Интеллектінің биологиялық шектеулігі. Н.Н. Ладьгина –Котстың пікірі бойынша, адам тәріздес маймылдардың аластарінің көру бейнелері адамдікіне қарағанда біршама мәнді, әлсіз болып табылады және үнемі қоршаған жағдайдың компоненттерімен байланысты, яғни елестердің жағдайлық байланыстылығы бақыланады.
Шимпанзе жалпақ тақтайшаны тар түтікшеге кіргізуге бірнеше рет талпыныс жасап, көбінесе «ыңғайсыз» қателер жібереді. Мысалы, шимпанзе жемді алу үшін ілгекті адекватты пайдалана алмайды. Сонымен бірге, иілген бөлігін кедергі жасап тұрған элемент ретінде сындырып алып тастайды. Осында олардың ойлауының шектеулігі көрінеді.
Н.Н. Ладыгина –Коте былай деп жазды: «Шимпанзе жаңа жағдайда бірден мәнді ерекшеліктерді тауып алуға және заттар арасындағы тікелей қабылданатын қатынастарды саралаудың негізінде жаңа байланыстарды қалыптастыруға қабілетті емес». Бұны Э.Г. Вацуроның «тексеру жолын» пайдаланып жүргізген тәжірбиесі де дәлелдеді, онда шимпанзе шекті алып тастағаннан кейін де жемді алу үшін тексеру долын пайдалануын жалғастыра берді.
Тіпті интеллектінің ең күрделі көрінулерінің өзі жаңа жағдайларда көбінесе тамақ табу жүріс-тұрысының ерекшеліктерімен байланысты филогенетикалық қалыптасқан әрекет тәсілінпайдалану болып табылады. Бүкіл психикалық іс-әрекеттің бұл биологиялық шарттылығы олардың интеллектуалды қабілеттіліктерінің шектелгенділігінің , бір ғана елестердің себебі болып табылады бұл өз әрекеттерінің шын мәніндегі себеп-салдарлық байланыстарды түсінуге қабілетсіздікке алып келеді, Интеллект мәселесі әлі жеткілікті зерттелмеген интеллектінің тек приматтарға ғана тәнболуы күмән туғызады.
Баќылау с±раќтары:
1. Жануарлардың түрлі заттармен манипуляция жасайтын барлық жағдайларын құрал пайдалануға жатқыза беруге болмайды, себебін ашып көрсетіңіз?
2. Интеллектінің биологиялық шектеулігі.
12- лекция. Таќырыбы: Жануарлардың инстинкт және үйрену мәселелері жайлы көзқарастар
Жоспары: 1. Жануарлар пәні және міндеттері. Жануарлар психикасы жайлі ертегі пікірлер
2. Жануарлар құлқының эволюцияға дейінгі қөзқарас (18ғ)
Лекция маќсаты: Жануарлар инстинкттінің қалыптасумен дамуы, олардығ дағдысы және үйрену мәселелері жайлы көзқарастарға талдаулар беру.
Лекция мєтіні
-
Жануарлар психикасы жайлі ертегі пікірлер.
Жануарлардың мінез-құлқыларының қозғаушы күштерінің негізі жайлі ежелгі ойшылдар, жануарларда «рухани бастапқысы» бар ма, егер бар болса, оның табиғаты қандай екені туралы ойланған. Эпикур және оның ізбасарлары, әсіресе Лукреций «жан» материалды деген пікірде болған. Лукрецийдің пікірінше, жануарлар құлқыларының мақсатты әрекеттері,ол табиғи сұрыпталу нәтижесі, яғни пайдалы қасиеттері бар жануарлар ғана өмірге қарсы тұралады деген.
Ежелгі философ-идеалистерде «идея әлемі», «әлемдік ақыл» пікірде болып, ол құдай ұғымымен теңестірілген. Осы универсальды «ақылдың» жаратылысы адам және жануарлар жаны болады да, Сократтың пікірінше ол тәнмен бірігіп сезімдікке ие болады да өз әрекеттерің құштарлығыңа бағыттайды. Жануарлар құлқы әуестенуі, құштарлықтарымен анықталады деп санаған Платон. Осыдан инстинкт жайлі қадам басталды.
«Ежелгі ғұлама ойшыл» деп К.Маркс атағандай Аристотель философтар арасында табиғи сынаушының алды болған. Аристотель адамға мәңгілік «ақылды жанды» жатқызады. Оның пікірінше, жан сөнулі материяны жандандырады, яғни тек дене ғана сеземді құштарлыққа ие деген. Сол себептен ақылы бар, танымдыққа қабілетті еркінді адамға қарағанда, жануарларда тек өлетін «сезмдік жан» ғана бар. Бірақ ыстық қанды, тірі пенде әкелетің жануарлардың барлығысында адам сияқты бес сезім мүшесіне ие. Жануарлардың құлқылары өзің-өзі сақтау және ұрпақты жалғастыруына бағытталуы, түйсіну, құмарлану, әуестену, қанағаттану түрткілерімен байланысты. Осы мен қатар, жануарлардың құлқы әр жануарлардың деңгейлеріне байланысты ақылы мен анықталады.
Аристотель, өзінің пікірлерің нақты, бақыланған дәлелдермен бікетеді. Мысалы, құмырсқалардың белсенділігі жарықпен байланысты келеді. Бірқатар жануарлардың қатынастарында бірін бірінен үйрену қабілеттері байқалады; көбею кезінде дыбыс арқылы қатынас жасаулары да байқалған.
Аристотельдың бірқатар тұжырымдары стоиктер ілімдерінде біршама өзгерістерге ұшырағанымен әрі қарай дамыған. Стоиктерде инстинкт ұғымы алғашқы рет қолданды да, бұл философтармен жануарлардың әрекеттерін жағымдыға бағыттайтың туа біткен, мақсатты ұмтылысы деп түсіндіріледі. Хризипптің түсіндіруі бойынша, үйректің балапандары тауық басып шығарғанымен жақың көрек бар су стихиясына жүгіреді деген, сөйтіп басқа да инстинктивті жануарлардың мінез-құлқын көрсеткен: құс ұя салуы, ара ұяшықтар құруың, өрмекші өру іскерлігін. Бұлардың барлығың жануарлар бейсаналы атқарады, яғни оларда ақыл жоқ, жануарлар қызметтерің түсініксіз, тек таза туа біткен білім негізінде орындайды деп Хризипп өзінің заманының озық қөзқарастарымен таңқалдырған.
2.Жануарлардың мінез-құлқыларының эволюцияға дейінгі қөзқарастар (18ғ).
Орта ғасыр кезеніндегі мыңжылдық ғылыми ойлардың басендеуінен соң ғылыми шығармашылық өркендей бастады, бірақ тиянақты бақылау және эксперимент нәтижесінде алынған деректердің іргелі тасы болып жануарлардың мінез-құлқын зерттеу он сегізінші ғасырда жүргізіле бастады. Осы ғасырдың орта кезендерінде жануарлардың психикалық қызметтерің ілгері зерттеуге үлесін қосқан ғалымдардың, философтардың және натуралистердің шоқталған еңбектері пайда бола бастады.
Солардың ішіндегі бірі француз философ –материалисі, білімі дәрігер, Ж..О.Ламеттри. Ламеттри жануарлардың инстинкті ойлану мен тәжірибеден тыс мәжбүрлі түрде орындалатың қозғалыстар жиынтығы деп көрсеткен. Соңымен бірге ол себебін білмесе де инстинктің биологиялық бейімделуін айқындаған. Ламеттри зерттеулеріндегі маңызды қасиет болып, жануарлар психикасының қызметің салыстыру қатынасы жатады. Әртүрлі сүткөректілердің және де құстардың, балықтардың, жәндіктердің психикалық қасиеттерің салыстыра отырып, сол қасиеттердің адамға қарай бағытталған прогрессивті күрделенуің көрсетті.
Ірі француз ағартушысы Э.Б.Кондильяк өзінің «жануарлар туралы трактаттарында» (1755) жануарлар инстинктісінің шығу тегі туралы сауалда арнайы қарастырған. Әдетті әрекеттердің орындалуы инстинктивті әрекетпен ұқсастық тұрғысынан Кондильяк, біртіндеп танымдықты қосу жолындағы саналы әрекет негізінде инстинкт пайда болды деген пікірге келді: саналы құлқы әдетке, ал ақырғысы-инстинктке ауысады.
Мұндай пікірге қарсы болған Ш.Ж.Леруа. Бұл ойшыл, натуралист Кондильяктың белгіленген реттерің кері оқу керек деп дәлелдеген. 1781 жылы басылып шыққан «Философских письмах об уме и способности животных к совершенствованию» атты еңбегінде, жадыны жаттықтыру және түйсіну әрекеттерінің қайталану нәтижесінде жануарлардың инстинкті негізінде үйретуден ақылдың пайда болуы, мәселесін көтерген. Леруа өзінің діни догмаларға қарсы жоғары психикалық қабілеттердің дамуы тұжырымдамаларың табиғаттағы жануарлар құқысының деректерімен дәлелдеуге тырысты.Осы тұргыдан, жануарлардың өмірлік ортасың еске ала отырып табиғи жағдайда эксперимент өткізіп, олардың психикалық қызметтерінің әсіресе инстинктері осы табиғи орта ерекшеліктерімен байланысты екенің дәлелдеді.
Леруа жануарлар инстинктерінде олардың қажеттілік көрінісің байқады:қажеттіліктерің қанағаттандыру инстинктің пайда болуына соғады.Леруа пікірінше, әдет ұрпаққа беріледі де түбінде табиғи құлқылық комплекске енеді. Ол, мұңы аңшыл иттерде суреттеген, олар өз қылықтарың ұрпағына жеткізеді.
Зоопсихология ғылымының қалыптасуына өте зор үлесін қосқан Ж.Л.Леклерк-Бюффон. Ол жануарлардың психикалық қызметтерің зерттеуде шынайы натуралистік қатынаспен қоймай,өзінің табиғи зерттеулері мен байқауларындағы талдауда жануарлар мінез-құлқысын (19ғ. аяғынағы 18 ғ. басындағы көптеген ғылымдарға қарағанда) антропоморфтық пікірдең аулақ болған. Оның ілімімен келісімде жануарларға (нақты сүткөректілерге) психика қызметінің әртүрлі формалары тән, әсіресе жеке түйсік пен әдеттер, бірақ өз әрекеттерін түсіну деген мағнаны білдірмейді. Сондай ақ жануарлар қарым-қатынас жасауға қабілетті, бірақ тілдері тек сезім қуйзелісін білдіреді.
Жануарлардың психикалық қызметтерінің ерекшеліктері мен өмірлік бейнесінің арасынадғы байланысты анықтай отыра Бюффон олардың қылықтарын анықтайтың факторы болып жануарлардың ішкі жағдайларына (құмарлықтарына) қоршаған орта ықпалының әсері жайлі теория ашты.Бюффонның тұжырымдамаларының барлығы шынайы деректерге сүйене құрылып дүниетаңым жүйесіне кіріп жануарлар психикасы және мінез-құлқы ғылымының негізін салды.
Баќылау с±раќтары:
1. Лукреций жануарлар құлқыларының мақсатты әрекеттерін қалай бөлді?
2. Хризипптің зоопсихологияға жасаған тәжірибелері?
3. Жануарлар мінез-құлқысын (19ғ. аяғынағы 18 ғ. басындағы көптеген ғылымдарға қарағанда) антропоморфтық пікірдең аулақ ұстаған ғалым?
13- лекция. Таќырыбы: Инстинкт
Жоспары: 1. Жануарлар пәні және міндеттері.Инстинкттің ішкі және сыртқы факотрлары
2.Инстинкт және қарым-қатынас
Лекция маќсаты: Инстинкт құбылысы туралы ғылыми теориялық мағлұматтарға талдау жасау.
Лекция мєтіні
Инстинкт – бұл түрдің тәжірибесі, ал үйрену – индивидуалды тәжірибе болып табылады. Инстинкттивті қозғалыстар табиғи таңдаудың нәтижесі болып табылады, бұл түрдің жинағы. Инстинктивті жүріс-тұрыс өз кезегінде инстинктивті қозғалыстардан (позалардан) тұртын инстинктивті әрекеттерден (актілер) жинақталады. Бірнеше негізгі инстинктер бар, олар: тамақтың, өзіндік сақтану, ұрпақ жалғастыру, ата-аналық жүріс-тұрыс. Олар тұқым қуалаушылықпен беріледі (тектік жолмен) және түрге тән болып табылады. Егер инстинктті шартсыз рефлекспен салыстыратын болсақ, онда ол шартсыз рефлекске қарағанда өзінің құрылымы бойынша күрделі болып табылады деп айтуға болады. Инстинкттің құрылымы оған үйнеудің элементтерін енгізуге мүмкіндік беретін иілгіштік береді, ал жеке шартсыз рефлекстер қатал бағдарламаланған болып келеді.
Инстинктивті қозғалыстардың сипаты организмнің морфологиялық ерекшеліктерін анықтайды.
Инстинкттің ішкі және сыртқы факотрлары. Р.Декарт – истинктивті жүріс-тұрысты ішкі факторлар түріндегі қозғалмалы күштердің әсерімен түсіндіретін механистикалық бағыттың негізін салушы болған.
Мистикалық бағыт инстинкттің ішкі себептерінен шыға отырып оның мақсатқа бағытталғандығын түсіндіреді. Шын мәнінде кез келген истинкттің көрінуінің себептері сыртқы да, ішкі де факторлар боып табылады. Инстинкттің ішкі ортасының тұрақтылығы, оның өмірлік іс-әрекеті үшін қажетті жағдайы екендігі мәлім. Теңдіктен кез келген ауытқу гомеостазды қайта қалпына келтіру үшін өзіндік реттеудің физиологиялық механизмдерін (қызметтік жүйелер) әрекетке келтіреді. Теңдіктен осы ауытқулар инстинкттердің ішкі факторлары боылп табылады, олар жүріс-тұрыстың қанағаттандыруға бағытталған қажеттіліктерінің көрінуінде байқалады.
Табиғат ырғақты болып келеді және ол организмдегі түрлі үрдістер де ырғақтар түрінде өтеді. Ырғақтар тәуліктік, айлық, мезгілдік, космостық және т.б. болады. Мысалы, тәуліктік ырғақтар ОНЖ ырғағында көрінеді – ол жүріс-тұрыстың уақыт бойынша бейімделуін қамтамасыз ететін биологиялық сағаттар. Қалыпты жағдайларда ішкі ырғақтардың ағымы инстинкттің сыртқы факотрлары болып табылатын сыртқы әсерлердің әсерінен өзгереді.
Инстинкттің сыртқы факторлары инстинктивті реакцияны жіберетін негізгі стимулдар боып табылады, бірақ негізгі стимулдарды тануды қамтамасыз ету үшін «туа берілген басталу механизмі» (ТБМ) («врожденный пусковой механизм» ВПМ) бар, ол – ортаның биологиялық белсенді жағдайларына жүріс-тұрыстың үйренгіштігін қамтамасыз етеді, одан кейін одақтасуды «алып тастау» өтеді. ТБМ-нің өзіне тән ерекшелігі – сыртқы стимулдарға, тіпті тітіркендіргіштердің белгілі –бір комбинациясына әсерленудің таңдамалылығы болып табылады.
Жануарлар негізгі тітіркендіргіштерге жүріс-тұрыстың туа берілген формаларының индивидуалды тәжірибесіне тәуелсіз әсерленеді.
Голландиялық зоолог Н.Тинбергеннің тәжірибелерінде күміс түстес шағаланың балапандары тіпті ата-аналық особтың негізгі белгілері бар макетке де әсерленген. Болашақ балапандарын басып жатқан үлкен шағалалар жұмыртқаларды ағаш, әйнек, тас, батпақтан жасалған көлемі, түсі және салмағы әртүрлі жұмыртқаларға алмастырғанды байқамаған, тек олар дөңгелек және тегіс болуы қажет. Негізгі стимулдар ұзақ уақытты эволюция үрдісі барысында негізгі бола бастады және оған біршама қарапайым, бірақ үнемі стимулдар енді. Мысалы, пингвиндер ешқашанда адамнан қорықпайды, себебі адам пигвиндердің жанында ешқашанда өмір сүрмеген.
Инстинкттің құрылымы. Американдық зерттеуші У.Крейг инстинкттің екі фазасын бөліп көрсетті, олар: іздеу және аяқтау фазалары.
Іздеу фазасы инстинкттің иілгіш фазасы болып табылады және айқын көрінетін бейімділік-зерттеу іс-әрекетімен сипатталады. Аяқтау фазасы, керісінше, қатал фаза және бір түрге жататын барлық өкілдері бірдей өтеді.
Инстинкт және қарым-қатынас. Қарым-қатынасқа қабілеттілік эволюция үрдісінде тек жануардың кейбір әрекеттері (қозғалыстары) сигналдық мәнге ие болған кезде ғана, яғни ақпаратты бере бастаған кезде пайда болды. Коммуникативті әрекеттердің ақпараттық мазмұны зоосемантика деп аталады, ал әрекет механизмі – зоопрагматика деп аталады.
Позалар, мимика және басқа да дене қозғалыстары үлкен ақпараттық мәнге ие болып табылады. Демонстрациялық жүріс-тұрыс – арнайы сигналдық мәні бар дененің белгілі-бір бөліктерін (дененің айқын бөліктері, өрнектер, жел толқу, қанатты немесе жүндерді тікірейту) демонстрациялау зейін аударады. Жануарлардың қозғалыстары бірінші және екінші болып екіге бөлінеді. Бірінші қозғалыстар – бірте-бірте сигналдық қызмет атқара бастаған «аллохтонды» қозғалыстар. Оларға диалог түрінде орындалатын рәсімденген қозғалыстар жатады.
Баќылау с±раќтары:
1. Инстинкттің ішкі және сыртқы факотрлары.
2. Инстинкттің құрылымы.
3. Инстинкт және қарым-қатынас
14- лекция. Таќырыбы: Үйрену
Жоспары: 1. Үйрену процесінің жалпы сипаттамасы
2. Жануарлардың дағдысы, дағды ерекшелігі
Лекция маќсаты: Үйрену процесінің жануарлар өміріндегі маңызы, оған сипаттама. Жануарлар дағдысын пайда болуы, қалаптасуы және дамуы, оның ерекшеліктері жайында түсініктер беру.
Лекция мєтіні
Тума әрекет –қылықты талдау толық психикалық бейнелеудің әртүрлі болып келуі және байлығы үйрену мен жеке тәжірибе жинақтауына байланысты деген қорытынды тудырады. Уйрену процесін зерттей отырып, әрекет-қылық қалыптасуының өмір барысында жинақталған және эволюция процесінде бекітілген жеке нақты жануарлар тәжірибесі, нақты тәжірибе түрі. Осы айтылған, әреке-қылық компоненттерің анықтайтың туа біткен және жеке жүре пайда болған байланыстар жатады. Түрдік (видтік) тәжірибе генетикалық тіркестірілген, туа біткен форма түрінде түма әрекет –қылықтың компоненті түрінде ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады, сол себептен әрекет-қылық әрқашан видиотипті болып келеді. Бірақ, әр видиотипті әрекет-қылық формасы өзінің шығу тегімен міндетті түрде туа біткен, тума деп айтуға болмайды. Көп жағдайда үйрену формасы, сыртынан тума әрекет-қылыққа ұқсағанымен, ол қатал видиотипті шеңбердегі жеке тәжірибе жинаудың нәтижесі.
Г.Темброктың пікірінше, ең алдымен облигатты үйрену формасы, нақты түр өкілінің, жеке тіршілік жағдайына тәуелсіз, өмір сүруіне қажетті жеке тәжірибесі. Темброк пікірінше облигатты үйренуге қарама-қайшы болып факультативті үйрену жатады, оған нақты особьтың нақты тіршілік жағдайының ерекшелігіне тек жеке дара беймделе алатын формалары кіреді. Әрине, осындай жағдай бір түрдін өкілдеріне бірдей болып кемейді.Осылайша, нақты тіршілік жағдайы нақты түрлердің әрекет –қылығына қызмет ете отырып, факультативті үйрену жануарлардың әрекет-қылық компоненттерінің икемді, орнықсыз болып келеді.
Тума әрекет-қылықтың жеке тәжірибе элементінің өрілуі жолымен түрдік тәжірибе анықталуы әрекет-қылық актісінің регидті кезендерінде де атқарылып отырылады.
Ағылшын этологі Р.А.Хайнд үйрету процесінде, тума әрекет актісіне жауапты тітіркендіргіштердін күшін алма кезек араластыра отыру жолында тума әрект –қылықты өзгертілуі (модификациялануын) көрсеткен.Соңымен модификация сенсорлық және эффекторлық шеңберде орынды болып келеді. Эффекторлық шеңберді алсақ. Тума әрекетті үйрену элементтері туа біткен, тума әрекет элементтерін перекомбинация жасау түрінде болады және де жаңа қозғалыс координацияларының пайда болуы мүмкін. Бұл онтогенездің ерте сатысында болады. Мысалы, жаңа қозғалыс координациясы болып құстардың ән айтуға еліктеуі. Жоғары жануарларды алсақ олар таным әрекетінде, интеллект қылықтарында аяқ-қолдарын қолдануы.
Жануарларға бастапқысынан биологиялық маңызды тітіркендіргіштер, өзекті тітіркендіргіштерге қарағанда, жануарлардың үйренуінде жетекші болуда олар индеференті біркелкі болып келеді. Тек жеке тәжірибе барысында олар есте сақтап сигнальдық мағына қабылдайды. Сонымен, үйрену процесі орта компоненттерінің «биологиялық нейтральды» қасиеттерің іріктеп таңдаумен сипатталады, нәтижесінде осы қасиеттер биологиялық мағынаға ие болады.
Үйрену процесі, ол тек шартты рефлекстер құрылуы емес, бұл күрделі процесс, ең алдымен қоршаған орта элементтеріне ағзаның белсенді таңдау қатынасы жатады.
2. Жануарлардың дағдысы, дағды ерекшелігі
Жануарлардың қүрлықты өмір салтына өтуімен тір-шілік жағдайлары да өте үлкен өзгеріске түсті, қоректену киывдасты, орта қүбылмалы, осыдан ұдайы ауыспалы табиғат аймашнда бағыт - бағдар алып жүру күрделенді. Сонымен бірге үрпақ жалғастыру типі де басқаша бодцы. Әр жануар түрі еңді 1-2, кейде 3-5 үрпақ дүниеге келті-ріп, солардың арасынан тірі қалғандары жануар түрі жал-ғасының негізі болды. Мүның бөрі тума, көп өзгеріске ке-ле бермейтін инстинкттік қьшықтармен қатар жаңа жеке ауыспалы немесе қылық- әрекет формаларының туындауын қажет етті Бұл Қылық түрінің нышаңдары жөндік-терде де бар, бірақ тіршілік даму эволюциясының бүдан былайға жүрісіңде олар бірте-бірте басымдау орьш ие-лей бастады.
Қоршаған ортада бағыт-бағдар тандауды (ориентировка) күрделеңдіру қажеттігі, ауыспалы орта жағдайында жаңа жеке бағыт-бағдар тандау мүмкіндіктерінің пайда болуы мен өзгерген жағдайларда жаңа дара икемделу қабілеттерінің орнығуы эволюциялық процесте бүрын тіпті болмаған жаңа жүйке тетіктерінің (аппарат) өркендеуіне келтірді. Бүл тетіктер енді сырттан сигаалдарды қабыл-дап, өңдеп, дайың инстинкттік әрекетті іске қосып қой-мастан, қабылданғад ақпараттарды талдаудан өткізіп, өзгерген жағдайда қажетті жаңа жеке ауыспалы, дағдылы қылыққа орай жүйке байланыстарын түзіп отыратын болды.
Бүл қүрылым эволюциялық үзақ жолды бейнелей-тін тетік - бас миі еді. Жануарлардың бас миі бірнеше қабат деңгейден түрады. Ең төменгі қабат ми діңіне орналасып, жүйке түйіндері (ганглий) формасында организімнің ішкі қалпын реттеп барады. Бүл жуйке формасы негізінен ең қарапайым тіршілік иелерінде ғана қалыптасып, тума, жай әрекеттерді басқарады, ал оның қасиеттік дәрежесі инстинкттік бағдар деңгейінің қызметінен ажыралуы ша-малы, тіпті жоқ десе де болады. Мүвдай түйіндік (ган-глиозды) жүйке қүрылымының мысалына бақа миі дөлел бола алады: ол қалыптасқан нәсілдік (инстинкт) өрекет-терді іске қосумен, түрақты қылық (дағды) формаларын бағдарлайды.
Жануарлардың жоғары ағзалық дамуына орай ган-глиозды аппарат үстіне күрделірек жүйке қүрылымы жай-ғасады. Бүл қүрылым ішіне аддымен ми қабығы асты жүй-ке түйіңцері (таламо-стриалды), соң ежелгі (лимбикалық) қабық кіреді, ал жоғары омыртқалыларда қарқьпшен да-мып, төменгі дәрежелі жүйке қүрылымдарына жетекшілік ететін мидың үлкен жарым шарлары пайда болды. Ми қабығы асты (подкорка) жүйке тетіктері жербауырлаушылар мен қүстарда баымдау болып, кейін жеке, өзгеріс-терге икемді қылықтарды қамтамасыз ететін, бірақ әліде болса өрекеттің қарапайым тума формаларымен байла-нысты ежелгі қабык, аппараттары дамыды. Олардың бөрі бүрыншша жануарлардың өмірге келуімен қабаттаса ту-ывдап, тіршілік иесінің түрақты биологиялық жасау жағ-дайларына (экологиясына) сөйкес кедді.
Эволюциялық дамудың белгілі кезеңінде, аталған барша жүйке тетіктерінің жоғарысына, үлкен жарым шар-лары жүйке жүйесінің келесі, ең жоғарғы деңгейі - бас миінің жаңа қабығы қосылды. Міне, осы мидағы бүрын болмаған қабық жануар қылығындағы жаңа формаларды реттеуге араласып, жетекші роль атқаратын болды. Бас миі қабығынын қызметі: сыртқы сигналдарды қабылдап, қалыптасқан өрекет бағдарламасын іске қосу,онымен бірге ақпарат мазмүньш талдау, ондағы өзге-рістерге сай өзін баптау, жаңа жүйке байланыстарын гүзіп, ауысқан жағдайға икемді өрекет түрлерін дайын-дап, қалыптастыру және оларды жадта сақтал қалу.Ең жоғары омыртқалылар эволюциясының біздің заманымызға жакын дөуірлеріңде күшті дамыған бас миы-нын үлкен жарымшаларының қабығы экологиялық жағ-дайлардың тікелей өсері астывда қалыптасты. Дөл осы шарт ми қабығын тысқы ортадан келіп түсетін ақпаратты анализдеу мен сингездеудің еге күрделі формаларьш қам-тамасыз ететін жөне тікелей ауыспалы қылықты реттеуші аппаратқа айналдырды. Бас миы қабышның жәрдемімен іске қосылатын жеке ауыспалы қылық механизмі инсшнкггік қылық тетігіне қараганда анағүрлым күрделі. Ол күрделі-ліктің мөні: қоршаған орта шартына байланысты жануар-дың белсеңді бағдар тавдауы нөтижесінде мөңді маңызға ие болып, өмірлік қажетті шарттардың пайда болуынан хабар еткен көп себептердің бірі (қорек, қатер) қоршаған ортадан жануар тарапынан бөліп алынып, ол жаңа бай-ланыстар түзуге қатысып, хайуанның көздеген "мақсаты-на" жетуге, төніп келе жатқан қатерден сақтануға көмек-тесетін әрекет-қылықтың жаңа бағдарламаларын туын-датты. Жануардың "мақсатқа" жету бағдарындағы мүвдай едөуір қордалы қылық-әрекетті кездейсоқ демей, оның мың-сан шартты табиғат аясьщца белсенді бағыт-бағдар тавдай алуының нәтижесі деп таныған жөн.Бүл түжырым экспериментті зерттеулерден келіп шыққан (Э. Толмен,К. Керч ж. т.б. )
Омыртқалылар өрекетіңцегі мүвдай икемдесудің жаңа формаларының қалыптасуы екі ерекшелікке байіла-нысты. біріншішсі - бағыт-бағдар таңдау немесе іздену бел-сенді Қозғалыспен біртүтас орындалады да, қажет болған қозғалыс түрін пайдалану сынама-байқау өрекеттерінщ аддыңда емес, олармен бірге қалыптасады; екіншісі - жан-уардың бағдарлау әрекеггерінің сипаты мен қалыптасқан жаңа қылықтарының формалары бүрыннан келе жатқан, жануар тіршілігіне тығыз
аиланысты тума қозғалыс түр-леріне түбегейлі тәуелді.
Мысалы, шөпқорекгі жануар-лардың (сиыр, қой) бағдар
тандау әрекеті енжар, шек-телген халде, қылық өзгерісі өте баяу. Керісінше, өз же-мін табиғи жағдайда жанталаса іздеуге бейімделген жа-байы авдардың бағыт-бағдар іріктеу әрекеті шалт, бел-сенді ізденіске негізделген, ауыспалы жағдайга сөйкес қы-лықтьщ жаңа түрлері едөуір жылдам қалыптасып отыра. ды. Тума қылық-өрекеттердің түрлері - инстинкттер мең жаңа калыптаскан дағдылы әрекет формаларьшьщ ара-сындағы тығыз байланыс қазіргі кезең дамуыңцағы ең жоғары омыртқалылар үшін де төн нәрсе.
Дағды-факультативті үйренудің ең маңызды , орталық формасы.
Баќылау с±раќтары:
1. Әрекет-қылық қалыптасуының өмір барысында жинақталған және эволюция процесінде бекітілген жеке нақты жануарлар тәжірибесі, нақты тәжірибе түрі
2. Темброк пікірінше облигатты үйрену
3. Жүйке түйіндері ганглий дегендеріміз?
15- лекция. Таќырыбы: Үйрену
Жоспары: 1. Инсайт – оқыту – оқытудың жоғарғы формасы
2. Дағды. Дағдылардың қалыптасуы мен танымдық үрдістері.
3. Үйрену мен қарым-қатынас
Лекция маќсаты: Үйрену процесінің жануарлар өміріндегі маңызы, оған сипаттама. Жануарлар дағдысын пайда болуы, қалаптасуы және дамуы, оның ерекшеліктері жайында түсініктер беру. Инсайт құбылысы туралы білімдер.
Лекция мєтіні
Инстинкт пен үйренуді салыстыру жануарлардың осы түрінің психикалық даму деңгейі туралы пайымдауға мүмкіндік береді. Инстинктті құрайтын бөліктер неғұрлым көп және үйрену неғұрлым аз болса, жануарлардың психикалық даму деңгейі соғұрлым төмен болады және керісінше. Бірақ инстинкттер ешқашанда үйренумен алмасырыла алмайды, өйткені үйрену кейбір шұғыл жағдайларда болмауы да мүмкін уақыттың белгілі-бір көлемін шығындауды талап етеді. Сондықтан эволюция үрдісі барысында инстинкттер, үйренудің біршама жоғарғы деңгейлері пайда болуы мүмкін екендігіне қарамастан, сақталып қалады. Торп бойынша жануарлардың үйрену түрлерінің классификациясы мынандай;
-
әдеттену – бейімделуге қарағанда реакцияларды шығындау – жаңа реакциялардың пайда болуы;
-
бірінші реттегі шартты рефлекстер (И.П. Павлов ашқан шартты рефлекстер);
-
екінші реттегі шартты рефлекстер немесе құралдық үйрену (Торндайк бойынша);
-
латентті (бекітусіз);
-
Инсайт – оқыту.
Оқыту тек жануар бекітуді алған кезде ғана өтеді деген Халлдың теориясына қарағанда, Э.Толменнің териясы бойынша жануарлардың үйренуі бекітусіз де өте алады. Осы жағдайда қоршаған орта туралы ақпараттар кейіндеу тамақ табуда немесе жыныстық жұпты іздеуде қолданылуы мүмкін. Мысалы, кейбір құстар мен сүтқоректілер аймақты зерттеуге қабілетті, бұл оларға болашаққа ақпараттар береді.
Инсайт – оқыту – оқытудың жоғарғы формасы. Ол бірнеше минут үзбей ойланудың кульминациясы ретінде өтеді. «Инсайт», байқап көру және кателесу жолымен үйренуге қарағанда, жануарлардың тапсырманы өте тез арада шешккен жағдайларын белгілеу үшін қолданылады. Жануарлар осы байқап көрулерді ақылында (пайымдайды) жасайды деп айтуға болады. Маей пайымдау іс-әрекетін жаңа, қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін тиімділердің құрылуында бір немесе бірнеше реакцияларды спонтанды біріктіруге қабілеттілік ретінде анықтайды.
Бір қатар ғалымдар есте қалдыру құбылысын да үйренуге жатқызады.
Г.Темброктың классификациясы бойынша үйнеудің мынадай келесі формалары ажыратылады:
-
жабысқан үйрену – сол түрдің барлық өкілдеріне тіршілік ету үшін қажетті индивидулды тәжірибе;
-
Факультативті үйрену – тіршілік етудің нақты жағдайларына терең индивидуалды беймделу. Ағылышын этологы Р.А.Хайнд инстинктивті жүріс-тұрысты факультативті үйренудің көмегімен модификациялау мүмкіндігіне нұсқайды. Модификация эффекторлары сфераға қасыты бола алады, ол – туа берілген қозғалыс элементтерінің қайта комбинациялануы түрінде және жаңа қозғалыс элементтері (құстардың еліктеп ән салуы) пайда болуы мүмкін. Сенсорлық сферадағы өзгерістер жануарлар кейін негізгі болатын жаңа сигналдарды меңгере алатындығымен айқындалады.
Сонымен, жануар ортаның әсерлеріне пассивті реакция көрсетуге байланбаған, ал өзі ортамен өз қатынастарын белсенді құрады, бұл үйренудің негізін құрайды. Нақты жағдайдың бірдей, кездейсоқ белгілері эволюция үрдісінде бағдарламалануы мүмкін емес. Тіршілік ету барысында жинақталған тәжірибені инстинктивті жүріс-тұрысқа енгізу үрдісінің өзі тұқым қуалаушылық арқылы бекітілген. Басқаша айтқанда, үйренудің диапозоны бір түрге тән болады. Үйренуге деген қабілеттіліктердің диапозондарының кеңдігі жанурлардың психикалық даму деңгейінің жоғары екендігінің көрсеткіштері болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |