Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары



бет11/93
Дата12.04.2023
өлшемі287.18 Kb.
#472162
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   93
лекция 1-15

Ф. Аквинский (1224-1274 ж.ж.) «Құдайшылдықтың жиынтығы» деген еңбегiнде саяси билiктiң үш элементiн: мәнiн, формасын және қолдана бiлудi ажыратып көрсеттi. Сонымен бiрге, ол өз еңбектерi арқылы арнайы заң теориясын жасады. Заңды мәңгiлiк, табиғи және оң деп бөлiп көрсеттi. Құдай жауыздық емес, қайырымдылықтың себебi. Сондықтан билiктi құрайтынның барлығы мейiрiмдiлiктен тұрады деп санаған. Ф. Аквинский монархияны қолдады, себебi ол заңға сүйенедi деп есептеген.
Қазақ және Араб саяси философиясының әкесі Әбу-Насыр әл Фараби.
Орта ғасырлық араб философиясында саясат, мемлекет және билік пен құқық туралы ойлар Әбу Насыр әл-Фарабидің (870-950 жж) еңбектерінде жан-жақты талқыланды. Саясат, мемлекет және билік арасындағы айырмашылықтарға көңіл бөлмеген араб философы бұл ұғымдарды синонимдер ретінде бағалап саясат пен саяси ілімнің басқа варианттарын ұсынды. Саяси мәселелерді қарастыруда араб-мұсылман философы көп жағдайда грек ойшылдары Аристотель және Платонның еңбектеріне сүйенді. Саясат ол үшін өзі «қайырымды қала» деп ат қойған идеалды мемлекет істері туралы ғылым болып саналады. Мұндай қалалар ретінде бірге тұрған, мақсаттары бір, бір басшылыққа бағынған шағын қауымнан бастап Араб халифатына дейінгі адамдар қауымдастығын түсінді.
Әл-Фараби «Қарапайым қала тұрғындарының көзқарастары туралы» трактатында қала тұрғындарын бес топқа бөледі. Оның ойынша, «қала бес түрлі адамдар тобынан құралады: ең құрметті адамдардан, шешендерден, өлшеушілерден, жауынгерлерден, және байлардан». Әл-Фараби ең құрметті адамдарға ақылдыларды, пайымдағыш адамдарды, маңызды істерде беделге ие болған адамдарды жатқызады. Екінші топтағы шешендерге – діни қызметкерлерді, ақындарды, музыканттарды, хатшыларды және шығармашылық жұмыспен айналысатындарды, ал өлшеушілерге – есепшілерді, дәрігерлерді, астрологтарды, математиканы оқытушыларды қосады. Байлар дегеніміз- қалада байлық табатындар, егіншілер, мал өсірушілер, саудагерлер, қол өнершілер.
Әл-Фараби қайырымды қала басшысында алты түрлі қасиет болу керек деп есептеген. Олар: даналық, асқан пайымдылық, сенімділік, ойлау қабылетінің жоғары болуы, соғыс өнерін жетік білуі, денсаулығының мықты болуы. «Осының бәрін өз бойында ұштастыратын адам барлық уақытта кімге еліктеу керек екенін, кімнің айтқан сөзі мен ақылына құлақ қою керек екенін көрсететін үлгі болады. Мұндай адам мемлекетті өзінің қалауынша басқара алады».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет