Лекция №9 апта Энтропия Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата17.09.2024
өлшемі0.98 Mb.
#503727
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
865 ЛекцияДОТ-ОИС 2

Деректер қорларын бағдарламалық қамтамасыз ету жалпыға арналған 
қамтамасыз ету, қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету және деректер қорларын 
жобалау мен жасауды автоматтандыру құрал-жабдықтары болып бӛлінеді. Деректер 
қорларымен жұмыс істейтін ақпараттық жүйелердегі жалпыға арналған бағдарламалық 
қамтамасыз ету деректер қорларын басқару жүйелері дегеніміз – бұл деректер қорларын 
жасауға, жүргізуге, қорғауға және енгізуге арналған тілдік және бағдарламалық 
құралжабдықтар кешені. Деректер қорларын қолданбалы бағдарламалық ету дегеніміз – 
бұл нақты қолданбалы есептерді шешу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді жасаушы, 
немесе пайдаланушылардың ӛздері жасап шығарылатын бағдарламалар мен жүйелер. 
Delphi, Cu, Visual Basic және тағы басқалар қазіргі заманғы бағдарламалардың 
алгоритмдік тілдерінде SQL тілін пайдаланатын деректер қорларына қол жеткізу 
мүмкіндігін бағдарламалау құрал-жабдықтары бар. Оған қоса, кӛптеген МҚБЖ-де жүйеге 


қоса 
орнатылған 
бағдарламалау 
тілі 
бар. 
CASE-құралдары 
деп 
аталған 
CASEтехнологиясын жүзеге асыратын бағдарламалық-технологиялық құралдар деректер 
қорларын жасау мен ақпараттық жүйелерді жобалауды автоматтандыруға арналған. CASE 
(Computer Aided Software Engineering) терминін компьютер кӛмегімен бағдарламалық 
қамтамасыз етуді жасау деп аударуға болады. CASE-құралдары дегеніміз – бұл 
талаптарды талдау мен тұжырымдау, деректер қорлары мен қосымшаларын жобалау, 
кодты генерациялау, тестілеу, сапаны қамтамасыз ету, конфигурацияны басқару және 
тағы басқалар сияқты ақпараттық жүйелерді жасау мен ілесе жүру үдерістерін қолдайтын 
бағдарламалық құралдар. Тӛртінші бӛлімде SQL тілі қарастырылады. SQL тілі – қазіргі 
заманғы кӛптеген реляциялық МҚБЖ-ның стандартты тілі болып табылады. SQL 
дегеніміз - Structured Queries Language сӛздерінің қысқартылған түрі, ол сұраныстардың 
құрылымдалған тілі деп аударылады. SQL тілі реляциялық түрдегі деректер қорларымен 
жұмыс істеуге арналған. Ол реляциялық МҚБЖ пайдаланушыларға ұсынатын барлық 
негізгі мүмкіндіктерді жүзеге асырады. SQL тілі командалар (операторлар) жүйелерінен 
тұрады, олардың ішіндегі ең маңыздылары тӛмендегілер:
DML (Date Manipulation Language), деректерді манипуляциялау тілі.
SELECT – деректерді оқуға сұраныс жасау;
INSERT – деректер қорына жаңа жазба қосу; 
DELETE – деректер қорынан жазбаларды жою
UPDATE – деректерді ӛзгерту.
DDL (Date Definition Language), деректерді анықтау тілі.
CREATE TABLE – жаңа кестені жасау, оның құрылымын сипаттау;
DROP TABLE – кестені жою;
ALTER TABLE – кесте құрылымын ӛзгерту;
CREATE VIEW – бейнелеуді жасау; 
DROP VIEW – бейнелеуді жою;
CREATE INDEX – индексті 
жасау; DROP INDEX – индексті 
жою; Қол жеткізуді басқару.
GRANT – пайдаланушыға артықшылықтар беру; 
REVOKE – берілген артықшылықтарды алып тастау.
Транзакцияларды басқару.
COMMIT – транзакцияны аяқтайды;
ROLLBACK – транзакцияны алып тастайды.
SQL командаларын интерактивті режимде орындаумен қатар, жоғары деңгейдегі 
тілдерде бағдарламалауда пайдалануға болады.
Файлдық құрылым деректері.Қазіргі ақпараттық технологияларда деректер қоры 
үлкен роль атқарады. Деректер қорының пайда болуынан бұрын файлдық құрылым 
деректері пайда болған.
Деректерді жинақтау, сақтау және ӛңдеудің тәсілдері, әдістері есептеу 
техникасының ӛзгеруімен қатар ӛзгеріп отырды. Бірінші және екінші буындардағы 
компьютерлерде деректер файлдар түрінде сақталатын және бұл файлдардағы ақпаратқа 
қол жеткізу біртіндеп іске асырылатын, оның себебі жинақтағыштардың магниттік 
таспалар болуымен байланысты болды. Үшінші буындағы ЭЕМ-де магниттік барабандар 
мен дискілердің пайда болуымен файлдық құрылым деректеріне қол жеткізу еркін іске 


асырылып, қажетті ақпаратқа тікелей қол жеткізуге мүмкіндік туды. Бұл деректерді ӛңдеу 
тиімділігін едәуір арттырды. Үшінші және тӛртінші буындағы ЭЕМ-дерде бір мезгілде 
деректер файлдарымен қатар деректер қоры пайда болды.
Файлдық құрылым деректерінің деректер қорына қарағанда бірнеше кемшіліктері 
бар. Файлдық құрылым деректерінің негізгі кемшіліктері тӛмендегідей:

деректердің шектен тыс кӛп болуы;

деректердің нашар бақылануы;

деректерді басқарудың жеткіліксіз мүмкіндіктері;

программистердің еңбек шығындарының кӛптігі болып табылады.
Деректердің шектен тыс кӛп болуы файлдық құрылым деректерін пайдаланатын 
қосымшалардың тек ӛз деректерімен ғана жұмыс істейтіндігімен байланысты. Сондықтан 
әртүрлі қосымшалардың деректер файлдары бірдей ақпаратты қамтуы мүмкін. Сонымен 
қатар, әртүрлі қосымшалардағы деректер арасындағы үйлесімділікті сақтау үшін файлдың 
біріндегі ақпаратты ӛзгерткен жағдайда басқа файлдардағы сәйкес ақпаратты да ӛзгерту 
қажет.
Деректер файлдарындағы ақпарат тұтастай алғанда ӛзара байланыспаған, бұл 
деректерді бақылау ісін қиындатады. Деректер файлдарында бақылаудың осылайша әлсіз 
болуы әртүрлі қосымшалардың бірдей деректерге әртүрлі мағына беруінде жатыр.
Файлдардағы деректердің арасында байланыстардың болмауы деректерді 
жеткіліксіз басқаруға және тіпті басқарудың мүмкін еместігіне әкеледі.
Қосымшалар мен деректер файлдарын пайдалану барысында оларды ӛзгертіп, 
түрлендіру қажеттілігі туындайды. Ол үшін программаны қайтадан жазып, деректерді 
құрастыру қажет, бұл программалаушылардың біраз еңбек етуін талап етеді.
Деректер қоры. Негізгі ұғымдар.Ақпараттық технологияларды деректер қоры 
үлкен роль атқарады. Деректер қоры дегеніміз – белгілі бір сипаттамасы (құрылымы) бар, 
ӛзара байланыса сақталатын ақпараттар жиынтығы.
Деректер қоры бірнеше ортақ қасиеттері бар элементтер жиынынан тұратын 
нысандарды сипаттауға арналған. Мысалы, нысан ретінде ӛндірістік ұжым бола алады. 
Бұл нысанның элементтері (адамдар) тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, мекен-жайы 
және т.б. сияқты қасиеттерге ие.
Деректер қорларында келесі ұғымдар қолданылады: ӛріс – нысанның 
белгілі бір қасиетін сипаттайтын ең кіші ақпарат бірлігі;
домен – ӛрістің қабылдайтын мәндерінің жиыны; деректер 
қорының құрылымы – ӛрістердің жиынтығы; жазба – 
нысанның бір элементі үшін ӛріс мәндерінің жиынтығы;
деректер қорының файлы – сипатталатын нысанның элементтеріне сәйкес келетін
жазбалар жиыны.
Деректер қорының файлдық құрылым деректерінен басты айырмашылығы – 
деректерді ұйымдастыру тәсілінде. Әдеттегі файлдар ӛзара байланыспаған деректер 
элементтерінің қандайда бір тізбегі ретінде физикалық тұрғыда ұйымдастырылса, ал 
деректер қоры берілген сипаттамаға сәйкес ұйымдастырылады және жекелеген 
элементтерінің арасында байланыс болады.
Деректер қоры мен файлдың тағы бір айырмашылығы – деректер қорының 
сипаттамасы сол мәліметер қорымен бірге сақталатындығында. Файл күрделі құрылымды 
болуы мүмкін, алайда бұл құрылымды анықтау сол файлдың ішінде емес, сол деректер 
файлы жасалынған және қолданылған программаларда орналасады. Деректердің 


сипаттамасы деректер қорының ӛзінде сақталатын болғандықтан, ол деректер қорымен 
бірге тасымалданып, осы деректер қорын пайдаланатын программалардың қарамағына 
беріледі.
Файлдағы деректерді сұрау кезінде, жалпы жағдайда сұралып отырған ақпарат 
кӛлемі мен орнын беру қажет, яғни физикалық ұғымдармен жұмыс істейсіз. Деректер 
қорында деректер қорының құрылымына сай ақпараттың белгілі бір типі, мысалы 
мекенжайы сұралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет