қабылдау процесі түсінікті және ашық болғандықтан инвесторлар
осы компанияның құнды қағазына қаржы салуға келіседі.
Корпорация басқармасының құрылымы мен стейкхолдердің
мүдделері
Корпорация қызметі туралы ақпараттың ашылу әдістері мен тәсілдерін
қарамас бұрын, ең алдымен біріншіден, шешім қабылдау үшін аса
маңызды
қандай ақпарат болатынын, екіншіден, стейкхолдердің қай
тобына қандай ақпарат керек екенін анықтау қажет.
Корпорация,
немесе акционерлік қоғам, бұл компания өзі жүргізетін
бизнестің өзінің меншік иелері/акционерлерінің пайдалана алуы үшін
құрылып, жұмыс істейді. Акционерлік қоғамда өз акционерлері
капиталының өсіміне қол жеткізу үшін корпорация бизнесімен
басқарманы қамтамасыз етуге құрылған заңмен бекітілген басқару органы
бар.
Көптеген елдердегі сияқты, Қазақстанда да қолданылатын басқару
органдарының стандарттық үлгісі басқарманың жоғарғы органы
–
акционерлердің жиналысы болып табылады деп шамалайды. Ірі
фирмалардың қор биржасында, ашық рыноктарында сатылатын акцияларға
акционерлердің
едәуір саны, кейде бірнеше жүз немесе мыңдап
қатысқанынан, осы акционерлер корпорация басшылығының қызметіне
күнделікті бақылау мен мониторинг жүргізе алмайды
.
Осы себептен акционерлік қоғамдарда
акционерлер жиналысы мен
компания құрылымдарының басшылары арасында аралық-
Достарыңызбен бөлісу: