Курсы бойынша студенттердің алған білімдерін тексеру мақсатында тест тапсырмалары берілген. Еңбекті студенттер мен мектеп мұғалімдері оқу құралы ретінде пайдалануына болады


Қазақ тілін оқыту әдістемесінің психологиямен



Pdf көрінісі
бет25/66
Дата21.11.2023
өлшемі0.94 Mb.
#483900
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66
Kazak tili okytu adistemesi Orazbaeva

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің психологиямен 
байланысы 
 
Педагогика ғылымы соңғы жылдары біраз табыстарға 
жетті. Әсіресе адам психикасының даму табиғатын танып-
білуде, ой-сананың жетілуін зерттеуде осы кезге дейін үлкен 
ғылыми зерттеулер жүргізілді және жүргізіліп те келеді.
Психологияның, әсіресе, жеке пәндер әдістемесін 
нақтылап түсіндіруде алатын орны ерекше. Оқушылардың 
грамматикалық ережелерді игеру процесінде, оны күнделікті 
практикада дұрыс қолдануда психология қазақ тілін оқыту 
әдістемесіне тікелей ықпал жасап отырады.
Оқу-тәрбие ісінде ең қажетті қағида – мұғалімнің 
ӛтілетін сабаққа психологиялық жағынан дайындығы. Оқу 
жоспарын жасағанда да, оны оқушыға жеткізуде де мұғалім 
баланың жас ерекшелігін, қабілетін үнемі ескеріп отыруы 
қажет.
Оқушылардың материалды меңгеруінің психологиялық 
негізі сабақтың әрі әсерлі, әрі қызықты ӛткізілуіне 
байланысты. Сабақтың теориялық жағынан талапқа сай ӛтуі, 
яғни тақырыптың теориялық жағы ғылыми фактілермен 
дәлелденуі оқушылардың логикалық ойлау қабілетін 
арттырады.
Ойлау – бала ӛміріндегі ерекше құбылыс. Адам ойы 
сӛйлем түрінде айтылғанда ғана түсінікті. Сӛйлем – ойды 


74 
жеткізіп айтудың негігі құралы, амалы. Сӛйлемнің негізгі 
қызметі – ойды білдіру. Адамның ойы әрқашанда сӛйлем 
арқылы беріледі. Сӛйлемнің сӛзден, сӛз тіркестерінен 
тұратыны белгілі. 
Сӛз грамматикалық қатынасқа түскенде ғана адам ойын 
білдірудің құралы болады. Мәселен, Мұратбектің даусы 
менің ойымды бӛлді деген сӛйлемдегі сӛздер мынадай 
мағыналық байланысқа түседі де, сӛйлемдік дәрежеге ие 
болады. Мұратбектің даусы; менің ойымды; ойымды бӛлді
Осы үш сӛз тіркесі арқылы біршама тиянақты ойды 
білдіретін синтаксистік бірлік – сӛйлем жасалып тұр.
Адам ӛзі білмеген ӛмірдің қыры мен сырын кӛбірек 
білген сайын оның ойлауы да, ой елегінен ӛткізу талғамы да 
жетіле түседі, ойлаудың практикамен байланысқан сан-
салалы түрлері пайда болады. Мысалы, дыбыс, сӛз, буын, сӛз 
тіркесі т.б. туралы мағлұмат алған оқушы оның мәнін, 
мағынасын атқаратын қызметін, құрылысын біледі. Алған 
білімдерін практика жүзінде іске асырады. 
Ой мида бірнеше ассоциация арқылы іске асады. 
Мәселен, кӛршілестік ассоциациясын алайық. Оқушы бір 
нәрсені 
екінші 
бір 
кӛршілес 
нәрсемен 
бірге 
қабылдайтындықтан, ойына бірі түскенде, онымен кӛршілес 
басқасы да еске түседі. Мысалы, дауысты дыбысты ӛткен 
кезде оқушының ойына онымен қатар дауыссыз дыбыстар 
түседі. Сӛз тіркесін оқыту барысында оқушылар тек сӛз 
тіркесін ғана меңгеріп қоймайды, оған ұқсас күрделі сӛздер, 
атаулық тіркестерді ой елегінен ӛткізіп, есте қалдыруға 
тырысады. ―Бала айналасындағы заттарды, кӛріністерді біліп 
қана қоймайды, соларды ұққысы келеді, яғни солар туралы 
жасасуға, хұкім һәм ой шығаруға ұмтылады‖ [32,69]. 
Мұғалім оқушыларды ойлана білуге баулуы керек. Ол 
үшін жаттығу жұмыстарын дұрыс таңдап алудың маңызы 
зор.
―Баланың логикасын дамыту, ұғымдарын ӛсіру – 
науқандық жұмыс емес. Ол әрбір сабақ үстінде, мектептегі 
барлық 
тәлім-тәрбие 
процесінің 
барысында 
ұдайы 
жүргізілетін жұмыс. Мұнда оқушылардың жас ерекшелігі 
қатты ескеріледі ‖[33,150].


75 
Баланың ойы сӛйлеу процесі негізінде жарыққа шығады. 
Ол ауызша сӛйлеу мен жазбаша сӛйлеу арқылы іске асады. 
Бұлардың арасындағы айырмашылық әріп пен дыбыс 
қатынасына ғана емес, сӛз құрылысына да тән. Бала сӛйлеп 
тұрған кезде сӛздің морфологиялық не синтаксистік 
құрылысына назар аудармайды, ӛзінің ойын түсінікті етіп 
айта береді. Мәселен, оқушы ауызша сӛйлеу кезінде сӛз 
тіркесі мен біріккен сӛздің емлесіне назар аудармайды. Бірақ 
жазбаша жұмыс кезінде, олардың айырмашылығын жақсы 
меңгерген оқушы сӛйлем ішінде кездескен сӛз тіркесін бӛлек, 
біріккен сӛзді бірге жазады (ақ сақал – сӛз тіркесі, ақсақал – 
біріккен сӛз). Мұғалімнің тақырыптың ерекшелігін, оған 
ұқсас тұлғалардың айырмашылығын ашып кӛрсетуі баланың 
зейінін аударады. Зейін деп – адам санасының белгілі бір 
затқа бағыттала тұрақталуын айтады[34,83]. Сабақ үстінде 
баланың зейінін бір нәрсеге аудару оңай жұмыс емес. Оған 
мұғалімнің шеберлігі, білімділігі қажет. Адамға тән әрекеттің 
кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы 
қиын. 
―Зейін адам санасынан қорытылып ӛтетін барлық ойды 
аңғартатын адам жанының жалғыз ғана есігі болып 
табылады, демек бұл есікке ілімнің бірде-бір сӛзі соқпай ӛте 
алмайды, егер де ол соқпай ӛтсе, онда баланың санасында 
ештеңе де қалмайды‖[35,22]. 
Сабақтың бірінші кезеңінде (ұйымдастыру кезеңінде) 
оқушы зейінін ӛзіне аудара алмаған мұғалімнің сабағы 
нәтижелі болуы мүмкін емес. Әрбір сабақта сілтідей 
тыныштық, тәртіп, құштарлана тыңдау жолында емес – 
хабардың кӛбейткіші ретіндегі зейін жолында күрес жүргізу 
қажет [36, 238]. Мұғалім балалардың зейінін бір пәннен 
екінші пәнге, бағдарламаның бір бӛлігінен екінші бӛліміне, 
жұмыстың бір түрінен (үй тапсырмасын сұрау) екінші түріне 
(жаңа сабақтың кезі) үнемі аударып отырады. Мұғалімнің 
материалды жүйелі түрде түсіндіруі, ӛткен материалды 
қорытуы, жаңа материалды тыңдауға, түсінуге оқушылардың 
дайындығын тексеруі зейіннің дұрыс аударылуына себепші 
болады. 


76 
Түрлі тәсілдер арқылы оқушы зейінінің қасиеттерін 
тәрбиелеп отыру – мұғалімнің негізгі педагогикалық істерінің 
бірі. Оқушы зейіні негізінен сабақ үстінде тәрбиеленеді. 
Сабақтың әрбір минуты баланың зейінін билеп алмайынша 
мұғалімнің сӛзі оның кӛкейіне қонбайды. Зейінсіз ӛткен 
сабақ ӛзінің мақсатына жете алмайды. 
Қ.Жарықбаев зейін тәрбиесінде әрбір мұғалімнің еске 
алатын мына тӛмендегідей шараларын атап кӛрсетеді: 
1. Бірінші 
кластан бастап оқушыларды зейінділікке 
әдеттендіру, оларда зейіннің жоғары түрлерін дамыту естен 
шықпайтын болсын. 
2. Бүкіл класқа не оқушыларға берілетін тапсырмалар, дәл, 
анық, қысқа болып келсін. 
3. Бала 
қайда жүрсе де (мектепте, үйде, далада) 
байқағыштыққа тәрбиеленуі тиіс.
4. Зейінді күшті және тұрақты құбылыстың бірі – ерік. 
Сондықтан зейін тәрбиесін ерік тәрбиесімен ұштастырып 
отыру қажет. 
5. Тӛменгі класс оқушыларының нерв жүйесінің әлі де 
болса ―қатая‖қоймағандығы еске алынсын [37,94]. 
Бала зейінін белгілі бір әрекетке аудару арқылы ғана сол 
әрекеттің негізгі белгілерін қабылдайды. Мәселен, мұғалім 
жаңа тақырыпты ӛтіп, бірақ оны қайтіп сұрайтыны 
ескерілмесе, баланың есте қалдыруы нашар болады. 
Сондықтан мұғалім балаға тапсырма бергенде материалды 
қалай орындау керектігін ұдайы ескертуі керек. Ұғынған 
материалды есте қалдырудың ұтымды жолдарының бірі – 
алға дұрыс мақсат қоя білу, сол мақсатты іске асыру үшін 
жаттығу, және оларды жүйелі, саналы түрде қайталап отыру 
[38,73]. Кез келген қайталаудан жаттығу шықпайды. 
Оқушыға бір тапсырманы қайталап орындата беру жақсы 
нәтиже бермейді. Егер мұғалім сол тапсырмаға әр түрлі 
мақсат қоя отырып қайталатса ғана жұмысы нәтижелі 
болады.
Жаттығу жӛнінде белгілі ережелерді білмей, яғни білім, 
білік дағдыны қалыптастыру, жаттығу қандай жолмен жүріп 
отыратындығымен таныспай, қандай дағдыға болса да ие 


77 
болу қиын. Дағдының ойдағыдай қалыптасуы - оның 
нәтижесін үнемі біліп отыруға байланысты [39,75]. 
Оқушы жаттығуды түсініп орындағанда ғана белгілі бір 
дағды қалыптасады. Жаттығу оқушының қызығуын
ынтасын, ықыласын арттыруға тиіс. Ол үшін жаттығу 
түрлендіріліп берілуі шарт, ӛйткені бір сарынды жаттығу 
оқушылардың 
зейінін, 
қабылдауын, 
белсенділігін 
нашарлатады.
Сабақты психологиялық жағынан ӛте тартымды етіп 
құру үшін сабақ әдістемелік жағынан тиімді болуы шарт. Бұл 
мұғалімнің материалды баяндау әдісін шеберлікпен игере 
алуына, дидактикалық заңды ұстанымдарды орынды жерінде 
қолдана білуіне байланысты. Мұғалім оқу жұмысын 
ойдағыдай жүргізуі үшін балалардың жас ерекшеліктері мен 
жеке ерекшеліктерін, қасиеттерін жақсы білуі қажет.
Ӛз ісіне жетік маман сыныптағы әр баланың жеке 
ерекшеліктерін жадында ұстайды. Баланың бәрі бірдей емес. 
Әр баланың ӛзіне тән мінезі бар. Бір адамның барлық ісін 
басқа адамдардың істерінен айыратын сипаттар мінез деп 
аталады[40, 93].
Баланың мінезі оның не қызбалы, не сабырлы болуынан 
немесе жалпы қозғалысынан, не шапшаң, не жай 
қимылдауынан 
байқалады. 
Мінез-құлықтың 
осы 
қасиеттерінің бәрі темпераментке байланысты. Темперамент 
туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірген – академик 
И.П.Павлов. Бұл ілімнің айтуынша, нерв жүйесінің әрбір 
типінің үш белгісі болады. Нерв жүйесінің типтері мен 
қабығындағы қозу, тежелу процестерінің үш негізгі белгісі 
(күші, тепе-теңдігі, қозғалғыштығы) жиынтығынан құралады.
Психология іліміне сүйенетін болсақ, шыдамдылық 
белгісіне қарай барлық типтер күшті және әлсіз болып екіге 
бӛлінеді. Күшті типтер жұмыс істеу қабілеті күшті, 
қиыншылықтарға тӛзімді болады. Олар сыртқы ортадан 
келетін түрлі әсерлерге тӛзімді, шыдамды болып келсе, әлсіз 
типтер морт сынып кететін болады.
И.П.Павлов сангвиниктерді – ширақ, нерв жүйесі күшті, 
қозуы мен тежелуі тең, қозғалғыш адам, холериктерді
ұстамсыз, нерв жүйесі күшті, қозуы тежелуінен басым, 


78 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет