Лекция: 15 сағат СӨЖ: 15 сағат обсөЖ: 15 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат


- лекция. Жеткіншектердегі мазасыздық деңгейін диагностикалау



бет4/9
Дата13.06.2016
өлшемі0.97 Mb.
#134099
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9

7- лекция.
Жеткіншектердегі мазасыздық деңгейін диагностикалау.

(1 сағат)
Жоспары:


  1. Жеткіншектің мінез ерекшеліктері “Жаңбыр астындағы адам” әдістемесі.

2. Тест нәтижесін талдау кестесі.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:

  1. Диагностическая и коррекционная работа школьногог психолога. Под. ред. И.В.Дубровиной. М.,1987.

  2. Көмекбаева Л.К. Психологиялық қызметті ұйымдастыру. А.,2003.

  3. Леонова Л.Б. психологическая диагностика и регуляция функциональных состояний учащихся. М.,1990.

  4. Майерс Д. Социальная психология. Питер, 1998.

  5. Психологические тесты для деловых людей. Под. ред. Литвинцивой. М.,2000.


Қосымша:

  1. Абрамова Г.С. Практическая психология. М.,2001.

  2. Абрамова Г.С. Психологическое консультирование. М.,2001.

  3. Алдамуратов Жантану негіздері. А.,2001.

  4. Андреева Г.М. Социальная психология. М.,1980.

  5. Батаршев А.В. Тестирование основной инструментарий практическогог психолога. Ростов-на-Дону., 2000.


Лекцияның мәтіні:
«Жаңбыр астындағы адам» әдістемесі

Графикалық әдістер көбінесе дербес және көмекші ретінде құрастырылады. Мамандарда олар негізінен өте нашар сенімсіз ретінде бағаланады. Алайда, олар адамға шындықты жобалау және өз бетінше елмеуге мүмкіндік береді. Демек, сурет белгілі дәрежеде адамның жеке тұлғасын, оның көңіл-күйін, сезімдерін, уайымдарын, қарым-қатынасын көрсетеді.

Практиктер сурет тесттерді жиі қолданады. Суреттің нәтижесі бала өзінің күйзелістерін ауызша айтып жеткізе алмайтындығынан оның ішкі дүниесінің көрінісін білдіреді. Әрине, зерттеуші үшін оның суреттері қандай бейнеде колданғаны және олардың көмегімен қандай мәлімет алынғандығы әрқашан түсінікті.

Психодиагностиканың мақсаты жобалық графикалық әдістерінің оныңт нәтижесінің психотүзету үрдісінде қолданды, сол сияқты көбінесе олар бала өзінің ішкі дүниесін көрсетуге және өзін түсінуге ықпал етеді.

«Жаңбыр астындағы адам» әдістемесі сирек кездесетін, бірақ қызықты және мәліметті әдістеме болып табылады. Ол адамның эго күшінің диагностикасына, оның жағымсыз жағдайларға қарсы түру қабілетіне бағытталған. Сонымен қатар, қорғаныс механизмдернің касиеттері мен жеке тұлға резервтерін ашуға көмектеседі.

Нұсқау


Нұсқау классикалық вариантта карапайым түрде беріледі. Зерттеушіге тік Бағытталған қағаздың А4 ақ парағына адамның суретін салу ұсынылады, ал бұдан кейін сондай басқа параққа бөлек - жаңбыр астындағы адамнын суретін салуды тапсырады.

Екі суретті салыстыру адамның стресстік қолайсыз (жағымсыз) жағдайда ол қиындық кезінде не сезінетіндігін анықтауға мүмкіндік береді.

Тестілеу кезінде салынған суретті бақылау маңызды және зерттеушінің барлық айтқандарына назар аудару керек. Көбірек сенімді мәлімет алу үшін зерттелінушіге косымша сұхбат жүргізу керек.

Суреттерді интерпретациялау кезінде келесі мәліметтерге көңіл бөлу керек. Интепретацияда ұсыныстарға сүйене отырып, логикалык көзқараспен барлық арнайы датальдарды талдауға көшуге болады.

«Жаңбыр астындағы адам» суретін «Адам» суретімен салыстырғанда көптеген айырмашылықтарды айқандауға болады.

Экспозиция қалай өзгергенін қарау маңызды. Сонымен, мысалы, егер адам күтіп тұрғандай бейнеленсе, онда бұл өмірдің қиын жағдайларынан кету тенденциясымен байланысты, қиындықтан қашумен де байланысты болуы мүмкін (мысалы, әсіресе, егер адамның бейнесі құс ұшатын биіктіктен бақыланғандай бейнеленсе).

Жаңбыр астындағы адам кескіні парақтың жоғарғы жағына жылжу жағдайында зерттеулушінің әрекеттен қашу бейімділігі, сонымен қатар корғаныс механизмдерінің бар екендігі айтылады.

Кескіннің өзгеруі (трасформация)

Кескіннің көлемінің ұлғаюын кейде жасөспірімдерде кездеседі. Олар көбірек күшті және өздеріне сенімді болғандығын білдіреді.

Кескіннің кішіреюі зерттелуші өзін қорғау мен жақтаушылыкты қажет еткенді танытады, өзінің өміріндегі жауапкершілікті басқа адмдарға көшіруді көздейді. Кішкентай кескіндеулерді салатын бала әдетте өзінің сезімін көрсетуге ұялады және адамдармен өзара қарым-қатынасы кезінде кейбір кедергілер мен көпшілік тенденцияларына ие болады. Олар стресс нәтижесінде депрессиялық жағдайға душар болатындығын сездіреді.

Егер де Жаңбыр астындағы адам суретінде кескіндерді бейнелеу кезінде дененің қандай да бір бөлігі (аяқ, қол, құлақ, көз) салынбаса, онда бұл қорғаныс механизмдерінің өзгешелікгерін және эго реакциясының көріну ерекшеліктерін көрсетеді. Киімнің болмауы мінез-қүлыктың анықталған таптаурындарын ескермеумен, сезінудің албырттығымен байланысты.

Жаңбыр белгілері (атрибуттары)

Жаңбыр - адамдарда болатын кедергілер, жағмсыз әсерлер.

Бейнелеудің сипаты адамның қиын жағдайларды қалай қабылдайтындылығымен байланысты: сиректамшылар - уақытша, жеңуге болатын жағдайлар, боялған тамшы немесе сызытар - қиын, үздіксіз жағдайлар.

Жаңбырдың қайдан «келетінін» (адамның оң немесе сол жағынан) және кандай бөлік көп жағдайда әрекетке душар болатынын анықтау керек. Интерпретация адам кескіні немесе оң және сол жағының жазылған мәнімен қатысып жүргізіледі.

Қара бұлт жағымсыз жағдайларды күту белгісі болып табылады. Бұлттар, қара бұлттардың санына, олардың мөлшерінің қалындығына, орналасуына назар аудару маңызды. Депрссивтік жағдайда барлық аспанды алатын ауыр қара бұлт бейнеленеді. Шалшық су, батпақ,балшық бұл үрейлі жағдайдың салдарын. «жаңбырдан» кейін қалатын қайғыруларды бейнелейді.

Шалшықтың бейнелеу ерекшелігіне назар аудару қажет (форма, тереңдігі, шашыранды). Адам кескініне шалшық қалай орналасқанын ескеру маңызды. (Кескеннің артқы жағынан немесе алдыңғы жанына орналасқан ба, адамдарды барлық жағынан қоршаған немесе оның өзі шалшықта тұр ма?). Қосымша бөлшектер

Барлық қосымша бөлшектер (үй, ағаш, орындық, машина) немесе адам қолына ұстайтын заттар (сөмке, гүл, кітап) қосымша сыртқы тірекке деген қажеттіліктің көрініс ретінде қарастырылады.

Бөлшектерді көбірек толықтай түсіндіру (мәнін ашу) көрсетілген бейненің символдық мәнін құрайды. Мысалы, найзағай дамудағы жаңа циклдің бастауын және адамның өміріндегі қайғылы өзгерістерді бейнелеуі мүмкін. Найзағайдан кейін жиі пайда болатын күннің шығуын алдын-ала білдіретін кемпірқосақ толығымен орындалмаған армандарды білдіреді.

Қолшатырдың сырты жағымсыз нөсерлерден психикалык қорғанудың символикалык бейнесін түсіндіреді. Бейнелерді түсіндіру көзқарасы бойынша қолшатыр бейнесінде ана мен әкесіне байланысты белгі ретінде қарастырылады. Қолшатырдың жауын-шашыннан қорғауы да, қорғамауы да мүмкін.

Сонымен, мысалы үлкен қолшатыр-саңырауқүлак адам адам үшін барлық қиын жағдайларды шешетін анасының немқұрайдылығын дәлелдеуі мүмкін. Адамдардың кескініне қатысты қолшатырдың көлемі мен орналасуы психологиялық қорғаныс механизмі әрекетінің қарқындылығын көрсетеді.

Қатысты бөлшектердің болмауы шиеленісті жағдайларға және психикалық корғаныс механизмдерін ығыстырудың салдары болуын көрсетуі мүмкін. Мысалы, суретте қолшатырдың қатыспауы қиын жағдайда ата-анасы жағынан көмектің болмауы жағдайын көрсетуі мүмкін.



Суреттердегі түстер

Суретті қарапайым қаламмен орындауға болады. Көп адамдар түрлі-түсті қаламның қолдануын калайды. Егер зерттелушіде түрлі-түсті қаламдардың барлығы түгел болмаған жағдайда түстерге карап шешім шығарудың қажеті жоқ.

Түстер белгілі бір сезімдерді, көңіл-күйді және адамдардың қарым-қатынасын білдіруі мүмкін. Сонымен қатар, әртүрлі реакциялардың және шиеленісу жағдайдың да бейнелеуі мүмкін. Жақсы бейімделген эмоциялық қалапты бала әдетке 2-ден 5-ке дейінгі түстерді қолданады. 7-8 түстер жоғары лабильділікті көрсетеді. Бір түстің қолданылуы эмоциялық өзгеруде қорқыныштың болуын көрсетеді.

Қорытындылау кезеңі

Суреттің интерпретациялау кезеңі 1-ші және 2-ші кезеңінен алынған мәліметтер жиынтығы болып табылады. Стандартты тесттер нәтижесінің және адам туралы мәліметтерге қатысып алынған барлық материалдар талданады.



Тест нәтижесін талдау кестесі

Балалар аты




1.Айжан

Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары,

сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.




2.Ақнұр

Өзін жоғары бағалайды, әлеуметтік ортадағы өз

орнына қанағаттанбайды, танымдық қызығушылығы жоғары, барлық уақытта іс-әрекет үстінде.



3.Әлия

Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары,

сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.



4.Бану

Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары,
сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім

қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм



5.Данабек

Эгоцентризм, танымдық кызығушылығы жоғары,

сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.



6.Гүлдана

Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары,

сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.



7.Мақсат

Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары,

сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.



8.Марс

Эгоцентризм, танымдык қызығушылығы жоғары,

сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.



9.Нұрсұлу

Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары,

сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұріақсыз, инфантилизм.



«Жаңбыр астындағы адам» тестінің нәтижесін үш баланың суретін талдаумен көрсеттік. Ал бүл пиктограмманың нәтижесі бір-біріне өте ұқсас болып шықты.

Зерттеу нәтижесі бойынша балалардың басым көпшілігінің эгоцентризмі анық байқалатын, танымдық қызығушылығы жоғары дамыған және эмоционалдық тұрақсыз. Зерттеулер нәтижесінде 7 сынып оқушыларының басым көпшілігінің акцентуациясы нормаға жақын немесе соның дисперсиясы аралығында орналасқанын байқадық. Танымдық қызығушылығының жоғарылығы балалардың болашағы туралы ойға бөленіп жүргенін көрсетеді. Шешім қабылдауға пысық болғандары зерттелінушілердің үштен бірі. Сонымен қатар балар арасында өзіне сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм деген жарамсыз көрсеткіштер орын алды. Өзін жоғары бағалайтындары сонымен қатар, эмоционалдық тұрақсыздығы әлеуметтік ортадағы өз орнына қанағаттанбайтындығынан, сонымен қатар олардың жоғары дамыған танымдық қызығушылығының қанағаттандырусыздығынан тууы мүмкін. Жеткіншек жастағы балаларға тән тынымсыздық, барлық уақытта іс-әрекет үстінде болу кажеттілігі зерттеу нәтижесінде жиі кездесті. Біз бұл әдістеме нәтижесін көрсететін тоғыз оқушы жұмысын талдау нәтижесін келтірдік. Бұл зерттеуге барлығы 19 бала қатынасты. Басқаларының салған суреттерінің талдауы осы нәтижені көрсетеді.
8-лекция.
Жеткіншектердің акцентуациясын зерттеу нәтижелері.

(1 сағат)
Жоспары:


  1. “Мінез акцентуациясын бағалау” тесті.

2. Тест нәтижесін талдау.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:

  1. Психологические тесты. В 2-х томах. М.,2000.

  2. Психодиагностические методы. Под. ред. А.А.Карелиной. М.,20000.

  3. Психологическая диагностика. Под. ред. Г.М.Гуревича. М.,1981.

  4. Практическая психология в тестах. Составители С.Римскмй, Р.Римская. М.,1996.

  5. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М.,1996.

  6. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М.,1997.

  7. Тесты, тесты, тесты. Под. ред. М.Мацковского. М.,1990.

  8. Шеврандин Н.И. Социальная психология в образовании. М.,1995.



Қосымша:

  1. Бадмаев Б.Ц. Методика проеподавания психологии. М.,2003.

  2. Бектенгалиева С.Х., Ядгарова Н.Қ. Балабақшада психологиялық қызмет жұмысын ұй ымдастыру. А.,2003.

  3. Битянова М. Практическая психология. М.,1996.

  4. Выготский Л.С. К вопросу о динамике детского характера. М.,1983.

  5. Валиева М. Білім беру технологиялары. А., 2002.

  6. Дубровина И. В. Положение о школьной психологической службе. М.,1985.

Лекцияның мәтіні:
«Мінез акцентуациясын бағалау» тесті

Нұсқау: Сізге 97 сұрақ ұсынылып тұр, олардың әрқайсысына сіз «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруіңіз қажет. Ойлануға көп уақыт жұмсамаңыз. Мұнда «жаман» немесе «жақсы» жауаптар болуы мүмкін емес.

1

. Сіздің көңіл-күйіңіз жарқын, қайғыланбаған бола ма?

2. Тіл тигізгенді, ренішті сіз жақын қабылдайсыз ба?

3. Сіз оңай жылай саласыз ба?

4. Сізде қандай-да бір жұмысты аяқтағаннан соң, оның орындалу сапасында күмән пайда бола ма және барлығы дұрыс істелінді ме - деп тексеруге жүгінесіз бе?

5. Балалық шағыңызда сіз құрбыларыңыз сияқты батыл болдыңыз ба?

6. Сіздің көңіл-күйіңіздің бірден өзгеруі жиі бола ма?

7. Ойын-сауық кезінде сіз назар ортасында боласыз ба?

8. Сіз ерекше себепсіз ұрысқақ және ашуланшақ болатын, және айналадағылар сізге тимеген дұрыс, - деп санайтын күндер бола ма?

9.Сіз сізге келген хаттарды, оқыған соң, бірден жауап қайтарасыз ба?



  1. Сіз салмақты адамсыз ба?

  2. Сіз айналадағы барлығын ұмытып кететіндей, уақытша бір нәрсемен қатты айналысып кетуге қабілетіңіз жете ме?

  1. Сіз тапқыр (іскер) адамсыз ба?

  2. Сіз реніш пен сізге жасалған қорлықты тез ұмытасыз ба?

  3. Сіз жұмсақ көңілді адамсыз ба?

  4. Сіз почта жәшігіне хат тастағанда, оны онда түскенін не түспегенін тексересіз бе?

16.Сіздің мақтан сүйгіштігіңіз сізден жұмыста (оқуда) алдыңғы қатарлылардың бірі болуыңызды талап етеді ма?

  1. Сіз балалық шағыңызда найзағай мен иттерден қорықтыңыз ба?

  2. Сіз кейде әдепсіз әзілге күлесіз бе?

  3. Сіздің таныстарыңыз арасында сізді педант деп санайтын адамдар бар ма?

  4. Сіздің көңіл-күйіңіз тыста болып жатқан жағдай мен окиғаларға тәуелді ма?

  5. Сіздің таныстарыңыз сізді ұнатады ма?

  6. Сіз күшті ішкі үмтылыс пен іздену сезіміне өзіңізді жиі билетіп аласыз ба?

  7. Сіздің көңіл-күйіңіз әдетте төмен түсіп жүре ме?

  8. Сіз ауыр жүйке күйзелісін бастан кешіре отырып, еңіреп жылаған кездеріңіз болды ма?

  1. Бір орында көп уақыт отыру сізге ауыр тие ма?

  2. Сізге әділетсіздік жасалса, сіз өзіңіздің мүддеңізді қорғайсыз ба?

  3. Сіз кейде мақтанасыз ба?

  4. Сіз қажет болған кезде үй жануарын немесе құсты соя алатын едіңіз бе?

  5. Егер перде немесе дастарқан қисық ілініп тұрса сіз ызаланасыз ба? Оны дұрыстауға тырысасыз ба?

  1. Балалық шағыңызда сіз үйде жалғыз қалуды қорқатын едіңіз бе?

  2. Сіздің көңіл-күйіңіз айқын себептерсіз жиі бұзылып тұра ма?

  3. Өзіңіздің кәсіби қызметіңізде сіз ең жақсылардың қатарында болып көрдіңіз ба?

  4. Сіз тез ашуланасыз ба?

  5. Сіз көңілді болып, жылтынбай бола аласыз ба?

  6. Сіздің бақытқа кенеліп тұратын кездеріңіз болып тұра ма?

  1. Ойын - сауық қойылымдарында сіз конферансия ролін ойнай алатын едіңіз бе?

  2. Өзіңіздің өміріңізде өтірік соғып көрдіңіз бе?

  3. Адамдарға сіз солар туралы пікіріңізді олардың көздеріне қарап тура айтасыз ба?

  1. Қанға сіз қобалжымай қарай аласыз ба?

  2. Өзіңіз ғана жауапты жұмыс сізге ұнай ма?

  3. Әділетсіздікке ұшыраған адамдарға сіз жақтасасыз ба?

  4. Қараңғы қоймаға түсу мен қараңғы бос бөлмеге кіру, қажеттілігі сізді

қобалжытады ма? ' ' ,.

43.Сіз тез істелетін және көп еңбекті керек етпейтін кәсіпке қарағанда, көп уақыт пен дәлдікті қажет ететін кәсіпті артық көресіз бе?



  1. Сіз адамдармен көп араласатын адамсыз ба?

  2. Сізге мектепте өлеңді мәнерлеп айту ұнайтын еді ма?

  3. Балалық шағыңызда үйден қашқан кездеріңіз болды ма?

  4. Автобуста қарттарға орынды сіз әдетте ойланбай, бірден бересіз бе?

  5. Сізге өмір жиі қиын болып көрінеді ма?

  6. Сіз бір дау-жанжалдан кейін берекеңіз кетіп жұмысқа келе алмайтын күйді кешіп көрдіңіз ба?

  1. Сәтсіздік кезінде сіз әзілкештігіңізді сақтайсыз деп айтуға бола ма?

  2. Егер біреуді өкпелетсеңіз онымен татуласуға тырысасыз ба? Татуласуға бірінші болып қамданасыз ба?

  1. Сіз жануарларды өте жақсы көресіз ба?

  2. Үйден шығып кетіп, газ, электр шамын өшіруді ұмытпадым ба деп, қайтып оралған кездеріңіз болды ма?

54.Сізге немесе сіздің туыстарыңызға бір нәрсе болуы тиіс деген ойлар сіздімазалады ма?

  1. Сіздің көңіл-күйіңіз ауа - райына қатты тәуелді ма?

  2. Үлкен аудиторияның алдына шығып сөз сөйлеу сіз үшін киын ба?

  3. Біреуге ашуланып қол жұмсауыңыз мүмкін ба?

  4. Ойын -сауық құрып жүруді сіз өте жақсы көресіз бе?

  5. Сіз ие ойлап тұрғаңызды әрқашан айтасыз ба?

  6. Бір нәрсеге түңілудің әсерінен сіз қайғыға, бәрінен күдер үзетін жағдайға түсе аласыз ба?

  1. Қандай - да бір істе сізді ұйымдастырушының ролі қызықтырады ма?

  2. Егер сізге мақсатқа жету жолында қандай-да бір тосқауыл кездессе, сіз табандылық танытасыз ба?

63. Сізге жағымсыз адамдар сәтсіздікке ұшырағанда, сіз қанағат сезімін әйтеуір бір кезде болсын сездіңіз бе?

  1. Трагедиялык фильм сізді, көзіңізге жас келетіндей қобалжыта алады ма?

  2. Өткен не келешек күндер проблемалары туралы ойлар сізді жиі ұйықтатпайды ма?

66.Мектепте жолдастарыңызға айтып тұратын не көшіргізетін қасиетіңіз бар еді ма?

  1. Қараңғыда жалғыз өзіңіз мазар арқылы өте алатын едіңіз бе?

  2. Егер кассада қателесіп көп ақша беріп қойса, ол ақшаны ойланбай қайтарасыз ба?

  1. Үйіңізде әр заттың өзінің орнында тұру керектігіне үлкен мән бересіз бе?

  2. Өте жақсы көңіл-күймен ұйқыға жатып, таңертең бірнеше сағатқа созылатын күймен оянған кездер сізде болып тұра ма?

  1. Жаңа жағдайға оңай бейімделесіз бе?

  2. Басыңыз жиі айнала ма?

  3. Сіз жиі күлесіз бе?

  4. Сіз жақтырмайтын адамға, өзіңізді шын сезіміңізді ешкімге білдіртпей, жылышырай таныта аласыз ба?

  1. Сіз қызу қанды және епті адамсыз ба?

  2. Әділетсіздік жасалынса сіз қатты күйзелесіз ба?

  3. Сіз табиғатқа құмар, қамқоршысыз ба?

  4. Үйден кеткенде не ұйқыға жатқанда, крандардың жабылуын, жарықтың сөндірілуін, есіктерідің кұлыптануын тексересіз бе?

  1. Сіз жиі шошитын жансыз ба?

  2. Сіз ішкен алкоголь сіздің көңіл - күйіңізді өзгерте алады ма?

  3. Көркемпаздық үйірмелеріне ынтаңызбен қатысасыз ба?

  4. Сізді кейде үйден алыс кетіп қалуға тартып тұра ма?

  5. Әдетте өмірге сіз кішкене пессимистікпен қарайсыз ба?

  6. Сізде көтеріңкі көңіл-күйден камыққан күйге ауысулар болып тұра ма?

  7. Сіз айналадағыларыңыздың көңілін көтертіп, компания жаны бола аласыз ба?

  8. Сіз өзіңізде қаһар мен өкінішті көп уақыт сақтайсыз ба?

  9. Басқалардың қайғысына ортақтасып сіз де ұзақ уақыт қайғырып жүресіз бе?

  10. Сізге айтылған кемшіліктердің дұрыстығын біліп, сіз олар мен әрқашан келісесіз бе?

  11. Мектеп жасыңызда қателерді түзету кесірінен, дәптердегі бір парақты қайтіп көшіре алатын едіңіз ба?

  1. Сіз сенгіш адамнан гөрі, сақтық сақтайтын және ешкімге сенбейтін жансыз ба?

  2. Сіз қорқыныш түстерді жиі көресіз бе?

  3. Кейде сізде, егер сіз перронда тұрсаңыз, жақындап келе жатқан пойыздың астына ез еркіңізге қарсы секіріп кететіндей немесе үлкен үйдің жоғарғы этажынан секіретіндей, сізден айрылмайтын сондай ойлар туады ма?

  1. Көңілі көтеріңкі адамдар арасында сіздің де көңіліңіз көтеріле ме?

  2. Сіз күрделі проблемаларды аз немесе мүлдем ойламайтын адамсыз ба?

  3. Алкогольдің әсерінен сіз кенеттік импульсивті әрекеттер жасайсыз ба?

  4. Әңгіме құрғанда сіз сөйлеуден гөрі, көп үндемейсіз ба?

  5. Біреуді суреттей отырып, уақытша өзіңіздің қандай екендігіңізді ұмытып кете алатын едіңіз ба?

Жауап бланкелері бойынша балалардың таңдап алған варианттарына байланысты олардың акцентуациясының көрсеткіштерін анықтадық. Үлгі ретінде Айнабектің жауап бланкесін келтіріп отырмыз.

«Мінез акцентуациясын бағалау» методикасына жауаптар бланкі

Баланың аты Айнабек





ия

жоқ



ия

жоқ



ия

жоқ



ия

жоқ

1

+




25

+




49




+

73

+



2




+

26

+




50




+

74

+




3




+

27



+

51

+




75




+

4

+




28




+

52

+




76




+

5

+




29

+




53




+

77




+

6

+




30

+




54




+

78

+




7




+

31




+

55




+

79

+




8




+

32




+

56




+

80

+




9

+




33




+

57




+

81




+

10

+




34




+

58

+




82

+




11




+

35




+

59




+

83

+




12




+

36




+

60

+




84




+

13




+

37

+




61




+

85

+

+

14

+




38

+




62

+




86




+

15




+

39



+

63




+

87

+




16

+




40




+

64




+

88

+




17

+




41

+




65




+

89

+




18




+

42



+

66

+




90

+




19

+




43

+




67

+




91




+

20




+

44

+




68

+




92




+

21




+

45



+

69

+




93

+




22

+




46

+




70

+




94

+




23




+

47




+

71




+

95

+




24

+




48




+

72

+




96




+


























97




+




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет