Курстық жұмыс Тақырыбы: «Информатиканы мектепте оқытудың жалпы мәселелері»


Информатикадан оқушылардың білімін бақылау және бағалау әдістері



бет3/7
Дата28.05.2023
өлшемі85.86 Kb.
#474415
1   2   3   4   5   6   7
Нұртас курсовой (4)[1]

Информатикадан оқушылардың білімін бақылау және бағалау әдістері

Оқыту үдерісінің мiндеттi компоненттерiнiң бiрi оқыту нәтижелерiн тексеру немесе бақылау болып табылады. Оқыту нәтижесiн тексерудiң мәнi оқу пәнi бойынша бiлiм беру стандартына сәйкес оқушылардың бiлiмiн меңгеру деңгейiн анықтау болып табылады. Информатика пәнi бойынша бiлiм беру стандартын енгiзуде оқыту сапасын көтеруге бағытталған оқушылардың бiлiмiн, бiлiктiлiгiн бағалау және тексеру әдiстемесiне бiрқатар өзгерiстер енгiзiлгенін айта кету керек. Осыларды ескере келе, бiлiм беру стандартына сәйкес “бiлiмдiлiктiң қажеттi ең аз деңгейiн мөлшерлеу, атап айтқанда, онсыз тұлғаның дамуы, бiлiм алуды жалғастырудың мүмкiн еместiгi”, мұнда оқушылар бiлуi тиiс оқытудың нәтижесiне бiртiндеп жақындайтын төрт деңгей iске асырылады:



  • бiлiм беру аумағы немесе оқу пәнiнiң жалпы сипаттамасы;

  • оқушыға оқу материалын ұсыну деңгейiнде курстың мазмұнын сипаттау;

  • оқушылардың оқу даярлығына қажеттi ең төменгi деңгейiне қойылатын талаптарын сипаттау;

  • оқушылардың мiндеттi дайындықтары “өлшеуiш” деңгейiн, яғни олардың орындаған тексеру жұмыстары және жекеше тапсырмалар арқылы қажеттi талаптар деңгейiнiң жетiстiктерiн байқап көру.

Информатикадан қарастырылған стандарт жобасының принциптi жаңалығы оқушылардың мiндеттi дайындықтарының деңгейiн бағалау болып табылса, онда дихотомиялық шкалаға негiзделген («сыналды» – «сыналмады») баға процедурасының негiзiнде критериалдық-бағытталған жүйе қаланады. Осы мезетте стандарттың ең төменгi талаптарынан асып кететiн оқушылардың жетiстiктерiн бағалау, дәстүрлi жүйе аналогын орынды қолдану керек. Осыған сәйкес оқушылардың бiлiмiн, бiлiктiлiгiн тексеру мен бағалау дайындықтың екi: мiндеттi және жоғарғы сатысында жүргiзiлуi тиiс. Ол үшiн бақылаудың: күнделiктi тексеруде тапсырмалардың екi деңгейiн қамту, оқыту үдерісінде және емтиханда бақылаудың осындай түрiн бөлiп алу сияқты әр түрлi технологиялары болуы мүмкiн.
Информатика курсы бойынша бақылаудың дәстүрлі ауызша, жазбаша, программалық және тесттік бақылау түрлері қолданылатыны белгілі.
Ауызша бақылау түрі әрбір сабақта оқушының сабақ тақырыбын қалай меңгергендігін қысқаша бақылау ретінде өткізіледі. Бақылаудың жазбаша түріне бақылау жұмыстары, диктанттар, рефераттар, карточкалар, тәжірибе жұмыстары, сынақ, емтихан жатады. Педагогикалық ғылымда бақылаудың программалық түрі негізгі орын алады. Информатика курсында программалық бақылауға есептер шығару, бақылау және зертханалық жұмыстар, әр түрлі жоба сызбалар жатады. Программалық бақылау мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін құрал болып табылады. Әрбір оқушы бір тақырыпты меңгергеннен кейін басқаларды күтпей, келесі тақырыпты оқи береді, яғни оқыту саралап оқыту сипатына ие болады. Оқушы дұрыс жауап бермеген жағдайда пәннің меңгерілмеген тақырыптарын қайта оқуға мүмкіндік алады. Бірақ көптеген мектептерде материалдық-техникалық базаның жоқтығына байланысты программалық бақылау көп таратылмаған. Сонымен қатар, бүгінгі күнде оқушылардың білімін бақылауда кеңінен қолданылып жүрген әдістердің бірі – тестік бақылау болып табылады. Тестік бақылау – оқушының жетістіктерін неғұрлым әділ бағалауға мүмкіндік беретін, арнайы жасалған ғылыми-ұтымды процедура болып табылады.
Тест – оқушының бiлiмiн, біліктілігі мен дағдысын тексерудiң немесе оқушы бiлiмiнiң белгiлi бiр сапалық қасиетi бар-жоғын тексерудiң ерекше түрi болып табылады. «Тест» (ағылшынша Test-байқау, зерттеу, сынау) - психология мен педагогикада сыналушының бiлiмiн, iскерлiгiн және дағдысын, сонымен қатар психофизиологикалық және өзiндiк сипаттамаларын стандартталған тапсырмалардың орындалу қорытындысы бойынша өлшеу. Тест – қысқа жауап беру немесе берiлгендерден дұрыс жауапты таңдауды талап ететiн көп тапсырмалар беруге негiзделген бiлiмдi әдiл және бiрыңғай тексерудi қамтамасыз ететiн оқушы бiлiмi мен iскерлiгiн бақылаудың бiр түрi.
В.П. Беспалько тест тапсырмаларын бiлiмге қойылатын талаптарға сәйкес деңгейлерге бөлiп, төмендегідей тесттің 4-деңгейін:
I-деңгейдегi тесттер оқушылардың танысу деңгейi, оқушы объектiнi басқа ұқсас объектiлерден ажырата алуы, түсiнiктеме көмегiмен бiлiктiлiгiн тексеруге арналған тапсырмалар. Бұларға жататындар ерекшелiгiне байланысты ажыратуға берiлетiн танымдық тапсырмалар. I-деңгейдегi меңгерудiң сапасын тексеру үшiн төмендегiдей тесттер қолданылуы керек: альтернативтi (тануға бағытталған), таңдап алу (айырмашылыққа), салыстырмалы (классификацияға бағытталған);
II-деңгейдегi тестер оқушының оқу объектiсiнiң қасиеттерi және ерекшелiктерi туралы ақпаратты зердеде сақтау немесе түсiну дәрежесiнде қабылдау әрекетiмен сипатталады. Бұған жататындар тапсырмаларда арнайы араласып кеткен құрамды бөлiктерiн орнына қоюға арналған, конструктивтi тестер, есеп жауабын өз бетiнше ойлап шығарылатын есептер жатады;
III-деңгейдегi тестер оқушылардың еңбекке дайындығын бақылауға арналған, яғни оқушылар алған бiлiмiн iс жүзiнде қолданып жаңа ақпарат алуына бағытталған тапсырмалар;
IV-деңгейдегi тестер оқушылардың шығармашылық бiлiктiлiгiн, олардың жаңа ақпаратты қабылдауға ыңғайлы зерттеу мүмкiндiгiн анықтауға арналған тапсырмалар деп атап көрсетеді.
Тест тапсырмаларының мынадай негiзгi классификациясы белгiленген:

  • тапсырмалардың жабық түрi, оқушы тест тапсырмаларының iшiнен дұрыс жауапты таңдайды;

  • ашық түрдегi тапсырмалар, орындау кезiнде жауапты өз бетiнше тұжырымдау;

  • сәйкестiкке тапсырма, екi жиын элементтерi арасында сәйкестiк орнату арқылы орындау;

  • дұрыс тiзбек құруға тапсырма, сыналушыдан амалдар немесе үрдістердiң орындалу тәртiбiн көрсету талап етiледi.

Тапсырманың түрiн таңдап алу бақылайтын материалдың мазмұнына және тестiлеу мақсатына тәуелдi болады. Бұл бақылаудың төрт түрi негiзгi түрлерi болып табылады. Тест тапсырмаларының әртүрлiлiгiне қарамастан оларға қойылатын жалпы талаптарды бөлiп көрсетуге болады:

  • оқушы қолданатын ақпарат көзiне дәлме-дәл сәйкес келуi. Тапсырманың тұжырымдамасы жеткiлiктi түрде сыналушы алдындағы мәселенi түсiндiруi, яғни тiл және терминдер, белгiлеу, графикалық бейне және тапсырманың безендiрiлуi және оған жауап сөзсiз бiрмәндi, оқушыға түсiнiктi болуы керек.

  • таңдалған тестiлеу стратегиясында белгiленген тапсырманың қиындығының әдiл бағасына сәйкес әрбiр тапсырманың өзiнiң реттiк нөмiрi болады;

  • логикалық түрде айтылған тапсырма тұжырымдар, оқушы жауабына тәуелдi ақиқат немесе жалған болады;

  • тапсырманың негiзгi мәтiнi жетi-сегiз сөзден аспауы және бiрден кем емес бағыңқы сөйлемнен тұруы қажет;

  • өңделген тапсырмаға дұрыс жауап эталоны көрсетiледi;

  • бiр тест тапсырмасын орындауға бiр-екi минут қана уақыт кетуi керек.

Тарихи тұрғыдан тапсырманың жабық түрi бiрiншi болып есептеледi, дайын жауаптың iшiнде бiр дұрыс жауабы болады, ал қалғандары дұрыс емес. Олар 20-жылдың басында қолданыла бастады және тапсырманың жабық формасы деген атқа ие болды. Жабық тапсырманың дұрыс емес жауабы дистрактор деп аталады. Дистрактордың саны тапсырманың түрiмен анықталады, ол бестен аспауы керек. Егер бiлетiн оқушылар оны дұрыс орындаса, ал бiлмейтiндер қате жауапты таңдаса, тестiк тапсырма «жақсы жұмыс iстейтiн» деп есептеледi. Бiрақ, тапсырма орынды тұжырымдалған болу үшiн бұл шарт әлi жеткiлiктi емес. Тапсырманың жабық түрiнiң жетiстiктерiмен қатар кемшiлiктерi де бар. Оның жетiстiгiне тестiлеудiң көп уақыт алмайтындығы, балл санаудың қарапайымдылығы жатады. Дайындықтары нашар сыналушылардың қиынырақ тест тапсырмаларына жауапты кездейсоқ ойлап табуы оның кемшiлiгiн көрсетедi.
Осындай тапсырманың нұсқауы «дұрыс жауапты дөңгелектеп белгiлеу». Тапсырма нұсқасының жауап саны төрт немесе бестен аспауы керек, осындай шектеу қою жауапты кездейсоқ табу ықтималдығының сиректiгi үшiн жеткiлiктi болады.
Бiрiншi жетi-сегiз сөзден аспайтын сұрақты тұжырымдау ұсынылады. Сосын құрастырушы қойылған сұраққа жауап жазады. Содан кейiн тест құрастырушы шамамен сол сұрақтың көлемiне сәйкес мөлшерде жауап жазады. Ары қарай айтылғандардан сөз кiлтi немесе бiр, екi сөз алынып тасталады да олардың орнына сызықша қойылады.
Ашық түрдегi тапсырмалар үшiн бiр сөзден тұратын «Толықтыр» нұсқауын қолдануға болады. Болжам болмағандықтан ашық тапсырмалар сыналушы үшiн қиынырақ болуы мүмкiн. Шындығында да, өзi дұрыс жауапты құрастырып шыққанша, жауаптардың iшiнен дұрыс жауапты таңдап алу оңайырақ. Педагогтар үшiн ашық тапсырманың бұл қасиетi ерекше қызықтыратындай болып табылады.
Сонымен қатар, ашық түрдегi тапсырмалардың да кемшiлiктерi бар. Оқушы сызықша орнына жауапты жазғанда жауаптың синонимiн жазып кетуi мүмкiн немесе қалып кеткен формуланың элементтерiнiң ретiн өзгертiп алуы мүмкiн. Мұндай жағдайда орындалған тапсырманың қорытындысын дұрыс бағалауда, оқушы жауабына талдау жасайтын, оны эталонды жауаппен салыстыратын, мықты инструментальдi жүйенi қолдану қажет.
Тестiлеу оқушының тақырыпты меңгеру деңгейiн айқындауға, сонымен қатар оқыту қорытындысының қойылған мақсатқа сәйкестiгiн көруге мүмкiндiк бередi. Егер оқушылардың көпшiлiгi бiрдей бiр тапсырманы орындамаса, онда мұғалiмге оқытқанда кеткен кемшiлiктерi бар деген белгi бередi. Тест тапсырмалары оқу қорытындысын тексеруде оқушылардың жеке ерекшелiктерiн және тақырыпты бүтiндей сыныптың және жеке әрбiр оқушының меңгеру деңгейiне көңiл қоюға мүмкiндiк бередi.
Тест тапсырмалары сұрауға кеткен сабақ уақытын үнемдейдi, оның орнына уақыт жаңа тақырыпты түсiндiруге жiберiледi. Сонымен қатар оқушылар орындаған жұмысты тексеруге кеткен мұғалiмнiң де уақытын үнемдейдi.
Тест түрiндегi тапсырмалар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, оқу үдерісiн жандандырады. Әр түрлi тест тапсырмаларын қолдану арқылы мұғалiм тексеру үдерісіне айтарлықтай өзгешелік енгiзедi. Оқушылар мұндай тапсырмаларды орындауға зор қызығушылықпен кiрiседi.
Тест тапсырмалары бүкiл сынып оқушыларының бiлiмiн жүйелi түрде, үнемi тексеруге нақты мүмкiндiктер бередi. Бұл оқушыларды сабаққа белгiлi бiр уақыт өткеннен кейiн емес, жүйелi түрде, үнемi дайындалуға мәжбүр етедi.
Тест тапсырмаларының осындай жақсы жағымен қатар олардың кейбiр кемшiлiктерiн айтуға болады:

  • оқушылар дұрыс емес, қате жауаптардың көп санын оқып және талдап оларды ерiксiз есте сақтап қалып, бiраз уақыт өткеннен кейiн оны дұрыс сияқты еске түсiруi мүмкiн;

  • оқушылар дайын тұжырымдармен жұмыс iстеп үйренiп алып, алған бiлiмiн сауатты және қисынды жауаптармен толық құрай алмай, айтып бере алмауы мүмкiн;

  • оқушылар дұрыс жауапты болжаммен табуы мүмкiн;

  • оқушылар дұрыс жауапты сұрақтың мәнiмен байланыспай, ұқсастығы, жауаптағы сөздер саны және т.б., дұрыс емес жауаптан шартты белгiлерi арқылы айыра алуы мүмкiн;

  • оқушылар дұрыс жауапқа кездейсоқ, қате ойлау нәтижесiнде келуi мүмкiн.

Қазiргi кезде информатикадан жарияланып жүрген тест тапсырмалары көбiнесе сапалы емес және тестке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандырмайды, мұғалiмдер ешқандай керектi әдiстемелiк құралдардың жоқтығынан әртүрлi жинақтардағы жайдан-жай құрылған тестердi қолданады. Кездейсоқ алынған тапсырмалар жиынтығын тест деп қарастыруға болмайды, тест оқушы бiлiмiн нақты өлшеу құралы ретiнде қолданылып, қатал және нақты әдістемелік талаптарды қанағаттандыруы керек. Сонымен қатар, информатика пәнінен оқушылардың білімін бақылауда бақылаудың дәстүрлі түрінен басқа дәстүрден тыс түрлері де қолданылады.
Информатика бойынша білім бақылауда интеллектуалдық ойындарды қолдану оқушылардың өзіндік тұлғалық ерекшеліктерін ашуға, сабаққа дайындық деңгейін арттыра түсуге көмектессе, ал мұғалімге оқушылардың білімінде кеткен кемшіліктерді дер кезінде жөндеуіне мүмкіндік береді. Ойын барысында оқушыларда белгілі бір мәселені шешу қабілеті, өз бетінше ойлау қабілеті, білімге деген құштарлығы оянады. Оқушылардың ойынға қызыққандары соншалықты олар қойылған мәселені шешуге барынша ынтасымен тырысып, өз фантазияларын одан әрі дамыта түседі. Интеллектуалдық ойындар мен ойын кезеңдері дәстүрлі оқытумен де жақсы үйлесіп кетеді.
Информатика курсы бойынша оқушылардың білімін бақылауда қолдануға болатын бірқатар ойындарға мысалдар келтірейік. Информатика курсында бірқатар тақырыптар («Компьютердің құрылғылары», «Программалық жабдықтау» және т.б.) оқушылардан көп терминдерді меңгеруін талап етеді, сондықтан да білім бақылаудың бастапқы кезеңінде мына тапсырмаларды қолданған ыңғайлы.
«Таныс термин» ойыны. 8-сынып (Дербес компьютермен танысу).
1-мысал. Берілген терминдердің ішінен компьютердің құрылғысы болып табылатын терминдерді жазып көрсетіңіздер. Сканер, модем, кэш-жады, пернетақта, тышқан, принтер, монитор, винчестер, стример, трекбол, джойстик, компьютерлік технологиялар, тасымалдаушы, жедел жады, факс-модем, контроллер, микропроцессор, жүйелік шина, аналық плата, қоректендіру блогы.
Оқушылар терминдерді жазып біткеннен кейін бірін-бірі бақылай алады, олар өзара дәптерлерін алмастыра отырып, бірінің жұмысын бірі тексереді. Мұғалім бекіткен норма бойынша жұмыстарын да өздері бағалайды. Оқушыларға үй тапсырмасына осы терминдер бойынша әңгіме, тақпақ немесе ертегі құрап келуге тапсырма беруге болады. Мұндай жұмыстарды шығармашылық сипаттағы жұмыстарға жатқызуға болады. Оқушылардың осындай жұмыстарды орындау нәтижесінде жеке тұлғалық қасиеттерін байқауға болады.
Оқушылардың білімін бақылауда интеллектуальдық ойынның бір түрі болып табылатын кроссвордтарды қолдануға болады. Оның ерекшелігі оқушының ойлау қабілетін дамыту, оқушыларды белсенді ойлау іс-әрекетіне жетелеу және шығармалығын дамыту. Кроссвордты шешу барысында оқушы өз білімін өзі бақылай алады, ал мұғалім әр оқушының жұмысын бағалай алады. Сонымен қатар оқушыларды тек қана кроссвордтарды шешуге ғана емес, өз беттерінше кроссвордтар құрастыра білуге де үйрету қажет. Кроссвордтар құрғанда ескерілетін жайттарды оқушыларға мұғалім алдын-ала түсіндіргені жөн.
А.М. Горький: «Ойын – балалардың әлемді тану жолы» деп айтқан. Дидактикалық ойындарға алдын-ала мақсат қойылады, оған сөзжұмбақта жатады. Бұл ойындар оқу материалын тез түсінуге, өткен тақырыпты тексеруге көмектеседі. Сөзжұмбақ оқушының ой-өрісін дамытады. Сөзжұмбақ оқу материалын қайталауда және білімді тексеруде ең қолайлы ойын түрі болып табылады. Оны сабақтың әр кезеңінде қолдануға болады. Оны жаңа сабақты түсіндіру кезінде, жаңа сабақты бекітуде, үй жұмысын тексергенде және оқу материалын қайталауда да қолдануға болады.
Сөзжұмбақтың мынадай түрлерін атап көрсетуге болады:

  1. Сөзжұмбақ – жұмбақ

  2. Чайнворд немесе лабиринт

  3. Сөзжұмбақ-баспалдақ

  4. Сөзжұмбақ-пирамида

  5. Сөзжұмбақ-басқатырғыш

Енді осылардың әрқайсысына қысқаша тоқталып өтейік.
1. Сөзжұмбақ – жұмбақ. Оларды шешу үшін жолда жасырылған екі сөзді табу керек. Бірінші сөздің соңғы әрібі келесі сөздің бірінші әрібі болады.
2. Чайнворд немесе лабиринт. Толтырудың негізгі ережесі- соңғы әріп келесі сөздің бірінші әрібі болады.
3. Сөзжұмбақ- баспалдақ. Бұл сөзжұмбақта барлық сөздер бірдей әріптен басталады немесе бітеді.
4. Сөзжұмбақ – пирамида. Барлық сөзді таба отырып шыңына шығу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет