2. Тәрбие және балалардың дербес ерекшеліктері.
Әрбір баланың дербес ерекшелігі тәрбие процесінде, даму кезеңінде байқалады. Дербес ерекшеліктерге түйсік, қабылдау, ойлау өзгешеліктері, жеке адам бойындағы мінез – құлық, темперамент, қабілет сияқты қасиеттер жатады. Нерв жүйесінің типтік қасиеттері адамның мінез – құлығының, темпераментінің, қабілетінің табиғи негізін құрайды. Дербес қабілеттердің дамуы жеке адамның табиғи мүмкіншіліктеріне байланысты. Ал дара қабілеттер адамның айналаны қоршаған дүниемен өзара әрекеттесу процесінде қалыптасады. Әр бір адамның өзіне тән қасиетерін қалыптастыру мен дербес енрекшеліктерін дамытудыжан – жақты және үйлесімді тәрбиелеу дейді. Тәрбие баланың дамуына ықпал жасап қана қоймайды, ол үнемі даму дәрежесіне сүйенеді. Тәрбиенің міндеті “ең таяу даму зонасы” жасап, оның келешекте “көкейткті даму зонасына ” айналуын қамтамсыз етеді.
Мұғалім күнделікті оқу – тәрбие жұмысының процесінде оқушылардың дара ерекшеліктерін бақылап, есепке ала отырады. Осындай нақты зерттеу жұмысының нәтижесінде мұғалім балаларда кездесетін әр – түрлі жағымды және жағымсыз дара ерекшеліктерді байқайды. Оларға : кейбір баланың оқу материлын тез ұғуы немесе баяу ұғуы, берілген тапсырманы мезгілінде бұлжытпай орындауы немесе түрлі сылтауларды айтып бас тартуы, іс - әрекеттерінің барысынгдағы белсенділік немесе енжарлық, бр баланың байсалды, ұстамды болуы, неесе ұжымнан өзін оқшау ұстауы т.б. Осы сияқта әр түрлі дара айырмашылықтарды мұғалім тәрбие жұмысын жоспардауда еске алады, оларды іске асыру үшін қажетті жағдайла жасап, нақты шаралар белгілейді.
Мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін, типтік сипатын мінез – құлқына сәйкес жете білуі қажет. Мәселен, нерв жүйесіне байланысты темперамент типтерін басшылыққа алмай, тәрбие процесін психологиялық негізде ұйымдастырып іс – жүзінде аыру мүмкін емес. Жеке авдамның дүниенің сезгіштігі және қабылдағыштығы темпераментке тәуелді.
Темперамент деп – жеке адамның қылығы мен түрлі іс - әрекетерінен көрінетін меншікті дара өзгешелігін атайды. Психология ғылымында темпераментті төрт типке бөліп сипаттайды. Халерик – эмоциялық қызуы шапшаң, күшті, тұрақты болады. Ол белсенді, іске шапшаң кірісіп, аяқтап шығады. Бірпақ сезім жүйелері ауықтап тез көтерілетін шыдамсыз, өкпелегіш және ашуланғыш болып келеді. Сангвиник – эмоциялық қызуы шапшаң, күшті бірақ көп тұрақтанбайды. Ол қызулы, жеңлтек келеді, бір немесғе бірнеше іске бірдей кіріседі, іс үстінде тез суып, бастаған істі аяқсыз қалдырады. Уәдені көп беріп, кейде оның орындаудан бас тартады. Меланхолик- эмоциялық қозуы шабан, күшті, тұрақты. Ол момақан, тұйық, жасқаншақ, мінезі баяу, көңілі жабырқау, кейде үрейленіп жүреді. Өзін ұжымнан оқшау ұстаиды, іске бірден кіріспейді, бастап кетсе аяқтап шығады. Флегматик – эмоциялық қозуы әлсіз. Ол байсалды, сылбыр мінезді, орнықты, кісімен араласпайды, тыныштықты сүйеді, іске өте баяу кірісекді, бірақ тиянақты орындайды. Темперамент типтері психология курсында толық қарастырылады.
Мұғалім сабақ үстінде, тәрбие барысында балалардың мінез – құлықтарын ескеріп темпераментін тәрбиелейді. Мыслы, сангвиник баланың іс - әрекетін үнемі бақылап, берген тапсырмны негізінде орындалуын қадағалап отыруы керек болса, ал меланхоликті белсенділікке, ынтымақтастыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу қажет.
Оқушылрдың түрлі іс - әрекеттерін жүзеге асыру үшін, олардың барлық ықтимал мүмкіндіктерін іске қосу керек. Осыған орай, тәрбиеші мына жағдайларды ескеруі қажет:
кейбір баланың өз мүддесін ғана ойлауын ғана болдырмау, өз мүддесін ұжым мүддесімен ұштастыра білуге үйрету; баланы әр түрлі жағдайда болатын өзгерістерді басынан өткізе білуге баулу; баланы өмірді даму күйінде көре білуге үйрету, т.б.
3. Жеке адамның дүниені сезгіштігі және қабылдағыштығы.
Адам жөніндегі басқа ғылымдардағыдай педагогика үшін де ең басты мәселе – жеке адамның дамуы және сол дамудың көзі мен ықпал күштері. Идеалистік және материалистік ағымдар бұл туралы әртүрлі тұжырымдар пайымдауда. Ғылымда ежелден бір – біріне қарама – қарсы келе жатқан теориялық пікірлердің дұрыс – бұрыстығына баға беруді оқырманның өзіне қалдырған, оларға тек қана объектив сипаттама беруді өз міндетіміз деп есептейміз.
Идеализм өкілдері, қай бағыттағы болмасын, жеке адамның қалыптасуын алдын – ала болжастырылған бағдарлама теліп, ол бағдарламадағы сапа мен қасиеттер өз бетінше өріс алатынын уағыздайды.
Ал тәрбие олардың ойынша, жәрдемші роль атқарып, сол бағдарламаның іске асуына көмектесуші ғана құрал.
Қазіргі заманғы идеалистік философия, психология мен педагогика, әлеуметтік төңкерістер мен күйзелістерге толы қоғам жеке адамның тозуына себепші, сондықтан да адам өзінің шын кемеліне жету үшін қоғамммен байланысын үзу қажеттігін дәріптейді. Бұдан шығатын қорытынды: адамдық мән рухани және әлеуметтік бостандықты алу үшін күрес емес, өз болмысының шын, ең жоғары сыр мағынасын тану (экзистенциализм) немесе тәңірлік кемелге жақындау (неотмизм).
Идеалистік педагогикада жеке адам дамуы жөніндегі пікір- сайыста бірнеше теориялық консепциялар бар. Олар: биологизаторлық бағыт: адамның дамуы оның табиғи (биологиялық) жетілуімен байланысты, соның барысында оның дене құрылымы мен рухани қасиеттері қалыптасады. Адамдар арасындағы моральдық қатынастар биологиялық негізде орнығады (Аристотель, Ф. Мюллер, Э. Геккель, Ш. Летурно, Ч. Ломброзо). Психоаналитикалық бағыт: жеке адамды қалыптасуда қоғам зиянды. Адамның дамуы мен оның мінез- құлқы толығымен жыныстық инстинктке тәуелді (З. Фрек). Фрагматикалық бағыт: адамның психикалық дамуы тума инстингтерге байланысты, әрбір адамды тұрақты нәсілдік қасиеттерді сақтаушы ерекше саналық гендер болады. Сондықтан да жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың қоғамдағы орнын иеленуі олардың биологиялық болмысымен анықталуы тиіс, себебі әртүрлі халықтар мен нәсілдердің бірі табиғатынан дарынды, ал екіншілері- кемірек дамыған (Дж. Дьюи, Э. Л. Торндайк).
Материалистік бағыттағы философия және оның көрнекті өкілдері жеке адамның дамуы мен қалыптасуы туралы:
-
ежелдгі грек философы Эпикур: адамның қоғамдағы иеленген орнының әртүрлі болуы оның табиғатынан емес, тұрмыстық жағдайымен таптық тұрғысынан;
-
француз философы Гельвеций; адам қоршаған орта, нәсілдік және тәрбиеге байланысты біртұтас әсерлердің нәтижесінде қалыптасады. Соның ішінде аса маңыщдысы- тәрбие;
В. Г. Белинский; адам табиғаттан, бірақ оны дамытып, жасайтын қоғамнан;
-
Н. Т. Чернышевский: адамдарды бұзықтыққа келтіретін табиғат не олардың нәсілдік кемістігі емес, қолайсыз қоғамдық жағдайлар мен жаман тәрбие.
Осы күнгі педагогикалық жеке адам дамуы жөнінде қалыптасқан ой-пікірлер төмендегіше:
-
Адамның қоғамдық тұлға ретінде қалыптасуына, оның дамуға деген табиғи қабілеті аса маңызды. Әр адам іс-әрекетінің түріне негіз болар нышанмен дүниеге келеді, сондықтан да адамның биологиялық және әлеуметтік даму мүмкіншілігі бір-бірімен тығыз байланыста, бірақ әлеуметтік фактордың рөлі басымдау.
Жеке адамдық дамудың ықпалы кең – тәрбие, қоршаған орта, табиғи нышандармен қатар тұрса, ол адам қалыптасуына жетекші фактор.
4. Акселерация құбылысы.
ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың басынан дүние жүзіндегі көптеген елдердің ғалымдары балалардың дене және психикалық дамуының тездеуін – акселерация құбылысы деп атап көрсетті. Демек, акселерация физиологтарыдың, педагогтардың зеттеу обьектісіне айналды.
Біздің елімізде, мысалы, соңғы қырық жылдың ішінде 13 жастағы ересек балаларды өткен уақыттағы құрдастары мен салыстырғанды, олардың бойы 6 – 7 сантиметрдей биік, салмағы 6 – 7 кг- дай артық. 16 жастағы ер және қыз балалардың бойының 15 –20 см- дей биік, салмағының 15 – 16 кг артық болатындығы, жұмыс мүшесінің 2, 3 жыл бұрын жетіле бастайьындығы байқалады.
Акселерация құбылысы тұрғысынан қарағанда қазіргі жеткіншектік шақтағы балалардың бойы биік, иықтары қисыңқы, кеудесі қысқа, аяқтары ұзын келеді. Күні бұрын тез жетілген оганизм ауруға, суыққа және дене салмғына төзімсіз келетіндігі бірті – бірте анықталуда. Ер жетуге дейінгі ересек жастағы балалар жыныс мүшесі жетілу кезінде тез шаршайды. Осынгдай тез өсетін организмде жүрек – тамыр жүйесінің дамуы бірнеше есе қалыс қалады да өзінің міндеттерін атқара алмайды.
Зерттеулердің қуаландыруына қарағанда дененің дамуы мен жыныс мүшесінің жетілуі тездейді. Ал баланың психикалық жетілу деңгейі артта қалады. Осыған орай, ер немесе қыз бала қоғам, жанұя алдындағы өзінің борышын, ар – намысын міндеттерін толық жауапкершілікпен түсіне бермейді. Сондықтан да олар жанұя құруға материалдық және моральдық жағынан әлі дайын емес. Бұл мәселені ата – аналар, мұғалімдер, тәрбиешілер ерекше ескертулері керек, өйткені 17 –18 жасқа толған жастар арасында ерте үйленушілік әдетке айналуда.
Қазіргі кезеңде акселерация жайлы әртүрлі жорамал ойлар бар. Акселерация күн радиациясымен байланысты, сондықтан организм витаминдерді тез синтездейді деген пікір айтылуда. Егер олай болса акселерация құбылысы неге терістік аудандарда байқалады? Не себепті күн астында көп жүретін село балалары қала балаларына құарағанда баяу өсіп жетіледі? Кейбіреулер акселерация құбылысын мал майлары мен белоктағы тағамдар арқылы көбірек пайдаланудан деп түсіндірелі. Олай болса, мал майлары мен белоктары бірнеше рет аз мөлшерде пайдаланатын Жапония балаларының тез өсіп жетілуін қалай түсіндіруге болады.Акселерация космос және радио тербеліс толқыны дәрежесімен, ақпарат тасқынымен байланысты деушілерде бар.
Әрине акселерация құбылысы жайлы түпкілікті қорытынды шығару ертерек. Өйткені бұл әлі де жан – жақты зеттеуді қажет ететін проблема. Деген мен акселерацияға байланысты кейбір мәселелердің дұрыс шешілуі ойластырылуда. Мысалы, меатеп мебельдерінің , сырт және аяқ киімдерінің үлгілері , дене шынықтыру мен жаттықтыру комплекстерінің қайта қаралуы т.б. Сонымен бірге акселерация құбылысының ақыл – ой дамуына да ықпал жасайтындығы байқалуда.
7-лекция.
Тақырыбы: Іс - әрекеттің және қарым- қатынастың ішіндегі жеке тұлға.
Іс- әрекет.
Жоспары:
1.іс- әрекет туралы ұғым.Белсенділік адамның табиғи қасиеттерінің бірі. Субъектінің әрекеті мен белсенділігі. Белсенділік қажеттіліктің туындауы.
2. Қажеттіліктің түрлері. Қажеттіліктер және іс- әркеттің сылтаулары.
3. Адамның іс- әрекетке өзіндік ынтасы.Іс- әрекеттің құрылымы. Қимыл және қозғалыс. Дағды, әдет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Ананьев Б.Г. О проблемах современного человекознания. – М, 1996.
-
Асмолов А.Г. Психоолгия личности.- М, 1990.
-
Бабанский Ю.К. Проблемы повышения эффективности педагогических исследований. М, 1982.
-
Басов М. Я. Методика психологических наблюдений над детьми/ Избранные психологические произведения/ Под ред. В.Н. Мясищева и В.С. Мерлина. – М. 1975.
-
Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возросте. М, 1971.
Лекция мәтіні.
Адам белсенділігінің табиғатты тани білу, еңбек және моральдық белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау мұғалімнің басты міндеті. Белсенділік деп адамның, іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында адамның қарым-қатынас жасау, тапшы және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды.
Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі қарым-қатынас жасау белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдар мен қарым-қатынас жасау белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар ересек адамдардың әрекетттеріне үңіле қарап, үйренеді, оларға еліктейді. Балалардың саналы түрде істейтін мұндай әректтерін ырықты немесе ерікті белсенділік дейді. Бұл жасатғы балалардың үлкендердің әрекеттеріне және лоармен өзара қатынас жасауға еліктеуі рөлді ойындарды атқару барысында байқалады.
Қарым-қатынас белсенділігі әсіресе, мектеп жасындағы балаларда айқын көріне бастайды. Ата-аналармен, мұғалімдермен, құрдастары және достарымен, үлкендермен балалардың қатынас жасауларында әр алуан ерекшеліктер болады.V-VI сынып оқушылары қарым-қатынас жасау үшін ең алдымен өзіне дос және жолдас болатын құрбы-құрдастарын іздестіреді. Мектеп оқу жылы басталысымен-ақ балалар жолдастық қатынастарын дамыта түседі. Сыныпта болатын түрлі іс-шараларына қатысып отыруға тілек білдіреді. Бұл жастағы балалар сынып бойынша өткізілетін жарыстарға, жорықтарға, басқа да түрлі іс-әрекеттеріне қатысып отыруға ынталы болады. Түрлі іс-әрекеттеріне жаппай қатысып, балалардың өзара тілектестік және жолдастық сезіиде болуы олардың әлеуметтік белсенділігін арттырады. Осыған орай ұжым мүшелеріне әрбір мүшесінің өсіп жетілуіне достық, жолдастық негізінде жағдай жасап қамқоршы болады. Ал ұжымның қамқорлығын сезген жеке мүшелері, оның талабын орындауға, бірігіпе қызмет етуге әр уақытта дайын екендігін білдіреді.
Қарым – қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің (мархабаттық, қайырымдылық, тқамқорлық, өзі үшін және басқа адамдар алдында өзінің қылықтары жайлы жауапкершілік сезамі т.б.) қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Мектеб жасына дейінгі (5-6жас) балалар заттарды түсіне, формасына қарап ажырата бастайды, олардың құрлысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Балалардың бірнәрсені құмартып, білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш , әр нәрсеге үңіле қарайды, кейде тереңі ойға шомылады.Мысалы, олар легені магнит қалай ұстап тұр? Жапырақтың түсі қалай жасыл болады? Жаңбыр қайдан пайда болады?-деген сияқты сұрақты балалар үлкендерге әрдайым қойып, жауап күтеді. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан да олар өзара таласуды, пікір айтуды, түрлі заттарды салыстырып дәлелдеуді, есеп шығаруды жанындай сүйеді. Мектеб жасына дейінгі балалардың “неге?”, “не үшін?”, “қалай?” деп қоятын сұрақтары үлкендермен қарым-қатынас жасауларының алғашқы белгілері. Олар осындай сұрақтарға ата-аналарынан немесе тәрбиешілерден дұрыс жауап алуды күтеді, кейде олардың жауаптарына өзінше қанағаттанбай шүбаланады.Егер ересек адамдар балалардың сұрақтарын қостап, таным белсенділігін дамсытуда бағыт беріп отырса,олардың құмарлық, талпынғыштық және бақылағыштық қасиеттерінің қалыптасуына игі әсер етеді.
Мектеп жасындағы балоалардың таным ынтасын қалыптастыруда білім тәсілдерінің ерекше маңызы бар. Оқу барысында балалар түрлі заттардың, құбылыстың мәніне, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарға терең түсінуге, алған теориялық сауатттылығымен шеберлігіне байланысты. Мұны оқушылардың ауыл шаруашылық тәжірибелік, жұмысынан да байқауға болады.
Оқушылардың Өзін-өзі тәрбиелеу ісін жетілдіру үшін олардың жас ерекшеліктерін еске алып, оқу-тәрбие жұмысының барысында сана-сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету – мұғалімнің бастр міндеті. Мұғалім оқушының білімге, өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын анықтайды, өзін-өзі тәрбиелеуге бағыт беріп, әрдайым көмектесіп отырады. Өзін-өзі тәрбиелеуге жүргізілетін жұмыстардың тақырыптарын ақыл-ой, құлық, еңбек, әстетикалық тәрбиесімен ұштастырып алады. Мысалы, Сен қай пәнді ұнатасың,оның, себебі не? Адам өмірінің мәні неде, ондағы мақсатың не? Сне спроттың қандай түрімен айналысасың, ондағы мақсатың не? Қандай мамандықты сүйесің, себебі не? Адамдағы сұлулық және әсемділікті қалай түсінесің? Т.б.
Міне, осындай тақырыптар бойынша тәрбиенің, мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталып жүргізілетін өзін-өзі тәрбиелеу жұмыстары оқушылардың ой-өрісін, дүние танымын кеңейтуге жол ашады.
Баланың өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігін қоғамдық пайдалы жұмыстарға байланысты тапсырмалар беріп, орындау арқылы дамытуға болады. Тапсырмалардың толып жатқан түрлері бар. Оларға: сынып старостасы, қабырға газеті редакциясының мүшесі, тазалық камиссиясының төрағасы болу, мектеб кітапханасына көмек көрсету, шетелдер балаларымен хат жазысып тұру т.б. қоғамдық пайдалы тапсырмалар жатады. Осындай тапсырмаларды сапалы етіп дер кезінде орындап отыруға балаларды үнемі жаттықтыру және дағдыландыру мұғалімнің және тәрбиешінің төл ісі. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен жеке қабілеттерін ескере отырып, барлығын тапсырмалармен, түлрлі қоғамдық іс-әрекеттерімен қамтамасыз ету керекк. Егер тапсырма балаға бұйрық есебінде немесе көтеріңкі дауыспен берілсе, онда ол іштей наразылық білдіріп, тапсырманы орындамай аяқсыз қалдыруы мүмкін.Сондықтан мұғалім әр уақытта өзінің ілтипатты және ұстамды болуын естен шығармай, тапсырманы тыңғылықты орындау үшін балаға рухани күш беріп, сенім білдіреді.Кейбір баланы еріктік қасиеттері тұрақсыз болады. Ол бір інші қиыншылықты сезісімен-ақ қоғамдық тапсырманы орындаудан бас тартады. Мұндай сангвиник балаға көмек бере отырып, оның намысына тимей, тапсырманы орындауын табандылықпен талап ете білу керек. Сонда ғана баланың ісінде жаңа қарқын туып, ол алдана қойған мақсатын орындаудың қажет екенін сезеді.
Қоғамдық пайдалы тапсырмалар арқылы балалардың белсенділігін арттыру мектеп бойынша дәстүрлі іске айналғанда ғана тиісті нәтиже береді.
Өзін-өзі тәрбиелеудің бастр құралдарының бірі- түрлі тақырыптарға жазылған ғылыми, тарифи және әдеби кітаптар, кинофильмдер.Балалар кітаптар мен кинофильмдер арқылы халықтың бостандығы мен бақыты үшін күресіп, қорықпай, өлім жазасына бас изеп ержүрек адамдардың іс-әрекеттерімен танысып, өздерінше талдау жасайды, олардың өнегелі және ерлік қайраты мен төзімділігіне бас иеді. Мұндай табандылық пен ер лік көрсеткен азаматтар көптеп саналады. Олардың ішінде өзінің халқы мен келешегі үшін жан- тәнімен аянбай күрескен қазақ халқының аяулы ұлдары А. Байтұрсынов, С.Сейфуллин, Т.Рысқұлов, Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев т.б. кеңес өкіметі жылдарында жазықсыз ұсталып, күнәсіз қаза тапты.Бұлар өздерінің мақсаттарының орындай алмай арманда кетті . Осындай ғұлама көрнекті адамдардың өмірі мен іс-әрекеттері жас өспірімге кошті ықпал жасайды, сана-сезімін оятады, толғандырады. Олар өз өмірінде, оқу-тәнрбие процес інде зор ыждахатпен терең білім алуға, өзін-өзі тәрбиелеуге тырысады.
8-лекция.
Тақырыбы: Қарым- қатынас.
Жоспары:
1.Қарым- қатынас туралы ұғым. Қарым- қатынаспен іс- әрекеттің бірлігі.
2. Таным және тілдесу. Сөйлеудің психологиялық мінездемесі. Тіл мен сөздің табиғаты.
3. Сөздегі тұлға. Сөздік даму. Сөйлеудің іс- қимылдың психологиялық аспектілері.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Маленкова Л.И. Воспитание в современной школе: Книга для учителя- воспитателя. М, 1999.
-
Мудрик А.В. Социальная педагогика. М, 1999.
-
Муканова Б.И.Педагогическое руководство формированием социальной активности подростков. Алма- Ата, 1990.
-
Немов Р.С. Психология. Учеб. Пособие для студентов Высш. Пед. Учеб. Заведений. В. – Кн. Общие основы психологии.2- е изд. – М, 1995.
Лекция мәтіні.
Қарым – қатынас әдіснамалық теориялық, эмперикалық деңгейде соңғы жылдары зерттеле бастады. Қарым – қатынас бұл бірыңғай іс - әрекеттің қажеттіліктерінен туындайтын адамдар арасындағы байланыстың дамуын жан – жақты үрдісі.Қарым – қатынас – бұл адамдардың бір – бірімен байланысы, оның барысында психикалық байланыс пайда болады, ол ақпарат алмасу, өзара әсер ету, өзара көңіл білдіру, өзара түсінсу түрінде аңғарылады. Соңғы жылдары ғылымда “қатынас” ұғымы мен қатар “коммуникация” ұғымы қолданылады.Адам өзінің іс - әрекетінде және күнделікті тұрмысында әр уақытта қарым – қатынаста болады. Бұл қарым – қатынас адамның сөйлеуді меңгеруінің арқасында іске асады. Тілдің көмегімен сөйлеу қарым – қатынасында әрбір адам білімнің көп бөлігін басқа адамдардан алады. Сонымен сөйлеу дегеніміз – тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым – қатынас үрдісі. Сөйлеу мен тіл бір – бірімен байланысты, бірақ бұл екеуі бір ұғым емес.
Өзінің ерекшеліктері мен қызметіне қарай сөйлеу екі түрге бөлінеді: ішкі және сыртқы. Ішкі сөйлеу тағы да ауызша және жазбаша болып бөлінеді., ал ауызша монологтік және диалогтік болып бөлінеді.
Сөйлеудің барлық түрлері бір-бірімен өзара байланысты. Бірақ, сөйлеу түрлерінің әрқайсысының оның өзіне тән ерекшеліктері бар. Ешқандай да ой тілсіз және матнериялыдқ сөйлеу үрдістерісіз айтылуы мүмкін емес. Ауызша, әсіресе жазбаша сөйлеуге даярлықта іштей сөйлеу кзеңі болады. Бұл іштей сөйлеу болып табылады.
Жазбаша сөйлеуде жазба белгілерді қолдану арқылы іске асады. Қазіргі тілдердің көбінде (идеографикалық жазу қолданатындарынан басқалары) сөйлеу дыбыстары әріптерімен белгіленеді.
Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлеуден кейін пайда болды және оның негізінде қалыптасты. Белгілі бір адамның тарапынан айтылатын, естілетін сөйлеуді ауызша сөйлеу деп атаймыз. Ауызша сөйлеу- бұл кәдімгі дыбыстың ауызекі сөйлеу тілі, онымен біз басқаадамадармен тікелей қарым қатынаста пайдаланатын тіл. Ауызша сөйлеу қарым-қатынас кеңістік пен уақыттың жағдайларымен шектеулі болып келеді. Көп жағдайда әңгімелесушілер бірін-біріжақсы көреді немесе бір- бірінің даусын жақсыестиді, бұл сөйлеудің сипаты өзгереді( ол негізінен қысқа,нқты келеді), әсіресе, сөйлеу қарым-қатынасының сипаты телефон және радио хабарда біршама өзгереді. Ауызша сөйлеу диалогтік және онологтік болып бөлінеді. Екі немесе одан да көп адамдардың арасында әңгіме, сөйлесу түрінде жүретін диалогтік сөйлеу үрдісіндеадам сұрақ қояды жәнеоған жауап береді., сын пікір айтады, қолдану және қарсылық білдіреді. Диалогтік сөйлеу ережесі бойыншща монологктік сөйеуге әсіресе, жазбаша сөйлеуге қарағнда,байланысты және кеңінен айтылған ойларды құруға аз талаптар қойылады.
Монологтік сөйлеу қарым-қатынас тәжірибесінде ерекше орын алады және әртүрлі ауызша жіне жазбаша сөйлеген сөздері баяндамаларында байқалады. Сөйлеудің монологиялық түрлеріне лекциялар, баяндамалар жиналыстарда сөйлеген сөздер, хабарландырулар, бұйрықтар және көптеген басқада ауызша және жазбаша хабарлар жатады.
Қарым – қатынастың ішкі құрлымы өте күрделі, оны шартты түрде үш жаққа бөлуге болады: коммуникация, перцепция, интеракция. Бір тұтас ішкі бірлігі бұзылмас процесті біз ғылыми мақсатта, терең және жан – жақты талдау үшін үшке бөлеміз:
Қарым - қатынас
коммуникация
перцепция
интеракция
Коммуникация дегеніміз – ара қатынас партнерлерінің бір – бірімен ақпарат алмасуы, білімді, идеяны, пікірді, сезімді беру мен қабылдау үрдісі.
Перцепция дегеніміз- адамдардың бірін – бірі тануы мен тәрбиелеу негізінде құрылатын белгілі тұлғааралық қатнастар.
Интеракция дегеніміз – тұлғааралық қимыл ұйымдастыру, қатысушылардың өзара қозғалыс пен әрекет алмасуы.
Қарым – қатынас арқылы адамдар әртүрлі идеялармен көңіл күйлермен, сезімдермен, қызығушылықтармен алмасып тұрады. Осының барлығы ақпарат деуге қарауға болады. Коммуникация барысында қатысушылардың мақсаты тек ақпарат алмасу емес, сол ақпаратты қатынас серігінің мүмкіндігінше дұрыс түсінуі. Ақпаратты дұрыс қабылдауы неге байланысты? Негізгі себеп қарым – қатынас кезінде коммуникациялық кедергілірдің болу немесе болмауына оған түсінпеушілік кедергісі, әлеуметтік мәдени айырмашылық кедергілері, қатынас т.б.
Түсінпеушілік кедергілері: фонетикалық, сематикалық, стилдік, логикалық.
Әлеуметтік мәдени айырмалар кедергілері: әлеуметтік, саяси, діни көзқарастар, жынысына, жасына, мамандығына байланысты болады.
Қатынас кедергілері : коммуникаторды жақтырмайтындыққтан оның мәлімдемесін кері қабылдау, сенімсіздік, күдікпен қарау.
9-лекция.
Тақырыбы: Кіші топтың және ұжымның психологиясы.
Жоспары:
1. Кіші топ және ұжым. Ұжымдағы тұлғаның қалыптасуы- тәрбиелеу жүйесінің алдыңғы қатарлы гуманистік идеясы.
2. Қазіргі заманғы педагогикадағы ұжым теориясының дамуы.
3.Оқушы ұжым және мүмкіндіктер мен кепілдіктердің жан- жақты дамуы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Маленкова Л.И. Воспитание в современной школе: Книга для учителя- воспитателя. М, 1999.
-
Мудрик А.В. Социальная педагогика. М, 1999.
-
Муканова Б.И.Педагогическое руководство формированием социальной активности подростков. Алма- Ата, 1990.
-
Немов Р.С. Психология. Учеб. Пособие для студентов Высш. Пед. Учеб. Заведений. В. – Кн. Общие основы психологии.2- е изд. – М, 1995.
Достарыңызбен бөлісу: |