Олардың шағымы дұп-дұрыс, жолдас құрама командирі,— деді Лавриненков. Өзі бояуға малып ал- гандай қып-қызыл боп кетті. Үсті-басын жөндеп түп- түзу боп сіресе қалды
Олардың шағымы дұп-дұрыс, жолдас құрама командирі,— деді Лавриненков. Өзі бояуға малып ал- гандай қып-қызыл боп кетті. Үсті-басын жөндеп түп- түзу боп сіресе қалды.
Ә, дұп-дұрыс дейсің бе? — Примак жүзі сұрла- нып орнынан тұрды.— Ал, жас жігіт, олай болса сен неге бізді мазақ қыласың? Командирлерді неге тың- дамайсың? Сен қазір партизансың, өз командирлеріңе бағынуга тиіссің. Мен өз бетімен кетушілікке жол бере алмаймын. Ендігәрі бұл жагдай қайталанбайтын болсын.
... Содан былай Лавриненков өзімен өзі бұйыгы тартып, сөйлемейтін боп алды. Біз оған осы жұмыссыз жүрген қалпының қаншалықты ауыр екенін, оның жо- рық жолын аңсап жүргенін байқадық. Партизандар өрбір түн сайын топ-топ болып аттанып, алыс-жақын жерлердегі басқыншыларды ойран-топан етіп келіп жа- тады. Ол жолдастарының бұл әңгімелерін қызыга тың- дайтын да, ауыр күрсініп қоятын. Бір күні Лавринен- ков бірлестіктің үлкен бір маңызды жорыққа әзірленіп жатқанын білді де, мүлдем тагатынан айрылды. Пар- тизандар біздің тұтқында жатқан жауынгерлеріміз орналасқан неміс лагеріне шабуыл жасап, жолдастар- ды құтқармақ болатын. Лавриненков құрама коман- диріне келді.
Сіз менің басқалармен бірдей дәл осы жорыққа баруыма тыйым сала алмайсыз,— деді ұшқыш үзілді- кесілді.— Менің жолдастарым фашистер тұтқынында кіріптар болып жатыр, оларға менің қол ұшын беруім керек пе, керек! Мен тұтқындық дегеннің не екенін білемін.
Рұқсат бердім,— деп Примак ұшқыштың қолын қысты. Командир бұл жолы Лавриненковты ұстап тұ- рудың тіпті мүмкін еместігін білді.— Поповтың отря- дімен бірге барасыз. Буынсыз жерде басыңызды қатер- ге байламауыңызды өтінемін.
Әскери тұтқындар лагері Днепр маңындағы Хоцко селосында болатын. Барлаушылар әкелген дерекке қарағанда, онда екі мыңға тарта адам бар. Лагерьді
ЗЮ
немістің өскери бөлімдері, жандармдары мен полицэй- лері ңас қақпай күзететін. Партизандар бұл операция- ға мұқият дайындалды. Түн кезінде лагерь жан-жағы- нан эбден қоршалды. Барлаушы-партизандар қарауыл- дарға білдірмей жақындай түсіп, оларды көзді ашып- жұмғанша қарусыздандырып та қойды. Осы барлау- шылар ішінде Владимир Лавриненков та болды. Ол адам таңңаларлың ептілікпен үш ңарауылды жайра- тып тастап, фашист күзетшілерінің үйіне гранаталар лақтырды. Операция өте сәтті өтті. Партизандар өздерінің ла- геріне тұтқынға түскен мыңнан аса совет жауынгер- лерін босатып әкелді. Чапаев атындағы партизандар бірлестігі адам жағынан осылай едәуір толығып қал- ды. Басқыншыларга қарсы күресі де күшейе түсті. Осы кезде Совет Армиясы барлық майданда да ой- дағыдай шабуылға шыға бастаған еді. Бұл істе парти- зандар көмегінің де зор маңызы болды. Кешікпей-ақ біздің әскеріміздің алдыңғы отрядтары Днепрге таяп келді. Партизандар туысқандарымен кездескеніне қат- ты қуанды. Әсіресе, Владимир Лавриненковтың қуаны- шында шек жоқ. Енді ол өзінің болат сұңқарымен көк- ке көтеріліп, жау төбесінен қырғидай тиетін болды. Шынында да Владимир Лавриненков өзінің жа- уынгерлік дарынын бар қырынан тағы да таныта түс- ті. 1944 жылдың жазында Лавриненковқа екінші рет Совет Одағы Батыры деген атақ берілді. Соғысты ол ту- ра Берлиннің өзінде аяқтады. Фашистер бір кезде оны мұнда тұтқын ғып әкелмек болып еді, енді ол жеңім- паз болып келді.