Пан, ешнәрсе жоқ,— деп менің төсқалтамнан алған блокнотты берді. Бізге қарап көзін алартып:
Жүріңдер,— деп бізді орталарына алып, үлкен ақ үйдің бір бөлмесіне алып келді. Бір-біріне қарап:
Мыналар солар,— дееті.
Біз де бір-бірімізге көзіміздің қиығымен қарап, біз- ден кейінгі жасырын жұмыстың бір сыры ашылғанын сездік.
Қайда барасыңдар? — деп сұрады ұзын бойлы біреуі.
Ешқайда бара жатқанымыз жоқ. Кеше осы се- лодан шығып, Полтавщинаға өтеміз бе деген едік, мұз жаман екен, судан өте алмадық, содан қайтып мұз қат- қанша, судың осы жағында бола тұрайық деп келе жатқанымызда, сендер ұстадыңдар,— деп жауап қат- ты Попов.
Мен «сендер» емеспін — пан, полиция бастығы- мын,— деп ақырды ол.
Сенің пан екеніңді білмейміз,— дедім мен.
Білмесең, пандығымды танытармын!..— деп,
бізден алған документтерді қолына алды. Маған қарап:
Фамилияң кім?
Болагов.
Ұлтың кім?
Туған жерің?
Документке қарап:
Дұрыс...
Ал сенің фамилияң кім?
Савченко,— деді Попов іркілмей.
Ұлтың тінті украинең емес қой.
Енді кім?
Айнала тұрған полицайлар бетіне үңіліп қарап:
|