Петя! — дедім ақырын. Олар келген жақта- рына ұрлана қарап, қосыма келді. Петр Луценко мені- мен қол алысып амандасты да:
Вася, танысып қой, мына кісі менің зайыбым — Люба, мынау інім — Миша. Луценконың семьясы осы. Ал, жолдарың болды ма? — деп сұрады менен. Люба және Мишамен қол алысып амандасқан соң, маған сыр тарта қарап.
Әрине, тапсырманы орындадық. Жігіттер күтіп тұр,— деп үшеуін ертіп машинаға келдім. Біз келсек, жігіттер жендеттердің сырт киімдерін шешіп, өз киім- дерінің сыртынан киіп алыпты да, тұтқындарды бре- зентке тұншықпастай етіп орап тастаған екен.
Петя, енді «жандармдармен» таныс. Мынау шо- фер — Василий Клопов, отрядтағы взвод командирі, қай елдің машинасы болса да бәрінің тілін біледі. Айыбы немісше бір ауыз тіл білмейді. Ал мына ортада тұрған — Шпиталь Сергей Минович. Бұрын естіген де шығарсың, осы аудандағы астыртын ұйымның басшы- ларының бірі. Бұл да неміс тілін білмейді. Бірақ үйіне келіп қонған немістерді аман-есен отрядқа тапсырып тұрады. Енді мына шеттегі тұрған кісі біздің сүйікті Крячек Алексей Васильевич,— дегенімде:
Е, бұл кісіні көрмесем де аты-жөніне қанықпын. Осы Переяслав ауданында іетеген істерін де білемін,— деп, Петя күліп қойды. Люба мен Миша да неміс мун- дирін киіп тұрған батырларға сүйсіне қарап күліп тұр- ған еді.
Сыртынан біліп, өзін көрмеген болсаңыз,— де- дім сөзімді жалғап,— атақты дәрігер Крячек деген осы кісі болады. Болашақ партизан құрамасы санитар- лық қызметінің бастығы. Бұл кісі де немістермен үнсіз
сөйлеседі. Бұл кісіге де немістер бағынады. Ал мен болсам, өзің білесің, ардагер Аманкелді Имановтың тұқымымын,— деп қалжың-шынын араластырып өзім- мен бірге жорықта жүрген достарымды таныстырып шықтым. Олар бірімен-бірі жылы шыраймен аман- дасты.
Енді мына кісі Петр Луценко деген совет мұға- лімі. Хоцкий астыртын ұйымының белсенді мүшесі. Өздерің сияқты түн ұйқысын төрт бөліп, Отан үшін жұмыс істеп жүрген адам. Бұл кісінің сіздерден айыр- машылығы немісше таза сөйлейді. Днепрдің оң жағы- на өту-өтпеуіміз осы Луценко жолдасқа байланысты. Мына кісі болса осы Луценконың зайыбы — Люба, ал мына жігіт бұл кісінің інісі — Миша, қысқасын айт- қанда, бәріміз де осы минуттен бастап партизандармыз ғой,— дедім.
Олай болса сізге мынау лайық шығар,— деп, Василий Клопов тұтқын офицердің мундирін Луценко- ға әкеп берді. Петр оны киіп алғанда, аумаған неміс- тің офицері болды да қалды. Миша мен Любаға мун- дир жетпеді. Петр машинаға қарғып шығып, брезентті ашып жіберді де, оң қолының сұқ саусағын шошайтып тұтқындарға немісше бірдемелерді айтып жатты. Тұт- қындар мастығынан айығып қалған екен. Машинаның үстінде самсап тұрған совет партизандарын көргенде, көздері шараларынан шығып кете жаздады. Ешқайсы- сы бізге тіс жарып, тіл қатқан жоқ.
Днепрдің сол жағындағы қалың ағаштың ішімен жоғары өрлей отырып, Григоровка селосының тұсына келіп тоқтадық. Григоровка Переяслав ауданының Днепрдің оң жақ жағасындағы үлкен селоларының бі- рі, осы селоның тұсында өткел бар болатын. Селода он бес адамнан құралған полицайлар тобынан басқа жау жоқ. Переяслав комендатурасы жандармдар мен ма- шинаны жоқтағанша, Днепрдің оң жағына, осы өткел- ден өтіп кетпек болдық. Машинаны өзеннің жағасына жақындатып қойдық та, дауыстап судың арғы жағын- дағы селодан қайық сұрадық. Машинамен келген не- містерді көрген соң, екі полицай біріне-бірін қосақтап байлап, үстіне тақтай төсеген екі үлкен қайықты айдап келді. Луценко немісше бірдемелерді айтып, полицай- ларға барқылдап ұрса бастады. Зәресі ұшқан полицай- лар қайық үстінде күйбеңдеп жүгіріп жүр. Алексей
Достарыңызбен бөлісу: |