Лекциялық сабақтар тезистері тақырып: №1 Ғылыми іс-әрекет


Тақырып № 4. Ғылыми әдебиеттермен жұмыс және алынған мәліметтерді өңдеу әдістемесі



бет6/17
Дата02.02.2024
өлшемі437 Kb.
#490565
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
abildina Караганда

Тақырып № 4. Ғылыми әдебиеттермен жұмыс және алынған мәліметтерді өңдеу әдістемесі



  1. Әдебиет көздері және оларды меңгеру.

  2. Қажетті әдебиеттерді іздеу, олардың библиографилық сипаты.

  3. Ғылым тілі.

1.Әдебиет көздері және оларды меңгеру.
Ғылыми зерттеу іс-әрекетін дұрыс меңгеру үшін студен ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуге үйренуі керек, яғни жарияланған ғылыми жұмыстармен міндетті түрде танысуы керек. Бұл жұмыс «зерттелетін мәселенің жағдайын талдау» деп аталады. Бұл оңай жұмыс емес. Себебі адамзат мәліметтердің мұндай көлемін соңғы екі жүз жылда ғаыа жинактады, тіптІ ғылымның тар шеңберінде-ақзерттеуші жарияланғандардың арасында көміліп калуы мүмкін. Мәлімет көздерін дұрыс талдау мен оны мақсатты түрде меңгеру - зерттеушінің маңызды квалификациясының маңызды бөлімі.
Әдебиеттерді, қолжазбаларды, құжаттарды, әлектрондық материалдарды және өзге де мәлімет көздерін зерттелетін объектілердің тарихы мен қазіргі жағдайын сипаттайтын фактілерге толы құрал ретінде меңгеру зерттеу пәні туралы алғашқы ойды кұруға мүмкіндік береді. Әдебиеттерді мұқият қарау белгіліні белгісізден ажыратуға, фактілерді, жинақталған тәжірибені тіркеуге, зерттелетін мәселені айқын бейнелеуге көмектеседі.
Ғылыми шығармашылықтың осы кезеңінде студент әдебиет көздерінің негізгі жолдарын білуі керек және монография, брошюралар, рецензиялар, оқу және әдістемелік құралдар, сонымен қатар диссертация, диссертациялык авторефераттар сияқты маңызды әдебиеттер көздерін білуі керек.
Монография - бір мәселені немесе тақырыпты жан жақты теориялык зерттейтін, ортақ көзқарастарды ұстанатын бір немесе бірнеше авторлардың ғылыми еңбектері.
Ғылыми мақалалардың жинақтары - бір ғылыми мәселені әр турлі көзқараста қарастыратын бір немесе бірнеше авторлардың ғылыми шығарма-лары.
Журнал мақалалары - мәселенің өзектілігі, теориялық және қолданбалы маңыздылығы негізделіп, жүргізілген зерттеудің әдістері мен нәтижелері бейнеленетін кішігірім көлемдегі ғылыми шығарма.
Брошюра - ғылыми-танымал сипаттағы кішігірім көлемдегі мерзімдік емес баспа шығарылымы.
Рецензия - зерттеу өзектілігі, маңыздылығына талдау берілетін бір немесе бірнеше ғылыми шығармаға берілетін сыни талдау, баяндау саласы бағаланады, мамандығының пікірлері беріледі.
Оқыту немесе әдістемелік құрал - педагогикалык мақсатты көздейтін баспа, заң бойынша, онда қандайда бір оқу курсының мәселелері ғылыми негізде қарастырылып, тәжірибелік міндеттерді орындауға арналған үсыныстар беріледі.
Диссертация - қолжазба, ғылыми баяндама формасында орындалып, монография немесе оқулық ретінде жарияланатын ғылыми шығарма және ғылыми атақ алуға бағытталған квалификациялық еңбек ретінде қызмет етеді.
Диссертация авторефераттары - мазмұнында автор құрған реферат бар, брошюра түріндегі ғылыми баспа.
Ғылыми әдебиеттермен жақсы жұмыс істеу үшін студент келесі білік, дағдыларға ие болуы керек: мәлімет жинау, оны шығармашылықпен өңдеу, жаңа мәлімет беру, осылардың барлығына уақыт табу. Студенттердің оқу мәдениеттерін тәрбиелеутуралы әңгіме болады, ол келесідей ұғымдардан тұрады яғни жиі оқу, жылдам оқу, оқу түрлері, мәлімет іздеу жүйесімен жұмыс істеу біліктілігі және кітапхана каталогтарымен жу_мыс Істеу біліктілігі, оқудың рационалды болуы, әр түрлі көшір@{ білу.
Әдебиет материалдарын көп табу үшін жылдам оқи алу керек. Осы мәселеге байланысты арнайы әдебиеттер бар:

  1. Вормсбехер В.Ф., Кабин В.А. і00 страниц в час: Теория и практика
    динамического чтения и рациональной работы с книгой. - Кемерозо, 1980.

  1. Зикгаков М.А. Как повысить качество чтения. - М., 1996.

  1. Зиганов М.А. М.А. Как повысить культуру чтения. - М., 1996.

4.Зиганов М.А. М.А. Как повысить скорость чтения. - М., і996.
Минутына каншачықты көп сөз оқылса, мәтінді соншалықты
рационалды және жылдам оқуға болады. Жылдам оқу- ең негізгі мақсат емес екендігік ескерген жөн. Ол міндетті түрде мәтін мазмүныы меңгеру, ең негізгі мәліметтерді саналы түсіну мен есте сақтау сапасымен бірге жүруі керек.
Студенттің меңгеруін қажет ететін оқу әдістемесі келесі еңбектерде мазмұнды келтірілген: 1) Усачева И.В., Ильясова И.И. Методика пойска научной литературы, чтения и составления обзора по теме исследования. —М., і986. 2) Усачева И.В. Курс әффективного чтения учебного и научного текста. 4.і: Уч.-мет. Пособие для студ. і-2 курсов университетов. - М.,і993. Оқытудың мақсатын анықтай білу, оның әр түрлі түрлерін меңгеру өте маңызды. Оқудың келесідей мақсаттары бар: мәлімет іздеу - маңызды мәлімет табу; меңгеру -мәлімет пен пікірдің логикасын түсіну; аналитикалық-сыни - мәтінді саналы түсіну, оған деген оқушылардың қатынасын анықтау; шығармашылық -мәліметті саналы түсіну негізінде оны толықтырып, дамыту.
Арнайы әдебиеттерде оқудың келесідей түрлері келтіріледі: библиографиялық, көз жүгіртіп шығу, танысу, зерттеу, аналитикалық-сыни, және шығармашылық.
Библиографиялық оқу - каталог карточкаларын, үсынылған тізімдерді, бір жылғы журнал мақалаларының тізімін қарастыру және т.б. Мү_ндай оқудың мақсаты - библиографиялық сипаттар бойынша ары қарай жү_мыс істеуге қажет болатын мәлімет көздерін табу.
Көз жүгіртіп шығу - библиографиялық сияқты, құрамында маңызды мәліметтер бар мәліметтерді іздеу үшін қолданылады. Әдетте бұған каталог және әдебиеттер тізімімен жұмыс істегеннен кейін кіріседі, себебі олардың көмегімен оқитын адам осы әдебиеттерде немесе мақалада оны қызықтыратын мәлімет бар екендігін болжайды. Мәселені толық шешу үшін, ол таңдалған материалдарды, олардың бөліктерін қарап шығуы керек. Осындай қарап шығудың нәтижесінде мәлімет көзінің қайсысы алдағы жүмыста қолданылатыны анықталады.
Танысу үшін оқу - таңдалған кітаптарды, мақалаларды, олардың тарауларын, жеке беттерін толық, мүқият оқуды білдреді. Мақсаты- мәліметтің сипатымен толық танысу, автордың қандай мәселені қарастыратынын анықтау, материалды маңызды және маңызды емес етіп белу, зейін қоюды талап ететін жерлерін бөліп алу. Осындай оқудан кейінмәлімет көзі жаңа емес және қажетті емес мәлімет ретінде не қалдырылады не зерттеуге алынадң.
Зерттеуші оқу - мақаламек. кітапппен танысу барысында таңдалғаы материалдарды толық меңгеруді меңзейді. Осындай оқу үрдісінде оқушы адамның авторға деген сенімі, барлық үхынылған мәліметтерді қабылдауы көрініс береді, материалдарды толық түсінуі мен меңгеру мақсаты қойылады.
Аналитикалық-сыни оқу және шығармашылық оқу - оқудың екі түрі бір бірімен жақын. Біріншісі. мәліметті сыни талдауға бағытталған, екіншісі, зеке ойлар айтылатын пікірлер мен факторларды іздеу.
Зерттеу мәселесіне байланысты әдебиеттерді меңгеруді жалпы жұмыстан бастаған жөн. Ғылыми әдебиет іздеу - күрделі жұмыс. Сондықтан не мақаланы не кітапты қолға қарындаш ала отырып оқыған орынды. Егер кітап не журналдың әкземпляры өзіңіздің қолыңызда болса, шетіне белгі қоюға болады. Бүл ары карай қажетті материалдарды іздеуді жеңілдетеді.
Ғылыми макалаларды кезеңмен меңгерген жөн: шығармамен толық танысу: барлық мазмұнына көз жүғірту; материалдың орналасуына байланысты оқу; шығарманың қандай да бір бөлігін таңдап алу; қызықты материалды жазып алу; жазылуына, оның басылуына сыни баға беру. Меңгерудің мынандай да жолдарын ұсынуға болады. Дәптердің бетін тік етіп екіге бөлу керек. Сол жағына оқығандардың ішінен жазылғандарға, оң жағына өз ескертулерін жазуға болады. Әдебиеттерді меңгеру кезінде барлық мәліметтер емес, тек қана зерттеу мәселесәне тікелей қатысы бар және құнды, маңызды мәлімет қана қолданылады. Әдебиет көздерін меңгеру кезінде, алдағы кезде оларды пайдалану оңай болу үшін жазуға көп зейін бөлу керек. Қандай да бір бөліммен жүмыс істей отырып, оның мәселемен байланысын әрқашан көре білу керек. Мүмкін алынған мәлімет пайдасыз шығар: олар тү_тасымен сирек қолданылады. Сондықтан оларды мүқият таңдап, бағалай керек.
Кез-келген фактілерді емес, тек қана ғылыми фактілерді жинау керек. «Ғылыми фактілер» ұғымы «факті» ұғымына карағанда кеңірек. Ғылыми фактілер дегеніміз, заттар мен процесстердің объективті қасиеттерін бейнелейтін, ғылыми білімнің негізін қүрайтын әлементтер. Ғылыми фактілердің негізінде қүбылыстардың заңдары анықталады, теориялар қүрылып, заңдар жасалады. Ғылыми фактілер жаңалық, нақтылық, объетивтік және дәлелділік сияқты қасиеттермен сипатталады. Ғылыми фактінің жаңалығы дегеніміз - жаңа, осы уақытқа дейін белгісіз заттар, қүбылыстар мен процесстер туралы фактілер. Бү_л міндетті түрде ғылыми жаңалық емес, бірақ бұл біз білмейтін жаңа білім. Ғылыми фактілерді нақтылығы объективті әдістермен анықталады және заттар, құбылыстар мен оқиғалардың маңызды белгілерінің жиынтығын, олардың сандық және сапалық белгілерін сипаттайды. Фактілерді таңдау кезінде олар ғылыми оъективті болу керек. оларды түсіндіру қиын немесе тәжірибеде қолданыс табылмағандығы үшін фактілерді шетке шығаруға болмайды. Шьшдығында, ғылымдағы жаңалықтың маңыздылығы зерттеушіге әрқашан айкын көрінеді. Ғылыми фактілердің дәлелдігі оның сөзсіз шынайы бар екендігін сипаттайды. Егер осындай дәлелдік болмаса, ғылыми фактілердің де дәлелдігі болмайды. Ғылыми фактілердің дәлелдігі алғашқы мәлімет көзінің шынайылығына, олардың мәліметтерінің сипатына тәуелді. Әрине, мемлекеттік не қоғамдық үйымдар, мекемелер мен ведомстволлар тарапынан жарияланған арнайы баспалар күман тудармауы керек.
Монография қандай да бір ғылыми мәселелерді немесе тақырыпты толық жәнежан жақты зерттеуден түратын ғылыми баспа; ғылыми конференцияның материалдарынан тұратын ғылыми жинақ; мекемекің, оқу орыидарының немесе маңызды ғылыми және ғылыми-техникалык меәселелермен айналысатын қоғамдастықтардың зерттеу материалдарынан тұратын ғылыми жинақтар - осы баспаның барлығының принципиалды ғылыми мәндері мен практикалық қүндылықтары бар. Олар дәлелденге мәлімет көзінің қатарларына жатады.
Ғылыми мақалаларға келетін болсақ, сенімділік позициясына қатысты оларды түріне және қандай ғылым саласына жататындығына байланысты қарастырылады: ғылыми-техникалық немесе гуманитарлық ғылымдар. Гуманитарлық ғылымдар саласындағы теориялық мақалалар ғылыми-техникалық мақалаларға қарағанда көп және пікірлергі, салыстыруларға, сөздік дәлелдерге бай келеді. Оның мазмүнының дәлелдігі пайдаланған алғашқы мәліметтердің дәлелдігіне тәуелді. Дегенмен бұл жерде автордың позициясы, оның дүниетанымы маңызды орын алады. Сондықтан да оны анықтап, және оның мазмұның дүрыс бағалап, мақала авторының пікірінің шынайылығын анықтау керек және соған сәйкес баға беру керек. бастапқы мәліметтің дәлелдігін тек қана мәлімет көздері емес, сонымен қатар автордың ғылыми, кәсіби, беделі де куаландыра алады.
Барлық жағдайда тек қана соңғы мәліметтерді таңдап, ең бедеоді мәлімет көздерін алып, материалдардың алынған жерлерін анық көрсету керек. әдебиет көзінен фактілерді таңдап алу кезінде оларға сыни карау керек. өмірдің әрқашан тек қана алға жылжитынын, ғылым, техника мен мәдениет даму үстінде болатынын естен шығармау керек. кеше нақты абсолютті дұрыс болып саналғандар бүгін нақты болмай, кейде қате болуы да мүмкін.
2. Қажетті әдебиеттерді іздеу, олардың библиографилық сипаты.
Кез-келген студентте кітапханамен жүмыс істеу кажеттілігі туындайды. Бірак кітап сақтау жеріне бармас бұрын, үйдегі әдістемелік кітапхананы бағалаған жөн, өйткені онда кітаппен және журнал мақалаларымен жұмыс істеуге пайдалы мәліметтер болуы мүмкін. Содак кейін факультет пен университет кітапханаларының оқу залдары меңгеріледі, осыдан кейін ғана үлкен кітапханаға бару керек. қажетті әдебиеттерді іздеу - ұзақ мерзімді еңбек. Оның мәні зор, себебі жарияланған материалдарды зерттеу толықтығына ғылыми зерттеу жүмысының сапасы тәуелді. Кітапхананың аныктама-библиографиялық бөлімінде жү_мыс істеу үшін өзіңыің уақытыңды, белгілі бір күн мен сағатты жоспарлау керек. Кітапхакада жұмы істеуді арнайы сөздіктері бар педагогикалық әнциклопедияны қараудан бастаған жөн. Педагогикалық әнциклопедияда мақала қандай да бір мәселенің мәні туралы қысқаша мәлімет беріп қана қоймай, осылар бойынша жарияланған негізгі жұмыстар тізімі де беріледі.
Зерттеу тақырыбы бойынша жалпы мәлімет алынғаннан кейін, студент каталогқа барады. Каталогтар - олар әдебиет тізімінен тұратынброшюра немес карточка сияқты ьолып келеді, кітапхана қорында болады. Каталогтың төрт түрі бар: алфавиттік, пәндік, жүйелік және жаңа материалдар каталогы. Алфавиттік каталогқа қажетті мәлімет көздерінің атын немесе оның авторының фамилиясын білген кезде барады. Пәндік каталогқа әдебиеттер алфавит бойынша емес, қандай да бір пәнге байланысты (белгілі бір тақырыпқа) арнайы рубрикалар бойынша орналасады. Сонымен қатар рубрикалардың өздері алфавиттік ретпен, рубриканың ішіндегі кітаптардың атаулары да алфавиттік ретпен орналасады. Жүйелік каталогта кітаптың атаулары рубрика бойынша топтастырылады, рубрикалардың пәндік каталогтан ерекшелігі алфавит бойынша емес, пәндер жүйесі бойынша орналасады. Жаңа материалдар каталогы соңғы жарты жылда түскен кітап баспалары туралы мәлімет береді.
Әдебиет көздерін меңгеру үрдісінде студент әр түрлі шығармалармен кездеседі. әдебиет көздерін библиографиялық сипаттаудың ережесін білу керек. Төменде библиографиялық сипаттаудың әр түрлі мысалдары келтірілген. Егер мәлімет көздерінің авторы болса, онда оның бірінші фамилиясы, содан кейін инициалы жазылады.
Егер сілтеме қандай да бір мақалаға жасалса, онда фамилиямен инициалдан кейін мақала атауы жазылады да екі тік сызықша қойылады және мәліметтің барлық библиографиялық мәліметтері жазылады: мысалы:
Баспа орны міндетті библиографиялық әлемент болып табылады.Кітапта екі баспа орны болса, онда екеуі де көрсетіліп, араларына үтірлі нүкте қойылады:Басылым жылы толық көрсетіледі және «ж» әріпі жазылмайды. Томға, бөлім, тарау, және беттерге сілтеме жасалған кезде келесі ережелер сақталады: барлык мәліметтер араб таңбаларымен жазылады, араларына тире қойып, қысқартылып жазылады.
Алынған әліметтерді өңдеу, оны жүйелеу және сақтау
Әдебиет көздерін меңгеру зерттеушіге зертелетін мәселе бойынша кең мәліметпен танысуға мүмкіндік береді, дегенмен де ешқаыдай адам оны есінде толық үстай алмайды. Сондықтан да әрбір зерттеуші ғылыми мәліметті тіркеу және сақтау әдістерін білуі керек: белгі қол астын сызу, әр түрлі жазбалар (жазып алу, жоспар, аннотациялар, конспект және т.б.) және сызбалар жасау.Жақсы есте сақтау үшін жазып алғандарға сүйене отырып, мәтінді қайталаған жөн, сонымен қатар ұмытпай отырып кез келген жазуды мәтіннің библиографиялық мәліметтерінен бастаған жөн.
Жоспар- бұл мәтіннің каңқасы, ол материалды бірізділікпен баяндаудың ыңғайлы түрін көрсетеді, ол кітаптың кіріспесіне қарағанда мәтіннің мазмұнын толық береді. Жоспар оқылғандардың мазмұнын есте қайта жаңғыртуда, ойды нақты қүру дағдысын дамыту үшін, өзге де жазу түрлерін жүргізе білу біліктілігін дамыту үшін ыңғайлы. Жақсы қүрылған жоспар мәтінді талдау біліктілігін, оның мазмүнын игеру деңгейін көрсетеді. Жоспар материалды өңдеуді жылдамдатады, өзін өзі бақылауды жүргізуге көмектеседі. Жоспар тек мәлімет көзінегілерді ғана айтады.
Жоспар пунктерін қүру - күрделі үрдіс, бір күнде күрделі жоспар жасау / мүмкін емес. Келесідей екі жолын көрсетуге болады: і) бірінші қарапайым, қысқа жоспар күру және детальді пунктерін іздей отырып күрделісін құру; 2) бірден толық қарапайым жоспар құру одан кейін оларды күрделіге айналдыру.
Тезистер - баяндаманың, лекцияның негізгі ойларының қысқаша берілген түрі, меңгерілген материалды жалпылауға, негізгі ойды қысқаша көрсетуге мүмкіндік береді және кітаптың, мақаланың, баяндаманың мазмұнын ашуға көмектеседі. Тезис қүру үрдісі матеркалды терең өңдеугемүмкіндік беріп, оны түсінуге стимул береді. Әрбір тезистің көлемі- бірнеше жол, ал барлық тезистердің жалпы көлемі үсынылған мәлімет көзінің келеміне байлакысты болады. Тезистер негізгі, қарапайым және күрделі болып бөлінеді.Қарапайым тезистер кейде цитата түрінде жазылады, мәтінмен алғашқы танысқан кезде құрылады, негізгілерін мәлімет көзінің бағыттылығы мен мәнін толық түсінгек кезде жазуға болады. Кегізгі тезистер қарапайымдар базасында. Қорытындыда мәтінге және оның қолданылатын аймағына жалпы баға беру керек.
Конспект- қысқаша, жазбаша баяндама немесе қандай да бір нәрсенің (лекция, сөз, жұмыс және т.б.) мазмүнын жазу. Бүл оқу үрдісіндегі таңдалған мәліметтерді бірізділікпен тіркеп отыру. Конспектілеу оқылған нәрсенің негізгі мазмулын сақтаудың тиімді жолдарының бірі. Дегенмен де конспектілеу кезінде материалды бесенді шығармашылықпен меңгеу жүрмейтіндігін ескерген жөн. Конспектілеүдің төрт түрі бар: жоспарлы (жоспардағы әрбір мәселеге конспектініңұбелгілі бірбөлігі сәйкес келеді); мәтіндік (цитаталардан тұрады); еркін (цитаталар, тезистерді біріктіреді); тақырыптық (қойылған сұраққа бірнеше мәлімет көздерімен жауап беру).
Жарияланған мәлімет көздерін конспектілеудің бір түрі цитирование* Мәліметтерді талдау мен жинақтау үрдісінде цитата қажетті сүйеу болып табылады. Цитаталар жеке мәселелерді дәлелдеу үшін де қолданылады.Нақты контексте цитатаны қолданудың орынды екеніне немесе мәліметті талдауда ойдың бұрмаланбағандығына көз жеткізу керек. Бүрмаланушылықтың себептері әр түрлі болуы мүмкін. Бір жағдайда автордың көзқарасының мәнін бере алмайтын сөз таңдалып алынуы мүкін. Келесі жағдайда - цитата ойдың бір ғана бөлімін, мысалы, ғылыми жүмыс авторының қызығушылығына жауап беретін сөзбен шектелуі мүмкін. Кейбір жағдайларда цитаталарда қарастырылып отырған пәнге байланысты көзқарас баяндалмайды.Цитирование кезінде әрбір цитатаға сілтеме жасалады және ол библиографиялық стандартқа сай болуы керек. цитатаның мәтіні тырнақшаға алынады және мәлімет көзінде келтірілген граматикалық формасында жазылады. Өзге автор келтірген ғылыми терминдер тырнақшаға алынбайды. Бұндай жағдайда «келесідей аталатын» сөзі қолданылады.Ғылыми жұмыс мәтінінде цитаталар қолданудың бірнеше варианттары бар: бірінші вариант цитатаға алынып отырған сөз нүктеден кейін басталса, онда цитата бас әріппен басталады, мысалы: Еще В.А.Сухомлинский в свое время отмечал: «Как нельзя воспитать трудолюбия одними словами, так нельзя воспитать его без серьезных, умных слов» (39, с.24). Екінші вариант: егер цитата автор сөзінің ортасына жазылса, онда кіші әріппен-басталады, мысалы: Согласно мнению Г.З.Вульфова «вся педагогика - әто сфера духовного, учительская деятельность профессионально духовна по всей сути, включая способность видеть себя, свою социальную роль в успехах детей, их нравственном становлении» (7, с.49).Цитатадан кейін тырнақшаны жауып, жақша ашылады. Жақшаның ішіне цитата алынған мәлімет көзінің әдебиеттер тізімінде тү_рған номері жазылады. Мәлімет көзінің номерінен кейін үтір қойылып, «бет» белгісін білдіретін «б» әрпі және цитата орналаскан бет номері жазылады. Егер цитата екі бетте орналасса, мысалы, бір беттен басталып, екінші беттен аяқталса, онда келесідей жазылады: (45, с. і2і-і22).
Студенттерге кеңес:
1. Мәтінмен танысыңыз, алғы сөзді, кіріспені, мазмұнын, бөлімдері мен параграфтарын оқыңыз, мәтіннің маңызды жерлерін бөліңіз.

  1. Конспект жасаған мәтінге библиографиялық сипаттама жасаңыз.

  1. Мәтінге жоспар құрыңыз - ол сізге материалды топтастырып баяндау
    логикасына көмектеседі.

  1. Мәтіндегі тезисті бөліп алып, мысалдар, нақты фактілер мен бекіте отырып бірізді аргументпен жазыңыз.

5.Баяндаудың рефератты жолын таңдаңыз. Мысалы, «Автордыңойынша ... », «ашады ... ».
6.Өз ұсыныстарыңызды, сұрақтарыңызды ойланып шетіне жазыңыз.
7. Қорыта келе конспект мәтінін жалпылаңыз, өңделген материалдың негізіг мазмұнын аныктап, баға беріңіз.
3. Ғылым тілі.
Ғылыми-зерттеу жұмысына кіріскен кезде, біріншіден ғалымдардың карым-қатынастарында қолданылатын ғылыми тілді құрған жөн. Ғылым іілі ерекше және ғылыммен бірге пйда болып дамиды, сонымен қатар әрбір нақты ғылымның ерекшеліктеріне байланысты. Ғылымның объектісі болып объективті өмірдің әр түрлі жақтары мен құбылыстары табылады. Гылыми танымның тілі дегеніміз - калыптасқан тіл, ягни алғашқы белғілср (алфавит және формула, дәлелдер қүрудың логикалық-семантикалық ережелері). Ғылыми тілдің ерекшелігін ескере отырып, келесідей екі жағдайды естен шығармаған жөн: біріншіден, ғылыми тілдің пайда болуының көзі мен шарты қарапайым тіл. Оның қолайлылығы мен әмбебантығы ғылымның үғымдық аппаратьгның дамуына мүмкіндік береді. Екіншіден, ғылыми тіл ғалымдар үшін үнемді әрі қолайлы, ол ең соңында қарапайым тілге аударылуы керек, өйткені ғылыми зерттеу нәтижслсрі ғылыми мәліметтерді пайдаланушылардың кең шеңберіне түсініксіз болып қалуы мүмкін.
Ғылыми мәтін үшін мағыналы аяқталу. тұтастык және байланыстылық тән. Логикалық байланыстарды көрсетудің маңызды қүралы - байланыстардың арнайы фунционалды-синтаксистік қүралдары. Ой дамуының бірізділігін көрсету үшін: басында, бәрінен бұрын, содан кейін, біріншіден, екіншіден, олай болса, сонымен және т.б. сөздерді пайдалану керек; қарама-қайшылықтар: дәл осы, осындай, аталған, көрсетілген және т.б. сөздермен беріледі; «Шындығында» немесе «дұрысында» деген сөз арқылы одан кейінгі сөздердің дәлелдеуді білдіретіндігін оқушы адам бірден түсінеді; «бір жағынан», «керісінше» сөздері оқушы адамды қарама-қайшылықты қабылауға дайындайды; «немесе» - түсіндіруді білдіреді; «қорғауға кірісейік» сөзі рубриканың кіріспесінің орнын баса алады.«Мысаладар келтіру», «талдаудың көрсетуі бойынша», «алынған мәліметтерді негізінде», «бүдан барып», сөздерін ойдың арасын байланыстыру үшін қолданады. Артықшылықты көрсету үшін «артықшылығы», «кемшілігі» сөздері қолданылады.
Ғылыми прозаның ерекшелігі әкпрессияның жоқ болуы. Анықталатын сөзге тәне белгілерді констатациялау бағалаудың басым формасы. Сондықтан көптеген сын есімдер терминологияның бөлігі болып табылады. Кейбір сын есімдер есімдіктердің орнын басады. Мысалы, «келесідей» деген сын есім «мынандай»деген есімдіктің орнын басады,әдетте заттың түрақты қасиетін көрсететін форма «қарастырылған мәселе» деп емес, «қарастырылатын мәселе» деп жазылады. Ғылыми сөйлеу қатаң логикалық бірізділіюіен ерекшеленеді, ол күрделі аргументтерді пайдалану мен себеп-салдарлық катынастарды анықтауды талап етеді.
Баяндаудың объективтілігі - жазбаша ғылыми тілдің негізігі стильді түрі болып табылады.
Жазбаша ғылыми тілдің стилі жақсыз монолог болып табылады. Сондықтан да баяндау әдетте үшінші жақта жүреді. «Мен» сөзінің орнына «біз» сөзі қолданылады.
Сілтемелер. Материалда баяндау кезінде ғылыми жұмыстың авторы мәлімет көзіне сілтеме жасайды, бұл өзінің қорытындыларын не өзге ғылыми шығарманы сыни талдауын дәлелдеуге мүмкіндік береді. ол үшін цитата келтіріледі. ғалымдар келтірген нақты фактілерге сілтеме келтіріледі. Дипломдық жұмыстың негізіг мәтінінің орналасуына байланысты сілтемелер мәтін ішінде, подстрочные, затекстовые болып бөлінеді.Мәтін ішіндегі сілтемелер негізгі мәтіннің бөлігі болып табылады және сілтеменің көп бөлігі негізгі мәтігне енген кезде қолданылады. Ғылыми жүмыстың негізігі мәтініндегі әдебиет көздерін бейнелейге байланысты бірнеше тәсілдері бар.осы мақсат үшін көбінесе әдебиет тізімінде көрсетілген мәлімет көзініңреттік номірі қолданылады. Ғылыми жұмыстың мәтінінде бұл номерлер жақшаға алынады. Мысалы. М.П.Ерастов (45).
Сілтемелер беттің соңында жазылады және сілтемелер оқу барысында қажет болған жағдайда, мәтін ішіне оларды ендіру мүмкін болмаган жағдайда қолданылады.Сілтеме бет соңына койылады, олар негізгі мәтіннен тұтас сызық арқылы ажыратылады. Сілтеме мен мәтінді байланыстыру үшін сілтеменің белгілері жұлдызша не сандар (арабша) арқылы көрсетіледі, Сілтеме белгісі автор ойы біткен жерге қойылады. Сілтемелер бірізділікпен номерленеді. әрбір жаңа бетте сілтеме жаңадан басталады.
Идея - көзқарастар, теориялар жүйесіндегі жагдайды анықтайды.
Концепция - қандай да бір нәрсеге деген көзқарастардың жүйесі, зерітеудің мақсат, міндеттері анықталған кездегі негізгі ой және оны іске асырудың жолдары көрсетіледі.
Кілттік сөздер - гылыми қүжаттың мазмұны немесе оның бөлімдерін толық және ерекше сипаттайтын сөздер мен сөзтіркестер.
Ғылыми теория - шындықтың тікелей емес, идеалды бейнесін бейнелейтін абстрактылы үғымдар мен пікірлердің жүйесі.
Ғылыми баяндама - басылып шыққан немесе аудиторияда оқылатын гылыми-зертгеу және тәжірибелік-конструктивтік жүмыстарды баяндаудан түратып ғылыми қүжат.
Принцип - кандай да бір теория, ілім немесе ғыльшдағы неғізғі, бастапқы жағдай.
Теория - ілім. идеялар не принциптер жүйесі. Ғылымды не оның бөлімдерін күратын жалпыланған жағдайлардың жиынтығы.
Ғылым тілі ретінде жасанды тілдер нәтижелі қолданылады. Жасанды тілде сөздер және олардың арасында толык сәйкестік болмайды. Бір ғана соз бірнеше магынаны беруі мүмкін. Информациялык-ізденіс жүйеісінде ұгым. терминдердің мағыналык мазмүны біржақты ғана сипатқа ие болуы керек, керісінше болған жағдайда олар өздерінің қызметтерін аткарудан қалады. Жасанды тіл қалыптасқан және онда көпмағыналы сөздер болмайды.
Педагогикадағы ғылыми ұғымдарды жаңарту, анықтау үрдісі үздіксіз жүреді. Бүіінгі күні оның лексиконында бүрыннан қалыптасқан өзінің терминдері бар: і) ветеран-терминдер, олар педагоғикада ертеден мойындалған және жан жақты теориялық, әдіснамалық, қолданбалы, тарихи бейнеге ие болған кұбылыстарды бейнелейді; 2) жаңа-терминдер - бүл педагогикалық процестер мен қүбылыстар туралы ғылыми мәліметтердің шектелген қорын бейнелейтін жаңа терминдер.
Ғылыми ұғымдар жүйесіндегі педагогикалық зерттеу нәтижелерін бейнелеу тәсілдерін қарастырайық. Тәсілдердің бірі: педагогикалық ғылым тіліне жаңа үғымдар ендіру. Педагогикалық жаңалык фактісі айқын болгаи кезде оны белгілі бір терминмен белгілеу қажеттігі туындайды. Бастапқы кезеңде жүмыс терминдері таңдалады және ол сыналғаннан кейін өзінің 'жвивалештілігін дәлелдейді, ол ғылыми сөздікке бекітіледі.
Термин тілге ену үшін ол жаңа зерттеулермен байытылады. Педагогикалық қүбылыстар мен процесстердің анықтамасы, көлемі, мазмүны, спектірі анықталады. Педагогиканың үғымдар қорын байыта отырып, оның теориясын байыту жиі бола бермейді. Ғалымдар үсынғаы жаңа терминдердің кейбір бөліктері жалпықабылданған педагогикалық лексиконның сыртында қалып қояды.
Негізгі әдебиеттер: 2, 3, 4, 5, 7, 9, 11, 13.
Қосымша әдебиеттер: 3, 5.

Тақырып №5. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің бастапқы кезеңі





  1. Зерттеу объектісі мен пәні.

  2. Зерттеу мақсатын қою

  3. Міндеттерді қою

1.Зерттеу объектісі мен пәні.
Философияда объект келесідей мағынаға ие, объект- әлеуметтік мән ретіндегі адамның практикалық және теориялық іс әрекетінің пәні болатын объективті шындықтың бөлігі. Зерттеу объектісі ұғымы «объективті шындық» немесе «зерттеудің объективті аймағы» тусініктеріне сәйкес келеді. Таным үрдісіне енетін шынайы объектілердің байланыстары, қатынастары, қасиеттері объект бола алады. Зерттеу объектісі - бү_л қасиеттер мен қатынастардың белгілі бір жиынтығы. Бұл ғылыми танымның объектісін объективтілік пен субъективтінің бірлігі ретінде көрініс беруіне әкеледі.
Педагогикадаға зерттеу объектісі — таным субъектіміне тәуелсіз және зерттеушінің зейіні аударылған қандай да бір үрдіс, құбылыс, мысалы төменгі сынып оқушыларын оқыту, оқу біліктіліктері мен дағдаларын қалыптастыру үрдісі, белгілі бір технологияның тиімділігі.
Зерттеу пәні ұғымы өзінің мазмұнына байланысты нақтылау болып келеді: зерттеу пәнінде дәл қазір терең арнайы зерттеуге алынған объектідегі қасиеттер мен қатынастар тіркеледі. Бір ғана объектінің әр түрлі зерттеу пәндері болуы мүмкін. Пәнге осы жүмыста зерттелетін ғана объектілердің бірліктері, қатынастары мен байланыстары жатады. Сондықтан да зерттеу пәнін анықтау ізденіс шеңберін анықтайды. Зерттеу пәні - зерттелетін нәрсенің арнайы бөлінген жақтарын, байланыстарын көруге мүмкіндік беретін ракурс, көзқарас. Басқа сөзбен айтқанда, пән - объектіні зерттеудің белгілі бір аспектісі.
Зерттеудің объектісі мен пәні ғылыми үрдістің категориялары ретінде бір-бірімен жалпы және жеке сәйкестенеді. Объектіде зерттеу пәні ретінде қызмет ететін бөлік анықталады. Және дәл соған негізгі зейін аударылады, себебі зерттеу пәні ғылыми жұмыстың тақырыбын аныктайды.
Зерттеу объектісі - қасиеттер мен қатынастардың жиынтығы
Зерттеудің басында ізденістің жалпы нәтижесін, оның мақсатын нақты елестете білген жөн және мақсат қою операциясын жүргізу керек. Зерттеу мақсатын қою – бұл педагогикалық шындықтың оптимальды мүмкіндіктерін таңдау. Педагогикалық мақсат педагогикалық идеал мен педагогикалық шындықтың шынайы процестері мен құбылыстарының қайта жасалуының потенциалды резервтерін салыстыруға негізделген алдын ала көре білу нәтижесі болып табылады. Зерттеу мақсаты - ізденістің соңғы және аралық нәтижелері туралы негізделген елес. Зерттеу міндеті жүйесіндегі жалпы мақсатты анықтау зерттеудің маңызды және қажетті кезеңі болып табылады.
Міндет мақсатқа жетудің звеносы, қадамы, кезеңдері. Міндет - бұл нақты ситуацияны қайта жасау мақсаты немесе нақты мақсатқа жету үшін өзінің қайта жасалуын талап ететін ситуация. Міндеттердің негізгілерінің арасынан ең маңыздысын бөліп алу керек. Міндетті түрде міндеттердің үш тобы бөліну керек.
Міндеттер:
Тарихи-диагностикалық - тарихты зерттеумен және мәселенің қазіргі жағдайын зерттеумен, ұғымдарды анықтаумен, зерттеуді жалпығылыми және педагогикалық негіздеумен байланысты.
Теориялық-моделдеуші - зерттелетін нәрсенің қүрылымын, мәнін ашумен, оны қайта жасау факторларымен, қүрылым модельдері мен оларды қайта жасаудың тәсілдерімен байланысты.
Тәжірибелік-қайта жасаушы - педагогикалық процестерді рационалды үйымдастырудың әдістерін. тәсілдерін, құралдарын өңдеу және пайдаланумен, практикалық үхыныстар жасаумен байланысты.
Дұрыс құрылған міндеттердің баспалдағы ізденістің «жолын» анықтайды. Мақсатқа жету үшін кандай міндеттерді құру керек екендігін анықтайды. Пайда болған мәселені және оның практикада қолданылу жағдайын бағалау негізінде мәселе қойылады, ол әдебиеттермен кең танысу арқылы жүзеге асады. Әдебиет көздерін меңгеру кезінде келесілер анықталу керек: автордың негізгі ойы. оның зерттелетін мәселе катысты позициясы; оны зерттеу кезінде автор әсіресе не істей алды; оның позициясы дәстүрліге қарағанда несімен ерекшеленеді, осы мәселені зерттеуде ол қандай жаңалық ендірді; автордың қандай идеялары жақсы аргументтелген, қайсысы дүрыс аргументтелмеген; кандай идеялар, қорытындылар, ұсыныстар қарсылық тудырады және неліктен; оның жұмысында қандай негізгі мәселелер көрініс таппады.
Мектеп тәжірибесі туралы әдебиетерді талдау кезінде келесілер анықталады: осы мәселені шешу кезінде му_ғалім ыені жақсы орыыдай алды; оны шешуде ол қандай қиындықтарға кез болды, осы мәселеге байланысты оқытушы жүмысында кандай типті кемістіктер кездеседі; қиындықтар мен кемістіктердің негізгі себептері неде; мүғалім уақытының бюджеті қалай жүмсалады, ол қаншалықты рационалды.
Аталған екі бағыт бойынша әдебиеттерді меңгеру нәтижесінде зерттеудің алғашқы міндеттері күрылады. Зерттеу міндеттері ғылыми мәселенің сипатына байланысты және келесідей мазмүндардан түруы мүмкін: теориялық міндеттерді шешу; осы мәселені шешудің практикасын әкспериментальді зерттеу: оның типтік жағдайыкемшіліктер мен қиындықтар сипаты, олардың себептері, озат тәжірибенің сипаты. Мүндай әкспериментальді зерттеу зерттелетін мәселеге қатысты практиканың жагдайы туралы әдебиеттердегі бар материаәдарды анықтап тексереді; теориялық міндеттерді шешудің шараларын өңдеу және оларды әкспериментальді тексеру; практикадағы зерттеу нәтижелерін пайдаланушыларға әдістемелік үсыныстар жасау.
Мақсат пен міндет - бір біріне қатысты үғымдар. Бір зерттеудің міндеті келесі зертеудің мақсаты болуы мүмкін. Қойылған міндеттердің дүрыстығына көз жеткізу үшін зерттеу мақсатын қарастыру керек. Қойылған міндеттерді жиынтығы зертеу мақсатын құрайды. Танымал теориялық концепцияның негізінде нақты міндеттер қойылады: әдебиет көздеріндегі тәжірибені көрсету, мұғалімнің оқушылармен жүмысындағы кемшіліктер мен қиындықтарды ашу, зерттеу үрдісінде оны қолдану мақсатымен озат тәжірибе зерттеледі, тәжірибені дамытуға арналған ұсыныстар жасалады.
Негізгі әдебиеттер: 2, 3, 4, 5, 7, 9, 11, 13.
Қосымша әдебиеттер: 3, 5.

Тақырып:№6. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің жүргізілу процесі мен қорытынды кезеңі.


1.Практикалық диагностиканың кезеңдері және педагогикалық ізденістегі өзгерістер.
2. Педагогикалық зерттеу нәтижелерін өңдеу.
3. Зерттеу нәтижелерін интерпретациялау мен апробациялау, хаттау.
1.Практикалық диагностиканың кезеңдері және педагогикалық ізденістегі өзгерістер.
Зерттелетін процестер мен құбылыстардың дамуының жағдайы мен мүмкіндіктерін диагностикалау мен зерттеу ізденістің барлық процесіне тән және онымен бірге жұреді, бірақ ізденістің бағыты мен оның тиімділігін анықтауға қажет болып табылатын бастапқы және соңғы диагностика ерекше болып табылады. Психологиялық-педагогикалық диагностика - танымал әдістердің көмегімен қабылданған критерилер және көрсеткіштер негізінде зерттелетін объектінің сандық және сапалық параметрлерін анықтау. Кең мағынасында диагностика - өткен тәжірибені зерттеу, аншіогиялық мәселереді шешу практикасы; тар мағынасында - бақылау, сүрақнама, тестілеу және өзге де процедуралар көмегімен жүзеге асатын диагностикалық процедуралардың жүйесі.
Жұмыстың жүргізілу, өзгеру кезеңі жоспарланған инновациялардың педагогикалық үрдісіне енумен байланысты. Оның мазмүны зерттелетін үрдістің мақсатына, пәніне, сипатынаоларды қабылдаудағы практиканың дайындығына байланысты. Егер жү_мыс көлемді болса, оларды бөлімге бөлген ыңғайлы.
Әрбір кезеңнің екі аспектілері болады: практикалық және зерттеу. Әрбір кезеңде практикалық әффект маңызды. Зерттеу үрдісі маманданған ғылыми-әдістемелік басшылықпен қамтамасыз етілу керек, олар әрбір кезеңде белгілі бір қызметтерді анықтайды. Бір жағынан бірізділікпен орындалады және зерттеудің әрбір кезеңінің мазмүнды толығуын қүрады. Екінші жағынан, осы қызметтердің кейбіреулері зерттеудің барлық барысына тән болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет