Лекция Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың алатын орны. Педагогика пәні мен міндеттері, негізгі категориялары



бет37/47
Дата28.01.2024
өлшемі0.49 Mb.
#490087
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   47
дәрістер (1)

Дербес бақылауда әрбір оқушының Б.І.Д.-сын терең және жан-жақты анықтайды.
Сонымен қатар оқушыларды өзін-өзі бақылау тәсілдеріне үйреткен дұрыс. Бұл олардың жауапкершілігін, өз күшіне деген сенімін туғызады.
Оқушылардың білімін бағалауда немқұрайдылыққа жол беруге болмайды. Өйткені баға білімді есепке алу құралы болумен қатар, тәрбиелік құрал да болып есептеледі.
Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылатын бағалау жүйесі «5 баллдық» жүйе.
«5» бағасыоқу материалын толық, дұрыс, дәл логикалық бірізділікпен айтылған жауапқа қойылады.
«4» бағасы – оқу материалын толық біледі, бірақ болар-болмас кемшілігі бар жауапқа қойылады.
«3» бағасы – жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес, білімінде кейбір проблемалар есепке алынбаған жауапқа қойылады.
«2» бағасы – оқушы жауабында қателер, білімінде елеулі кемшіліктер бар жауапқа қойылады.
«1» бағасы – тексерілген оқу материалы бойынша білімі жоқ, толып жатқан өрескел қателер үшін қойылады.
Революцияға дейін Россияда 0-ден 5-ке дейін «6» баллдық жүйе болған. 1918 жылы «о» бағасы қысқартылды. Қазіргі кезде «1» деген баға да өте сирек қойылады. Сөйтіп «5» баллдық жүйе «4» баллдық жүйеге айналды.
Алайда көптеген педагогтар баға қоюда басқа да әртүрлі әдістерді қолданады:
1-әдіс. «+», «-» таңбаларымен баға қою. Мысалы, «4+» немесе «4-». Әрине қосымша таңба қою журналда ескерілмеген. Сондықтан журналға бағаның өзін қояды да, өзінің жеке дәптеріне нақтыланған, «+», «-» таңбаларымен қояды. Бұл әдісті ынталандыру құралы ретінде пайдаланады.
2-әдіс. Ауызша бағалау. Оқушының білімін сөзбен бағалайды.
3-әдіс. Күнделікке қойылған бағаны ата-аналарға арналған жазулармен толықтыру. Сөйтіп оқушының отбасы алдындағы жауапкершілігін көтермекші болады. Алайда бұл әдіс әруақытта ойдағыдай нәтиже бермейді.
4-әдіс. Үлгерім экранын қолдану. Оқушылардың барлық бағалары түсірілген экранды классқа іліп қояды. Бұл әдістің кемшілігі де бар. Жақсы оқитындарда менмендік, өзін артық санау сезімдерін туғызуы, ал нашар оқитындарда керісінше немқұрайдылықты туғызуы мүмкін.
Оқушылардың үлгерімін сандық бағалау жүйесі «балл» түрінде басқа елдерде де қолданылады.
Венгрия, Югославия, Чехославакияда «5 баллдық» жүйе қолданылады. Венгрия мен Югославияда 5 – жоғары, 1 – төмен баға болса, Чехославакияда керісінше, 1 – жоғары, ал 5 – төмен баға болып саналады. Румыния, Голландия, Ауғаныстанда оқушыларға 1-ден 10-ға дейінгі бағалар қойылады. 10 - өте жақсы, 1 - өте жаман баға, ал класстан классқа көшіру 5-6 сандық белгілермен бағаланады. Францияның бастауыш мектептерінде оқушыларға «10 баллдық» жүйе бойынша, ал лицейлерде «20 баллдық» жүйе бойынша баға қойылады. Америка Құрама Штаттарында оқушыларға баға қоюда әріп жүйесі қолданылады: А, В, С – жақсы баға, Д, Е – жаман баға. Көптеген оқу орындарында әртүрлі топтарға бөледі: А – дарынды, В - қарапайым, С – қабілетсіз. Оқушының қай топқа жататынын анықтау үшін әртүрлі сынақтан өткізеді. Дарынды оқушыларды дамыту үшін барлық жағдай жасалады, ал қарапайым оқушылар тек қана практикалық білім мен пайдалы дағдыларды меңгерсе жеткілікті. Жапонияда оқушылардың білімін есепке алу мен бағалаудың ауызша формасы қолданылады, ол мадақтау деп аталады. Бірақ баға қойылмайды. Оқушылардың білімін тексеру үшін тесттер қолданылады. Тестті мұғалім дайындайды және оқушының жауабы 10-нан 100 ұпайға дейін бағаланады. Ал оқу жылының аяғында оқушыға мінездеме жазылады, онда әр оқушының жинаған ұпай саны көрсетіледі.
Есепке алу – бұл оқытудың белгілі кезеңінде оқушылар мен мұғалімнің жұмысын жинақтап қорыту. Үлгерімді есепке алуда мынадай мәселелерді еске алған жөн:

  • оқу бағдаоламасы бойынша тақырыпты және тарауды оқып үйрену процесінде оқушылардың Б.І.Д.-сын жан-жақты бақылау керек;

  • әрбір аяқталған тақырып бойынша оқушылардың жұмысы туралы жеткілікті, толық қорытынды шығарып отыру;

  • оқушыларға толық, пайымды мінездеме беру үшін, олардың бірнеше оқу жылындағы статистикалық үлгерім мәліметтеріне талдау жасау қажет.

Сонымен, әрбір мұғалім оқу жұмысын есепке алудың әдісін және техникасын жақсы білумен қатар, оқу жұмысы жөнінде обьективті мәліметтердің болуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет