«Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереж е



бет1/4
Дата05.11.2023
өлшемі39.67 Kb.
#482386
  1   2   3   4
f0737db2a6b28b4995af871f272d2bc3 original.40624





Маңғыстау ауданы әкімдігінің
2016 жылғы « 14 » шілдедегі
№ 236 қаулысымен
бекітілген

«Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы


Е Р Е Ж Е
Ұйымдық-құқықтық нысаны Мемлекеттік мекеме


Меншік нысаны Коммуналдық


Құрылтайшысы Маңғыстау ауданының әкімдігі


Мекен-жайы Қазақстан Республикасы,
Маңғыстау облысы, 130400
Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы
Орталық алаң № 1 үй

Шетпе ауылы 2016 жыл


«Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер

1. «Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.


2. «Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Мәдениет туралы, дене шынықтыру және спорт туралы заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Мемлекеттiк органның толық атауы:
Мемлекеттік тілде: «Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение «Мангистауский районный отдел культуры, физической культуры и спорта».
4. Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өзінің атауымен мөрi мен мөртаңбалары бар, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдар тізбесі
1) Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Маңғыстау аудандық орталық кітапханасы» мемлекеттік мекемесі;
2) Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Өрлеу» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
3) Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Маңғыстау аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
6. Маңғыстау ауданының әкімдігі «Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
7. Маңғыстау ауданының әкімдігі «Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

8. «Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.


9. «Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемеcі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
10. «Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
11. «Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индекс 130400, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы, Орталық алаң № 1 үй.
12. Осы Ереже «Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
13. «Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
14. «Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
15. «Маңғыстау аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс уақыты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес дербес белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет