Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова



Pdf көрінісі
бет44/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   97
Психология негіздері

Ой сындарлылығы – адамның өзінің де, өзгенің де ой, пікірін 
шынайы бағалай білу ептілігі, алға тартылған тұжырымдар мен 
қорытындыларды тиянақты әрі жан-жақты тексерістен өткізе алу 
қабілеті. Ойлаудың жеке-даралықты ерекшелігі әр адамның өзіне тән, 
өз қызметімен байланысты ойлау түрлерін таңдай білуіне байланысты. 
Мысалы, бір адам – көрнекі - әрекеттік ой түрін таңдаса, екіншісі 
– көрнекі – бейнелі ой толғастыруды қалайды, ал үшіншісі, тұлғалық 
деңгейі жоғары адам – абстракт-логикалық ойлауды қару етеді.
21. Зерде және оның құрылымы
Тұлғаның ойлау сапасы, қабілеті оның зердесінен көрінеді.
Зерде (интеллект-лат. Inteellectus – ақыл-ес) тек өкілінің ақыл-ес 
қабілеттерінің тұрақты құрылымы, оның танымдық мүмкіндіктерінің 
денгейі, адамның өмір жағдайларына бейімделуіне арқау болар 
психикалық тетіктері, болмыстың мәнді өзара байланыстарын түсіне 


5
білуі, сонымен бірге тұлғаға тән қауымдық мәдениет тәжірибесіне 
араласа жүру қасиеті.
Қазіргі күнде «зерде» мәнін түсіндірудің үш жолы бар:
1. биологиялық тұрғыдан зерде – бұл «жаңа жағдайға саналы икем-
десуге қабілеттілік»;
2. педагогикалық тұрғыдан зерде – бұл «оқу, оқытуға 
қабілеттілік»;
3. құрылымдық тұрғыдан зерде – бұл барша ойлау құралдарын 
мақсатқа бейімдестіре жұмылдыруға «қабілеттілік» және «әрқилы 
қабілеттер бірігімі».
Адам бойындағы танымдық үдерістердің жиынтығы сол адамның 
ақыл, парасатын, яғни зердесін анықтайды.
Векслер анықтауында «Зерде – ақылды, саналы ойлай білу мен тір-
шілік жағдайларында ұтымды табысқа жеткізетін ауқымды қабілеттілік», 
яғни зерде адамның қоршаған ортада бейімделе білу қабілеті ретінде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет