Лекция тақырыбы: «Сын есім. Сын есімнің лексика-семантикалық сипаты»



бет1/11
Дата04.05.2024
өлшемі2.58 Mb.
#500507
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1301-63 оқу тобы


Сәуірдің он тоғызы
№11 лекция тақырыбы:
« Сын есім. Сын есімнің лексика-семантикалық сипаты »
1301-63 оқу тобының жұмысы
Жоспары:
1. Сын есімнің жалпы сипаты.
2. Сын есімнің семантикалық топтары.
3. Сын есімнің морфемалық құрамдары.
4. Сын есімдердің жасалауы.
5. Есімдерден сын есім тудыратын өнімді жұрнақтар.
6. Есімдерден сын есім тудыратын өнімсіз жұрнақтар.
7. Етістіктерден сын есім тудыратын өнімді жұрнақтар.
8. Етістіктерден сын есім тудыратын өнімсіз жұрнақтар.
9. Сын есімнің шырай түрлері және жасалуы.
Есімдер деп аталатын сөздердің ішіндегі зат есімнен кейінгі есесі де, еншісі де мол сөз табы - сын есім.
Семантикалық жағынан зат есім әр алуан заттық ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика -грамматикалық тобы болса, сын есім неше алуан сыр-сипатпен байланысты ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы ретінде бөлінеді. Сөйтіп, сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз.
Сын есімнің семантикалық мағынасы оның морфологиялық ерекшеліктерінен де, синтаксистік қызметтерінен де сараланып айқын көрініп отырады. Морфологиялық сипаттары жағынан да сын есімнің өзіне ғана тән, өзге есімдерден басқаша ерекшеліктері бар. Мысалы, сын есімнің табиғи қызметі зат есімге анықтауыш мүше болса, зат есімге тіркесіп негізгі қызметін атқарғанда сын есім ешқандай өзгеріске ұшырамайды: анықталатын зат есім көптік, септік, тәуелдік формаларының қайсысында қолданылса да, оны анықтайтын сын есім зат есімнің формасына үйлеспейді де, қиыспайды да. Сын есім өз семантикалық ерекшелігіне қарай, затты сыр-сипат (сапа, түр, рең, салмақ, көлем т. б. ) жағынан анықтайды, бірақ ол (сын есім) анықтауыш қызметін атқарып тұрғанда, еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді.
Сын есімде өзге сөз таптарымен (мысалы, зат есіммен, үстеумен т. б.) әрі ортақ, әрі формалас сөз тудыратын жұрнақтармен қатар, тек туынды сын есім ғана жасайтын арнаулы жұрнақтар бар; сын есімнен сын есім тудыратын шырай жұрнақтары бар. Бұлар да сын есімнің морфологиялық формалары болып есептеледі. Синтаксистік жағынан қарағанда, сын есім, өзінің табиғи жаратылысына сәйкес, үнемі зат есімге анықтауыш ретінде жұмсалуға лайық. Өйткені қандай белгі болса да, заттың қасында болады да, дәйім затқа иек сүйейді. Мысалы: Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек (Абай). Сын есім баяндауыш та бола алады және баяндауыштың құрамына да ене береді. Мысалы: Төрт бөлмелі тас үй салқын да жайлы (Ғ. Мүсірепов). Ол тапал, төртпақ екен де, мен ұзын, жіңішке екенмін (Ә. Әбішев). Зат есім мен сын есімнің тіркесу қабілеттерінде де елеулі айырмашылық бар.
Мысалы, зат есімге септеулік шылаулар тіркесе береді. Ал сол септеулік шылаулардың ішінен тек сияқты, секілді, тәрізді, сықылды дегендерден басқа бірде-біреуі тікелей өз мағынасында, өз қызметінде жұмсалғанда, сын есімге тіркеспейді. Керісінше, күшейту үстеулері (өте, аса, тым, тіпті, керемет, орасан, ересен т. б.) сын есімге еркін тіркесе бергенімен, олар зат есімдерге тіркеспейді. Мысалы: өте жақсы, аса биік, тым ащы, тіпті жалқау, керемет жүйрік, орасан зор деп айту қалыпты норма бола тұрса да, өте адам, тіпті жылқы, тым шөп деп айтуға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет