Мазмұны Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үндеуі 2


Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері



бет6/26
Дата22.02.2016
өлшемі6.78 Mb.
#1840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері бойынша 12 өтініш келіп түсті (0,9 ℅)

Көбінесе мұндай өтініштер жаппай қуғын-сүргіндерден зардап шеккен құрбандарды оңалту мәселеріне қатысты.



Айталық, Уәкілге оның қызын қуғындалған және саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен деп тануға қатысты мәселемен Ш. (10.05.07 кіріс № 448/02) өтініш жасады. Көтеріліп отырған мәселе бойынша өтініш білдіруші 2003 жылғы 5 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің түсіндірмесіне, «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңының 2-бабына сәйкес саяси қуғын-сүргiндерден зардап шеккендер ретiнде саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары танылады. 

«Неке және отбасы туралы» ҚР Заңының 52 және 100 баптарына сәйкес ата-анасының қамқоршылығының жоғалтуы ата-анасының қайтыс болуы, олардың ата-ана құқықтарынан айырылуы, олардың ата-ана құқықтарының шектелуі, ата-анасының әрекетке қабілетсіз деп танылуы, ата-анасының сырқаттылығы, ата-аналарының ұзақ уақыт болмауы, ата-аналардың балаларын тәрбиелеуден немесе олардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруы, соның ішінде ата-аналардың тәрбиелеу, емдеу және басқа да осыған ұқсас мекемелерден өз балаларын алудан бас тартуы, сондай-ақ ата-аналардың қамқорлығы болмаған өзге де жағдайлар болып саналады. Осы норма мәнінен ата-анасының біреуінің болмауы ата- аналық қамқорлықтың жоқтығы болып табылмайтындығы туралы түсіндірме берілді.

Есептік кезеңде оралмандар құқықтарының бұзылуы туралы (0,9℅) осыған ұқсас өтініштер келіп түсті. Оралмандар құқықтарының бұзылуы туралы өтініштер негізінен Қазақстан азаматтығын алу және тұрғын үй мәселесін шешуге қатысты.

Оралман ретінде Солтүстік Қазақстан обысы аумағынан тұрғын үй беру туралы Қ. (11.07.02 кіріс № 658/03), О. (14.09.07 кіріс № 881/03), Қ. (14.09.07 кіріс № 88/203) оралмандардың көшіп келу квотасына қосуға ықпал жасау туралы өтініштері өзіндік сипатқа ие. Осы өтініштер тиістілігіне қарай Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберілді.

Уәкілдің атына келіп түскен оралмандардың өтініштері оралмандарды бейімдеуді күшейту қажеттігін растайды. Осы мәселелерге ұқыпсыздықпен қарау жұмыссыздық пен кедейліктің өсуіне әкелуі мүмкін. Оған қоса, оралман мәртебесін алу мәселесі бойынша құқықтық түсіндіру мәселесін күшейту қажет.

Ағымдағы жылы білім алуға азаматтар құқықтарының бұзылғандығы туралы 8 өтініш келіп түсті (0,6%). Өтініштер мүгедек-балалардың білім алуы, балаларды мектепке орналастыру, бірыңғай ұлттық тестілеу нәтижелерімен келіспеу мәселелеріне қатысты. Балаларды мектепке орналастыру мәселесі бойынша М. (12.07.07 кіріс № 665/03), .Б. (05.09.07 кіріс № 29003-852 (2)) өтініш жасады.

М. өз өтінішінде өзімен бірге тұратын жиенін Павлодар облысы Ақсу қаласының № 8 орта мектебінде білім алуы мәселесін шешуге ықпал етуді сұраған.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне өтініш жасағаннан кейін осы мәселе оң шешімін тапты.

Баланы мектепке орналастыру мәселесі өтініш білдірушілердің өздерінің сауатсыздықтарынан туындаған. Баланың мектепте оқымауынаі тұратын жері бойынша тіркеудің болмау негізгі себеп болған.

Баланың құқықтары туралы конвенцияның негізгі пастулаты неғұрлым бала құқықтарын қамтамасыз ету болып табылады. Аталған Конвенцияның 28-бабының а) тармағына сәйкес қатысушы-мемлекеттер баланың білім алу құқығын таниды және осы құқықты біртіндеп іргеліеуі тең мүмкіндіктер негізінде жүзеге асыру мақсатында олар, атап айтқанда, тегін және міндетті бастауыш білім алуды енгізеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабы азаматтардың мемлекеттiк оқу орындарында тегiн орта бiлiм алуына кепiлдiк бередi. Орта бiлiм алу мiндеттi. 

Осыған байланысты білім беру органдары мұндай өтініштерді қабылдап, балаларды мектепке орналастыру бойынша шараларды қабылдайды.

Ағымдағы жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің қызметкері ҚР Білім және ғылым министрлігінің балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комитетімен және денсаулық сақтау органдарының өкілдерімен бірлесе отырып, ата-аналардың бірі О. арызы бойынша Астана қаласының № 1 математика-экономика лицейінің қызметін тексеруді жүзеге асырды. Астана қаласы білім департаментінің тексеру нәтижелері бойынша тексеру нәтижесінде анықталған кемшіліктерді шешуге практикалық көмек көрсету мақсатында № 1 математика-экономика лицейінің қызметін шұғыл тексеру жүргізу үсынылды. Денсаулық сақтау органдарымен бірлесе отырып, қала мектептерінің оқушыларына медициналық қызмет көрсету проблемаларын зерттеу, медицина қызметкерлерін орналастыру, алдын алу және сауықтыру іс-шаралрын жүргізу бойынша шаралар қабылданды.

Оған қоса, лицей өткізген түрлі іс-шараның оқу-тәрбиеге ықпалы мәселесін қарау ұсынылды.

Өтініштердің өзге тобы кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу (0,5℅) болып табылады. Ішінара өтініштер жергілікті атқару орандарының тарбынан кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу мәселелерін қозғайды.

Айталық, А. өз өтінішінде (10.07.07 кіріс № 648/03) Көкшетау қаласы әкімінің іс-әрекетіне шағымданады, өтініш берушінің ақпараты бойынша олардың кәсіпкерлік қызметтін жүзеге асыруға кедергі келтірген. Өтініш мазмұнынан жеке кәсіпкерлік қызметін жоспардан тыс тексеру нәтижесінде А. 65 520 сома теңге айыппұл салынған.

Қазақстан Республикасы Конституциясының  26-бабы әркiмнiң кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне, өз мүлкiн кез келген заңды кәсiпкерлiк қызмет үшiн еркiн пайдалануға құқығы бар екендігін жариялайды.



«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 4-бабына сәйкес мәслихаттар мен әкiмдіктер өз қызметiнде: жалпы мемлекеттiк сыртқы және iшкi саясатқа, қаржы және инвестициялық саясатқа сәйкес келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге; ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауға; қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды ұстануға; азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

Осыған қатысты өтініш беруші сипатталған фактіні тексеру функциясына жататын өзге мемлекеттік органдарға өтініш бермеген, өтініш ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне тиістілігі бойынша қарауға қайта жолданды.

Жергілікті билік органдарына кәсіпкерлер құқықтарын бұзуға шағымдар аз емес. Осыған ұқсас жер учаскелерін бөлу мәселелері бойынша шағымдармен Т. (15.06.07 кіріс № 561/03), Д. (10.08.07 кіріс № 766/02) өтініш жасады.

Мекемеміздің құзыретінің болмауынан мұндай өтініштерді қарауға мүмкіндіктің жоқтығынан не тексерген кезде аталған мемлекеттік органның тарабынан бұзушылықтардың анықталмуына байланысты кәсіпкерлік құқықтардың бұзылуы туралы өтініштер негіздер оң нәтиже бермеді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл атына 2007 жылы әйелдер құқықтарына байланысты өтініштер келіп түсті (0,6 ℅).

Осы топтағы өтініштерге мысалдар ретінде баласын бұрынғы жұбайына тәрбиелеуге беру туралы сот шешімімен келіспейтіндігін баяндған М. өтініші (06.08.07 кіріс № 755/03) және Щ. түзеу коллониясында жазаны өтеу кезінде шығарылған өтініш берушінің баласын асырап алу туралы сот шешіміне шағымы (18.09.07 кіріс № 896/03) болып табылады. Бұл өтініштер сот іс-әрекеттері мен шешімдеріне азаматтардың шағымын қарауға Адам құқықтары жөніндегі уәкіл құзыретінің болмауынан Адам құқықтары бойынша ұлттық орталыққа іс жүргізуге қабылданды.

Осы топтағы өтініштерге құқықтардың бұзылуы белгіленбеген «Алтын алқа» және «Күміс алқа» ордендерімен марапаттаудан бас тартуға шағымдармен өтініштерді алуға болады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына Б. (09.10.07 кіріс № 944/03) «Алтын алқа» ордендерімен марапаттау мәселесі бойынша, Ф. (04.07.07 кіріс № 303/03-642(2) зайыбы Ф. мүддесі үшін «Күміс алқа» орденде рімен марапаттау мәселесі бойынша өтініш жасады.

Тұтынушылардың құқықтарын бұзу туралы өтініштер негізінен тұрғындардың коммуналдық қызметтерді көрсету мәселелеріне қатысты.

Әдеттегідей өтініш білдірушілер көрсетілген қызметтерге төлем мөлшерін есептуге, көрсетілген қызметтер сапасымен келіспейтіндіктерін білдіреді.

Осы топтағы өтініштерге В. (06.11.07 кіріс № 1032/03), Горький көшесі, мен Рудный қаласы Паркова көшесі тұрғындарының ұжымдық, Т. (19.03.07 кіріс № 255/03) өтініш жасауы жатады.

Қалдықтарды шығару бойынша қызметтер көрсету үшін тарифке келіспейтіндігіне қатысты Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғыны О. (21.05.07 кіріс № 4703) өтініш жасады. Өтінішке сәйкес өтініш берушінің уәкілетті мемлекеттік органдарға атап айтқанда, Рудный қаласының әкімшілігі мен ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Қостанай облысы Бәсекелестікті қорғау комитетіне өтініш жасау арқылы құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі заңды мүмкіндіктері іске асырылмаған. Осыған байланысты өтініш біреушіге уәкілетті органдарға өтініш жасау ұсынылды.

Сондай-ақ азаматтардың өтініштерінде тиісінша қызметтер көрсету мәселелері көтеріледі. Айталық, Уәкілге Атырау облысы Мақат ауданы Мақат кентінің Новостройка 67 учаскесі тұрғындарының ұжымдық өтініші (27.11.07 кіріс № 1090/03) келіп түсті, онда сумен қамтудың тәулік бойы болмауына байланысты ауыр тіршілік жағдайына шағым мазмұндалған. Сонымен қатар, өтініштер авторлары осы жағдайды ескерместен оларға іс жүзінде қамтамасыз етілмейтін суға төлемге талаптар келіп түсетіні туралы көрсеткен. Өтініш мазмұнынынан өтініш берушілер Мақат кентінің әкімшілігіне жүгінгендерін, алайда олардан Мақат кентінің сумен қамту объектісінің жеке меншікте болуынан судың болмау проблемасын шешу мүмкін еместігі туралы жауап алғандары айтылады. Есепті дайындау сәтінде өтініш іс жүргізу үстінде болды.

Мұндай өтініштер халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасының төмен деңгейін, тұтынушылармен жұмыс жүргізудің болмауын сипаттайды.

Бұрынғысынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілге бағытталған шағымдардың елеулі саны ұлттық белгілері бойынша кемсітуге байланысты өтініштерді құрайды. Есептік кезең ішінде осы санаттағы келіп түскен өтініштердің саны 4 шағымды (0,31℅) құрайды.

Жоғарыда аталған екі өтініш бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі құзыретті мемлекеттік органдарға тиісті сұраулар жіберумен жұмыс жүргізді, алайда көрсетілген ұлттық белгілері бойынша кемсітуге байланысты фактілер расталмады.

Мұндай өтінішке мысал Алматы қаласы Абай көшесі № 40 үй тұрғындарының ұжымдық шағымы (05.12.06 кіріс № 1194/03) болып табылады, өтініштің мазмұнынан өтініш берушілер аталған үйді бұзуға келіспейтіндіктерін баяндап және Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 27 наурыздағы № 1253 қаулысын заңсыз деп санайды. Кейбір меншік иелері құқықтары словян болығандықтан ұлттық белгісі бойынша олардың құқықтарын қысым жасалды деп түсіндіреді.

Алайда тексеру нәтижесі ұлттық белгілері бойынша кемсіту фактілерін растамады. Осыған ұқсас ШҚО Семей қаласының № 31 аралас орта мектептегі оқитын балалардың ата-аналарының орыс тіліндегі оқытумен сыныптарға алудың тоқтатылуымен келіспейтіндіктері туралы ұжымдық өтініші (28.0.07 кіріс № 9503) болды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі өтініште көрсетілген фактілерге тексеру жүргізіліп, ҚР Білім және ғылым министрлігіне сұрау жіберді. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде авторлар көтерген өтініш бойынша адам құқықтарын бұзу мәселесі анықталмады.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі қалған басқа өтініштермен белсенді жұмыс жүргізуде, нәтижелері бойынша өтініш берушілерге толық және дәлелді жауаптар береді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына Байқоңыр қаласында тұратын азаматтардан шағымдардың келіп түсуі жалғасуда.

Осы уақытқа дейін Байқоңыр қаласында тұратын азаматтардың үйлерін жекешелендіруге қатысты мәселе шешілмей қалып отыр. Байқоңыр қаласының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы келісімнің 10-бабының 5-тармағына сәйкес олардың атқару билігі органдарының қалыптастырылуы мен мәртебесі тәртібінде Байқоңыр қаласының қалалық әкімшілігіне берілген объектілер мен мүліктерді жекешелендіру жүргізілмейді, осының салдарынан Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекетіміздің басқа азаматтарымен қатар өз тұрғын үй құқықтарын іске асыру мүмкіндіктері жоқ.

Осындай өтінішке мысал О. Байқоңыр қаласында тұрғын үйді жекешелендіруді жүзеге асырудың мүмкін еместігі және басқа тұрғын пунктіне мәжбүрлі ауысу қажеттігі шағымы (10.05.07 кіріс № 70705-446 (3)) болып табылады. Осы өтініш бойынша өтініш берушіге Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан азаматтарының құқықтарын қалпына келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметіне азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдаумен ұсыныстар жіберді, сондай-ақ 2006 жылы Байқоңыр қаласында болу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметі мен Парламентінің атына анықталған құқықтарды бұзудың қалыптасқан жағдайларын талдаудың шолу анықтамасын және оларды жою ұсыныстарын жіберді.

Сондай-ақ Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары құжаттарды, жеке куәліктерді рәсімдеу және қалпына келтіру проблемаларымен жиі кездеседі. Мәселен, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл атына М. екі бөлмелі пәтерде бірге тұратын оның отбасы мүшесіндегі 11 адамның алтауы тиісті негізде тіркеуді рәсімдей алмағанын, жұмысқа орналаса алмағанын, әлеуметтік төлемдер мен медициналық қызмет көрсетуді ала алмағаны туралы өтініші (25.06.04 кіріс № 60903) келіп түсті. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің араласуы нәтижесінде осы отбасы жоғалған құжаттарды қалпына келтіру және келген жері бойынша тіркеуге ресімделу туртібі туралы түсіндіруді берген Қоғамдық құрамалармен жұмыс басқармасының жеке мәселелер бойынша бастықтың қабылдауына шақырылды.

Байқоңыр қаласы тұрғындарының өтініштері тобы ішінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқыққа қайшы іс-әрекетіне өтініштер де кездеседі.

Айталық, А. мүддесі үшін Қ. өтінішінде (06.02.07 кіріс № 123/02) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іс жүргізу заңнамасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы қолданыстағы келісім ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін шағым мен ұлы А. дене жарақаттарын салғаны үшін кінәлі адамдарды жауапқа тартуға ықпал ету туралы өтініші бар. Осы өтініш Адам құқықтары бойынша ұлттық орталықтың іс жүргізуіне қабылданды, өйткені осыған ұқсас хат ҚР Бас Прокуратурасының атына жіберілді.

Есептік кезеңде жеке меншік құқықтарын бұзу туралы шағымдармен өтініштер келіп түсті (0,31℅).

Мәселен, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына Т. өтініші (25.04.07 кіріс № 404/03) келіп түсті, онда оң рөлмен басқару құқығымен автомобильді пайдалану туралы мәселе көтерілді. Өтініш мәселесі бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі ұлттық заңнама мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің өкілеттіктеріне түсіндірме берілді.

Сондай-ақ Уәкілге А. тұрғын үй құрылысын бұзудың заңсыздығына өтініші (7.09.07 кіріс № 890/03) келіп түсті. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде өтініш берушінің құқықтарының бұзылмағаны анықталды.

Ағымдағы жылы жеке өмірге қол сұқпау құқығына шағыммен 3 өтініш келіп түсті (0,23℅).

Жеке өмірінің құпиясына, дәрігерлік құпияға, зейнеткерлік салымдар құпиясына алдау және заңсыз заң әрекеттерімен заңсыз араласқаны үшін моральдық зиянды өтеу туралы шағыммен Қ. өтініш жасады (02.04.07 кіріс № 30703). Алайда бұл мәсле сот тлқылауы нысаны болатындықтан, Адам құқықтары жөніндегі уәкілі мекемесінің шағымды қарау жөнінде құқықтық мүмкіндігі болмады.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің іс жүргізуінде Ә. мүддесі үшін Қазақстан ғалымдары мен журналистерінің ұжымдық өтініші (19.1.07 кіріс № 106003) болды. Өтініш авторлары Ә. электорондық пошта жәшігін ашу, олардың пікірінше жеке өмірге ешкімнің тиіспеуіне араласу болып табылатындықтан, оған қатысты сот-психиатрия сараптамасын тағайындау фактісін көрсетеді. Осы іс бойыншв түпілікті нәтижелер қазргі уақытта алынған жоқ.

Есептік кезеңде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жарғылық емес қатынастарға 2 шағым түсті.

41433 ә/б-ге жарғылық емес қатынастарға шағыммен қайтыс болған қатардағы әскер Б. ата-аналары М. мен Б. өтініш жасады (17.04.07 кіріс № 37702), ол туралы аталған бөлімшенің сержанты кінәлі адамға қатысты сот шешімін куәлендірген жарғылық емес қатынастар расталды. Алайда қатардағы әскер Б. өлімі сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес техникалық электрдің әрекетінен болған.

Қарулы күштер омбудсмені және ішкі істер омбудсмені лауазымдарын тағайынду туралы Р. мүддесінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен өтініш келіп түсті (10.07.07 кіріс № 527/03-647). Өтініш берушіге басқа елдердегі осындай мекемелерді құру тәжірибесі және еліміздегі перспективалар туралы егжей-тегжейлі жауап берілді.

2007 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл атына психиалық ауырумен байланысты кемсіту мәселесі бойынша 2 өтініш түсті (0,16℅).

БҰҰ Бас Ассамблеясының пленарлық отырысында қабылданған Психикалық ауру адамдарды қорғау және психикалық көмекті жақсарту қағидаттарына сәйкес психикалық ауытқудан зардап шегетін барлық адамдар экономикалық, физикалық немесе өзге сипаттағы қанаудан қорғау құқығына ие болып саналады.

Көбінесе адал емес адамдар психикалық науқас адамның жәрдемсіз жағдайын пайдаланып, оларға қатысты алаяқтық іс-әрекеттер жасайды, ал мемлекеттік органдар психикалық науқастан зардап шегетін адамдардың құқықтарын қорғау бойынша қажетті шараларды қабылдамайды.

Айталық, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына «Казахстанская правда» газетінің шолушысы Б. К. мүддесі үшін өтініші келіп түсті (13.03.2007 кіріс № 238/03), онда К. С. мен Ә. алаяқтық әрекеттері нәтижесінде өзінің пәтерінен және жеке құжаттарынан айрылғанын хабарлайды. Қазіргі уақытта К. «Писхикалық денсаулық медициналық орталығы» МММ есепте тұрған, қарт туысының үйінде тұрады және 2 топтағы мүгедек ретінде әлеуметтік жәрдемақы алу мүмкіндігінен айрылған. Сондай-ақ қоса берілген құжаттар мәнінен 2006 жылғы 14 қарашада К. қуынымы-талабы бойынша судья Ы. анықтамасымен жазу сараптамасы тағайындалып, кейінен іс қайта анықтауға жіберілген.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі осы мәселе бойынша ҚР Бас прокуратурасына сауал жіберді. Астана қаласы прокуртурасының ақпараты бойынша К. өтінішімен материалдарды тексеру бойынша Астана қ. Алматы ауданы ІІБ ТБ тергеушісі Ы. ҚР ҚІЖК-нің 37-бабының 2-тармағы негізінде қылмыс құрамының болмауынан қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған.

Алайда, Астана қ. Алматы ауданы прокуратурасының 2007 жылғы 3 тамызда қабылданған шешімнің негізсіздігінен қылмыс құрамының болмауынан қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы күшін жойды. Астана қ. Алматы ауданы ІІБ материалдары қосымша тексеру жүргізуге жіберілді.

Астана қ. Алматы ауданы ІІБ тергеушісі Ы. қатысты тергеу алдындағы тексеру кезінде заңдылықты бұзуға жол бергені үшін Астана қ. ІІД-ге тәртіптік іс жүргізу қаруаға жіберілді.

Сондай-ақ өтініш берушілер олардың жан күйзелісінің қоғамға олар келтіретін қауіпке есеп бермейтін, сонымен өзі үшін өздерін емдеу рәсімдерімен келіспеушілікті білдіретін шағымдар кездеседі.

Осындай шағымға К. (25.07.07 кіріс № 500/02-721(2)) прокуратура қызмектерлерінің әрекетіне және өтініш берушіні психиатриялық ауруханаға орналастыруға келіспеуі мысал болып табылады Бұрын өтініш беруші осыған ұқсас өтіншпен адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталыққа өтініш жасаған. Өтінішті қараудың нәтижесінде өтініш берушінің құқықтарын бұзудың болмағаны, оны ауруханаға орналастыру негізді және «Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берiлетiн кепiлдiктер туралы» ҚР Заңына қатаң сәйкестікте жүргізілген.

Ағымдғы жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл атына білікті заң көмегін көрсетуді өтінген 2 өтініш түсті.

Айталық, өтініш жасаушы Д. сот отырысында қатысу арқылы білікті заң көмегін көрсетуді сұраумен өтініш білдірген (16.11.07 кіріс № 232/03). Осыған байланысты сот отырысында азаматтардың мүддесіне өкілдік ету Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыретіне жатпайтындықтан, осы істі қарудан бас тартылды.

Сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкіл атына шетелдегі қазақстандық азаматтардың құқықтарын бұзумен байланысты 2 өтініш келіп түсті.

Өзбекстан түзеу колониясы әкімшілігінің әрекеттерімен келіспейтіндігіне шағыммен К. (15.10.07 кіріс № 96/02) өтініш жасады. Өтініш авторы сотталып және Өзбекстан Республикасында жазасын өтеген. 2000 жылы Өзбекстанда кешірім жасау жүргізілген, оған сәйкес К. босатылуға тиіс болған. Алайда, өтініш беруші тек 2002 жылдың желтоқсанында босатылған.

Осыған байланысты өтініш беруші қандай негізбен бас бостандығынана айыру орнында екі жылдан артық заңсыз болғанын және келтірілген моральдық және материалдық зиян үшін өтемақы өндіріп алуға болатынын түсіндіруді сұрайды.

Қазіргі уақытта осы іс Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің іс жүргізуінде, ол бойынша жұмыс жүргізілуде.

Полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне шағыммен У. (06.06.07 кіріс № 532/02) өтініш жасады. Өтініш мазмұнынан 2006 жылғы 15 қазанда Польша Республикасы Вроцлав қ. күзетшілерімен өтініш берушінің ұлы Польша азаматының денсаулығына зиян келтірді деген күдікпен ұсталған. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл атына өтініш жасай отырып, У. ұлын қамауда ұстаудың заңдылығы мәселесін қарауға және ешқайда шықпау туралы қолхатпен бұлтартпау шарасымен өзгерту мүмкіндігіне ықпал жасауды сұрайды.

Бірігу бостандығына құқықтарын бұзу мәселесі бойынша есептік кезеңде 2 өтініш түсті.

Айталық, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына Ж., Қ., М., М., Т., Ф. атынан саяси партияны тіркеуді қоғамдық бақылау бойынша топ (19.02.07 кіріс № 169/02) «А.» Халықтық партиясы» АҚ-ны тіркеуден бас тарту бөлігінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитетінің лауазымды адамдарының әрекеттерімен келіспейтіндігі туралы өтініш жасады.

Осы өтініш тиістілігіне қарай басқа мемлекеттік органға жолданды.

Осы бойынша мемлекет істерін басқаруға қатысу, сайлау және сайлану құқығы, мемлекеттік қызметке қол жетімділік құқығын іске асыру мәселелері жөнінде өтініш түсті.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына сайлау және сайлану құқығын қорғау мәселесі бойынша Ү. аудандық сайлау комиссиясының әрекеттеріне шағымы бар өтініш (24.08.07 кіріс № 823/02) келіп түсті.

Осы өтініш бойынша өтініш берушіге Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыретіне түсінік берілді. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының 7-бабы 6-тармағында белгіленген тәртіппен өтініш берушіге қайта жіберілді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл атына мемлекеттік қызметке қол жетімділік құқығын сақтауға қатысты мемлекеттік қызмет лауазымына қайта орналасуына шағыммен О. өтініш (14.09.07 кіріс № 878/03) жасады. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Г.Д. Осиповтың құқықтарының бұзылуына жол берілмегендігі белгіленді.

1.2. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыретіне жатпайтын өтініштердің сипаты
2007 жылы сот органдарының әрекеті мен әрекетсіздігіне шағымдар. Сондай-ақ сот шешімімен келіспеуді көрсететін өтініштердің өзі сандаған өтініштер тобы болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі № 947 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің 18-тармағына сәйкес Уәкіл Қазақстан Республикасы сотының әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарды қарамайды. Осыған байланысты мұндай шағымдар іс жүргізуге қабылданбайды.

Өткен жылдары дәстүрлі түрде сот шешімімен келіспеу мәселелеріне өтініш жасау блогы саны бойынша бірінші орында алды, өзінің көшбасшылық нысанын жоймады.

Конституция әркімге өзінің құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға кепілдік береді. Адам құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау заңнамада неғұрлым кең таралғандығын атап өткен жөн. Алайда азаматтар сот тәртібімен өз құқықтарын қорғаудан қашқақтайды деп атап атап өтпеу қажет. Талдау көрсетендей, азаматтар соттарда азаматтық және қылмыстық істерді қараудағы сөзбұйдаға, объективтік емес сот талқылауына, жазаны соттың бара-бар тағайындамауы, қорғау құқықтарын бұзуға шағым жасайды. Көптеген жағдайда өтініш білдірушілер алдын ала тергеу барысында көбінесе дәлелденбейтін физикалық және психикалық күштеуді қолдану арқылы сотталушылардың мойындау дәлелдерін алу және оның сот назарына алынбайтындығын көрсетеді.

Осындай және өзге басқа да жағдайлар азаматтардың наразылықтарын туындатады және олардың сот өндірісіне теріс көзқарасын қалыптастырады, әділсотқа деген сенімін жояды. Сонымен бірге, дәл осы құқықтар мен бостандықтарды сот қорғауы жағдайды өркениеттік шешудің тиімді тәсілі болып табылады.

Сот шешімін шығарумен келіспеуге байланысты азаматтардың өтініштері түскенде Уәкіл заңдарда белгіленген шағымдану тәртібін түсіндіру рәсімдеріне сәйкес оған шағым беруді ұсынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет