және арнайы медициналық мекемелер болған жоқ. Сондықтан сол кезде көптеген психикалық ауру адамдар ешқандай дәрігерлік кемек ала алмады. Ондай ауру адамдарды «шайтан биледі» деп карады. Осыдан «жынды» деген сөз пайда болды. Дегенмен мұндай адамдарға Батыс Европадағы сияқты қатал шаралар қолданылмады. Психикалық ауру адамдар өздерімен ездері болып, жолдарда шұбап жүрді.

XVIII ғасырда Қазақстанда психикалық ауру адамдарды тәуіптер, бақсылар, діңгерлер, киелілер, дуаналар емдеді. Олар дұғамен, әнмен, домбыра мен қобызда ойнап, шептерден жасалған дәрілерді қолданды.

Тарихи архивте психикалық ауру адамдарды емдеген кісілер туралы кейбір мәліметтер сақталған. Мұндай адамдардың, өздерінің психикалық ерекшеліктері болған.

Он адамға арналған бірінші психиатриялык аурухана («есінен ауысқандар» үшін үй) 1861 жылы Орал қаласында, ал алты адамға арналғаны Жымпитыда ашылды. Артынан психиатриялық ауруханалар Омбыда (1893 ж.), Семей мен Верныйда (1896 ж.), Перовскийде (1907) ж.) Акмолада (1983) ашылды. 1900 жылы кең байтақ Қазақстан жерінде психикалық ауруларға арналған 49 орындық ғана аурухана болды.

1913 жылы мұндай ауру адамдар үшін 7 ауруханада 216 орын, 1925—27 жылдары —130 орын, 1937 жылы 815 орын болды.

1948 жылы Қазақстан Денсаулық сактау министрлігінде штаттан тыс бас психиатрдың, ал 1975 жылы штаттан тыс бас балалар психиатры деген орындар енгізілді. 1957 жылы 1913 жылмен салыстырғанда республикамыздағы жататын орын мөлшері 10 есе көбейді. 1950— 70 жылдары облыс орталықтарында психоневрологиялық диспансерлер мен кабинеттер, соның ішінде балаларға арналған белімшелер де ашылды. 1975 жылы Қараған-ды қаласында балалардың психоневрологиялық диспансері ашылды. 1987 жылы психиатриялық қызмет құрамына 40 психиатриялык, 44 наркологиялық мекемелер, жедел психиатриялық көмектің 68 пункті, далалы мекендерде 217 психиатриялық және 223 наркологиялық дәрігерлік кабинеттер мен 380 фельдшерлік пункттер енді.

Психиатрия саласындағы ғылыми зерттеулер Қазақстандағы медициналық институттарда психиатрия кафедрасын ашумен байланысты. Алғашқы осындай кафедра 1935 жылы Алматы медицина институтында ашыл-ды.

Мидың зақымдану кезіндегі және жұқпалы аурулардан соң өзгерістері туралы Б. Н. Серафимов пен А. П. Штесс жазды. Психиатрия мәселелері Қарағанды, Ақтәбе, Семей және Акмола медицина институттарында да, Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында, соңғы жылдары Түркістан университетінің медициналық факультетінде зерттелуде. Психикалық ауру жағдайындағы жоғары нерв қызметі, психиатрия тарихы мен халыққа психиатриялық көмек ұйымдастыру туралы мәселелер, шизофрения ауруының клиникасы оны емдеу жолдары зерттелді (Т. А. Әлімханов, К. А. Әділханова, Т. С. Букашев, Г. И. Зальцман, Е. Д. Косенко, Е. Б. Байтұраев, Ю. Т. Жангельдин, М. Ш. Жамантаева, Н. Т. Измаилова, Г. А. Макеев, К. Т. Сәрсембаев, В. М. Шыналиева). Балалар мен есейген адамдардың психикалық зақымдануы зерттелді (Р. Г. Илешева, Г. М. Кудьярова, Ю. И. Беспалов). Жұкпалы және соматикалық аурулардан, алкоголизм мен гашишті пайдаланудан кейінгі болатын психикалық аурулар зерттелді (А. Е. Грудев, Д. А. Хайруллина, Ю. Ф. Приленскей, Е. К. Медетов, А. Г. Каляпин, А. С. Удовиченко, В. Е. Вец-нер). Сонымен катар невроздар мен соған жақын аурулар тексерілді (А. М. Свядощ, В. И. Русаков, Е. М. Деревинская, Т. К. Кудеринов). Халыққа көрсетілетін психиатриялық кемектің жетілдіру жолдары қарастырылды. М. А. Гонопольский, Р. Г. Илешева, В. А. Щетинин). Наркология деген жана бөлім дамып, маскүнемдік, нашақорлык пен токсикомания мәселелері қолға алынып, әйелдер мен жасөспірімдер арасындағы жоғарыда көрсетілген зақымданулардын баска психикалық аурулармен бірге болуы зерттелуде (М. А. Гонопольский, Р. Г. Илешева, Н. Т. Измаилова, А. С. Сұбханбердина, К. 3. Садуакасова).

Ресейдің және оның бұрынғы аймақтарының тарихи жағдайларының даму ерекшеліктеріне байланысты ондағы арнайы психология өз алдына бөлек дамыды. Ресей арнайы психологияның дамуының басында езіндік сонылық пен өзгешелік болды. Көне Киев пен Мәскеу мемлекеттерінде психикалық ауру адамдарға адамгершілікпен қараған. Психикалық ауру адамдарды «құдайдан жәбір көргендер» деп санаған. Сондықтан халық арасында осы ауруларға тек шыдамдылықпен қарамай, оларды қорғап, қамқорлық жасаған. Психикалық ауру адамдарды «жын-шайтан қапсыра құшақтап алған» деген де ұғым болған. Бірақ бұл жсағдайда да оларға деген қарым-қатынас жұмсақ, адамгершілік тұрғыдан болған. Сол кездегі тарихи мәліметтер (жылнама ескі архив деректері бойынша) Ресен жерінде ауру адамдарды қырып-жою, отқа жағу болмағанын керсетеді. Кейбір жағдайда діни көзқарасқа байланысты ауру адамдарды отқа жаққан, бірақ мұндай жағдайлар жоққа жақын өте сирек болған.

Психикалық ауру адамдар қандай қамқорлықта болды? IX—X ғасырлардан бастап (мүмкін одан да бұрын) XVIII ғасырға дейін Ресей жерінде психикалық ауру адамдар монастырлерде өмір сүрген. Мұнда олар сауыққанға не емірінің ақырына дейін болған. Монастырлер ауру адамдарды тамақтандырып, киіндіріп және жалпы қамқорлық жасаған. Мұнда монахтар уақытқа байланысты мүмкіншілігіне қарай ауру адамдарды емдеген. Кей жағдайда монастырлерде ауру адамдарды тыныш және мазасыз деп бөлген. Монастырлердің ауру адамдарға деген қамқорлығы IV Иван кезінде Стоглав шіркеуіиде заңды түрде бекітілген.

Әрине, барлық психикалық ауру адамдар монастырлерде орналастырылмаған, олардың бір бөлігі үйде, халық арасында өмір сүрді, бір бөлігі дуана, сиқыршы, бақсы ретінде ел кезді. Оларды құрметтеп, «Әулие көреген» деп санады. Олардын айтқан ойына құлақ салды. Егер мұндай адам дүкеннен бір нәрсе алса, онда көпес өзін әулие адамға қажет деп санаған. Василий есімді адам IV Иван патшаны қатал деп санады. Осы Василий өлген соң оның денесін әдемі шіркеуге әкеліп, оны әулиелер қатарына қосты. Психикалық ауру адамдарды қадірлеу кейінгі жылдары да сақталды. 1817 жылдан 1869 жылға дейін (52 жыл) Мәскеудің бір ауруханасында Иван Михайлович Корейша деген ауру адам болды. Оны көреген және білгіш деп санап, Мәскеудің көптеген тұрғындары оған келіп тұрды. Корейшаның аркасында халықтан жиналған ақша ауру адамдарды асырап-күтуге жарады. Осы ауру адам өлген соң архив деректері бойынша Преображен ауруханасының жағдайы көп төмендеді.

Психиатрия тарихының ертеректегі жағдайына тоқталайық. Ауру адамдарға үкімет әр уақытта адамгершілікпен қарамаған. Үкіметке қарсы қылмыс жасалған кезде олар қатал жазаға тартылған. Мысалы, Иван Клеопин деген ауру адам өзін ұлы адам — Алексей патша деп санады. Патшаның бұйрығы бойынша бұл адам өлтіріліп, ата-анасы Сібірге жер аударылған.

I Петр кезінде психикалық аурулар туралы екі бұйрық шықты. Бір бұйрық бойынша психикалық ауру адамдарды монастырлерге жібермей, арнайы үйлерге орналастыру керек деген. Бірақ мұндай үйлер салынбағандықтан, ауру адамдарды монастырлерге жіберу жалғаса берген.

Екінші бұйрық бойынша әскери қызметтен психикалық ауытқуына байланысты бас тартқан дворян балалары сенатта куәләндірілетін болды. Егер олардың шынында психикалық сапасы кем болса, олар әскери қызметтен босатылып қана қоймай, оларға үйленуге және мұрагер болуға тиым салынған.

XVIII ғасырдың аяғында және XIX ғасырдың басында қала және ондағы тұрғындар санының есуіне бай-ланысты монастырлер психикалық ауру адамдардың қамкоршысы ретінде халықты да, мемлекетті де қанағаттандыра алмады. Психикалық ауру адамдарды жекелейтін арнайы мекемелердің қажеттілігі туды, губернияларда кәптеген психикалық ауру адамдардың жиналғаны туралы мәліметтер отанның әр түрлі аймақтарынан үкіметке түсіп жатты. Солардың ішінде мазасыз ауру адамдар да болып, олар халықтың берекесін кетірді. II Екатерина кезінде Петербургте ауру адамдардың саны көбейгендігі туралы генерал-полицмейстердің патшаға берген мәліметінен кейін, патшаның бұйрығы бойынша психикалық ауру адамдардың жақындары олардың мінез-құлқында өзгеріс болған күні оларды полицияға әкелуге міндетті болған. Бұл указдан кейін полицияда көптеген ауру адамдар жиналғандықтан пат-шаның өзі араласуға мәжбүр болады. Ол батыстың үлгісі бойынша есінен айырылғандар үшін арнайы долгауз-үйлерін салу туралы жариялады. Мұндай үй Петербургте үш жылдан сон, 1779 жылы ашылды. Мәскеудегі долгауз үйі 1776 жылы ашылды. Осы уақыттан бастап долгауздар көптеген губернияларда салына бастады. Мұндай үйлерге үкіметтің көзқарасы бюрократиялық тұрғыдан болып, олардағы жағдай нашар болды. Оларды сары бояумен бояп, «сары үйлер» деп атады. Бұл үйлерде тыныштандыратын көйлектер, байлағыш белбеулер пайдаланылды. Мазасыз ауруларға шынжыр тағылып, олардың қолдарына кісен салынды. Долгауз-дарда аурулардың жағдайы бұрынғыға қарағанда нашар болды. Мұндай үйлер ұзақ өмір сүрген жоқ. XIX ғасырдың басында алғашқы психиатриялық ауруханалар ашылып, оларда алғашқы дәрігерлер пайда болып, психикалық ауру адамдарды жәй аурулар қатарына көшіруге күресті.

1826 жылы Мәскеудің есінен айырылғандар үйі, кейін Преображен ауруханасына ауысып, оның бас дәрігерлігіне В. Ф. Саблер бекітіледі. Осы уақыттан бастап аурудың тарихы, аурухананың есебі жазылып, жаңа ережелер пайда болып, емдеу тәсілдері енгізіле басталады. Осындай өзгерістерді Петерборда «Кайғырушылар» ауруханасында дәрігер Рюль жасады. Осы дәрігерлер ауру адамдарға адамгершілік көзқараспен қарауға күресті. Олар психиатриялық ауруханалардың ережесін жазып, ауру адамдарға дұрыс әмір сүру керсетіліп, «пайдалы жаттығулар» ұсынылып, ауру адамдардың намысын мойындауға шақырды. Рюль құрастырған ереже бойынша оларға дерекі түрде сөйлеуге, сен деуге тиым салынған.

Емдеу шараларында дәрілерден баска тыныштық, жылы ванналар, серуендеу, диета орын алған.

Астаналық ауруханалар шеткілерге қарағанда жақсы жабдықталған. Мысалы, Рюль басшылық еткен «Қайғырушылар» ауруханасы сол кездегі Европадағы ең жақсы психиатриялық мекеме болған.

Бірақ, барлық психикалық ауруларды ауруханаларға жатқызуға мүмкіншілік болмаған. Кейбір ауру адамдар әскери қылмыскер не қаңғыбас ретінде Сібірге жіберілген. Көптеген шеткі ауруханалардың жағдайы ауыр болған. Жаңа ауруханалар өте баяу салынған. Бір мынадай мысал келтіруге болады. Шеткі калалардың біріне (Екатеринославта) аурухана салу туралы шешім қабылданып, оның жоспары 16 жыл бойы жасалынып, бекітілуі 8 жылға созылған. Он жыл бойы салынған ауруханада тек 40 кісілік орын болған. Қоғамдық қамқоршылық бұйрықтар ауруханалар салу жұмысына өте аз көңіл бөлген. Бұл үшін қаржы да болмады. Ауру адамдарды қамтамасыз ету үшін де аз ақша белінді.

Қоғамдык камқорлық бұйрықтар 1864 жылы земство медицинасы пайда болғанға дейін өмір сүрді. Кейін психиатриялық ауруханалар земство медицинасының қол астына көшті. Яковенко, Кащенко, Литвинов сияқты земство дәрігерлері психиатриялық кемекті дұрыс жолға қоюда көп күш жұмсады. Психикалық ауру адамдарға адамгершілікпен қарау жөнінде олар көп еңбек сіңірді. Земстволар Қазан революциясына дейін өмір сүрді.

Ғылыми психиатриясының калыптасуы Батыс Европаға қарағанда ерекше өтті. XIX ғасырдың басында батыс психиатриясына Кант пен Гегельдің идеалистік пәлсапалық әсері өте күшті болды.

Ресейде XIX ғасырдың бірінші он жылдықтарында, декабристерді жазалағаннан соң, қоғамның барлық бөліктерінде жандану болып, білімге құштарлық көбейе бастайды. Халықтың мәдениеті өркендеп, материалистік көзкарасты интелегенция пайда болады. Осы жағдайда психиатрияны оқыту басталады. Оқытушы дәрігерлер психиатрияны материалистік тұрғыдан окуға тырысты.

1860 жылдары И. М. Сеченовтың «Мидың рефлекстері» деген кітабы үлкен роль атқарды. Бұл кітап психиканы зерттеуде жаңа көзқарас тудырды, психиканы физиологиялық тұрғыдан зерттеудің басы болды. Кейін психиканы зерттеуде И. П. Павловтың мектебі үлкен жұмыс жасады. Алдымен психиатрия терапия аурулар курсына енгізілді. Терапевт-дәрігерлер арасында психиатрияға үлкен көңіл бөлген И. Е. Дядьковский «Жан ауруларының мәні дёне ауруларына байланысты» деді. Оның материалистік көзқарастары осы уақытқа дейін өзінің анықтығьшен таң қалдырады.

Терапевтердің арасында психиатрияны оқытқан профессор X. Г. Бунге. Оның бірінші лекциясында Герцен болған. Ол езінің «Доктор Крупов» деген кітабында Бунге туралы жазған. «Психиатрия дәрігерлік ғылымның ең қиын, түсініксіз бәлігі, бірақ оның өнегелік әсері нағыз игілікті» деп айтқан Бунге өзінің бірінші лекциясында. «Барлық жан аурулары дененің зақымдануынан» дей отырып, ол өзінің материалистік көзқарастарын анык тұжырымдай білді.

Тек 1857 жылы психиатрия жеке ғылым ретінде бөлініп шыкты. Бұл дәрісті окытуды Петербордағы ғылыми-медициналық академия И. М. Балинскийге жүктеді. Ол жеке психиатрия кафедрасының бірінші профессоры және психиатриялық клиниканың бірінші директоры болды. Оның мұрагері И. П. Мержеевский және оның оқушылары өздерінің жұмыстарын нерв-психикалық аурулардың анатомиясы мен физиологиясын зерттеуге арнады. Морфологиялық зерттеулерге байланысты бұл клиника халықаралық жағдайда белгілі болды. Осыдан ғылыми балалар психиатриясы басталады. Осы кезде И. П. Мержеевский Фогтың дегенерация теориясына қарсы шықты. Ой дамуының артта қалуы адамдардың миындағы атавизммен не арғы атаны қайталаумен байланысты, деді неміс психиатры Фогт. Ал, И. П. Мержеевский мидың нашар даму себебін арғы атаны қайталаумен емес, нерв клеткаларының дамуының тоқталуымен байланыстырды. Оның клиникасынан балалар психиатриясына арналған бірнеше жұмыс шықты. И. П. Мержеевскийдің әсері арқылы ми дамуы жағынан артта қалған балалар үшін жекеменшік мекемелер ашылды.

Мержеевскийдің мұрагері И. М. Бехтерев болды. И. М. Бехтеревтің атағы жер жүзіне таралған жалпыға белгілі. Ол өзінен кейін ми анатомиясын зерттеу туралы белгілі еңбектерін қалдырды. Әр түрлі психикалық бұзылудың анатомиялық- физиологиялық негізін табуға тырысты. Эксперименттік психологиялық зерттеулерге, жеке адам мен гипнотерапияны зерттеуге үлкен назар аударды. И. М. Бехтеревтің жетекшілігімен Ресейде алғашқы рет ерлермен қатар әйелдерді қабылдайтын психонервологиялық институт ашылды. Бехтерев мектебінің оқушылары мен ізбасарлары ретінде В. П. Протопоповты, В. П. Осиповты, Р. Я. Голантты, А. П. Останковты және басқаларды айтуға болады.

Петербургтың психиатрлар мектебінен ерекше көзге түскен В. X. Кандинский. Ол өзінен кейін әлемге даңқын шығарған «Жалған елестеушілік туралы» жұмысын қалтырды. Бұл кітабында тек елестеушілік емес, жалпы психопатологияны классикалық түрде жазды. Оның кітабы казіргі кезде де әрбір психиатрдың столында жатады. Бұл, кітаптың ерекшелігі жай ординатор-дәрігердің еңбегі ретінде назар аударады. Бұл жәйт психиатрияның ғылыми негізінің тек институттарда ғана емес, практикамен шұғылданған дәрігерлер арасында да дамығанын көрсетеді.

Мәскеудің психиатрлар мектебі әуел бастан Петербург мектебіне карағанда өзінің ерекше ғылыми назарымен бөлектенді. Егер Петербург мектебінің негізі анатомиялық-физиологиялық бағыт болса, Мәскеу мектебінікі — клиникалық суреттеме болды. Мәскеу психиатрлары негізінен психикалық бұзылудың клиникасын суреттейді. Санкт-Петербург пен Мәскеу мектептерінің бұл бағыттары одан кейінгі жылдары да дәстүрге айналды.

Мәскеудегі психиатрия лекцияларын профессор А. Я. Кожевников бастады. Бір жылдан соң бұл кафедраға С. С. Корсаков жетекшілік етті. Корсаков психикалық ауру адамдарды ұялмай, жұмсақ және мұқият қарап, қатты ауырған кезде төсекке жатқызу туралы айтты. Корсаков Ресейдегі психиатрияда нозологиялық бағытты бастады. Ол бірінші болып тарихта алкогольді полиневритті психоз туралы жазды. Өз ісіне берілген, терең білімді, ауру адамдардың сеніміндегі емдеуші ретіндегі дәрігер-психиатр баска мамандықтардағы дәрігерлерден кем қызмет атқармайды, деген сездер С. С. Корсаковтікі. 1889 жылы С. С. Корсаков Париждегі медициналық Конгресте полиневриттік психоз туралы баяндама жасады. Бұл баяндама съездің бағдарламасына қосымша ретінде болды. Оның баяндамасын қатынасушылар қызу қарсы алып, жоғары бағалады. 8 жылдан кейін, 1897 жылы Мәскеуде өткен XII халықаралық дәрігерлер съезінде Берлиннен келген профессор Жолли көптің қолдауымен айтылған ауру түрін «Корсаков ауруы» деп атады. Сонымен, С. С. Корсаков өзінің тірі кезінде халықаралық даңққа ие болды. Корсаковтан кейін Мәскеудегі психиатрия кафедрасын В. П. Сербский басқарды.

Ғылыми зерттеу жұмысында ол өзінің ұстазының жолын ұстады. Оның сот психиатриясы саласында еңбектері белгілі.

Ресей психиатриясында көрнекті із қалдырғандардың ішінде В. А. Гиляровский, М. О. Гуревич, М. Я. Серейский, О. В. Кербиков, А. В. Снежневский, В. М. Банщиков, Т. А. Невзорова, А. А. Меграбян және басқаларды атап өткен жөн.

Балаларға деген психиатриялық көмек көрсетудің негізі бұрынғы Совет үкіметінің алғашқы жылдары салынды. 1918 жылы денсаулық сақтау халық комиссариаты балалардың психопатология бөлімін ұйымдастыр педагогтарды дайындау максатымен дефектологиялық институт ашылды. Психикалық ауруы бар балаларды анықтау мен емдеу үшін алғашкы мекемелер ашылды. Бүл мекемелерде балалар психиатры ретінде Мәскеуде Г. Е. Сухарева, Т. П. Симсон, Е. А. Осипова, Санкт-Петербургте Н. И. Озерецкий, С. С. Мнухин кызмет атқарды. Балалар мен жасөспірімдер психиатриясын дамытуда В. В. Ковалев, А. Е. Лико, Г. К. Ушаков көп еңбек сіңірді.

Бурынғы Совет Одағында қалын бұқара халықка психиатриялык көмек көрсетуде ауруханалардан баска жанадан күрылған психоневрологиялық диспансерлер үлкен роль атқарды,




3-лекция.

Патологияның туындауы.

(1 сағат)
Жоспары:


  1. Депривация және қауіп-қатер.

  2. Жеке-даралық қауіптің анықтамасы.

  3. Зақымдану және ауру қауіп ретінде.


Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:

  1. Банщиков В.М., Невзорова Т.А. Психиатрия. М., Медицина, 1969.

  2. Гиляровский В.А. Психиатрия. М., Мед. Гиз. 1954.

  3. Жариков Н.М., Урсова Л.Г., Хритинин Д.Ф. Психиатрия. М., Медицина, 1989.

  4. Илешева Р.Г. Бредовые психозы в позднем возрасте. А., Казахстан, 1981.


Қосымша:

  1. Кирпиченко А.А. Психиатрия. Минск. Высшая школа.

  2. Ковалев В.В. Психиатрия детского возраста. М., Медицина, 1979.

  3. Личко А.Е. Психопатии и акцентуации характера у подростков. Ленинград, Медицина, 1977.


Лекцияның мәтіні:
Мотивация тұжырымдамасы берілген күйінде психопатологияның, сонымен қатар фрустрацияның, кикілжіңнің және қауіп-қатердің туындауын түсінуге мүмкіндік беретін бірнеше мезеттерді қамтиды.

Психопатологияның қандай жағдайда туындап, сақталып қалуын түсіндіргісі келетін барлық теориялар, ең алдымен, екі: фрустрация және кикілжің тұжырымдамасына сүйенеді, біз осы жағдайларды қарастырамыз. Фрустрацияның кейбір түрлері патологияға соқтырса, кейбіреулері оны айналып өтеді. Сол сияқты барлық дау-дамайлар да патологияның пайда болуына әкеле бермейді. Осы құбылысты түсіндіру үшін негізгі базалық қажеттіліктер теориясына жүгінуіміз керек.



Депривация және қауіп-қатер.

Фрустрация туралы пікірталас барысында адамның нақты деген мүшесіне немесе тұлғаның жеке аспектісіне көңіл аударамыз деп жеңіл қателікке жол беруге болады: асқазан немесе ауыз фрустрациясы, сол сияқты қажеттілік фрустрациясы жайында ой қозғайтын үрдіс әлі де сақталған. Біз адамның бір бөлігі емес, біртұтас бірлігі фрустрацияға ұшырайтынын ұмытпауымыз керек.

Осыны ұмытпасақ, депривация және жеке тұлғалық қауіп-қатер арасындағы шектеудің маңызды екендігі көрінеді. Фрустрацияның әдеттегі анықтамалары тілек объектісінің алынбау, тілекті іске асыру немесе қанағаттануға кедергілер түсінігімен сипатталады. Мұндай анықтама ағзаға онша маңызды емес депривация мен (тілек объектісін ауыстыруды күрделі салдары көп емес) және жеке тұлға үшін, яғни индивидтің өмірлік мақсаттары, қорғану жүйесі, өзін-өзі бағалауы, өзіндік кемелденуі-базалық қажеттіліктер үшін қатерлі депривация арасына шектеу қоя алмайды. Біздің ойымызша, тек қатерлі депривация ғана көп әсерлі әрекет етеді (әдетте, жағымсыз), оны әдеттегідей жалпы фрустрацияға жатқызады.

Индивид үшін мақсатты объектінің екі мағынасы болуы мүмкін. Біріншіден, ол өзіне тән ішкі мағынаға ие, сонымен бірге оның екінші қатардағы символды (белгіні) құндылығы да бар. Балмұздақ ала алмаған қыз бала тек балмұздақтан ған айырылуы мүмкін. Ал сол сияқты балмұздақ ала алмаған екінші бала сенсорлық қанағатттанудан ғана емес, анасының балмұздақ әпермегені үшін өз-өзін ана махаббатынан шет қалғандай сезінуі мүмкін. Екінші бала үшін балмұздақ тек өзіне тән, і шкі құндылығы бар болып қана табылмайды, сонымен қатар белгігі психологиялық құндылықтарға да ие болады. Дені сау индивид үшін балмұздақтан айырылу шын мәнінде аса маңызды емес, сондықтан да осындай айырылуды фрустрация деу, яғни депривацияның қатерлі сипатта белгілейтін сөзбен атау мүмкін бе. Тек қана мақсатты объект – махаббат, мәртебе, құрмет немесе басқа базалық қажеттіліктер болғанда ғана, осылардан айырылған адам үшін фрустрация деп анықталатын жағымсыз нәтижелер пайда болуы мүмкін.

Осындай объектінің екі мағыналығын белгілі бір жағдайда белгілі бір жануарлармен көрнекті түрде көрсетуге болады. Мысалы, екі маймыл үшін үстемділік – тәуелділік қарым-қатынас жағдайында қандай да бір тамақ:


    1. аштықты жою тәсілі;

    2. үстемдік ету мәртебесінің таңбасы ретінде болуы мүмкін.

Егер тәуелді маймыл тамақты алуға әрекет жасаса, үстемдік жасайтын маймыл білден оған шабуыл жасайды. Егер бірінші хайуан тамақтың үстемділікпен байланыс ты таңбалық құндылығын жойса, онда оның қожайыны оны жеуге мүмкіндік береді. Тәуелді хайуан тәуелді екенін мойындаған сыңай танытып,, мысалы, жыныс мүшелерін көрсете отырып, азыққа жақындап, “Бұл азық маған тек қарынды тойдыру үшін ғана керек, мен сені басшы екндігіңе күман келтірмеймін. Сенің көшбасшы екеніңді мойындаймын”, - деген сияқты болса, онда ол мақсатына оп-оңай жетеді. Осылайша, досымыздың әр түрлі сыни ескертулерін де біз түрліше тыңдай аламыз. Әдетте, адам ескертпелерді өзіне төнген қауіп немесе шабуыл деп ұғады (оған негіздер бар, жалпы алғанда ескертпелер шын мәнінде шабуыл болып табылады). Соның салдарынан адам түксиіп, ашумен жауап қайтарады. Бірақ ескертудің шабуыл немесе оны жек көруден емес екендігін жете түсіндірсе, ол оған тек құлақ асып қоймай, тіпіт алғыс айтуы да мүмкін. Сөйтіп, адамның досының өзін жақсы көретіні және құрметтейтіні туралы көптеген дәлелдері болса, онда ескертпе тек сын ғана болып қала береді; бұл жағдайда ол ешқандай қауіп те, қатер де тудырмайды.

Дау-дамай ұғымы, фрустрация ұғымы сияқты, қауіп-қатер ұғымымен сәйкес келеді. Біз кикілжіңнің бірнеше түрін қарастырамыз.

Дау-дамайдың қарапайым мысалы – таңдау мүмкіндігі. Өмірдегі барлық сан түрлі жағдайларда адамдар таңдау жасауға мәжбүр болады. Дау-дамайдың осы және басқа түрімен айырмашылығын қарастырып өтелік. Бірінші түрі мақсатқа жетудің екі жолын таңдауға болатындығын көрсетеді және бұл мақсат осы түрінде ағза үшін аса маңызды емес. Осындай жағдайдағы психологиялық әрекет ешқашан патологиялық сипат алмайды. Субъективті тұрғыдан алғанда, осындай жағдайлардың көбісі кикілжің ретінде қабылданбайды.

Дау-дамайдың басқа түрі – индивид үшін маңызды бір мақсатқа жетудің баламалы жолдары бар. Шешім қабылдағаннан кейін дау-дамай сезімі, әдетте, жойылады.

Жалпы динамикалық теория, змпирикалық жолмен алынған деректер сияқты, қауіптің жеке-даралық анықтамасын беру қажеттілігін көрсетеді. Біз жағдайды немесе қауіпті жаппай биологиялық түрге сай келетін базалық қажеттіліктер тұрғысынан ғана емес, нақты проблемаға тап болған ағзаның жекедаралық ерекшеліктері тұрғысынан да анықтауымыз керек. Осылайша, фрустрация мен дау-дамай көбінесе, ағзаның ішкі реакциясын ескермей немесе сыртқы ситуацияның қабылдаусыз, тек сыртқы ситуацияға байланысты анықталады. Зақымдану жағдайы және зақымдануды сезіну – бұл екеуі бір нәрсе емес, зақымдану жағдайы психологиялық тұрғыдан қарағанда қауіп төндіруші болуы мүмкін, бірақ міндетті түрде олай бола бермейді. Нақты ситуацияны ағзаның қауіп деп қабылдағанын қалай білеміз? Шын мәнінде ол сабақ ретінде немесе оны дұрыс пайдалана білсе, ол күш беруі де мүмкін. Адамдарға байланысты, адамды тұтастай парапар сипаттауға мүмкіндік беретін кез келген әдістер, мысалы өзіндік талдау техникасының көмегімен, оңай анықталады. Мұндай техника бізге адамның нені қажет ететінін, оған не қауіп төніп тұрғанын білуге көмектеседі.

Неврозбен сырқаттанатын адамға немесе индивидке қарағанда, дені сау адамға сыртқы жағдайдың қаупі аз. Дегенмен, ересек адамның денсаулығы балалық шақтағы қауіптің болмауы немесе оны табысты түрде жеңумен қамтамасыз етілсе де, оның қауіпке деген тұрақтылығы уақыт оза қалыптасады; мысалы, өзіне әбден сенімді ер кісінің ержүректігіне қауіп төндіру мүмкін емес. Махаббаттан айырылу - өмір сүру барысында сүйіспеншілікке бөленген және өзін махаббатқа лайық деп сезінетін, махаббатқа қабілетті адам үшін үлкен қауіп емес. Бұл жерде функциялы автономия қағидасына жүгінуге болады.

Динаммикалық теориядан туындайтын соңғы нәтиже, қауіпті түсінуді әрқашан да басқа реакциялардың динамикалық стимуляциясы деп қарастыруымыз керектігі болып табылады. Кез келген ағза үшін қауіпті түйсіну индивидті қандай әрекеттерге итермелейді, ол қауіпке ағза қалай жауап беретінін біл мейінше, оның сипаты толық болмайды. Невроздар теориясында қауіп түйсігінің табиғатын түсіну де, сол сезімге ағза қалай жауап беретінін білу де аса маңызды.

Қауіп тұжырымдамасы дау-дамай және фрустрация категорияларынан тыс өзіндік феномендерді де қамтиды. Белгілі типтегі қауіпті ауру психопатологияға апарып соғуы мүмкін. Күшті инфаркт алған адам өзін көбіне қауіпті жағдайда жүргендей сезінеді. Осы жағдайларға байланысты депривацияға тәуелсіз, ауруханада өткізген уақыт немесе аурудың өзі кішкентай бала үшін үнемі қорқыныш пен тікелей қауіп болып табылады. Фрустрация мен дау-дамайдан тыс қауіп төндіретін әсерлерге терең сипаттағы зақымдануды да жатқызуға болады. Өте қорқынышты жол апатын басынан кешірген адам өз өмірінің иесі екеніне күмәнмен қарайды және өлім әрқашан оны күтіп тұрғандай болады. Мұндай адамдардың тіпті қарапайым жағдайларда да өз-өзіне деген сенімі азаяды. Басқа онша күрделі емес зақымданулар, әрине, онша қауіпті болмайды. Мұндай реакциялар мүмкіндіктерінің көпшілігі қауіп-қатерге берілуге жақын тұратын, белгілі мінез-құлық иелерінде болады.

Өлімнен қорқу да өз кезегінде, қауіп төндіруі мүмікн, бұл жағдайда біз өз-өзімізге сенімімізді жоғалтуымыз мүмкін. Жағдайға ие бола алмай қалғанда, қоршаған әле м біз үшін аса зор болып көрінгенде, өзімізді өз тағдырымызды қожасы ретінде сезінуден қалғанда, қоршаған әлем немесе өзімізді бақылай алмайтын кезде, біз нақты түрде қауіп сезімі туралы айта аламыз.

Психопатогенезді дамудағы бастапқы ауытқулармен тепе-теңдестіруде туындайтын басқа проблема оның монистикалық сипатына байланысты. Біз барлық немесе көптеген аурулардың бір ғана қайнар көзі бар екендігін айтып отырмыз: біздіңше, психопатогенез көп сипатты ауру емес, керісінше, біртұтас болып көрінеді.

Жалпы алғанда, кедергілерді тудыру қатері немесе базалық қажеттіліктер немесе жағдайлар үшін негіз болып табылатын нақты кедергілерді, тікелей өмірге төнген қауіпті, сыртқы әлемді бақылау мүмкіндігіне және негізгі құндылықтарға төнген қатерді біз қауіпті нәрсе деп қабылдаймыз.

Қауіп үшін қандай анықтама тапсақ та, біз ешбір жағдайда ескерусіз қалдыра алмайтын аспектісі бар. Қорытынды дефиниция қандай міндеттерді қамтыса да, міндетті түрде базалық мақсаттармен, құндылықтармен және ағза қажеттіліктерімен байланысты болуы керек. Бұл психопатологияның туындау теориясы, өз кезегінде, тікелей мотивация теориясына сүйенуі қажет дегенді көрсетеді.




4-лекция.

Патологиялық белгілер (синдромдар).

(1 сағат)
Жоспары:

  1. Түйсік процесінің бұзылуы.

2. Қабылдау процесінің бұзылуы
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:

  1. Банщиков В.М., Невзорова Т.А. Психиатрия. М., Медицина, 1969.

  2. Гиляровский В.А. Психиатрия. М., Мед. Гиз. 1954.

  3. Жариков Н.М., Урсова Л.Г., Хритинин Д.Ф. Психиатрия. М., Медицина, 1989.

  4. Илешева Р.Г. Бредовые психозы в позднем возрасте. А., Казахстан, 1981.


Қосымша:

  1. Кирпиченко А.А. Психиатрия. Минск. Высшая школа.

  2. Ковалев В.В. Психиатрия детского возраста. М., Медицина, 1979.

  3. Личко А.Е. Психопатии и акцентуации характера у подростков. Ленинград, Медицина, 1977.


Лекцияның мәтіні:

Жалпы психиатриянын негізгі міндеті белгілі бір психикалық ауруларға тән жекеленген белгілері мен синдромдарын, басқаша айтқанда осы белгілердің тіркескен заңдылығын зерттеу. Түйсік, қабылдау, ойлау, ес, назар, эмоция, интеллект пен сана сияқты психикалық қызметтердің бұзылуының әр түрлі жақтарын тексеріп анықтайды. Бірақ психикалық қызметті жекеленген бөліктерге бөлу белгілі бір жағдайларға байланысты. Психикалық қызметтің кейбір жақтарының бұзылуы көбінесе оның жалпы бұзылуына әкеліп соғады.

Патологиялық өзгерістер туралы айтпастан бұрын қалыпты жағдайда түйсік пен қабылдау не екеніне қысқаша тоқталайық.

Түйсік (ощущение) - адам танымының төменгі сатысы, заттардың жекеленген сапасы мен қасиетін бейнелейді. Егер жабық көзімізбен металдан жасалған затқа жанассақ, онда біз бұл заттың «суық», «катты» екенін айтамыз. Осы сездер арқылы түйсіктік сезінуіміз білінеді.

Қабылдау (восприятие)—күрделі процесс. Ол затты бүтіндей, тұтас және оның жекеленген қасиеттерінің қарым-қатынасында сипаттайды. Біз «кілт» деген кезде тұтас заттың бейнесін қабылдаймыз. Қабылдау күрделі процесс бола тұра адамның өткен тәжірибесі мен пікір айтуынан құралады. Сол себептен әрине «кілт» деген сезді ересек адам мен бала әр түрлі дәрежеде қабылдайды. Елестету (представление)—қабылдауды еске түсіру. Мысалы, кілтті қолда ұстаған жәпе керген кезде оны тұтас зат ретінде қабылдайды. Кілт жоқ кезде, «кілт» деген сез айтылса, оның бейнесі елестейді. Сонымен, елестету түйсік пен қабылдау сияқты айналадағы. объективті түрде бар дүниені бейнелейді.

Пәлсапалық тұрғыдан түйсік пен қабылдау айнала-ны танудың бірінші сатысы болып саналады. Материалистік пәлсапалық тұрғыдан тану процесінің үш сатысы бар: біріншісі — айналадағы ортаны тікелей тану меңзей қарау арқылы (бұл сезіну мен қабылдау арқылы); екіншісі — қорытындылау, абстракты ойлау, үшіншісі — тәжірибе.

Физиологиялық тұрғыдан сезіну анализатор рецепторларын (ұштарын) тітіркендіруден басталып, онан әрі ми кыртысындағы анализатор орталығы қозуының қорытындысы ретінде пайда болады. Қабылдау кезінде бірнеше анализаторлар қатынасады. Мұнан басқа шартты рефлекстік байланыстардың да мәні зор.

Психологиялық түсініктермен қысқаша танысқаннан соң олардың патологиясын анықтауға көшейік.



Гиперестезия — калыпты жағдайдағы табиғи, бейтарап тітіркендіргіштердің әдеттен тыс өткір және айқын қабылдануы. Бұл жағдайда күндізгі жарық соқыр қылады, кәдімгі дыбыстарға шыдау қиындап, иістер өткір түрде қабылданады. Мұндай өзгерістер катты шаршағанда, жіті аурулардың басы мен соңында болады.

Гипостезия — гиперестезияға қарама-қарсы құбылыс. Айналадағы ортаны анық емес, көмескі қабылдау.

Анестезия — сезімталдықтың толық жойылуы.

Сенестопатиялар — адам денесінің әр бөлігінен (тері астында, бұлшық еттердің ішінде, кілегей қабатта) білінетін әр түрлі, ұнамсыз, ауыр сезімдер. Аурудағы мұндай сезімдерді анықтау кейде қиындыққа соқтырады. Ауру өзінің сезімдерін білдіру үшін «күйдіріп барады, басып тұр, қытықтайды, құйылып жатыр, тарсылдайды» деген сияқты сездерді қолданады. Осындай жағдайда аурудың сенімді түрдегі шағымына қарамастан олардың ішкі ағзаларында ешқандай өзгерістердің жоқ екенін объективті түрде жүргізілген зерттеулер керсетеді.

Қабылдаудың бұзылуына сағым мен елестеушілік жатады.



Сағым (иллюзия)— айналадағы заттар мен құбылыстарды жалған және қате түрде қабылдау. Қиял жағдайында айналадағы нақты заттар мен құбылыстар ез герген түрде қабылданады. Мысалы, иттің үргені адам-ның жылағаны сиякты кабылданады, не бір түп ағаш - адам сиякты болып көрінеді.

Сағым сау адамдарда да болады. Оның пайда болуына адамның қоркуы, күтуі, шаршауы, алаңғасарлығы әсер етеді. Түнде көшеде келе жатканда бір түп ағаш пен бағана адам болып көрінеді. Біреуді күтіп отырған жағдайда бөтен дыбыстар сол адамның жүрісіндей болып білінеді. Мүндай сағымға аффектер (қорқу, куану т. б.) әсер етеді. Сондықтан олар аффектогендік сағымдар деп аталады.

Физикалық заңдылықтарға байланысты да сағымдар пайда болады. Оларды физикалық сағымдар дейді. Суы бар стақандағы қасық сынық болып көрінеді. Трамвайдың терезесінен қ^рағанда тротуардағы адамдар ұзын не қысқа болып көрінеді.

Сағымның мысалы ретінде темендегіні келтіруге болады. Жағылмаған бөлмеде отырған адам салқындыкты сезіп тоңады. Егер осы бөлмеге аязды даладан кірсе, ол онда жылы болып көрінеді. Егер адам бір колын ыстық, ал екіншісін суық суға салса, онан соң екі қолды бірден жылы суға салса, онда суық суда болған кол судың жылылығын сезінеді, ал ыстық суда болған кол бұл судың суық екенін қабылдайды. Міне, осындай физиологиялық заңдылықтарға байланысты пайда болатын кұбылысты физиологиялық сағымдар дейді.

Мұнан басқа парейдолиялық сағымдар да бар. Бұл балалар мен суретшілерде болады. Оның пайда болуына елестету мен фантазия әсер етеді. Қабырғаға жапсырылған тұс қағазға қарағанда көз алдымызға таң каларлық таулар, өзендер, бұлттар елестейді. Бірақ адамның санасында бұл тек түс қағаз екенін сезінеді. Сананың жеңіл түрде бұзылуы парейдолиялық сағымдарды туғызады. Сондықтан мұндай өзгеріс жұқпалы ауруларда, әсіресе балаларда кездеседі.

Кейде аурулар айналадағы адамдардың сездерін өзіне қатынасы бар бұрмаланған түрде естиді. Ауруға қатынасы жоқ айтылған әңгіме оның есімін атағандай, оған арнап жаман сөздер айтқандай болады. Мұндай есту сағымдары вербальды (лат. верба — сөз) деп аталады. Мұндай сағымдар тек психикалык ауру адамдарда болады.

Көңіл-күйдің өзгеруі және басқа да психикалық бұзылуларға байланысты сағымдар сау адамдарға қарағанда көбінесе психикалық ауруларда кездеседі. Мысалы, маскүнемдік психоз жағдайында қабырғадағы сағат мүйізді шайтан, орындықтың кабырғасы адам сияқты болып көрінеді.

Метаморфопсия — заттың формасы мен көлемінің бұрмалануы. Микропсия — заттардың кішкене және алыста болып керінуі. Макропсия — заттардың үлкен және жақын болып көрінуі.

Елестеушілік (галлюцинация)—нақтылы объекті болмаған жағдайдағы қабылдау. Егер сағым айналадағы бар заттарды бұрмалай қабылдау болса, онда елестеушілік объектісіз, жалған қабылдау. Нақтылы зат жок, бірақ адам оны көреді, ешқандай сөйлеу жоқ жағдайында адам дауыстарды естиді.

Елестеушілік сезім мүшесіне байланысты керу, есіту, жанасу, дәм сезу, иіс сезу сияқты болып бөлінеді.



Көру елестеушілігі. Ауру әр түрлі заттарды, адамдарды, бүтіндей не оларды белшекті турде көреді. Кейде елестеушілік қарапайым болады. Ауру ұшқын мен көлеңкені, заттарды, адамдарды, жануарларды көреді. Бұлар дара да кептеп те кездеседі. Кейде ауру үлкен бір кезді, құлақты, білезік пен қолды ғана көреді. Мұндай керіністер үнемі және ұзақ уақыт болуы мүмкін. Бірақ бұл көріністер жиі өзгеріп тұрады. Бір күні ауруда бір түрлі елестеушілік, ал екінші күні — екінші түрлі елестеушілік болады. Елестеушілік қозғалғыш және қозғалмайтын болады. Елестеушілік әр түрлі түсті болады. Кейде бір түсті, сұр, ал кейде ашық түсті болады. Елестеушілік бейнелер көбінесе табиғи түсті, өмірдегідей болып кездеседі. Аурулар басқа адамдарды, жануарларды, әр түрлі заттарды өмірдегідей көреді. Кейде елестеушілік таң қаларлық түрде кездеседі. Мысалы, ауру арыстан басты әйелді не әйелдің басы балык денесіне орнатылған сияқты құбылыстарды кереді.

Заттар қалыпты жағдайдағыдай табиғи үлкендікте болады. Кейде елестеушілік бейнелер кішірейген, не үлкейген болып керінуі мүмкін. Бұл жағдайда ауру баска адамдарды қарындаш сияқты кішірейген не алыптай үлкейген түрінде көреді.

Көру елестеушілігі жиі сананың бұзылуында қатты және жылдам ететін жұқпалы не улану психозында болады.

«Жасыл шайтандарға шейін» ішті деген сейлем баршаға белгілі. Көрушілік, айқын елестеушіліктер маскүнемдік психоз жағдайында болады. Мұндай ауру шайтан мен құрт-құмырсқаларды көреді. Олар осы айтылғандарды өте айкын көріп, өздерінің үстінен алып тастауға тырысады. Керсетілген елестеушіліктер ауруға қорқынышты, ұнамсыз әсер етеді. Айқын көрушілік елестеушілік ингаляциялық (тамақты булау) және дәрімен улануда болады.



Есіту елестеушілігінде аурулар бейтаныс дыбыстарды (атылған ок, еңіреу, ыңырану) естиді. Бірак көбіне ондай адамдар болмаған сөздерді естиді. Бұны вербальды елестеушіліктер дейді. Естілген дауыстар таныс не бөтен, ерлердікі, әйелдердікі, балалардікі, бірлі-жарым және көптеген болады. Ауру үнемі бір дауысты естиді не ол өзгеріп отыдуы мүмкін. Елестеушілік монолог не диалог ретінде болуы мүмкін. Кейде аурудың өзі дыбыстармен сөйлесіп, жауап береді.

Бұл жағдайда ауру мен дауыстар арасында диалог пайда болады. Дауыстар баска біреуден ауру адамға айналуы мүмкін. Кейде бұл дауыстар ауруға назар аудармай өзара сөйлесуі мүмкін. Көбінесе дауыстар аурудың әрекетіне, сөзіне және ойына түсінік беруі мүмкін. Мүндай елестеушілікті түсінік (интерпретативті) елестеушілігі дейді. Жиі дауыстар ауруға ұнамсыз әсер етіп, қалжыратады. Егер дауыстар айлап, жылдап ұзақ уақыт және киындықсыз әсер етсе, ауру бұған үйреніп, жұмыс істеу қабілеті жоғалмауы мүмкін.

Клиникада әмірлі не бұйрықты (императивті) елестеушіліктің ерекше маңызы бар. Бұл жағдайда дауыстар ауру адамға әрекет жасау үшін әмір не бұйрық береді. Кейде мүндай бұйрықтарға («жуын», «шашыңды тара», «өлең айт») ауру талғаусыз қарайды. Дауыстар ауруға «терезеден секір», «қанның көгілдір емес қызыл екенін анықтау үшін қолыңды кес» деген бұйрыктар береді. Дауыстардың әсерінен ауру тамақтан бас тартуы мүмкін. Ауру осы дауыстардың бұйрығын орындауы мүмкін. Мұндай елестеушіліктер ете қауіпті. Сол себептен бұйрықты елестеушілігі бар аурулар ерекше бақылауға алынып, міндетті түрде ауруханаға жатқызылуы керек.

Кейде дауыстар қандай болса да тітіркендіргіштер бар кезде пайда болуы мүмкін. Мысалы, ауру жүріп келе жатқан поезд дөңгелектерінен, сағат тілінен не толық жабылмаған краннан акқан тамшылардан пайда болған дауыстарды естиді. Бұларды функциональды елестеушілік дейді.

Есіту елестеушілігі керу елестеушілігіне қарағанда жиі ұзақ ауру, жарқын сана кезінде болады. Мұндай елестеушіліктер шизофрения және ұзаққа созылған интоксикациялық ауруларда, маскүнемдік, бас миының органикалық зақымдануы (энцефалит, ісіктер) кезінде болады.

Жанасу елестеушілігі — дененің үстінен шыбын-шіркей, құрт, жылан жылжығандай, мысықтың жанасуы кезінде пайда болатындай сезімдер. Мұндай сезімдер өте айқын болғандықтан ауру адам үстінен жоғарыда көрсетілген жәндіктерді қағып тастауға әрекеттер жасайды.

Иіс сезу елестеушілігі. Аурулар әр түрлі, жиі ұнамсыз иістерді сезінеді. Олар үйлеріне тұншықтырғыш газ, түтін жіберетіні, өлексенің иісі, тамақтың шіріген иісі бар екені туралы айтады.

Дәм сезу елестеушілігі иіс сезу елестеушілігімен қатар болады. Аурулар ұнамсыз иісті тағам мен суды сезінеді (еттің дәмі, сорпаның керосин дәмі).

Іштегі (висцеральдық) елестеушілік — аурулар денесінің ішіндегі, жиі асқазандағы бөтен заттың не тірі жәндіктердің болуын сезінеді, «ішімде жылан не шайтан отыр» деген шағымдар айтады. Бір ауру әйел 8 жыл екіқабат екенін, ішінде баланың бар екені туралы айтқан. Бұл сезінулердің айқындығы сондай ауру әйел ішін жарып баланы алу туралы талап қойған. Осы мақсатпен ол әйел Мәскеуге де барған.

Жанасу елестеушілігі мен сенестопатияларға қарағанда іштегі елестеушілік қуыстарда болады. Организмнің кейбір физиологиялық жағдайы елестеушілік пен сағымның пайда болуына көмектеседі. Елестеушілік қарапайым түрінде психикасы сау адамдарда да кездесуі мүмкін. Мысалы, қатты қалжырағанда, әсіресе қатты қайғырғанда «дыбыстар» естілуі мүмкін. Мұндай қарапайым елестеушіліктер адамның невроздық жағдайында болады.

Қатты аффекті, ауыр психикалық зақым кезінде пайда болатын елестеушіліктер психогендік деп аталады. Мұндай елестеушілікке діни шабыттылық кезінде керінетін үй аруағы, орман перісі де жатады. Сендіру және өзін-өзі сендірудің мұндай жағдайда мәні зор. Сендірілген елестеушіліктің мысалы ретінде «шайтанды қуып шығуды» кептеген адамдардың көруін айтуға болады. Елестеушілікті сендірудің арқасында адамның гипноздык ұйқы не ұйықтамау жағдайында туғызуға болады. Елестеушіліктің ақырғы түрі алкогольді психозбен ауырған адамдарда болады. Отырған адам сендіру аркылы сұрак койғанда («не көресіз?!) таза қағаз бетінде самолеттерді, атты әскерлерді көреді. Гипноздық ұйкы кезінде ауру адамды далада есіп тұрған гүлдерді көріп тұрсыз деп сендіруге болады. Мұнан соң адам «гүлдерді жұла бастайды». «Инопланетяндарды», танылмаған ұшқыш тарелкалар мен басқа объектілерді көру кейбір жағдайда психикалық және сендірудің арқасындағы механизмдер арқылы пайда болады.

Гипногогиялық елестеушіліктер де белгілі. Мұндай елестеушіліктер ұйықтар алдындағы көз жұмылған не оянған кезде пайда болады. Олар сау адамдарда да, бірақ жиі алкоголизм жағдайында болады.

Кейде тек көру тек есіту не жанасу елестеушіліктері болады. Бұлар қарапайым елестеушіліктер деп аталады. Бірақ жиі ауырған адамда осы елестеушіліктің үшеуі де болады. Кейде әр түрлі елестеушіліктер бір мезетте кездесуі мүмкін. Мысалы, ауру әйел өлген күйеуін көріп, сол мезгілде оның дауысын естіп, қолын қысқанын сезінеді. Мұндайларды күрделі не комплексті елелеушіліктер дейді. Мұндай елестеушілік истериялық ауруына байланысты болады. Бұлар ауыр психикалық зақымдану кезінде пайда болады.

Ауруда елестеушіліктің бар-жоғын оның әңгімесінен білуге болады. Сөйлесу кезінде ауру елестеушіліктер туралы жасырмай айтады. Бірақ кейде олар өз көңіл-күйін жасыруы мүмкін. Ауру өздерінің көңіл-күйін, елестеушілектерін дәрігерге айтпау туралы дауыстар естиді. Бірақ елестеушіліктің бар екенін ауру жүріс-тұрысынан, елестеушіліктің объективті белгілерінен білуге болады. Дәрігермен әңгіме кезінде ауру бір нәрсені тыңдауы, түнде терезеге жақындап қарауы мүмкін. Аурухананың бөлімшесінде ауру құлақтарын жауып, дауыстарды естігісі келмейді. Жанасу елестеушілігі кезінде ауру өзінің үстінен бір нәрселерді қағып тастауға арналғандай қозғалыстар жасайды. Көру елестеушілігі кезінде ауру бір нәрсеге тесіліп қарайды. Мұнда кебінесе ауру адамның ойы алжасып, мазасызданады. Мұндай аурулар елестеушілік бейнелерден кашады, олардан жасырынады, қорғанады. Осындай аурулар өздеріне де және басқаларға қауіп туғызады, сондықтан ауруханаға жатқызуды қажет етеді.

Жалған елестеушіліктер (псевдогаллюцинациялар) туралы ең алғашында В. X. Кандинский жазды. Сол се бептен жалған елестеушіліктер Кандинскийдің есімімен аталады.

Бұрынғы келтірілген мысалдар шынайы елестеушілікке жатады. Шынайы елестеушілікте ауру адамның қайғыруы шын мәнінде айқын және анық болады. Олар нақты шындыкты көрсететіндей болып көрінеді. Ауру елестеушілік бейненің айқын болғандығынан шындықтан айыра алмайды. Елестеушілік бейнені ауру айналадағы шындық ретінде қабылдайды.

Егер ауруда көру елестеушілігі болса, ол кімді, қай жерде кергенін, оның бет әлпетін айта алады. Ауру адам өзінің елестеушіліктерін анық айтып, суреттап бере алады. Ауру құйрығы бар, мүйізді қара жүнді, қызыл көзді үлкендігі иттей шайтанды көргенін, оның еденде секіріп, столға шыққанын, бет-әлпетін өзгерткенін айтады.

Жалған елестеушілікте бейнелер өзінше анық және айқын болуы мүмкін. Бірақ жиі мұндай елестеушіліктер көмескі, айқынсыз болады. Егер ауруда жалған көру елестеушілігі болса, онда ол заттың кейіпін, түсін айта алмайды. Егер дауысты естісе, оның кімдікі екенін айыра алмайды. Жалған елестеушіліктің ерекшелігі ауру адамның осы елестеушілікті «субъективті кеңістікте» қабылдауы. Ол айналадағы кеңістікке байланыспай, өзінің нақтылығын жоғалтады. Елестеушілік бейнелер дененің бір жерінде шоғырлануы мүмкін. Мысалы, ауру адам дауысты басының ішінен, құлақтан естиді (шын елестеушілікте ауру адамдар дауысты қабырғаның арғы жағынан, терезе түбінен естиді). Бір ауру әйел кеудесінен шыққан дауыстарды есітіп, олардан құтылу үшін қолын сермеген.

Жалған елестеушілік кезінде ауру әр түрлі нәрселерді бастың ішінде, желкесінде, көзінің ішінде көргені туралы айтады.

Жалған елестеушіліктің тағы бір маңызды белгісі — оның қолдан, зорлықпен жасалуы. Ауру мысалы, дауыстарды бір аппараттың, гипноздың әсерінен естиміз деп айтады. Жалған елестеушіліктің тууын ауру езінің ор-ганизміне сырттан теледидарлық, ғарыштық сәулелердің әсерімен байланыстырады.

Жалған елестеушілікке ойлардың дыбыстануы жатады. Ауру адам бір нәрсе туралы ойлаған кезде өзінің ойларын дыбыстар ретінде есітеді. Сонымен, жалған елестеушіліктер ақиқат елестеушіліктерге қарағанда ондай анық болмайды, олар ауру адамның «субъективті» әлемінде шоғырланып, зорлықпен жасалынғандай түрде болады.

Қабылдаудың бұзылуына деперсонализация мен дереализация жатады. Деперсонализация жағдайында «мен» дегенді кабылдау өзгереді. Аурулар өздерінін өзгергендігін сезінетіні туралы айтады. Олар ойларында тұтастықтың жоқ екенін, жағдайларының қосарланғаны туралы айтады. Кейде аурулар өздерінің тек психикалық емес организм бойынша да өзгергенін сезінеді. Басы, қолдары, аяқтары үлкен сияқты көрінеді. Мысалы, жасөспірімге оның бойы өте биік болып көрінетіндігінен ол жүргенде» тізелерін бүгіп, басын салбыратып жүреді.

Дереализация кезінде айналадағы айқындыкты қабылдау өзгереді. Айналадағы әлем бұлдыр, қатып калғандай, белгісіз, анық емес түрінде қабылданады. Кейде ауру таныстарын танымай не керісінше танымайтын адамдарды өзінің жақындарына санайды. Бұны ұнамсыз және ұнамды ұқсастықтың белгілері дейді.

Агнозия кезінде ауру заттардың қасиетін аныктай алмай, есіктің орнына шкафқа шығуы мүмкін.

Елестеушіліктің патофизиологиялық табиғаты. Елестеушілік — шығуы жағынан орталық нерв жүйесіне байланысты құбылыс. Сол себептен көру елестеушілігі соқырларда, ал есіту елестеушілігі — саңырауларда болуы мүмкін. Елестеушілікте анализатордың (талдаушының) ми қыртысындағы ұшы тітіркенеді. И. П. Павловтың айтуы бойынша тітіркендіру процесінің патологиялык инерттілігі орын алады. Ми қыртысында гипноздық, тепе-теңдік, парадоксальдық кезеңдердің болуынан да елестеушілік пайда болады. Мұндай өзгерістерді клиникалық мысалдардан көруге болады. Елестеушіліктер ұйқы мен ояну арасында, ми кыртысында үстіртін тежеу болған кезде пайда болады. Гипногогиялық елестеушіліктің пайда болуы айтылғандай тежеу тереңдеген кезде елестеушілік жойылады. Тежеуді күшейтетін және тереңдететін дәрілер арқылы елестеушілікті жоюға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет