Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
«Сырдария» университеті
ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ ФАКУЛЬТЕТІ
«Педагогика және психология» кафедрасы
С И Л Л А Б У С
Кредит №1
«Арнайы психология» пәні бойынша
050103 – “Педагогика және психология” мамандықтарының
студенттері үшін
Жетісай 2007ж.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Сырдария» университеті
Гуманитарлық білім факультеті
Педагогика және психология кафедрасы
С и л а б б у с
Кредит №1
«Арнайы психология» пәні бойынша
050103 - «Педагогика және психология» мамандықтарының
студенттері үшін.
Оқу түрі: күндізгі
Курс: 3, кредит саны 1
Лекция: 15 сағат
СӨЖ: 15 сағат
ОБСӨЖ: 15 сағат
Барлық сағат саны: 45 сағат
Қорытынды бақылау: емтихан V семестр
Аралық бақылаулар саны: (кредит бойынша) 1
Барлық балл саны: (кредитке)
Жетісай-2007ж.
Құрастырған: оқытушы Мырзалиева Жанат Тәңірбергенқызы
Оқу-әдістемелік кешені.
«Арнайы психология» пәні бойынша
050103 – “Педагогика және психология” мамандықтарының студенттері үшін әзірлеген
Оқу-әдістемелік кешен типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.
Типтік бағдарламаның индексі:
Оқу-әдістемелік кешен кафедра мәжілісінде талқыланған
№ Хаттама________ «________» 2007 ж
Кафедра меңгерушісі ______________
Факультеттің әдістемелік кеңесінде мақұлданған
№ Хаттама________ «________» 2007ж
Әдістемелік кеңесінің төрағасы:_______________________
Университеттің Ғылыми кеңесінде мақұлданған
№ Хаттама ________ «______» 200 ж
050103 – мамандығын дайындайтын кафедра
меңгерушісімен келісілген _____________________________
Мазмұны.
-
Абстракт--------------------------------------------------------------------------------
-
Курстың мақсаты---------------------------------------------------------------------
-
Курстың міндеті-----------------------------------------------------------------------
-
Жұмыс оқу жоспарынан көшірме-------------------------------------------------
-
Оқу сабақтарының құрылымы туралы мәлімет--------------------------------
-
Студентке арналған ережелер------------------------------------------------------
-
Оқку сағаттарының кредитке сәйкес тақырып бойынша бөліну
кестесі-----------------------------------------------------------------------------------
-
Лекция сабақтарының мазмұны---------------------------------------------------
-
Практикалық сабақтарының жоспары, мазмұны------------------------------
-
СӨЖ – жоспары, мазмұны----------------------------------------------------------
-
ОБСӨЖ – сабақтарының жоспары, мазмұны-----------------------------------
-
Кредиттің мазмұнына сәйкес бақылау түрлері---------------------------------
а) Тестілік сауалнамалар.
б) Жазбаша бақылау жұмысы.
-
Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі-----------
14. Пән бойынша оқу процесінің картасы-------------------------------------------
Алғы сөз
Оқу әдістемелік кешен «Арнайы психология» пәні бойынша 050103 “Педагогика және психология” мамандықтарының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрылым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.
ОБСӨЖ – оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы, СӨЖ- студенттердің өзіндік жұмысы.
Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.
Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.
Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.
2. Жалпы мәліметтер.
Оқытушы Мырзалиева Ж.Т.
«Педагогика және психология» кафедрасы №1 корпус, 3-этаж, 33 кабинет
Телефон: -
Кафедрада болу уақыты: 9.00-18.00
Өткізу уақыты және орны
№
|
Аты-жөні
|
Сабақты өткізу, орны
|
Байланыстырушы мәлімет
|
Аудиториялық сабақтар
|
СӨЖ
|
|
1
|
Мырзалиева Жанат Тәңірбергенқызы
|
Уақыты __________
Ауд ______________
|
Уақыты _______
Ауд _________
|
Тел:___________
Каб:___________
Корпус:________
|
3. Пәнді оқытудың мақсаты
Курстың мақсаты – студенттер бойынша арнай психология туралы жалпы ұғымдарды қалыптастыру. Психопотология, жеке психиатрия, психикалық аурулардың шығу тегі, психикалық ауру адамдарды емдеу әдістерімен таныстыру.
Пәнді оқытудың міндеттері.
Студенттерді арнайы психология тарауларымен, балалар психиатриясының мәселелері: “Ерте болатын резидуальды-органикалық жүйке-психикалық бұзылулар”, “Психикалық аурулардың этиологиясы мен патогенезі”, “Психогенді аурулар”, “Олигофрения” бөлімдерінің теориялық негізімен толық қамтамасыз ету.
4. Курстың пререквизиттері және постреквизиттері
№
|
Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)
|
Постреквизиттер (пәннен кейін өткізілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)
|
1
|
Оқушыларды педагогикалық-психологиялық диагностикалау жолдары.
|
Психологиядағы зерттеу әдістері.
|
2
|
Даму психологиясы.
|
Патопсихология.
|
3
|
Жеткіншектердің мінез-құлық акцентуациясын диагностикалау әдістемелері.
|
Дифференциалдық психология.
|
4
|
Психология.
|
Жеке адам психологиясы.
|
5
|
Менеджмент психологиясы.
|
Арттерапия.
|
5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме
№
|
Семестр
|
Кредит саны
|
Жалпы сағат саны
|
Оқу жүктемесінің жалпы көлемі
Соның ішінде
|
Қорытынды бақылау
|
|
|
|
|
Лекция
|
|
ОБСӨЖ
|
СӨЖ
|
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
5
|
6
|
7
|
|
5
|
1
|
45
|
15
|
|
15
|
15
|
Емтихан
|
6. Оқу сабақтарының құрылымы:
Жұмыс бағдарламасында сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.
Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.
Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет
Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек
ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.
Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.
Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.
СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.
Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.
7. Студентке арналған ережелер (Rules):
-
Сабаққа кешікпеу керек.
-
Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.
-
Сабаққа іскер киіммен келу керек.
-
Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.
-
Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.
-
Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.
8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып
бойынша бөліну кестесі.
№
|
Лекция сабақтар тақырыбы
|
Лекция сағат саны
|
ОБСӨЖ
|
СӨЖ
|
1
|
Арнайы психология пәні.
|
1
|
1
|
1
|
2
|
Қазақстандағы және Ресейдегі арнайы психологияның даму тарихы.
|
1
|
1
|
1
|
3
|
Патологияның туындауы.
|
1
|
1
|
1
|
4
|
Патологиялық белгілер (синдромдар).
|
1
|
1
|
1
|
5
|
Балалар сана-сезіміндегі кейбір ауытқулар.
|
1
|
1
|
1
|
6
|
Балалар мен жасөспірімдердің психикалық процестерінің бұзылуы.
|
1
|
1
|
1
|
7
|
Психопотологиялық белгілер ерекшеліктері.
|
1
|
1
|
1
|
8
|
Психикалық аурулардың этиологиясы мен патогенезі.
|
1
|
1
|
1
|
9
|
Психикалық ауруларды зерттеу.
|
1
|
1
|
1
|
10
|
Психикалық аурулар түрлері.
|
1
|
1
|
1
|
11
|
Маниакальді-депрессивті психоз.
|
1
|
1
|
1
|
12
|
Қояншық ауруы.
|
1
|
1
|
1
|
13
|
Соматикалық аурулардағы психикалық бұзылыстар.
|
1
|
1
|
1
|
14
|
Олигофрения.
|
1
|
1
|
1
|
15
|
Психотерапия.
|
1
|
1
|
1
|
|
Барлық сағат саны
|
15
|
15
|
15
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
«Сырдария » университеті
«Гуманитарлық білім» факультеті
«Педагогика және психология» кафедрасы
«Арнайы психология» пәні бойынша
050103 – «Педагогика және психология” мамандықтарының
студенттері үшін
Лекцияның Қысқаша курсы
Жетісай – 2007 ж
9. Лекция сабақтары
1-лекция.
Арнайы психология пәні.
(1 сағат)
Жоспары:
-
Психоз туралы түсінік.
2. Арнайы психологияның даму тарихы.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
-
Банщиков В.М., Невзорова Т.А. Психиатрия. М., Медицина, 1969.
-
Гиляровский В.А. Психиатрия. М., Мед. Гиз. 1954.
-
Жариков Н.М., Урсова Л.Г., Хритинин Д.Ф. Психиатрия. М., Медицина, 1989.
-
Илешева Р.Г. Бредовые психозы в позднем возрасте. А., Казахстан, 1981.
Қосымша:
-
Кирпиченко А.А. Психиатрия. Минск. Высшая школа.
-
Ковалев В.В. Психиатрия детского возраста. М., Медицина, 1979.
-
Личко А.Е. Психопатии и акцентуации характера у подростков. Ленинград, Медицина, 1977.
Лекцияның мәтіні:
Арнайы психология медициналық ғылым деп саналады. Медициналық болудан бұрын арнайы психология ұзақ және қиын даму жолынан өтті. Мұны арнайы психология тарихын зерттегенде айқын көруге болады. Мұның себебі арнайы психология әрбір дәуірдегі пәлсапалық көзқарастармен тығыз байланысты. Әрбір дәуірдегі пәлсапалық көзқарастың басым болуы арнайы психологияның дамуына әсер етіп, психикалық ауру адамдарға әр түрлі көзбен қарады.
Иделистік пәлсапаның уәкілдері арнайы психологияны бірінші орынға, ал материяны екінші орынға қойды. Материализмнің классиктері материяны бірінші орынға, ал арнайы психологияны екінші орынға қояды. Көне заманда арнайы психология туралы аңғырт көзқарас болды. Кейбір көне заманның пәлсапашылары арнайы психология көкеттің (френикус) астында шоғырланады деп есептеді (Демокрит). Осы себептен қәзіргі уақытқа дейін психиатрия атауларында “френ” деген сөз бар (шизофрения, циклофрения, парафрения).
Егер материалистік тұрғыдан арнайы психология мидың туындысы болып саналса, онда арнайы психологиялық қызметтің бұзылуы мимен байланысты болғаны. Арнайы психология дегеніміз мида өзгеріс болғандықтан айналадағы шындықты және өзін-зі бейнелеудің, жүріс-тұрыстың бұзылуына байланысты жалпы организмнің ауруы.
Арнайы психология тек арнайы психологияны зерттеп қана қоймай, әр түрлі соматикалық ауруларда болатын арнайы психологиялық жағдайдағы арнайы психологиялық ерекшеліктерді тек психиатр емес, кез келген мамандықтағы дәрігерлердің білуі қажет. Өйткені ол дәрігерге дәрігерлік этиканы орындағанда көмектеседі.
Алғашқы қауымдағы адамдардың арасында психикалық аурулар болды деп болжам жасауға болады. Олар туралы біз көне грек және көне рим ғалымдарының еңбектерінен, мифологиядан білеміз. Кейбір аңыздар бойынша көне заманда психологиялық аурулар болды деп саналады. Мысалы, Спарта патшасы Клеомонның өзін-өзі кескелеп өлтіруі. Сирия патшасы Свенденің өгей шешесіне іштей ғашық болуы себебінен депрессивті жағдайда болуы т.б. Көне заманның оқымыстылары мен дәрігерлері арнайы психологияны мимен, жалпы материямен байланыстырды. Олардың ойы бойынша психикалық ауру адам денесінің төрт негізгі бөлігінің қарым-қатынасына байланысты. Олар: қан, шырыш, сары және қара өт. ұлы математик Пифагор қояншықты мидың ауруымен түсіндірді. Оның үйретуі бойынша ақыл мида, сезім – жүректе. Гиппократтың ойы бойынша ми – білу және адамның ортаға бейімделу мүшесі. Ол жоғары нерв қызметінің әр түрлі типтерін ашты. Бірнеше ғасыр өткен соң, И.П. Павлов осы көрсетілген типтердің бар екенін анықтады (холерик, сангвинник, флегматик, меланхолик). Гипократтан басқа көне заманның дәрігерлері (Гален, Аретей т.б.) бірнеше арнайы психологиялық өзгерістердің көріністері туралы жазды. Осы күнге дейін қолданылып жүрген “мания”, “меланхология”, “эпилепсия” (қояншық ауруы) атауларын солар қолданған.
Біздің заманның ІІІ ғасырынан бастап көне Рим және грек мемлекеттері құлап, ғылым мен медицина шіркеудің қарауында болды. Орта ғасырдың әсіресе оның ақырғы жүз жылдықтарында арнайы психология дамымай, мешеулеп қалды. Көне заманғы оқымыстылардың айтқан ақиқаттарын қалпына келтіру үшін жүздеген жылдар қажет болды.
Орта ғасырда психикалық ауру адамдарды нақұрыс шайтан, жын-пері, сиқыршы деп санады. Оларды жанын шайтанға сатқан деп есептеді. Осы көзқарастың арқасында ауру адамдарды шайтанмен қарым-қатынас жасайды деп, әр түрлі жабайы әдістермен жойған. “Мыстандарды” жоюды папа VIII Инокентий шіркеу арқылы заңдастырған. “Нақұрыс” деп күмәнданған адамдарды отқа жағып, қыздырған темірмен қинаған. Мұндағы мақсат “жын-шайтанды” қуып, жойып, айналаны тазалау. ХVI – ХVII ғасырларда жын-шайтанды қуу эпидемияға айналып, психикалық ауруларды түгелдей жойған. Ауру адамдарды қинау халықтың көзінше өткізілгендіктен сендірудің және өзін-өзі сендірудің әсерінен арнайы психологияның (психохдардың) эпидемиясы басталды. Бұл эпидемия жүздеген және мыңдаған адамдарды қамтып, олар инквизиция оттарына жағылды. Бір әйел қалмаған ауылдар болған. Инквизитор келген кезде тірі қалу үшін адамдар бірінің үстіне бірі шағым айтқан. Шешелері балаларын ұрысқандықтан, балаларды отқа жаққан. Кейде адамдар жын-шайтандармен байланысы барын мойына “алған”. ХV ғасырда қатты қинағандықтан мойнына “алғаны” туралы “Шайтандардың балғасы” деген кітап шыққан. Кісілерді қыздырған темірмен қинау арқылы “шайтандардың кіретін есігін” іздеген. Сезімі жоқ жерлерді шайтанның қақпасы деп атаған (Историяда терінің кейбір учаскелерінің сезімталдығы болмайды). Сол мезгілде “демонология” ілімі пайда болды. Бұл ілім бойынша кейбір беделді адамдар пері бар екеніне кәміл сенген. Парацельс “Шайтандар сау және ақылды адамдарға енеді, ал ауру адамдарда олардың жұмысы жоқ” деп пайымдаған. Мұндай адамдар “ақылға симайтын ғажайыптарды жасаймын” деп сенген. Мысалы, бір кемпір 1565 рет боран мен суықты жібере аламын деп сендірген. Кейбір ақылды адамдар инквизициядан қорқып, болып жатқандардың қисынсыз екенін біле тұра қарсы шыға алмаған.
Батыс Европада арнайы психологиялық ауру адамдарға тағылық көзқарас болғанда, шығыс елдерде медицинаның прогресі байқалды. Тарихта алқашқы психиатриялық ауруханалар шығыста ашылды. Алғашқы арнайы психологиялық ауруханалардың Қайырда, Бағдатта, Дамаскіде (Шам-Шахары) ашылғандары туралы ақбарат бар. Жылнама бойынша 854 жылы Қайырда алғашқы арнайы психологиялық аурухана салынған. 1560 жылы Түркияда, Константинопольда Сүлейман сұлтан психикалық ауру адамадарға арнайы, өте қолайлы аурухана салдырды.
Шығыстың аса көрнекті ғалымы Абу-Әли-ибн-Сина (Авиценна) психоздарды дәрілермен емдеумен бірге көңілдерін көтеріп, жұмыс істетіп, өлең айтқызған жөн деп санаған. Оның айтуы бойынша миы шатасқан адамдарға үрей мен жалғыздық залалды болып саналады. Орта ғаысрлардағы шығыс елдерінің жері қазіргі Самарқан мен Бұхарадан басталғанын еске алсақ, онда Абу-Әли-ибн-Синаның психикалық ауру адамдарға деген көзқарасы қазіргі Орта Азия мен Қазақстан жеріне әсерін тигізді деп есептеуге болады.
Қайта өркендеу кезінде Батыс Европа елдерінде жаратылыс ғалымдары мен медицинаның қарқынды дамуына байланысты психикалық ауру адамдарға деген көзқарас өзгерді, оларды ауру деп санай бастайды. Бірақ оларды түрме сияқты ауруханаларға орналастырып, ең ауыр мемлекеттік айыпкерлер ретінде ұстады. Англияда бірнеше ғасырлар бойы көрнекті мекеме ретінде «бедлам» деген арнайы психологиялық аурухана болған. Бұл мекеме сыртқы және ішкі жағынан түрмеге ұқсаған. Жалаңаш ауру адамдарды шынжырмен байланған күйінде терезесіз, пешсіз, жиһазсыз, тас еденді кішкене бөлмелерде емір бойына қалдырған. Мейрам кездерінде жақсы киінген қала тұрғындары ауру адамдарды мазақтау үшін осында келген. Кіру үшін ақша төлеген. XVI— XVIII ғасырларда келушілердің саны жылына 40 мыңға жеткенін көрсетеді.
Ауру адамдардың мұндай жағдайлары Англиядан басқа Батыс Европа елдерінде (Франция, Германия) болды.
Францияның психиатриялық мекемелерінде (Бисетр, Сальпетриери) адамдар қабырғасынан су аққан бөлмеде, тышқандардың ортасында шіріген сабан үстінде жатқан. Осындай қиын жағдайда ауру адамдар өмірінің аяғына дейін болуға мәжбүр болған. Кейде оларды қатты қинайтын болған.
XVIII ғасырдың аяғы және XIX ғасырдың басында білімнің барлық салаларында прогресс болды. Бұл феодализмнен капитализмге өту кезеңі еді.
Көңіл-күйі революцияға ауған Париж зиялылары жоғарыда керсетілген ауруханалардың қиын-қыстау жағдайы туралы жиі айта бастады. Әйгілі Париж салондарында, мысалы пәлсапашы Гальвеций жесірінің айналасына, сол кездегі Париждің белгілі үкімет қайраткерлері, пәлсапашылар, математиктер, химиктер жиналды. Ұлы астананың өмірінде, психиатрия саласында үлкен еңбек жасаған Филипп Пинельде болды. Ол досы жаткан арнайы психологиялық ауруханаға жиі барып, біртіндеп сол емхананың қызметкері болды.
Филипп Пинель алғаш рет психикалық ауру адамдардың шынжырын шешті. Бұл окиға 1792 жылы Париждің Сальпетриери ауруханасында болды. Кейбір үзінді мәліметтерге қарағанда шынжыры бірінші шешілген ағылшын офицері болыпты-мыс деген сөз бар. Ол 40 жыл шынжырда болған. Екіншісі бірнеше аптадан кейін сау деп шығарылған жазушы болды. Үшіншісі өте ұзын бойлы, күшті, кейіннен Пинельді көшедегі ызалы топтың өлімінен алып қалады. Мұнан соң Пинельдің беделі көтеріліп, ол академик және Наполеон сарайында кеңесші болады.
Пинель шынжырларды ала отырып, тыныштандыратын көйлектерді, су құюды қажет деп санаған. Пинельдің оқушысы Эскироль — көрнекті француз психиатры қазіргі уакытқа дейін мәнін жоғалтпаған сағым мен елестеушіліктің айырмасын жазған. Эскирольдің оқушысы — Бейль алғашқы болып прогрессивті параличтін клиникасын жазған. Егер Пинельдің батыс психиатриясында психикалық адамдардан шынжырды шешуі жаңа кезең болса, ал ағылшьш психиатры Конноли батыста алғашқы рет психнкалық ауру адамдарды қыспау туралы принцип жариялады. Бұл оқиға 1837 жылы болды. Ағылшынның екі қысқа сөзі: ешқандай қыспақсыз— басқа Европа елдерінің психиатрларының да ұраны болды. Бірақ, бұл жүйе қиындықпен енгізілді.
Батыс Европа елдерінің басқаларына қарағанда Германияда реакциялы бастаулар ұзақ өмір сүрді. Бұл елде Кант пен Гегельдің ойлары психиатрлардың жадында болды. Сандырақтың кептеген түрлері дәрігерде емделмей, пәлсапаның талқылауында болуы керек деп санайды Эммануил Кант. Бірнеше жылдың ішінде медицинаға катысы жоқ адамдар психикалық аурулар туралы трактат жазып, сотта эксперт болып, ғылымда жан ауруы туралы сабақтар берді. Кант психикалық ауруларды түрлерге бөлді. Германияда бұл кезде ойдан шығарылған психиатрия басым болды.
Германияның идеалистік пәлсапаның әсерінен «психиктер» деп аталатын мектеп пайда болды. Бұл мектептің уәкілдері психикалық аурулар адамның жеке басының кінәсінің, оның күнәһарлық өмірінің қорытындысы деп санады. Осы көзқарастарға сай емдеу «тәсілдері» іріктеліп, ауру адамға кірген жыншайтанды қууға бағытталған тәсілдер қолданылады.
Көптеген «емдеу» әдістері ұсынылып, дәрігерлер осы әдістерге сенген. Осы әдістердің ішінде орта ғасырлардағы инквизиция тәсілдерімен бәсекелесетіндері де болған.
Ауру адамға бір мезетте әр түрлі емдеу түрлері ұсынылған. Ауру адамды аштықта ұстап, клизма қойып, қанын ағызып, организмін нашарлататын терапия қолданылды.
Көңілін аударып емдеу: ауру адамның үстіне ыссы балауыз кұю, қыздырған темір басу, теріге өте күшті осер ететін заттарды жағу. Гидротерапия кезінде ауру адамның басына кең шлангтен 50—100 шелек су кұйылады. Кейде осындай емдеудің арқасында ауру адамның басы жараланып қан аққан. Қорқыту арқылы емдеу: суға лақтыру, жоғарыдан лақтыру. Емдеудің көрсетілген түрлерінен басқа «ғылыми» негізде дайындалған механикалық тетік қолданылды. Бұған тыныштандыратын орындық, бағана, тесек,айналып тұратын дөңгелек жатады. Кейде ауру адамның аяқ-қолын керіп, кеп уакыт бойы осы күйінде қалдырған. Аурудың басына ерекше маскалар кигізіп, аузына алмұрт сияқты зат салынды. Мұнан басқа тыныштандыратын кейлектер, қапшықтар қолда-нылды. Ресми түрде ауру адамға дүре соғылған. Жүректі айнытатын және құстыратын терапия қолданылды.
«Психиктер» мектебінің терапиялық әдістері тек Германияда ғана емес басқа Европа елдерінде де колданылды. Осындай әдістерді ұлы неміс пәлсапашы Гегель мойындады.
Неміс психиатриясы реакциялы, жалған ғылыми көз-қарастармен ерекшеленді. Ғылыми психиатрияның алғашқы уәкілдерінің арқасында Германиядағы «психиктер» мектебінің бастаулары шайқалды. Ғылыми психиатрияның алғашқы уәкілі ретінде Гризингерді санауға болады. Оның кезінде психикалық ауру адамдарды қорлау азайды. Гризингер жақсы клиницист болды. Оның психикалық аурулар туралы оқулығы көптеген Европа тілдеріне, соның ішінде орыс тіліне аударылды.
Өткен ғасырдың аяғында батыс психиатриясының аса көрнекті уәкілі ретінде неміс психиатры Крепелинді айтуға болады. Батыста алғашқылардың бірі болып ол психиатрияға нозологиялық принципті әйгілі етті. Крепелинге дейін психиатриялық диагноз «мания», «меланхолия» деген сездермен шектелді. Мұның өзі соматикалык ауруларда «жөтелу», «ыстықтың көтерілуі» деген диагнозбен тең. Басқаша айтқанда аурудың аты аурудың белгілерінен алынды. Бұл симптоматологиялық принцип. Бірак, орбір аурудың кәрінетін белгілерінен баска ағымы, себебі, патогенезі мен патанатомиясы бар. Осы себептердің бәрін ескере отырып, ауруды анықтауға болады. Ауруды анықтаудың мұндай түрін нозологиялық деп атайды. Крепелиннің нозологиялық прогрессивті іліміне қарсы батыс ғалымдары психикалық аурулардың шығуы туралы басқа ілімді ұсынды. Бұған Ясперс ұсынған фенсженологиялық ағымды жатқызуға болады. Ясперс антинозологист болды. Оның ойы бойынша психикалық ауруларды зерттеуде барлық назарды аурудың белгілеріне, феномендеріне аудару керек (осыдан «феноменологиялық» деген атау шықты). Ясперстің көзкарасы бойынша дәрігердің мақсаты ауру адамның жанына тек сезіммен қарау. Ясперс және оның пікірлестері аурудың себебін, оның даму механизмін түбіне дейін жете білу мүмкін емес деген тұжырымға келген. Бұл ағым Германияда кең тарады.
Шамамен осы кезде неміс психиатры Кречмердің «Дененің құрылысы мен мінез-құлық» деген зерттеуі жарық көрді. Конституциялық белгілерге байланысты Кречмер адамдарды бірнеше типке бөлді. Ол адамның дене кұрылысының дамуына мінез-құлқы сай келеді деп санады. Оның ойынша астеник-шизоидтарда шизофрения жасырын түрде жүреді, ал пикник-циклоидтар келешекте циклофрениямен ауырады. Оның ойы бойынша организмнің қалыпты және патологиялық жағдайында шекара жоқ, қалыпты жағдайдың патологиялықпен салыстырғанда айырмасы саласында емес тек мөлшерінде.
Германияда пайда болған психоморфологиялық бағыт Батыс Германияда кең тарады. Осы ілімді жақтаушылар арнайы психологияның білінуі мидың белгілі бір жерінде шоғырланған, сол себептен барлық күрделі психикалық ауруларда мидағы зақымданған ошақты тапса болады, деп санады.
Бұл ілімнің негізін қалаушы XVIII ғасырдың аяғында XIX ғасырдың басында өмір сүрген Галль болды. Оның ойы бойынша ес, қиял, музыкаға бейімділік, талант, өткір сөздік қабілет, балаларға деген махаббат, қатыгездік және басқа адамның сапалық көрсеткіштері мида шоғырланған. Мидың учаскелері өсіп, томпақтар мен дөңестер пайда болады. Осыларды сипай отырып адамның қабілетін білуге болады, деп санады Галль. Бұған қарама-қарсы қәзіргі кездегі «жылжымалы шоғырлану» ілімін айтуға болады.
Өткен ғасырдың ортасында француз психиатры Морель дегенерация теориясын үсынды. Оның ілімі бойынша адам өзінің дамуында алға баспай кейін шегінеді. Оның ілімінің негізі жалпы құлдырау және патологиялық тұқым қуалаушылық.
Осы ілімге сүйене отырып шетел психиатрлары психикалық аурулардың алдын алу үшін күшпен піштіруді ұсынды. Бұл әдісті АҚШ-та осы ғасырдың 20—30 жылдары және фашистік Германияда қолданды.
Австриялық ғалым, психиатр Зигмунд Фрейд «Фрейдизм» деген ілім шығарды. Бұл ілім езгерістерге ұшырай отырып әр түрлі шет елдерде, әсіресе Америкада дамыды. Фрейдизм бойынша өмірдегі ең басты нәрсе — жыныстық әуестену. Инстинктер адамның әрекетінде басты роль атқарады. Адамның езі ол туралы білмейді. Бұл жасырын сезімдер, әсіресе жыныстык, адамның түсінде не әртүрлі аурулармен ауырған кезінде білінеді. Адамды емдеу үшін осы сезімдерді ашып, ауру адамға олар туралы айту керек. Фрейдистердің тұжырымы бойынша адамның туғаннан соң ата-анасына деген жыныстық сезімі болады (ұл балаларда шешесіне, қыз балаларда әкесіне). Бірақ, қалыптасқан әлеуметтік әдеттерге байланысты сәби өзінің сезімін жасырады. Артынан жасырын махаббат жыныстық демікпе не басқа ауру кезінде білінеді. Осы ілімнің уәкілдері адамға табиғат бойынша қирату, өлім инстинктері тән деп санайды.
Өткен жылдардағы совет әдебиетінде Фрейд ілімі қатты сыналды. Кейінгі жылдары Фрейд іліміне көзқарас өзгерді. Қазіргі кезде ғылым мен практикада бұл ілімнің кейбір қағидалары пайдаланылады, әсіресе арнайы психологияда мен сексопатологияда.
Кейбір шетелдік пснхиатрияда (Англия, Франция, ФРГ, АҚШ, Испания, Латын Америкасы елдерінде) антипсихиатрия жайылды. Бұл ағым бойынша психикалық аурулардың шығуында биологиялық себептер емес, әлеуметтік және психологиялық факторлар басты роль атқарады. Антипсихиатрлар психиатрияны ғылым деп, медицинаның саласы деп санамайды. Бұлардың ойы бойынша психикалық аурулар болмайды, ал психикалық ауру адамдарды емдеуді жазалау деп санайды. Антипсихиатрлар тәжірибе жүргізіп, психикалық ауру адамдарға толық бостандық беріп, дәрігерлердің қарауынан босатқан. Антипсихиатрия теориясы экзистенциализм (экзистенция дегеніміз — жеке адамның рухтык өмірінің барлығы) сияқты идеалистік ілімге негізделген. Бұл ілім бойынша экзистенция бірінші, ал объективті әлем — екінші орында. Экзистенциализмнің уәкілі ретінде неміс психиатры Ясперсті айтуға болады. Ол бұрын психиатриядағы нозологиялық принципке қарсы шыққан адам.
Достарыңызбен бөлісу: |