Лекция №1 Лекцияның тақырыбы : т iл бiлiмi және оның салалары


Дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуi (регрессивтi аккомодация)



бет12/50
Дата12.12.2022
өлшемі221.83 Kb.
#467061
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50
Лекция №1 Лекцияны та ырыбы т iл бiлiмi ж не оны салалары

2. Дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуi (регрессивтi аккомодация)
Түбiр соңындағы дауыссыз бен қосымшаның басындағы дауыстылардың үндесуiнде мынадай ерекшелiктер бар:
а) жарқ еттi, жарқыл, лап еттi, дүңкiл деген елiктеуiштер бұл заңға бағынбайды;
ә) сөздiң соңғы буынындағы қысаң ы, i дыбыстары дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда қатаң дыбыс ұяңданбайды: үрiк-үркер, бөрiк-бөркi, халық-халқы т.б.
б) сын есiм тудыратын – ы жұрнағы жалғанғанда қатаң дыбыс өзгермейдi: қазақ-ы, қалмақ-ы т.б.
в) -ов, -ев қосымшалары жалғанғанда өзгермейдi: Беков, Себепов т.б.
Орфография заңы бойынша сөз соңындағы қатаң дыбыс жалғанғанда ұяңға айналуы тиiс: тарақ-тарағы, кесек-кесегi, көп адам-көбадам т.б.
Ал жоғарыдағы 4 жағдайда бұл заңдылық сақталмайды.
Көсемшенiң -ып, -iп, -п қосымшалары жалғанғанда сөз соңындағы қатаң дыбыс ұяңданады: айтып жiбер-айтыб жiбер, санап жiбер-санаб жiбер т.б. Ал қарапайым сөйлеу тiлiнде мынадай формада кездесуi мүмкiн:
а) бунақтарда п және етiстiк құрамындағы i түсiп қалады: айтып жiбер-айтыжбер, жазып жiбер-жазыжбер т.б.
ә) етiстiк ұяң з-ға аяқталса, көсемше түсiп қалып, з регрессивтi ықпалға ұшырап ж+ға айналады: жазып жiбер – жажжбер т.б.
б) етiстiк құрамындағы с, сы ш-ға жуық айтылады: кесiп жiбер-кешiжбер, қосып жiбер-кошұжбер т.б.
Бақылау сұрақтары:

        1. Үндестiк заңы дегеніміз не?

        2. Сингармонизмнің түрлерн атаңыз.

        3. Ассимиляцияның қандай түрлерi бар?

        4. Аккомодация дегеніміз не?

        5. Аккомадацияға қандай ерекшелiктер тән?

Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары: Қазақ жазуының даму тарихы (реферат).
Қажетті әдебиеттер

  1. Сыздықова Р. Сөз сазы. А., 1995, 81-83 б.

  2. Байтұрсынов А. Тiл тағылымы. А., 1992, 374-378 б.

  3. Шүленбаева Ұ. Қазақ тiлiндегi ерiн үндестiгi. А., 1994.

  4. Омарбеков С. Ауызекi тiлiмiздiң дыбыс жұйесi. А., 1985, 69- б.

  5. Аханов К. Тiл бiлiмiнiң негiздерi. А., 1992.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет