Адам қоғамы дамып, қалыптасып, өмірге келген күннен бастап міндетті түрде оның бағдарламасы, саясаты, биліктің түрі анықталады. Бұл жұмыстармен шұғылданатын қоғамның саяси жүйесі. Ең алдымен қоғамның мүддесі мен мақсаты анықталады. Қоғамдық бағдарламаны жасап, саяси биліктің мазмұнын толықтырып, олардың орындалу бағыттарын, жолдарын анықтап, іске асыру механизмін белгілейді.
Саяси жүйе қоғамның обьективтік даму процесінде қалыптасып, өмірге келеді. Саяси жүйенің негізгі міндеті экономикалық, рухани, мәдени базисқа сәйкес қоғамдық биліктің мазмұнын анықтап, сол билікті орнату, дамыту, нығайту. Қоғам өзгерсе, саяси жүйе де өзгереді. Адам қоғамы өзінің диалектикалық даму процесінде бес формацияны басынан өткізіп отыр. Соған сәйкес саясаттың бес түрі бар. Себебі әр түрлі тарихи дәуірде әр қилы оқиғалардың болуы да заңды. Өйткені осы оқиғалардың бәрі де қажеттіліктен, қоғамның материалдық өмірі жағдайларынан туады. Қоғамдық заңдылық қоғамдық дамудың негізгі бағытын анықтайды, кездейсоқтықтың біразін қамти отырып, заңдлық абсолюттік идея түрінде қоғамға сырттан тағылмайды, адам қызметі және оның әлеуметтік жағдайлары: өндіргіш күштер, өндірістік қатынастар, өндіріс өнімдері т.б. рухани мәдениет қосындысынан туады.
Адамдар тарихтың обьективті заңдарын жасап немесе бұза алмайды, бірақ сол заңдар алдында дәрменсіз емес. Тарихи даму заңдарын білу адамдардың ол заңдарын жасап немесе бұза алмайды, бірақ сол заңдар алдында дәрменсіз емес. Тарихи даму заңдарын білу адамдардың ол заңдардың күшін қоғамды қайта құру үшін пайдалануына мүмкіншілік береді. Белгілі бір заң әсер ететін жағдайды өзгерту арқылы адамдар оның нәтижесінің түрін өзгертіп, көрінісін шапшаңдатады немесе баяулата алады.
Міне, осы қоғамдық заңдылыққа сүйене отырып, саясат қоғам мен бірге өзгеріп, ескіріп, жаңарып, дамып, келеді. Саясаттың қоғамда атқаратын жұмысы ұшан – теңіз. Қоғамдағы барлық мәселені реттеп, басқарып отыратын саясат пен мемлекет.
Қоғамның саяси жүйесінің даму заңдылықтары. Қоғамның мүдде мақсаты обьективтік тұрғыдан қалыптасады. Ол мүдде – мақсатты іске асыратын, орындайтын күштер субьективтік жолмен қалыптасып, жұмысқа кіріседі. Олардың ішінде ең негізгі басқарушы, ұйымдастырушы, реттеуші, шешуші күш – саяси жүйе, одан кейін мемлекет. Сонымен жүйенің даму заңдылықтары дегеніміз – қоғам өмірінің әр кезеңінде саяси - әлеуметтік құбылыстардың бірлесіп саяси жүйесінің обьективтік, тұрақты даму процесінің заңдылықтарына айналуы.
Саяси жүйедегі мемлекеттің орны
Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны өте зор, өте жауапты. Мемлекет саяси партиялармен бірігіп қоғамның барлық саласының дұрыс, жағымды дамуына жауапты және сол жауапты жұмыстың басым ауыртпалығын мемлекет өз мойнына алады. Әрине, бұл тоталитарлық мемлекеттің түсінігі емес, демократиялық мемлекеттің сипаттамасы, мазмұны.
Тақырып: 10
Құқықтық мемлекет.
Жоспар:
-
Құқықтық мемлекеттің мақсаттары, міндеттетрі және функциялары.
-
Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері.
-
ҚР демократиялық зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет.
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы толып жатқан ой-пікірлер, әр түрлі теориялар бар. Бұл ой – пікірлердің, теориялардың көп болатын себептері тек қана мемлекеттің, қоғамның мазмұнының өте күрделі болуынан немесе олардың нысанының сан қырлы өзгеруінен емес, сонымен бірге азаматтық қоғам мен мемлекеттің саяси билікті жүргізуі және олардың іс әрекеті барлық таптардың, топтардың мүдде мақстына қатысты болуы. Тағы да бұл мәселе қоғамдағы әр түрлі идеологиямен, саяси партиялармен байланысты болуы.
Бұл жерде ескерте кететін бір мәселе – Кеңес дәуірінде елімізде марксистік мемлекеттік теория тұрғысынан зерттеп, түсініп келдік.
Ол кезде қоғам мен мемлекетті таптық тұрғыдан зерттеуге тырыстық, басқа теорияны, басқа бағытты сырып тастап отырдық. Қазір ол теорияларға көзқарас түзелді, дұрысталды. Тарих теориялардың бәрінде аздап болса да шындық және тарихи нақты дәлелдер болады. Сондықтан ол теорияларды білу, дұрыс жағын алу, пайдалану өте қажет. Сол деректерді ескере отырып жүргізілген зерттеудің ғылымға, қоғамға пайдасы мол.
Тағы бір ескеретін мәселе – “азаматтық қоғам” деген алғашқы қауымдық қоғамда да, құл иелену формациясында да, феодалдық формация да болған жоқ. Себебі ол қоғамдарда “азаматтық” деген ұғым болған жоқ. Себебі ол қоғамдарда “азаматтық” деген ұғым болған емес. Бұл ұғыым тек буржуазиялық қоғамда өмірге келді. Сондықтан біз теорияны тек құқықтық мемлекет туралы қарастырамыз.
Құқықтық мемлекет - тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі ғана емес, сонымен бірге адамның, бостандығын, қадір қасиетін, ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш. Міне, қоғамның алдында тұрған осы мүдде мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал осы бағытта қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндет.
Азаматтық қоғамның түсінігі және мазмұны.
Азаматтық қоғам ғылыми тұрғыдан өте аз зерттелген, ол туралы қомақты бірде ғылыми еңбек жоқ. Оның себебі ғылымдар азаматтық қоғам мен мемлекеттің мазмұны ұқсас деп түсініп келді. Расында ұқсастық бар, бірақ айырмашылық басым. Адам қоғамының қалыптасқанына 1,5 млн. жыл өтті, ал мемлекеттің өмірге келгеніне 6-мың жыл ғана болды. Мемлекет қоғамның сан қырлы көрінісінің бір ғана нысаны. Азаматтық қоғам туралы ой-пікірлер көне дәуірде де болды. Бірақ толық мағынада бұл ұғым өмірге тек ХVIII-ғасырда келді. Басында азаматтық қоғам деп меншік, отбасы, рынок, мораль салаларындағы қатынастарды түсініп келді, Мемлекет бұл қатынастарға толық бостандық берді. Гегельдің ойынша азаматтық қоғам жеке меншіктің, діннің, отбасының моральдық т.б. талаптарын іске асырудың жүйесі (Работы разных лет. Т.2.М.1973 С. 50). “Азаматтық қоғамда әр адам өз мүддесін іске асыра алмайды”, деген Гегель.
Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен мазмұны.
Қазіргі заманда құқықтық мемлекет құру, қалыптастыру мәселесі ғаламдық проблемаға айналды. Өйткені адам қоғамының даму тарихында ешқашан, еш елде құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде жоқ. Болашақта да барлық елдерде бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық мемлекет болуға мүмкін емес. Себебі әр елдің экономикасы, мәдениетті, әлеуметтік жағдайы, рухани санасы, саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады.
Құқықтық мемлекеттің мазмұнының негізгі талаптары:
1. Құқықтық мемлекет азаматтық қоғамның обьективтік даму процесіне сәйкес ескіріп, жаңарып жататын көп қырлы құбылыс. Бұл мемлекетте адамның толық егеменді болуы қажет, олардың мемлекеттің билік жүргізетін органдарын құруға қатысуы заңды түрде бекітілуі керек.
2. Құқықтық мемлекеттің экономикалық негізі - өндіргіш пен өндірістік қатынас және көп меншіктік шаруашылық арқылы дамуы. Құқықтық мемлекетте меншіктің басым көпшілігі - өндіруші мен тұтынушылық билігінде болуы қажет. Бұл билік шаруашылықтың жақсы, сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін оларға толық бостандық беруі керек. Сонда ғана қоғамның әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеруге, нығайтуға болады.
3. Құқықтық мемлекеттің әлеуметтік негізі - өзін-өзі басқаратын азаматтық қоғамда адамдардың бостандығын, теңдігін қамтамасыз етіп, олардың жақсы еңбектенуіне, дұрыс жұмыс жасауына мүмкіншілік беру. Қоғамның әлеуметтік жағдайының жақсаруы құқықтық мемлекеттің нығаюы. Бұл екі пройесс бір-бірімен тығыз байланысты. Құқықтық мемлекет, сонымен, бірге әлеуметтік мемлекет.
4. Құқықтық мемлекеттің моральдық негізі – гуманизм, әділеттік, бостандық, теңдік, адамдардың қадір-қасиетінің, ар-намысының, деңгейі. Осы жоғары дәрежедегі принциптер болса құқықтық мемлекет болады. Өйткені мұндай қоғамда адамдардың рухани сана сезімі де жоғары дәрежеде болады.
5. Құқықтық мемлекеттің саяси негізі – халықтың, ұлттық тәуелсіздігін қалыптастырып, қоғамдық билікті жан-жақты дамытып, адамдардың бостандығын, теңдігін қорғап, әділеттілікті демократияны орнату, қарым қатынастарды реттеп басқару.
Достарыңызбен бөлісу: |