Жаны бірге, достым, қайғыма ортақ, Мариям! Мен аурумын, мені жауыздар жаралады! Халім жоқ тұруға,— дей бергенде көзіне Иван Кузьмич Примак елестеді.
Иван Кузьмич. Менің халім осылай. Иван Кузь- мич, сен қайдасың? — деп, Петя екі қолымен жер ті- реп, басын әрең көтеріп жан-жағына байыздай қара- ды. Ңараңғы бұрышта оған қарсы қарап, алдына қар- тасын жайып салып, ұзын қызыл қарындашымеы бір нәрсені белгілеп отырған Иван Кузьмич Примак кө- рінді.
Белгілесең, сол Фастов станциясының арғы жа- ғында жүз кнлометрдей иесіз дала бар, сол жердзн подоткос жасау оңай. Орман да жақын. Сол жерге ба- расыңдар,— деп Петя Иван Кузьмичке нұсқаған қолы көтерілмеді. Жанына батқан жарадан Петяның даусы шығып, өз-өзінен айқайлап жіберді. Мария да, При- мак та жоқ, қараңғы түрмеде отырғаны есіне түсе бас- тады.
Мең-зең болып отырды. ¥зақ отырған соң ол көзіне алғашқы және ақырғы рет жас алып:
Жан достар! Мария, Иван Кузьмич! — деді бу- лығып.
Басынан өткен ауыр күндердің күйін жүрегімен шертіп, көз жасын билетіп, оймен жырлатып отырды. Петяның ойлап тапңан айласы — «жау қолынан өл- генше, өзі өлу» болды. Дірілдеп, орнынан тұруға ыңғайланды. Ары-бері ңарманды. Ешнәрсе қолына ілікпеді. Өлімге бел байла- ған Петя екінші ұмтылғанда тізерлеп түрегелді. Тізер- леген қалпында үйдің қабырғасын жағалап, сипалап жылжи бастады. Әлден уақытта терзеге, өзіне таныс торға да қолы ілінді. Тік түрегеліп торды ұстап, өз ша- масынша тартып қарады, ешнәрсе шықпады. Торды қаққан шегелерді бар қуатымен ырғап, астыңғы жа- ғында бір шегенің сылқылдап бос тұрғанын білді. Ол олжаға кенелгендей қуанды. Тым болмаса осы шәгені суырып алайыч деген оймен, қолын шегеден айырмаи босата бастады. Кегі кеудесіне сыймаған Петя шегені еркіне қойма- ды. Бір кезде босап, қолына ілінді. Қуанғаны сонша, шегеге ңарап Петя:
Е, достым, мені фашист өлтіргенше сен өлтір! Өлуге көмек істе,— деп шегені ңос қолдап қысты. Бір жұмысым бітті деп ойлаган Петя шегені алып, отыру- ға кірісті.