Лекция атауы: Туылу кезіндегі асфиксия хаж-10 коды бойынша


А блогы. Мекониймен боялған ұрық жанындағы судың барлығы шыққаннан кейін алғашқы жансақтау шаралары



бет6/12
Дата11.12.2023
өлшемі41.84 Kb.
#486152
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Асфиксия казакша

А блогы. Мекониймен боялған ұрық жанындағы судың барлығы шыққаннан кейін алғашқы жансақтау шаралары.
1. Егер нәрестеде мекониймен араласқан су шыққаннан кейін, туылысымен белсенді өздігінен тыныс алуы байқалса, физиологиялық бұлшықет тонусы мен жүректің жиырылуы 100 мин/соғыс болса, кеңірдектің санациясы көрсетілмеген.
Мұндай нәрестеге тактильді әсер етпей, анасының кеудесіне жатқызып, алдымен аузын, сонан соң мұрнын медициналық груша арқылы меконийден тазарту керек. Содан соң құрғатып, ыңғайлы жатқанын қамтамасыз етіп, нәрестенің жасалған шараға реакциясын бағалау керек.
Жасалған шаралардан соң нәрестеде ЖЖЖ 1 минутына 100 болып сақталса, өздігімен тыныс ала алса, бұлшықет тонусы жақсы болса, медициналық персоналдың тұрақты қатаң қарауымен анасының жанында қалуына болады.
2. Мекониймен бүлінген су шыққаннан кейін өздігімен тыныс ала алмаса, бұлшықет тонусы төмен болса және ЖЖЖ 1 минутына 100-ден кем болса, тез арада анасынан айырып, жылы сәулесі бар реанимациялық үстел үстеліне әкеліп жазтызу керек; (тактильды әсер етпеу үшін), дұрыс жатқызып ларингоскопияның тікелей бақылауымен ауыз және тамақтағыларды 12 және 14 Ғ катетерлерін қолдану арқылы алып тастау керек.
Содан соң ларингоскоп жүзін тілдің оң жақ бөлігімен оны солға итере отырып, тілдің арғы негізіне жеткізу керек.
Ашық дыбыс саңылауы арқылы кеңірдекке эндотрахеальды түтікшені (ЭТТ) өткізеді, оған меконий аспираторы қосылады, ал аспиратордың қарама-қарсы жағынан – электросорғышты қосады. Аспиратордың жанындағы портын оқшаулай отырып, жүйеде теріс қысымды тудырады (100 мм аз емес) және бірнеше секунд ішінде кеңірдектегі негізді ЭТТ жай тарта отырып, алып тастайды. Меконийді ЭТТ арқылы 3,5-секундтан артық алуға болмайды.
Аспиратордың мөлдір қабырғалары аспираттың сипатын визуальды бағалауға және кеңірдектегі меконийдің бар/жоқтығын растайды. Егер кеңірдек санациясы кезінде меконий алынбаса, амалды қайталау қажет. Егер бірінші кеңірдек санациясында меконий алынса, малды меконийді барынша алынғанға дейін қайталауға болады.
Егер интубация мүмкіндігі нәтижесіз болса, интубация мүмкіндіктерінің ұзақтығынан анықталған брадикардия немесе сатурацияның төмендеуі білінеді, кідіртпей бетперде арқылы өкпені желдетуді бастау керек, сонан соң мүмкіндікті қайталау керек.
Кеңірдек санациясы кезіндегі ЖЖЖ-н пульсоксиметрия немесе тыңдау жолымен бақылап отыру керек.
Брадикардия ӨЖЖ-ні жайлап бастауға бірегей көрсеткіші болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет