Лекция тақырыбы: Жалпы тіл білімі курсына кіріспе. Лекция жоспары



Pdf көрінісі
бет10/46
Дата23.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#484184
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46
Лекция жинағы

Бақылау сұрақтары:
1. Тіл мен ойлаудың қарым-қатынасы қандай? 
2. Тіл мен сана арасындағы қарым-қатынас туралы не білесіз? 
3. Тіл мен ойлау, тіл мен сана арасындағы қарым-қатынасты айқындауда қандай 
көзқарастар бар? 
4. Тілдің жүйелік және құрылымдық сипаттарын қалай түсіндіруге болады? 
5. Тіл жүйесіндегі диахрондық және синхрондық қалыптары деген не? 
6. Тіл жүйесіндегі парадигмалық, синтагмалық қатынастарды қалай түсіндіруге 
болады? 
7. Тілдің құрылымдық салалары қандай? 
8. Жүйенің анықтамасын, оның құрамды бөлшектерін түсіндіріңіз 
Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмасы: Тіл жүйесіндегі диахрондық, синхрондық 
қалыптар. 
Қажетті әдебиеттер: 
1. Қордабаев Т., Қалиев Ғ., Жалпы тіл білімі, А.,2004. 67-95б 
2. Қалиұлы Б., Жалпы тіл білімі, А.,2005, 48-52; 61-67-б 
3. Қордабаев Т.Р., Жалпы тіл білімі, А.,1975, 115-127-б 
4. Аханов К., Тіл білімінің негіздері, А.,2002, 38-77-б 
5. Соссюр Ф.де. Курс общей лингвистики // Труды по языкознанию М.,1977 
6. Общее языкознание. М.,1970, 1972, 1973.
7. Хасенов Ә. Тіл білімі. А., 1996 58-86 – б. 


№6 Лекция тақырыбы: Тілдің жүйелік, структуралық сипаттары. 
Лекция жоспары: 
1. Тіл жүйесіндегі диахрониялық, синхрониялық қалыптар мен парадигматикалық, 
синтагматикалық қатынастар. 
2. Тілдің структуралық салалары, олардың өзіндік сипаттары, ара қатынасы, жүйенің 
анықтылығы мен оның мәні. 
3. Жүйе элементтері арасында жүйесіздіктің де болатыны. 
Лекцияның мақсаты : Тіл және ойлау, тіл және сана арасындағы, қарым – қатынасты, әр 
түрлі көзқарастарды, тілдің жүйелік, құрылымдық сипаттарын түсіндіру.
Лекция мазмұны:  Алдыңғы тарауларда тіл мен ойлауды бір-бірімен ұштастыратын дәнекер 
тілдік элементтердің мағыналық жағы деген пікір айтылды. Тілдік мағына деген не, оның 
қандай түрлері болады? Енді осы сұрауға жауап берейік. 
Тіл екі жақты құбылыс: оның бір жағы — сыртқы дыбыстық материалдық жағы да, 
екіншісі — ішкі мазмүндықлогикалық жағы. Тілдің, тілдік элементгердің логикалық жағы 
дейтініміз — олардың білдіретін мағыналары, атқаратын қызметтері. Тілдік элементтер 
сөйлеу процесінде қандай қызмет атқарса, сол олардың мәні, мазмүны, мағынасы болмақ. 
Басқаша айтқанда, мағына деп тілдік тұлғалардың семантикалық функциясын айтады. 
Тілдік элементтердің мағыналық жағы тіл білімінде семантика деп, семантиканы 
зерттейтін ғылым семасиология деп аталады. Тілдік элементтердің семантикасында 
бейнелеушілік те, коммуникативтік те сипат болды. Тілдің танымдық және коммуникативтік 
қасиеттері осы екеуінен көрінеді. 
Тілдік элементтердің мағыналары дамудың ұзақ замандық тарихы бойында бірте-бірте 
қалыптасады да, келе-келе әбден орнығып, сол тілде сөйлейтіндердің барлығына бірдей 
түсінікті және міндетті жалпылық сипат алады. Бұлай болмаған жағдайда тіл арқылы пікір 
білдіру, оны түсіну мүмкін болмаған болар еді. Тілдік мағына — тіл біліміндегі өте күрделі 
проблема және ол ғылымдараралық проблема. Бұл мәселемен, әсіресе сөз мағынасымен, 
философтар да, логиктер де, психологтар да айналысады. Олардың сөз мағынасына 
байланысты айтқан пікірлері де аз емес, қайшылықтары да жетерлік. Кейбір лингвистикалық 
мектептер глоссематика мен дескриптивтік мағынаны лингвистикалық, пән деуге болмайды, 
ол — экстралингвистиканың қарауына жататын, тілден тысқары мәселе дейді. Структуралық 
бағыттың глоссематика, дескриптивтік деп аталатын салалары дәл осындай көзқарасты 
қолдайды. Бұған олар тілдік мағынамен әр түрлі ғылымның айналысатынын дәлел етеді. Бұл 
- тілді негізгі функциясынаң, тілді зерттеудің көздейтін негізгі мақсатынан жұрдай ету деген 
сөз. Бұл — қате. Өйткені мағына — тілдегі ең негізгі пән. Сөйлеу, сөйлесу атаулының барлығы 
да мағынаға тіреледі, біреу біреуге тілдік материалдар арқылы белгілі бір мағынаны білдіру, 
хабарлау үшін өзара қатынас жасайды. Сондықтан да мағына дегеніміз — тілдік тұлғалардың 
қызметі дейміз. 
Тілде болатын алуан түрлі элементтердің қай-қайсысының да өздеріне тән мән-
мағыналары бар. Бірақ ол мағына әр элементтің тілде атқаратын қызметіне, өзіндік 
ерекшелігіне қарай әр басқа болады. 
Мағына дегеніміз не деген сұрауға беріліп келген және беріліп жүрген көптеген 
анықтамалар бар. Солардың ішінде теориялық жағынан ұстамды, ойға қонымды келетіні 
таңбалаушы мен таңбаланушының қатынасынан туатын мән, мазмұн дейтін тұжырым. 
Тілдік элемент нені білдірсе, нені байқатса, нені бейнелесе, сол — оның мағынасы. Мағына — 
ойлау категориясына жататын бейнелік құбылыс. Ой мазмұны тілдік мағыналарға негіз 
болады. Тілдік мағына объективтік дүниедегі заттардың, құбылыстардың, болмыстардың 
санадағы бейнесі. Бірақ бейне деген болмыстың адам санасындағы айна қатесіз көшірмесі 
емес, болмыстың санадағы сәулесі, елесі ғана. Адам санасында тілдік элементтердің 
материалдық бейнесі де, затгардың құбылыстардың, болмыстың физикалық 1 бейнесі де 
сақталады. Екеуі бірігіп бір бүтін болып тұрады. Тілдік элементтерді айтқандап естігенде 
немесе жазылғанды оқығанда сол екі бейне де еске түседі, көз алдыңа келеді, Осы екі 
бейненің бірлігі, байланысы, қарым-қатынасы оның мағынасы болады. Түсінік болу үшін 
айтылған жазылғаң тілдік элементтің неменеге қатыстығын, нені білдіретінін білу керек. 
Ондай білік сөйлеуші (жазушы) үшін де, тындаушы (оқушы) үшін де біреу ғана болып, бір 
жерден шыққан жағдайда ғана тіл өзінің қатынас құралындық қызметін аткара алады. 


Тіл – белгілі бір құрылымы, жүйесі және қызметі бар, біртұтас құбылыс. Яғни тілге 
құрылымдық (структура), жүйелілік (система) және қызмет (функция) деген үш түрлі сипат 
тән. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән, нақтылы мазмұны болады. Тілдің қызметі туралы 
жоғарыда айттық. Енді құрылым мен жүйе дегендерге келелік. 
Құрылым деп, әдетте, бүтін нәрсенің элементтерінің арасындағы қатынастардың тінін, 
қаңқасын немесе сұлбасын айтады. 
Ол бүтіннің бір тектес немесе әр тектес элементтерінің ара қатынасын және бірлігінен 
тұрады. Элементтер яғни тілдік бірліктер мыналар: 1) дыбыс (фонема), 2) морфема, 3) сөз, 4) 
сөз тіркесі, 5) сөйлем және 6) мәтін. 
Дыбыстар (фонемалар) –есту мүшелері арқылы қабылданатын, бір морфеманы екінші 
морфемадан, бір сөзді екінші сөзден ажырататын ең кіші тілдік элемент. Мысалы, п, с, т, д, м, 
н дыбыстары пән, сән, тән, дән, мән, нән деген сөздерді бір-бірінен ажыратып тұр. 
Морфема – дыбыстар мен мағынаның бірлігінен тұратын тілдік элемент. Морфеманың 
түбір морфема (бүл+ін, красн+ый), аффикстік морфема (жылқы+шы, бала+лық; ағаш+тың 
бұтағ+ы) деген түрлері бар. Бұлардың, яғни жұрнақтар мен жалғаулардың әрқайсысының 
білдіретін мағыналары болады. Мысалы, сөз тудырушы мағына, сөз түрлендіруші мағына 
(яғни сөздердің байланысын, бір-біріне қатынасын білдіретін мағына) т.б. Морфема бір, екі 
немесе одан да көп фонемадан құралуы мүмкін. Мысалы, бар+са+ң, бар+са+м, бар+а+ды. 
Сөздер заттар мен құбылыстарды, сапа мен белгіні, іс-әрекет пен қимылды атайды, 
солардың атаулары ретінде қызмет атқарады. Сөздің бұл қызметін – номинативті (атау болу) 
қызмет деп атайды. 
Сөйлем ойды, байымдауды білдіреді, бір нәрсені хабарлау қызметін атқарады. Сөз 
номинативтік қызмет атқарса, сөйлем коммуникативтік (пікір алысу, сөйлесу) қызмет 
атқарады. Тіл өзінің қатынас құралы болу қызметін сөйлемдер арқылы іске асырады. 
Кез келген тілдің жалпы құрылымы мен жүйесі болады. Сонымен бірге оның әрбір 
қабатының (деңгейінің – уровень), мысалы, фонетикалық, морфологиялық, лексикалық, 
синтаксистік қабаттарының әрқайсысының жеке өз құрылымы, өз жүйесі болады. Әр 
құрылым мен жүйенің, мәселен, фонетика жүйесінің барлық элементтері (дыбыстары) сол 
жүйенің мүшелері ретінде қызмет етеді.
Жүйе дегеніміз - өзара байланыста бір тектес элементтердің ретті, заңды бірлігі. Ол 
заттық негіз (материя, субстанция), құрылым және қызмет деген үш ұғымның ұштасып 
келуінен, олардың бірлігінен және өзара қатынасынан құралады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет