Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағ обсөЖ: 30 сағат Барлығы: 90 сағат


Лекция 6. Тақырыбы: XIII-XVII Қытай тарихнамасындағы Қазақстан тарихы



бет4/15
Дата23.02.2016
өлшемі1.09 Mb.
#9928
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Лекция 6.

Тақырыбы: XIII-XVII Қытай тарихнамасындағы Қазақстан тарихы.

Жоспары:

  1. Қытайдың Мин және Цин империялары иеліктерінің қазақ жеріндегі мекендері

  2. «Мин ши» Қытайдың 25 әулетгік тарихы.


Пайдаланѓан єдебиеттер тізімі:

  1. Негізгі:

  1. А.Күзембайұлы, Е.Әбіл История Республики Казахстан А.,1998 г.

  2. М.Тынышпаев История казахского народа А.,1994 г.

  3. М.Қойгелдиев Алаш қозғалысы А., 1995 ж.

  4. М.Қ.Қозыбаев Историяграфия Казахстана Уроки истории. А.,1990 г.

Қосымша:

  1. Т.Омарбеков. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. Алматы 1997 ж.

  2. Қызылдар қырғыны. Алматы 1993 ж.

  3. Балақаев Т.Алдажұманов Х.С Қазақстан еңбекшілері – майданға. Алматы 1985 ж.


Лекцияныњ мєтіні:
Қытай деректемелері. Қытайда жергілікті емес әулет бес жүз жылға жуық билік еткеннен кейін Мин әулеті орнығып (1368—1644), ол да тақты «жатжерліктерге», бүл жолы маньчжурларға босатып берді. Орталык Азияда Мин империясы жыл өткен сайын күшейе түскен Жоңғар хандығына қарсы, Хэси куысы арқылы және Тянь-Шань еңірімен әмір Темірдің иеліктеріне дейін баратын Жібек жолы учаскесін бақылау қүқығы үшін күрес жүргізді. Қытай деректемелерінен «қазақ» этнонимі қытай мемлекетінің XVII ғасырдың ал-дындағы Орталық Азиядағы халықаралық қатынастарына байланысты ғана табылды.

Қазақ хандығы құрылғанға дейін Қазақстанның жекелеген жерлері әр түрлі мемлекеттердің қүрамына кіріп, Қытайдың Мин және Цин империялары иеліктерінің ұлғаюына қарай олардың сыртқы саяси байланыстары аясына тартылып отырды.

Аталған кезеңнің негізгі деректемелері мыналар: «Мин әулетінің тарихы» («Мин ши»), «Мин әулеті билік етуінің анық жазбалары» («Мин шилу») және «Мин империясына жалпы шолу» («Мин хой яо»). Қалған деректемелер: Монғолияға, Монғолстанға, Темір мемлекетіне және Орта-лық Азияның басқа да елдеріне қытай елшілерінің, барлаушылары мен жолшыларының, кепестерінің жазбалары, ортаазиялық елшілер мен мұсылман көпестерінен алынған мәліметтер қосымша материалдар болып табылады. Сонымен бірге олар өнделген түрінде қытайдың ең басты ресми еңбектерінің бөріне кірген, олардың ерекшеліктері — Мин империясы күйрегеннен кейін жазылғаны

«Мин ши» Қытайдың 25 әулетгік тарихының—дүниежүзілік мәдениеттің бірегей ескерткіштерінін, бірі болып табылады. Оны авторлар үжымы жазған және 1645-1735 жылдарды қамтиды. Кеп томдық еңбектің 332 тараудан 220 тарау — орама (цзюань) енетін соңғы бөлімінде Орталық Азия (Си юй) мемлекеттері туралы тарихи, этнографиялық, географиялық материал бар. Орталық Азия мемлекеттерінің өз аумақгарының көлемі, саяси маңызы және әскери күш-қуаты жағынан кем түспегені былай түрсын, көбінесе қытай мемлекетіне елеулі қауіп төндіргеніне де қарамастан, деректемеде олар сыңаржақтылықпен оның «сауда вассалдары» етіп керсетілген.

«Мин шилу» — көптеген императорлар билеуінің хроникасы, онда олардың күннен күнге жасаған қызметі туралы жазбалар бар. Қытай әскерлерінің Орталық Азия халықгарына қарсы соғыс қимыддарының әзірленуі мен бары-сының мәселелері, сарайда олардың елшілерін қабылдау көрсетілген.

Қазіргі уақытга Қытайда «Мин шилудан» географиялық белгісі бойынша жиналған, не аймақтың бір иелігіне катысты үзінділер жариялануда.

«Мин хой яо» — такьірыптык, белгісі бойынша жасалған тарихи құрама еңбектегі. Онда шет жерлердегі елдер, олардың орналасқан жерлері, қалалар, халықтардың әдет-ғұрыптары, елшілік байланыстар туралы мәліметтер бар. 79 және 80-цзюаньдар Мин империясының солтүстік, солтүстік-батыс және батыс жағында орналасқан елдерге: Орта Азия, Шығыс Түркістан және Монғолия мемлекеттеріне арналған. Бүл деректеме де оқиғаларды баяндағанда сыңаржақтылығымен және Қытайды орталықдеп «-көрсетуімен сипатталады.

Қытай деректемелері белгілі мүсылман деректемелерін өзінің жүйелілігімен, уақыты жағынан үзақтығымен және жан-жақтылығымен едәуір толықтыра түседі.



Лекция 7.

Тақырыбы: XIV-XVI ғ.ғ.Араб зерттеушілерінің еңбектеріндегі Қазақстан тарихының зерттелінуі

Жоспары:

  1. Әл- Омаридіњ, Ибн Баттутаныњ, шығармаларындағы Қазақстан тарихы туралы арабтық орта ғасырлық тарихнамала.

  2. Темірдің атақты өмірбаяншысы, араб тарихшысы, әрі әдебиетшісі Ибн Арабшахтың «Абжаиб әл-макдур фи наваиб Тимур» атты еңбегі

Пайдаланѓан әдебиеттер тізімі:

Негізгі

  1. Қазақ ССР тарихы 5-томдық. 4-5 томдар. Алматы 1981 ж.

  2. Х.Маданов Қазақ халқының арғы-бергі тарихы А., 1995

  3. Ә.Әбдіәкімұлы Қазақстан тарихы А., 1997 ж.

  4. К.Мамырұлы. Қазақ тарихы А.,1995ж.

  5. А.Күзембайұлы, Е.Әбіл История Республики Казахстан А.,1998 г.

Қосымша:

  1. Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. М., 94 г.

  2. Бердеяв Н.А. Истоки и смысл русского коммунизма А.,1990 г.

  3. Абжанов Х. Сельская интелегенция в Казахстане: вчера, сегодня, завтра. А.,90 г.

  4. Елеуов Т. Устоновление и упрочение Советской власти в Казахстане А., 1961 г.


Лекцияныњ мєтіні:
Соңғы орта ғасырлардағы кезенде Қазақстан тарихы үшін араб тілді деректемелердің мәні парсы және түркі тілді тарихнамадан өлшеусіз кем. Солай бола тұрса да, бізді ден қойғызатын нақты материалдың белгілі бір дәрежеде егжей-тегжейі айтылатын біркатар араб тілді туындыларды көрсетіп өтуге болады.

Ең алдымен XIV ғасырдың басында белгілі филолог, тарихшы және саяхатшы Жамал Қарши жазған «Мулхакат ассурах» («Ассурах сөздігіне қосымша») деген тарихи шығарманы көрсете кеткен жөн. Ол 1230—31 жылы Алма-лықга туып, өз еңбегін Қашғарда жазған. Оның әкесі Баласағұн қаласы ғалым-дарының бірі болған. Алмалыктағы түрік әулетіне жақын болған Жамал Қар-ши XIII ғасырдағы Алмалық әулеті туралы едәуір егжей-тегжейлі мәліметтер келтіреді. Шағатай үрпақтары ұлысының өлкелерінде кеп саяхат жасаған. Монғол хандары мен олардың серіктері туралы қызықты деректер кездеседі. «Мулкахат ас-сурахта» XV және XVI ғасырларда кейінгі авторлар Моғолстан халқын атаған «жете» термині бірінші рет айтылады. 1273—74 жылдарда ол Баршыкентте (Сырдарияның төменгі ағысында) және Жентге болған, мүнда сол кезде атақты шейх Камал ад-дин әл-Хорезми ас-Сығанаки өліп, Жамал Қарши арнап құлпытасына эпитафия шығарған. Ол барлық жерде жергілікті шейхтармен танысуға үмтылып отырған, оларды өз еңбегінде атап

келтіреді.

Мысыр қаласындатуған ғалым әрі саяхатшы әл-Омари (1301-1349) жазған «Масалик әл-абсар фи мамалик әл-амсар» деген еңбек маңызды география-лық шығарма болып табылады. Оныңтарихи бөлімдерінде кездесетін монғол шапқыншылығының зардаптарын суреттеу көптеген халықтардың, соның ішінде Қазақстан мен Орта Азия халықтарының емірі туралы, Жетісудағы қалалар мен сауда жолдары туралы, кыпшақтардың орналасуы мен этногра-фиялық ерекшеліктері туралы мәліметтерді толықтыруға мүмкіндік береді. Әл-Омаридің татар-монғолдардың қыпшақтар арасына сіңісіп кету үрдісін баяндауы ерекше маңызды. Бүл тарихи факт тарихи қалыптасқан қыпшақ қауымының монғол дәстүрін жеңіп шығып, XIII ғасырдың аяғы — XIV ғасыр-дың басында қайта көрінгенін көрсетеді.

Сол дәуірде жалпы түрік ортасында болған шаруашылық, әлеуметтік, этникалық және мәдени-тұрмыстық шындықтарды көрсететін көптеген қып-шақ терминдері мен лексикалық айналымдар арабша түсіндірілетін немесе тура аударылып келтірілетін лингвистикалық еңбектер басқа бір түпнұсқа деректемелер болып табылады. Бүл топтағы туындылардан 1245 жылы Еги-петте қүрастырылған «Китаб маджму тарджуман тюрки ва аджами ва мугули ва фарси» («Түрік, араб емес, монғол және парсы түсіндірме сөздері жинағы-ның кітабы») сөздігін атап өткен жен. Оның негізіне қыпшақ тілі алынған. Бұл аноним сөздікте «үйсіз», «кезбе», «куылған» деген мағынада, яғни этникалық емес, әлеуметтік сипаттағы «қазақ» термині түңғыш рет айтылады.

Адам мекендейтін бүкіл дерлік мүсылман дүниесін шарлап шыққан атақгы саяхатшы Ибн Баттутаның (1304—1377) қол жазбалары — Дешті Қыпшақтарихы женіндегі маңызды деректемелердің бірі. Ибн Баттутаның саяхаты суреттелген «Тухфат аннуззар фи ғараиб әл-амсар ва аджаиб өл-афсар» («Қалалардың ғажайыптары мен саяхат кереметтерін аңғаратындарға сыйлық») іс жүзінде оның шығармасы емес, қайта оның әңгімелеріне 1356 жылы әл-Калби жасаған әдеби өндеу болып табылады. Ибн Баттутаның Қырым арқылы Солтүстік Кавказ далаларына, Еділ Бүлғариясы мен Алтын Ордаға және сол жерден Хиуаға, Бұхара мен Ауғанстанға сапарының «Тухфатта» келтірілген егжей-тегжейлерінің баға жеткісіз маңызы бар. Алтын Ордадағы күнделікті тұрмыстың көріністері, әлеуметтік құрылыс, шаруашылық, сауда жолдары, даладағы қоныстар мен қалалар және түрік халықтарының тарихына қатысты және басқа да көптеген мәліметтер ерекше қүнды.

Ибн әл-Фураттың (1334-1405), әл-Калкашандидің (1355-1418), әл-Макризидің (1364-1442), Ибн Тангрибердидің (1411-1465), Ибн Иястың (1448-1524) және басқаларының энциклопедиялық еңбектерінен этникалық, саяси тарихы жөне рухани мәдениеті тұрғысьшан алғаңда Мамлюк мемлекеті сұлтан-дарының Дешті Қыпшақ хандарымен байланыстары туралы едәуір нақты ма-териал алуға болады.

Темірдің атақгы емірбаяншысы, араб тарихшысы әрі әдебиетшісі, қала мынан «Абжаиб әл-макдур фи наваиб Тимур» («Темір [жасаган] қасіреттердегі алдын алу кереметгері») деген еңбек туған Ибн Арабшахты (1450 жылы өлген) да атап өткен жөн. Темір өмірінің түрлі кезендерін қадағалай отырып, ол әр түрлі елдер мен халықгар, атап айтқанда, Қазақстан туралы кептеген маңыз-ды мәліметтер хабарлайды. Көптеген жағдайларда көзбен көргендердің әсерлеріне негізделген бүл мәліметтердің құндылығы зор.

«Жами аддувал» («Әулеттер жинағы») деген елеулі еңбектің авторы — Салоникиде туған түрік Мунаджжим-баши (1702 жылы өлген). Бір кезде ол, сірә, астролог болса керек, бірақ соңғы жыдцарьш Мекке мен Мединеде қуғында өткізді. Бүл шығармасын жазған кезде түрік тарихшысы араб, парсы және түрік тілдеріндегі деректерді кең көлемде пайдаланып, 1672 жылға дейінгі аңызға айналған оқиғалардың тарихын қамтыған. Кітапта Алтын Орданың дәуірі, мүсылман әулеттері, орта ғасырлардағы мемлекеттік бірлестіктер мен XIV—XV ғасырлардағы Қазақстанның тарихи географиясы туралы маңызды материал бар.
Лекция 8.

Тақырыбы: XVXVIII ғ.ғ. Түріктік жазба және дастандық жазбалардағы Қазақстан тарихының зерттелінуі

Жоспары:


  1. XV - XVI ғ.ғ. Абдаллах Балхидің «Зубдат әл-асар» («Маңызды жылнамалар») деген шығармасы

  2. Тарихшы, ақын, билеуші Үндістанда Үлы Моғолдар империясының негізін салушы Бабырдың (1483—1530) тарихнамада «Бабырнаме» («Бабыр жазбалары») деген атты еңбегі


Пайдаланѓан әдебиеттер тізімі:

Негізгі

  1. Қазақ ССР тарихы 5-томдық. 4-5 томдар. Алматы 1981 ж.

  2. Х.Маданов Қазақ халқының арғы-бергі тарихы А., 1995

  3. Ә.Әбдіәкімұлы Қазақстан тарихы А., 1997 ж.

  4. К.Мамырұлы. Қазақ тарихы А.,1995ж.

  5. А.Күзембайұлы, Е.Әбіл История Республики Казахстан А.,1998 г.

Қосымша:

  1. Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. М., 94 г.

  2. Бердеяв Н.А. Истоки и смысл русского коммунизма А.,1990 г.

  3. Абжанов Х. Сельская интелегенция в Казахстане: вчера, сегодня, завтра. А.,90 г.

  4. Елеуов Т. Устоновление и упрочение Советской власти в Казахстане А., 1961 г.


Лекцияныњ мєтіні:
Түркі тілді деректемелерінде жалпы дәстүр мен мәдениет негізіңце парсы тілді шығармалармен біріктірілген және негізінен Орта Азия мен Шығыс Түркістанда жазылған түркі тідці әдебиет ескерткіштері соңғы орта ғасырлар дәуіріндегі Қазақстан тарихы жөніндегі нарративтік деректемелер арасында маңызды орын алады. Оларда орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының кдзақ халқы күрылуымен, Қазақ хандығының пайда болуымен және дамуымен, сон-дай-ақ XV—XVIII ғасырдың басындағы қазақ қоғамы өмірінің көрінісін жаңғыртып көрсетумен байланысты кезеңнің ерекше маңыздылығын баяндай-тын едәуір мәліметтер бар.

Жалпы тарих бойынша «Зубдат әл-асар» («Маңызды жылнамалар») деген шығарманы басқа бір деректемелер бойынша Абдаллах Балхи (XV ғ. аяғы — XVI ғ. басы) ретінде белгілі Абдаллах бен Мұхаммед жазған. XVI ғасырдың басыңца ол Хорасанды көшпелі өзбектердің ханы Мұхаммед Шайбани біржола жаулап алғанға дейін Темір үрпақтарына қызмет еткен. Сонан соң ол шайба-нилерге қызмет етуге көшеді. Абдаллах Балхи өз еңбегін Шахрухияның, кейіннен Ташкентгің билеушісі Келді-Мұхаммед сүлтанның тапсыруымен жазған. Қүрастырма хроника болып табылатын шығармада мұсылман әулетгерінің тарихы баяндалады. Оқиғаларды суреттеу 1525 жылға дейін жеткізіледі. Еңбектің XVI ғасырдың алғашқы ширегі үшін ғана түпнүсқа деректеме ретінде маңызы бар. Бұл кезеңнің оқиғаларын автор өз әсерлері және замандастары мен окдғаларға қатысушылардан алынған ақпарат негізінде берген. «Зубдат әл-асарда» қазақтардың саяси тарихы мен олардың билеушілері жөнінде нақты материал бар. Мүхаммед Шайбани ханның 1510 жылғы өзбектердің жеңілісімен аяқталған қазақтарға жорығы туралы айтылады. Басқа деректермен қатар, Қасым ханның Түркістан мен Ташкентке жорығына байланысты мәліметтер де келтіріледі

Тарихшы, ақын, билеуші Үндістанда Үлы Моғолдар империясының негізін салушы Бабырдың (1483—1530) тарихнамада «Бабырнаме» («Бабыр жазбалары») деген атпен белгілі болған еңбегі орта ғасырлардың тамаша тарихи-әдеби ескерткіштерінің бірі болып саналады. Жас кезінде Бабыр Ферғ-ананың мұрагер билеушісі болған. Уакьіт ете келе Орта Азияда Темір үрпақ-тарының орталықгандырылған мемлекетін күру жолындағы езара кырқысқ-ан күресіне белсене қатысады. Алайда Дешті Қыпшақтан келген Мүхаммед Шайбани Темір ұрпақтары әулетініңтүбіне жетті. Бүл жағдай Бабырды 1504 жылы Ауғанстанға кетуге мәжбүр етіп, сол жерден ол Орта Азия мен Үндістанға жорықтар жасады. 1526 жылы Бабыр Үлы Монғолдар әулетінің негізін қалап, овда 1530 жылға дейін билік етті.

Бабыр сол дәуірдегі көптеген окиғалардың куәгері ғана емес, тікелей қатысушысы да болды. «Жазбалар» Орта Азия, Ауғанстан және Үндістан тарихы жөніндегі өте қүнды деректеме болып табылады. Бұл кітапта сол замандағы ғүрыпты мейлінше толық керінісі берілген.

Қазақстан тарихы үшін Бабырдың Жетісу монғолдары, Шығыс Дешті Қыпшақгағы Әбілқайыр мемлекеті туралы, Мүхаммед Шайбанидің саяси іс-қимьшдарына қатысу туралы, қазақгану институты, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудыңтарихи географиясы, өзбектер сияқты, қазақтардың, қырғыздар-дың және Орта Азиядағы басқа да түркі тілдес халықтардың этникалык тарихы туралы мәліметгері ерекше маңызды.

XVI ғасырда «Шыңғыс-наме» деген құнды тарихи шығарма туды. Оның авторы — Елбарыс ханның (1512—1525) қызметінде болған ықпалды отбасынан шыққан Хиуатарихшысы Өгеміс қажы ибн Маулана Мүхаммед Дост. Ал оның ата-бабалары XV ғасырдың 80-жылдарында ұлысы Сырдарияның төменгі ағысында орналасқан Шайбани Жәдігер ханның боданы болған. Өтеміс қажының өзі әуелгі кезде Елбарыс хан жанында, сірө, сарай хатшысы болып қызмет еткен болса керек.

«Шыңғыс-наме» мәліметтерінің орта ғасырлардағы Қазақстан халқының саяси, этникалық-саяси, шаруашылык, әлеуметтік-мәдени өмірінің проблемаларын шешу үшін зор маңызы бар. Өтеміс қажыныңтуындысы Шыңғыс-хан мен оның ұрпақтары билік еткен уақытты қамтиды және онда Алтын Ор-даның хандары туралы мәліметтер бар. Көбіне ауызша айтылған аңыздарға негізделген еңбектің бірегейлігі Алтын Орданы зерттеушілер үшін, атап айтқанда, XIV ғасырдағы Қазақстанды зерделеу үшін ғылыми ынта-ықылас туғызатыны күмәнсіз.

Қашғариядағы белгілі суфылық кайраткер Қожа Мүхаммед Шарифке арналған, авторы беймәлім агиографиялық шығарма «Тазкира-йи Ходжа Му-хаммад Шариф» («Қожа Мұхаммед Шарифтің ғүмырнамасы») XVI ғасырдың екінші жартысына жатады. Ол Сырдариядағы Сайрамда туған. Самарқанд медресесінен білім алған. Оқуын бітіргеннен кейін Қашғарға барып, онда Шығыс Түркістанда көшпелі түріктерді ислам дініне кіргізген әулие деп құрметтелген қарахани Сатұқ-Боғра хан мазары жанында өмір сүрген. 1656-1666 жылы Жаркентте өлген. Тұрмыстық әдебиет жанрына жататын «Тазки-раның» бірінші бәлігі аңызға күрылған және суфылық ізгілік рухына толы, нақтылы тарихи мағлұматтар шығарманың екінші бөлігінде айтылады, онда, атап айтқанда, Шағатай ұрпағы Абд ар-Рашидханныңұлы Абд әл-Латифтің қырғыздарға шапқыншылығы туралы және кейіннен оның елуі туралы мағлұмат бар. Осы оқиғаға кдтысты мәліметтер айтылатын басқа шығармалардан Абд әл-Латифтің қазақ хандарының басшылығымен аттанған қазақтар мен қырғыздардан қаза тапқаны мәлім.

Шайбани ханның ресми тарихының авторы ақын әрі ғалым Мүхаммед Салих болып табылады. Оның «Шайбани-наме» («Шайбани туралы кітап») ретінде белгілі шығармасында Шайбани ханның туғанынан бастап, оның көшпелі өзбектермен бірге Мауараннахр мен Хорезмді жаулап алуына (1500— 1509 жж.) дейін Қазақстан (Шығыс Дешті Қыпшақ) мен Мауараннахр аумағында болған саяси оқиғалар, атап айтқанда, Шайбани ханның Кереймен және Жәнібекпен, Бүрындык ханмен және Қасыммен өзара қатынастары, Сыр бойының қалалары үшін күресі баяндалады. Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық сипатгағы мәліметтер, көшпелі езбектердің мемлекеттік құрылысы туралы, әскери құрылыс пен олардың әскерінің жай-күйі туралы деректер бар. Бағалы географиялық мәліметтер зор ынта-ықылас туғызады, олар кейіннен қазақ, өзбек халықтарының этникалық компонентгерінің бірі болған түрік-монгол тайпаларының құрамы туралы пікір айтуға мүмкіндік береді. «Таварихи гузидайи нусрат-наме» («Жеңістер кітабыньщ тандамалы тарихы») деген тарихи еңбектің авторы қазіргі шығыстанушы медиевистердің есептеуінше, Шайбани ханның өзі болуы әбден ықтимал. Әулеттік тарихта Шыңғысхан мен оның патшалық еткен үрпактарынын тарихы, Монғолияда, Дешті Қыпшақга, Орта Азияда билік етуші Шайбани ханның тарихы баяндалады. «Таварихи гузвдада» Әбілқайыр хан өлгеннен кейін Шығыс Дешті Қыпшақ далаларывда кдлыптасқан жағдай туралы да, Керей мен Жәнібектің сол даладағы іс-қимылдары туралы да айтылады. Шайбани ханның Сырдариядағы қалаларды алу жолындағы қазақ және моғол хандарымен күресі ерекше тәптіштеп баяндалады. Сонымен бірге Жәнібек сұлтанның Орта Азиядағы жорығы туралы, көшпелі езбектердің әскери қүрьшысы мен тактикасы туралы, олардын, әскери-әкімшілік жүйесі туралы, Шайбани ханның еркін билік ету («казачества») жылдары туралы мәліметтер де қүнды.

Сығанақ өлкесіндегі заң қүжаттарында (олар небәрі үшеу) бір шаруашылықтың XVI ғасырдың екінші жартысынан басталған үш ғасыр бойындағы жер-су қүқықтары керсетілген. Солардың арқасында Түркістан еңірінде көп болған дағдылы вақфтық шаруашылықтың жер және су пайдалану эволюциясын белгілі бір шамада байқауға болады. Грамоталарда әр түрлі салықтар мен міндеткерліктерді көрсететін қомақгы материал бар. Хандардыңтархан атақтары мен пүрсатгарын беруі туралы мағлұматгар кұнды. Қүжаттарда бірқатар мекендер осы кезге дейін аталатын көптеген географиялық атаулармен айтылуының да маңызы аз емес. Құжаттардың Сығанақ өңіріндегі жер иелену тарихын зерттеудегі маңызы зор екені дау туғызбайды.

Қазақтың жалайыр тайпасының екілі Қадырәли бек (Қадырғали, 1530— 1605 жж.) бізге дейін жеткен, шартты түрде «Жами аттаварих» («Жылнамалар жинағы») деген тұңғыш тарихи еңбекті жазды. Бүл шығарма ауызша тари-хи аңыздар мен Рашид ад-Динніңтарихи жинағы (XIV ғ.) негізінде жазылған. Белгілі би Қадырәли бек Ондан сүлтанға, ал одан соң оның үлы Ораз-Мүхам-медке қызмет еткен. Қалмақтардың колынан Ондан сүлтан өлгеннен кейін Қадырғали Ораз-Мүхаммедпен бірге Көшім ханның қамқорлығымен Сібір хандығына коныс аударған. Мүнда ол Сібір хандарына кеңесші болып қызмет еткен. 1588 жылы Сібір воеводасы Д. Чулков Ораз Мүхаммедті оның барлық туысқандарымен және нөкерлерімен бірге алдап, түтқынға түсіріп, оларды Қадырғалимен бірге Москваға аманат етіп жіберді. 1592 жылы Федор Ивано-вич патша Ораз-Мүхаммедке Касимов хандығынан жер бөліп берді. Ал 1600 жылы Борис Годунов оны Касимов қаласының билеуші ханы етіп қойды, 1602 жылы Қадырғали ез туындысын сонда жазды, онда Рашид ад-Дин еңбегінің Шыңғысхан мен онын, мирасқорлары тарихымен байланысты жекелеген бөлімдерінің қысқаша мазмүны келтіріледі. Кітаптың қазақхандары тарихын көп жағынан айқындайтын екінші белігінің дербес және өте құнды маңызы бар. XV—XVI ғасырлардағы Қазақ хандығы туралы деректер едәуір ынта-ықылас туғызады, олар қазақ қоғамында ауызша тарихнамалық дәстүр, генеалогияларға және саяси тарих мәселелеріне нақты мүдделілік бар екенін көрсететін сенімді жергілікті деректемелерге негізделген.

Екі тарихи шығарма: «Шаджара-йи тюрк» («Түріктердің генеалогиясы») пен «Шаджарайи таракима» («Түрікмен шежіресі») белгілі хан Әбілғазының (1603—1664 жж.) қаламынан шыққан. Әбілғазы Үргеніштетуған. Өзарақырқ-ысқан күрестің салдарынан Бүхараға қашып барған. Содан соң Хорезмге қайтып оратш, Үргенішті үлеске алған. 1627 жылы езбектер (Әбілғазы бастаған) мен түрікмендер (оның бауыры Исфендияр бастаған) арасындағы саяси бакталастық саддарынан Хорезмнен кетуге мәжбүр болып, қазақтарға қашып барды, онда оны Түркістанда Есім хан қабылдады. Содан соң екі жыл бойы Ташкент ханы Түрсынның жанында болды. 1643 жылы Арал өзбектері Әбілғазыны ездерінің ханы деп жариялады.

«Түріктердің генеалогиясында» Орталық Азия аймағынын, көптеген өңірлерінің саяси, әлеуметтік-экономикалықтарихы, этнографиясы мен та-рихи географиясы туралы едәуір акдарат бар. Көшпелі өзбектер мемлекетінің тарихы, Қазақстан мен Орта Азиядағы, Маңғыт (Ноғай) Ордасындағы Шайбанилер әулеті туралы мәліметтер назар аударуға лайык- Моғол ұлыстарының тарихы жөнінде, Көшім хандығы, тоғыз заттан түратын сый тарту ғұрпы және оның мәні т. т. туралы құнды анықтамалық материал бар. Басқа бір шығарма — «Түрікмен шежіресі» маңызды тарихи деректеме ғана емес, сонымен қатар көпшілігі орта ғасырлар дәуіріндегі түрік дүниесіне тән көптеген халық әңгімелері, аңыздары, этнонимдердің халықтық этимологиясы, әдет-ғұрыптар, мақалдар мен мәтелдер шеберлікпен баяндалатын елеулі әдеби ескерткіш болып табылады.

XVIII ғасырда Мунис деп аталып кеткен Шер-Мүхаммед Әуез би «Фирда-ус әликбал» («Жұмақгағы бақыт бағы») деген тарихи шығарма жазды. Мунис юз тайпасынан шыққан езбек ақсүйектеріне жататын еді. Ол сарай маңындағытарихшы, ақын, мемлекет қайраткері болды. «Фирдаус әл-икбалды» Мунис аяқтаған жоқ (1829 жылы қайтыс болған). Оның хроникасын Мунистің хан қызметіндегі мирасқоры ғана емес, сонымен қатар оның шәкірті де болған жиені Агахи аяқгаған. Мунис — Агахидің ауқымды еңбегі шағатай тілівде жа-зылған. Бүл туындының бірінші бөлігі құрастыру сипатыңда. Бірақ шығарма-ның кеп бөлігі XVIII ғасырға қатысты оқиғаларды жылдар бойынша баяндайтын бөлігінде түпнұсқа болып табылады. «Фирдаус әликбалда» Хиуаның ішкі саяси тарихы туралы бай ақпаратпен қатар Хиуаның қазақтармен, түрікмендермен және басқалармен саяси әрі басқа да байланыстары мен қатынастары туралы ауқымды мағлұматтар келтірілген. Хиуаның тарихи өміріне қазақтың рулық бөлімшелерінің және жергілікті билеуші адамдар мен топтар қолдан қойылған хандар ретінде пайдаланған қазақ хандары мен сұлтандарының қатысуын ашып көрсететін деректер зор ынта ықылас туғызады.


Лекция 9.

Тақырыбы:XV—XVIII ғ.ғ. Түріктік жазба және дастандық жазбалардағы Қазақстан тарихының зерттелінуі

Жоспары:

  1. Парсы деректемелерінде соңғы орта ғасырлардағы Қазақстанның тарихын зерттелінуі

  2. Фазлаллах Рашид ад-Диннің «Жами' аттаварих» («Жылнамалар жинағы», 1310—1311 жылдары аяқталған) деген тарихи еңбегі


Пайдаланѓан әдебиеттер тізімі:

Негізгі

  1. Қазақ ССР тарихы 5-томдық. 4-5 томдар. Алматы 1981 ж.

  2. Х.Маданов Қазақ халқының арғы-бергі тарихы А., 1995

  3. Ә.Әбдіәкімұлы Қазақстан тарихы А., 1997 ж.

  4. К.Мамырұлы. Қазақ тарихы А.,1995ж.

  5. А.Күзембайұлы, Е.Әбіл История Республики Казахстан А.,1998 г.

Қосымша:

  1. Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. М., 94 г.

  2. Бердеяв Н.А. Истоки и смысл русского коммунизма А.,1990 г.

  3. Абжанов Х. Сельская интелегенция в Казахстане: вчера, сегодня, завтра. А.,90 г.

  4. Елеуов Т. Устоновление и упрочение Советской власти в Казахстане А., 1961 г.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет