Мазмұны Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің үндеуі 2


Астана қаласының ҮЕҰ және бірқатар саяси партиялар басшыларының



бет8/26
Дата22.02.2016
өлшемі6.78 Mb.
#1840
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26

Астана қаласының ҮЕҰ және бірқатар саяси партиялар басшыларының ұжымдық шағымында (2007 жылғы 27 сәуірдегі кіріс №417/03 хат) құрылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты құқық бұзушылықтар көрсетілді. Шағым мазмұнына сәйкес С. жетекшілігіндегі «Т.» ЖШС рұқсат қағазынсыз 32 нысанда мансард қабаттарының құрылысын бастағаны көрсетілді. Аталған іс бойынша жіберілген заң бұзушылықтарды жою туралы сот шешімі қабылданды, алайда кәсіпорын сот орындаушылардың талабын орындамады, нәтижесінде ҚР ҚК 327-бабының 1-бөлімі бойынша кәсіпорын басшыларының үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке Уәкіл сауал жіберді. С. қатысты жүргізілген ҚР ҚК 327-баптың 1-бөлімі, 362 баптары көзделген қылмыстық іс тергеу нәтижелері бойынша Астана қаласы Алматы аудандық сотына жіберілді.


Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына адвокат Б. түскен шағымда (2007 жылғы 19 сәуірдегі кіріс №256/02 хат) өзінің клиенті Ж. қатысты біреудің мүлкін тонау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу кезінде тергеу және анықтау органдары қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы қылмыстық-процессуалдық заңнамасын өрескел бұзғандығы туралы хабарланады.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бастамасы бойынша Алматы қаласы прокуратурасының осы істі тексеру барысының нәтижесі бойынша Ж. қатысты қылмыстық қудалау оның кінәсі дәлелденбегендіктен тоқтатылды.


Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына М. құқық қорғау органдары қызметкерлерінің хабарсыз кеткен ұлы Б. іздеу бойынша әрекетсіздік танытып отырғандығы хабарланады (2007 жылғы 27 сәуірдегі кіріс №417/03 хат).

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сауалы бойынша прокуратура органдарымен тексеру жүргізілді, оның қортындысы бойынша Текелі ҚІІО-ның тергеушісі Б. қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы шешімінің күші жойылып, материл жазбаша нұсқаумен қосымша тексеруге жіберілді.

Б. іздеу бойынша жұмысты тиісті ұйымдастырмағаны үшін Текелі ҚІІД бастығының орынбасары полиция майоры Ц. және Текелі ҚІІД қылмыстық полициясының бастығы Б. сөгіс жарияланды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігімен хабарсыз кеткен Б. іздеу бойынша іс бақылауға алынды.


Өтініш беруші К. өз шағымында күйеуі Ұ. - Қарағанды облысы Сәтпаев қаласы ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің аға жедел уәкілін өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істің дәрежесіне келіспейтіндігін білдіреді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Бас прокуратураға және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне сауалдар жіберді.

Қылмыстық іспен танысып тексеру нәтижелері бойынша Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің басшылығына бірқатар қосымша соттық криминалистикалық сараптама және тергеу жұмыстарын жүргізу туралы нұсқау берілді, олардың нәтижесі бойынша Б. әрекеттерін қайта дәрежелеу туралы түпкілікті процессуалдық шешім Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96-бабының 1 бөлімі бойынша қабылданады.

Сонымен қатар аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүргізілді, оның нәтижесі бойынша Қарағанды облысы Ішкі істер департаменті бастығының №1092 бұйрығымен Сәтпаев қаласы ішкі істер органының бастығы И., бастығының орынбасары Қ. және Жезқазған ПОП бастығы Б. лауазымдарынан босатылды. Сәтпаев қаласы ІІБ КПБ бастығы М., УРД-ға бақылау бойынша топтың аға инспекторы Б. және Жезқазған ПОП КПБ аға жедел уәкілі А. қызметтік әскери тәртіпті өрескел бүзғандықтары үшін ІІО қатарынан шығарылды. Сәтбаев қаласы ІІБ Штаб бастығы Қ. және Сәтпаев қаласы ІІБ жедел уәкілдері А., Б., Қ., С. және Ш. қызметіне толық сәйкес келмеуі туралы ескертіліп Сәтпаев қаласы ІІБ бастығының орынбасары Қ. қатаң сөгіс жарияланды.

Қылмыстық істі тексеру барысы Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу комитетінің бақылауына алынды.
Г. шағымында (2007 жылғы 26 ақпандағы кіріс №180/02 хат) немересінің денесіне зақым келтіру фактісі бойынша тергеу кезінде құқық қорғау органдарының әрекетсіздік танытқандығы туралы хабарланады.

ІІБ-мен жергілікті жерде іс қозғаудан бас тарту, кейіннен қылмыстық істі тоқтату бойынша көптеген әрекеттер қабылданып жатқан уақытта Ішкі істер министірлігімен ұзаққа созылған хат алмасудан кейін Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жүргізген жұмысы нәтижесінде іс ҚР Бас прокуратурасының бақылауына алынды. Балқаш қаласының ІІБ тергеу бөлімімен осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 104-бабының 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ы. Г. немересіне денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зардап келтiргенi үшін айыптау бойынша қылмыстық іс 2007 жылғы 20 тамызыда балқаш қаласы сотына жіберілді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына тұрғын үй құқығын бұзғаны туралы П. шағымы (2007 жылғы 25 сәуірдегі кіріс №408/03 хат) келіп түсті. Осындай шағым бойынша бұрын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына сауал жіберген болатынбыз, және оған өтініш берушінің құқы қалпына келтірілгендігі туралы жауап алынған. Алайда П. қайта шағымданып, оның құқықтарына әлі қысым жасалып жатқандығын атап көрсетті.

Степногорск қаласы әкімінің атына прокуратурамен заңдылықты бұзуды жою туралы 2007 жылғы 24 қаңтарды ұйғарым шығарылған, ол орындалмаған. Өтініш берушінің тұрғын үй құқын күштеп жою фактісін растайтын қолдағы құжаттар негізінде Степногорск қаласының прокуратурасы 2007 жылғы 24 мамырда қалалық сотқа Степногорск қаласы әкімдігінің әрекетін заңсыз деп танып және бұзылған тұрғын үйге бара-бар тұрғын үй ұсыну туралы талап арыз берілді.

Степногорск қалалық сотының 2007 жылғы 26 маусымдағы шешімімен қала прокурорының талабы толық мөлшерде қанағаттандырылды.

Г. жер құқығының бұзылуыны байланысты адвокат Д.К.Байдәулетовтың шағымы (2007 жылғы 30 сәуірдегі кіріс №422/03 хат) бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына хабарласты. Жүргізілген тексеріс нәтижесі бойынша Қарасай ауданы әкімінің атына заңдылықтың бұзылуын жою және айыпты адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұйғарым шығарылды. «ГНПЦзем» РМК бас директорының бұйрығымен директор орынбасарына және кейбір қызметкерлерге мұрағаттық материалдарды тіркеу және беру ережесін бұзғаны үшін ескерту жарияланды.


Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының Оңтүстік Қазақстан филиалының хатында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының ИЧ-167/3 және ИЧ-167/9 мекемелерінде жазаларын өтеп жатқан сотталғандардың құқықтары бұзылуы туралы хабарлайды.

Адам құқығы жөніндегі ұлттық орталықпен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына сауал жіберілді. Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша түзеу мекемелерінде заңның сақталуын қадағалау жөніндегі Оңтүстік Қазақстан мамандандырылған прокуратурасымен тексеріс жүргізілді. Тексеріс барысында ағымдағы жылдың 25 мамырында ОҚО бойынша ҚАЖКБ ИЧ-167/3 мекемесінде дене мүшесіне топтық зақым келтіру болғандығы анықталды. Сотталғандардың түсініктемелі бойынша осы акцияның болуына контингент пен қызметкерлер арасындағы психологиялық ахуал, мекеме әкімшілігінің теріс көзқарасы, талаптардың күшейтілуі, балағат сөздермен даттау, себепсіз ұрып соғу түріндегі ұдайы адам намысын қорлау себеп болғаны анықталғаны.

ИЧ-167/3 мекемесінің қызметкерлері мен сотталғандарға дене мүшесіне зақым келтіру фактісі бойынша мамандандырылған прокуратурамен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 308-бабының 4-бөлімі бойынша екі қылмыстық іс қозғалды, тергеу жұмысы Оңтүстік Қазақстан Ішкі істер департаментінің тергеу басқармасына тапсырылды.

Сонымен қатар тексеру барысында сотталғандардың дене мүшесіне топтық зақым келтіру актісін жасауға мекеменің қалыпты қызмет жасауын бұзуға бағытталған сотталғандар әрекеттерінің жолын кесу және алдын алу жөніндегі ОҚО бойынша ҚАЖКБ және мекеменің жедел бөлімшелерінің нашар жұмыс жасауы, сотталғандармен тәрбиелеу және профилактикалық жұмыстардың төмен дәрежеде болуы себеп болғандығы анықталды.

Аталған тексерістің нәтижесі бойынша мамандандырылған прокуратурамен ОҚО бойынша ҚАЖКБ бастығының атына анықталған құқық бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшіліктерді жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдау және кінәлі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі туралы мәселені анықтау туралы ұйғарым енгізілді.

Сонымен қатар ОҚО бойынша ҚАЖКБ бастығының атына мамандандырылған прокуратурамен ОҚО бойынша ҚАЖКБ ИЧ-167/9 мекемесінде жүргізілген кешендік тексерістің нәтижесі бойынша заң бұзушылықтарды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұйғарым жіберілді.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитеті Қарағанды облысы бойынша басқармасының АК-159/3 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Т. мекемеге жетекшілік ететін прокурордың Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатуға ұсынудан бас тартуымен келіспеуі туралы шағымы (2007 жылғы 12 қыркүйектегі кіріс №873/02 хат) бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына сауал жіберді, оның нәтижесінде өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатуға ұсыну бойынша материалдарды сотта қарауға жіберу туралы мәселе оң шешімін тапты.
Өтініш беруші С. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына Ақмола облысы Целиноград ауданы прокуратурасымен жүргізілген тексеру нәтижесімен келіспейтіндігі туралы, сондай-ақ оған Целиноград ауданында жер телімін беру мәселенің ұзақ шешілмеуі туралы, бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және кінәлі адамдарды жауапқа тартып, прокурорлық ден қою шараларын қабылдауды сұрап шағымданды (2007 жылғы 22 қазандағы кіріс № 980/03).

Уәкілдің сауалы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Целиноград ауданы әкіміне заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұйғарым шығарып, өтініш беруші, жер телімін алуға арнайы есепке алынды.


Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына К. шағымы (2006 жылғы 05 желтоқсандағы кіріс №1225/02 хат) түсті, онда ол Ақтау қаласы ІІББ ЖТБ тергеушілерінің кінәлілерді ҚР ҚК 175-бабының 1-бөлімі, ҚР ҚК 257-бабының 2-бөлімі және ҚР ҚК 103-бабының 3 бөлімімен белгіленгендігіне келіспейтіндігі айтылады.

Уәкіл өтінішінің фактісі бойынша тергеу барысыy Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу комитеті бақылауға алды.

Ақтөбе облысы прокурорымен 2006 жылғы 22 желтоқсанда қосымша сот-медициналық сараптама тағайындалып, оның нәтижесі бойынша айыптыларға істеген қылмыстары бойынша түпкілікті айыптау тағайындалады.

Айыпталушы Ж. әрекеті ҚР ҚК 103-бабының 3-бөліміне (абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне әкеп соққан әрекеттер), ал Ж. – ҚР ҚК 179-бабы 3 бөлімінің «б» тармағына (денсаулыққа ауыр зиян келтiрумен, абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне әкеп соққан) қайта қаралды.


Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына еңбек мiндеттерiн орындаумен байланысты алған еңбек жарақатына байланысты келтірілген зиянды өтеу бойынша Т. мүддесін қорғаған Ресей Федерациясындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің шағымы (2007 жылғы 10 мамырдағы кіріс №450/03 хат) түсті.

Шағымның мазмұнына сәйкес Т. бірнеше мәрте, бүгінгі күні жойылған, «Ш.» АҚ-да 1991 жылғы 1 маусымда болған денсаулығына келтірілген зиянға төлемдердің тоқтатылуына байланысты шағымданған.

Т. берген талап арызын Астана қаласы Алматы ауданының соты талап арызға талапкердің өз талаптарын негіздейтін құжаттардың жоқтығын сылтаулап, атап айтқанда: сотпен бекітілген кредитор талаптарының тізілімі және де кредитор талаптары тізілімін бекіту туралы соттың ұйғарымы жоқ деп қозғалыссыз қалдырған.

Аталған шағым бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ҚР Жоғарғы сотына өтініш берушіге жетіспейтін құжаттарын алуға жәрдемдесуін сұрап хат жолдады. Нәтижесінде Т. ҚР Жоғарғы Сотымен қажетті құжаттары жіберілді.


Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы

Сот әкімшілігі комитеті
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетімен бірлесіп оң шешімін тапқан шағымдардың көпшілік бөлігі соттардың шешімдерінің орындалмауына қатысты, сондай-ақ өтініш берушілердің құқықтары басқа жағдайларда да қалпына келтірілген.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына адвокат Б.Н.Шиннің Т. және басқалардың мүддесін қорғаған шағымы (2006 жылғы 05 желтоқсандағы кіріс №744/03-1225 (2)) түсті. Шағымның мазмұнына сәйкес Астана қаласы Соттар әкімшілігімен Шымкент қаласының Абай аудандық сотының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінен заңсыз ұсталған салықты өндіру туралы 2006 жылғы 31 тамыздағы шешімі орындалмайтындығы көрініп тұр. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетінің ақпаратына сәйкес, атқару әрекеттері барысында атқару құжаттарында процессуалдық сипаттағы бұзушылықтар орын алғандығы анықталды. Осыған байланысты сот орындаушысыны 2006 жылғы 20 желтоқсандағы қаулысымен атқару құжаттары сотқа тиісінше ресімделу үшін қайтарылған. Атқару құжаттары қайталап түскен жағдайда, сот актісін дұрыс орындауға тиісті шаралар қолданылатын болады.


Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына сот шешімінің орындалмауына К. шағым (2006 жылғы 20 желтоқсандағы кіріс №1282/02 хат) жасады. Өтініш берушінің хабарлауынша Астана қаласының Соттар әкімшісінің сот актісінің орындалуына тиісті шаралар қолданбауы. Уәкілдің бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігіне жіберілген сауалмен жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша борышкердің жұмыс орны анықталды. Атқару құжаты сол ұйымның бухгалтериясына жіберілді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына Қ. қызын тәрбиелеу үшін алимент өндіру туралы сот шешімінің орындалмауына Р. шағым (2007 жылғы 10 мамырдағы кіріс №1282/02 хат) жасады. Өтініш берушінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшілігінің Семей аумақтық учаскесіне соттың шешімін орындау бойынша шаралар қолдану жөнінде бірнеше мәрте өтініш жасағанына қарамастан бірде-бір жауап алмаған. Уәкілдің сауалын қарастыру нәтижесінде өтініш берушінің құқы қалпына келтіріліп, өтініш беруші мен борышкер арасында алиментке қарыз есебінен борышкер Жанұзақованың үйіне жөндеу жүргізетіндігі туралы келісімге қол жеткізілген. Өтініш берушінің атқару парағы бойынша ешқандай шара қолданбаған сот орындаушысы М. қызметінен босатылды.
Ж. шағымы да (2007 жылғы 14 мамырдағы кіріс №457/03 хат) осындай сипатта, онда ол Павлодар қаласының Ильичев ауданының ұлын тәрбиелеуге алимент өндіру туарлы шешімінің орындалмауын хабарлайды. Уәкілмен сауал жіберіліп, нәтижесінде өтініш берушінің құқықтары қалпына келтірілген: борышкерге іздеу жарияланып, Павлодар облысы Сот әкімшілігінің сот орындаушысы К. тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ Б. алимент өндіру туарлы шешімінің орындалмауына шағымы (2007 жылғы 14 мамырдағы кіріс №457/03 хат) оң шешімін тапты. Сот орындаушысымен Талдықорған қалалық сотына борышкерді ішкі істер органы арқылы іздеу жариялау туралы ұйғарымы жіберіліп, жоғарыда аталған соттың ұйғарымымен борышкер Е. іздеу жарияланды. Осы атқару құжатын орындау кезінде жол берген қателіктері үшін сот орындаушысы Ж. сөгіс жарияланды.
П. шағымы да (2007 жылғы 30 шілдедегі кіріс №733/03 хат) осындай сипатта. Ұлттық орталықтың сауалы бойынша өтініш берушінің құқықтары толық қалпына келтіріліп, борышкерден алименттер толық көлемде өндірілген.
Сонымен қатар, У. мүлкін алған және қолданыстағы заңнама нормаларының бірқатарын бұзған сот орындаушыларының үстінен жазған шағымы (2007 жылғы 12 сәуірдегі кіріс № 457/03 хат) оң шешілген. Уәкілдің араласуы нәтижесінде өтініш берушінің заңсыз алынған мүлкі қайтарылып, құқықтары қалпына келтірілген. Атқару өндірісін ұйымдастыру бөлімінің бас маманы А. ескерту берілді, Б. толық қызметтік сәйкессіздігі туралы ескерту түріндегі бұрынғы шарамен шектеліп, сот орындаушысы Р. келешекте осындай заң бұзушылықтарға жол бермеуі туралы қатаң ескертілді.
Сондай-ақ Б. Әулиекөл аудандық сотының 2000 жылғы 5 мамырдағы Ж. өтініш берушінің пайдасына 401 805 теңге өндіру туралы шешімінің ұзақ орындалуына жасаған шағымы-да (2007 жылғы 29 маусымдағы кіріс №457/03 хат) оң шешімін тапты.

Өтініш берушінің ісі бойынша бірнеше рет борышкердің мұрагерлерінен қарызды өндіру туралы, және де борышкердің басқа мүлкіне талап қою туралы сот шешімдері шыққан. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің жұмысы нәтижесінде Ж. мүлік үлесінің шегіндегі жылжымайтын мүлкін өндіріп, сот шешімін орындаудың тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы ұйғарым шығарылды.


Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына С. Ақмола облысы Сот әкімшісінің Жарқайың аумақтық бөлімінің сот орындаушысының әрекетсіздігіне шағымданған арызы (2007 жылғы 15 маусымдағы кіріс № 582/03 хат) түсті. Ол өз арызында Ақмола облысы аудандық сотының 2006 жылғы 31 тамыздағы сырттай шешімінің орындалуына ықпал жасауды сұрайды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетке жіберілген сауалының нәтижесінде соттың осы шешімі толық көлемде орындалды.


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Азаматтар шағымдарында баяндалған қылмыстық істерді қозғау және тергеуді тоқтату, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері мәселелері бойынша фактілерді бірлесе тексеру неғұрлым тиімдірек бола бастады
Б. өз арызында (2006 жылғы 5 желтоқсандағы кіріс №1219/02 хат) құқық қорғау органдарының әрекетсіздік фактісі туралы хабарлайды. Арызда баяндалғандай, құқық қорғау органдары өтініш берушінің жоғалған ұлын іздеу жөнінде шаралар қабылдамаған. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сауалы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен іс жағдайын тексеру жүргізілді, оның нәтижесінде 2006 жылғы 14 қарашада қылмысты тергеу мақсатында жедел-тергеу тобының құрылғандығы анықталды. Осы қылмыстың жасалуына күдіктену бойынша азамат Б. тұтқындалған. Қылмыстық іс шеңберінде қажетті тергеу жұмыстары және жедел іздестіру шаралары жүргізілуде. Осы істің тергеу барысы ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитетімен бақылауға алынған.
Б. өз арызында (2006 жылғы 5 желтоқсандағы кіріс №1219/02 хат) құқық қорғау органдарының әрекетсіздік фактісі туралы хабарлайды. Арызда баяндалғандай, құқық қорғау органдары өтініш берушінің жоғалған ұлын іздеу жөнінде шаралар қабылдамаған. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сауалы бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен іс жағдайын тексеру жүргізілді, оның нәтижесінде 2006 жылғы 14 қарашада қылмысты тергеу мақсатында жедел-тергеу тобының құрылғандығы анықталды. Осы қылмыстың жасалуына күдіктену бойынша азамат Б. тұтқындалған. Қылмыстық іс шеңберінде қажетті тергеу жұмыстары және жедел іздестіру шаралары жүргізілуде. Осы істің тергеу барысы ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитетімен бақылауға алынған.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына И. өзін көршілері: Қ. және оның ұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекаралық қызмет құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының аға офицері, лейтенант Қ. және басқалардың аса қаталдықпен ұрып соғуы туралы арызы (2007 жылғы 26 маусымдағы кіріс №612/02 хат) келіп түсті.

Аталған факті бойынша И. аталған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында ішкі істер органдарына арыз берді.

Алайда, өтініш берушінің пікірі бойынша жоғарыда аталған адамдарға қатысты қандай да бір тергеу әрекеттері жүргізілмеген. Оның үстіне, кейіннен кездейсоқ өтініш берушінің Қ. кездескен уақытында, кейінгісі қылмыстың жазасыз қалатындығы мәлімдеген.

Астана қаласы Ішкі істер департаментінің Алматы аудандық ішкі істер басқармасына жасаған өтінішіне, ол, ағымдағы жылдың 26 сәуірінде іс материалдарының Ақмола гарнизоны бойынша Әскери-тергеу басқармасына жіберілгендігі туралы жауап алды. Алайда өтініш берушінің ақпараты бойынша аталған материалдар Ақмола гарнизоны бойынша Әскери-тергеу басқармасына түспеген.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мекемесімен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне сауалдар жіберілді.

Жүргізілген тексеріс нәтижесінде аталған факті бойынша И. арызы бойынша Ақмола облысы бойынша әскери-тергеу басқармасымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2-басқармасының әскери қызметшісі .Қ. және Қ. қатысты ҚР ҚК 257 бабының 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осы істі зерделегеннен кейін қылмыстық іс Ақмола гарнизонының әскери прокуратурасымен Ақмола әскери сотына жіберілді.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс Ақмола гарнизонының әскери сотымен қаралып, істің соттың қаралу барысында сотталған Қ. өздерінің бұзықтық қылықтарды жасағандықтарын мойындады. Әскери соттың қаулысымен қылмыстық іс тараптардың өзара татуласуына байланысты ҚР ҚК 67-бабының 2-бөлімі бойынша тоқтатылды.


Азаматтарды қабылдау кезінде Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысына азамат Ш. Қарағанды облысы Ағадыр станциясы ішкі істер органдарының учаскелік полиция инспекторы өзінің жеке куәлігімен әскери билетін қайтармайтындығына шағым жасады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша жоғарыда аталған құжаттардың полиция инспекторында болғандығы расталды. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың араласуымен Ш. құжаттары қайтарылды.


Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына С. Жақсы аудандық Ішкі істер бөлімінің көші-қон полициясы қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне азаматтық беру туралы мәселесі бойынша шағымы (2007 жылғы 2 тамыздағы кіріс №1340/02-145 (2) хат) келіп түсті.

Шағым фактісі бойынша Уәкілдің сауалымен тексеріс жүргізілді, Ж. отбасының азаматтық жөніндегі материалдарды қарау барысында жіберілген кемшіліктер үшін полиция майоры А. қатысты тәртіптік шара қолданылып (қатаң сөгіс), өтінішті қарауды тездету тапсырылды.


Қазақстан Республикасы Еңбек

және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына Алматы облысының медициналық-сараптау комиссиясының әрекетіне шағымданған У. арызы (2007 жылғы 08 маусымдағы кіріс №545/03 хат) келіп түсті. Комиссия мүгедектікті растауға арналған қайта дәлелдеу рәсімдерін созып жіберген.

Осы арыз бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мекемесі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне арызда көрсетілген факті бойынша тексеріс жүргізу туралы сауал жасады. Тексеріс нәтижесінде өтініш беруші «еңбек ету қабілеті шектеулі» деген қортындымен 1 жылға куәландырылды.

Өтініш беруші С. Адам құқықтары жөніндегі уәкілге өзінің алатын зейнетақысының мөлшерімен, өзінің «Қ.» өндіріс бірлестігі Абай құрылыс-жөндеу басқармасындағы атқарған жұмысын «құрылыс» экономикалық санаттағы қызметке жатқызу туралы шешіммен келіспейтіндігін хабарлайды (2007 жылғы 25 маусымдағы кіріс №154/03-602 (2) хат).

Өзінің сөзін растау үшін өтініш беруші Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінен халық шаруашылығы салаларын жіктеу түсініктемесін алған. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жасаған сауалы бойынша өтініш берушінің экономикалық қызметінің түрін өзгерту кезінде зейнетақысын қайта есептеу жүргізілген.


Р. оған мемлекеттік арнайы жәрдемақыны төлеуден бас тартумен келіспейтіндігі және Ауғанстанда әскери қызмет атқарған азаматтарға арнайы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау тәртібі мен негіздерін түсіндіру туралы шағымы (2007 жылғы 10 шілдедегі кіріс №654/03 хат) бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мекемесі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сауал жіберді, нәтижесінде өтініш берушінің арнайы мемлекеттік жәрдемақы алу мәселесі оң шешілді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілге Т. өзіне және ұлына қатысты еңбек заңнамасын бұзу мәселелері бойынша Қостанай облысының Соттар әкімшілігіне шағымданған (2007 жылғы 12 желтоқсандағы кіріс №1261/03 хат). Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің сауалы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен тексеріс жүргізілді. Ұсынылған құжаттар негізінде мемлекеттік еңбек иснпекторы 2005 жылғы 23 наурыздан бастап өтініш берушімен жасаған жеке еңбек шартының аяқталу мерзімі айтылмағандығын анықтады. Осыған байланысты «Қостанай облысы бойынша Сот әкімшілігі» ММ (бұдан әрі - Сот әкімшілігі) - жұмыс берушінің бастамасы бойынша шарттың бұзылуы «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңының (бұдан әрі-Заң) 26-бабына сәйкес жасалуы тиіс еді. Алайда, 2005 жылғы 9 желтоқсанда Соттар әкімшілігі өтініш берушіге Заңның 25-бабы 1-тармағы 1)-тармақшасына сәйкес шарттың әрекет ету мерзімінің өткендігі туралы хабарлайды. Өтініш берушімен жеке еңбек шартын бұзу негізі Заң талаптары бұзылып қолданылған. Осыған байланысты оның жұмыс орнын қалпына келтіру мәселесі Заңның 29 және 97-баптарына сәйкес тараптардың келісімімен немесе сот тәртібімен іске асырылуы тиіс.

Сонымен қатар тексеріс барысында Сот әкімшілігімен Т. жеке еңбек шартымен 2005 жылғы 2 қарашадан бастап 2005 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі анықталған мерзімге жүргізуші болып қабылданған. Бұл шартпен жұмысқа қабылдану туралы бұйрық Т. хабарланбаған, ол қол қоймаған. Т. жасалған жеке еңбек шарты Заңның 10 бабы бұзыла отырып, Соттар әкімшілігің 2006 жылғы 4 қаңтардағы № 1л бұйрығына сәйкес 2006 жылғы 5 қаңтардан бастап тоқтатылды.

Ұсынылған жұмыс уақытын тіркеу табельдері, жеке есепшот, өткізу журналы бойынша Т. 2005 жылғы қараша, желтоқсан айларына еңбекақы төленген.

Соттар әкімшілігі Т. 2006 жылғы 1 қарашадан 2006 жылғы 31 желтоқсанға дейін жеке еңбек шартына екінші рет отырады. Оны жұмысқа қабылдау туралы бұйрық тағы да хабарланбаған, танысқандығы туралы қол қойғызымаған.

Тексеріс нәтижесінде еңбек заңнамасының бұзылуына жол бергені үшін Соттар әкімшілігінің басшылығына Мемлекеттік еңбек инспекторымен ұйғарым табыс етілген.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына өзімен бірге тұратын сіңілісінің Павлодар облысының Ақсу қаласындағы № 8 орта мектепте оқуына көмек көрсетуді өтінген М. шағымы (2007 жылғы 12 шілдедегі кіріс №665/03 хат) келіп түсті.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мекемесі жұмысының нәтижесінде өтініш берушінің сіңілісі Ақсу қаласы №8 орта мектебінің 1 сыныбына қабылданды.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына Б. шағымы (2007 жылғы 05 қыркүйектегі кіріс №290/03-852 (2) хат) келіп түсті. Шағымның мазмұны бойынша, өтініш берушінің кәмелетке толмаған баласы таяу орналасқан қала мектебі басшылығы отбасының тұрғылықты орны бойынша тіркеудің жоқ болуына байланысты баланы ресімдеуден бас тарқандықтан, баласы мектепте оқымайды. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мекемесімен жүргізілген жұмысының нәтижесінде өтініш берушінің ұлы Астана қаласының №17 мектеп-гимназиясында оқуын жалғастырды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша Б. баласын мектепке орналастыру үшін бірде-бір мектепке хабарласпағанын айтады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
С. сапасыз қызмет көрсету мәселесі бойынша Уәкілге шағымданды (2007 жылғы 10 қаңтардағы кіріс № 32/02). Уәкіл осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне сауал жіберді. Оның нәтижесінде «ӨАГО» ААҚ қызметіне тексеріс жүргізілді. Комиссия «Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесі туралы» Заңының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарының бұзылғандығын анықтады.

Айқындалған заң бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 322 және 85-баптары бойынша әкімшілік шаралар қабылданды. 2007 жылғы 01 маусымдағы мерзімге дейін айқындалған ақауларды жою туралы талаппен санитарлық ережелер мен нормалардың бұзылуы жөнінде акті жасалды. ӨАГО бас дәрігеріне барлық талаптардың орындалуын қамтамасыз ету және сапасыз медициналық қызмет көрсетуге жол берген адамдарға қатысты шаралар қабылдау бойынша ұсынымдар берілді.

Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп заңнамасы бұзылуының айқындалуы бойынша ақпарат Қарағанды облысының Қаржы полициясы департаментіне жіберліді. Сонымен қатар тексеріс материалдары денсаулық сақтау стандарттарыының сақталуына бақылауды күшейту және жүкті әйелдерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыру жөніндегі тиісті шараларды қабылдау үшін Қарағанды облысының Денсаулық сақтау департаментіне жіберілді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына Алматы қаласының жұқпалы аурулар бойынша бірінші қалалық клиникалық балалар ауруханасы дәрігерлерінің әрекетіне шағымданған А. шағымы (2007 жылғы 03 тамыздағы кіріс №746/03 хат) келіп түсті. Онда өтініш берушінің 5 айлық қызын ата-анасының келісімінісіз еккені және дәрігерлердің дөрекілігі туралы баяндалады.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сауалы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен тексеріс жүргізілді, оның нәтижесінде «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы нормаларының бұзылу фактілері анықталды. Материал кінәлі адамдарға әкімшілік шаралар қолдану туралы ұсыныспен аурухана басшылығына жіберілді. Стационарлық емдеу жүргізу үшін өтініш бірушінің қызы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының кеңес беру диагностикалық ауруханасына жіберілді.

Қарағанды қаласындағы № 4 емханада санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың бұзылуы фактісіне қатысты С. өтініші бойынша (03.10.2007 кіріс № 929/03) лор-кабинетте ауруларды қабылдау үшін тиісті жағдайлар жасалмаған, сондай-ақ оториналаринголог-дәрігерлердің штаты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген нормативке сәйкес жасақталмаған, ол халыққа медициналық көмек көрсетудің сапасына кері әсер етеді. Осы мәселеге байланысты Уәкіл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне және Қарағанды облысының әкімдігіне сауал жіберді.

Қарағанды облысының Мемсанэпидқадағалау департаменті «Қарағанды қалалық № 4 емханасы» ҚМКЕ-на санитарлық-эпидемиологиялық тексеру жүргізді және санитарлық-эпидемиологиялық бұзушылықтар туралы факт расталды.

Емхананы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келтіру бойынша шаралар қабылдануда. Осы мақсатта Қарағанды қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 22 ақпандағы № 9/127 қаулысымен 2006 жылғы 26 шілдеден бастап «Г.» шағынауданында 500 орындық емхананың құрылысы жүргізілуде. Тапсырыс беруші – Қарағанды облысының Құрылыс басқармасы, бас мердігер – «Ш.» ЖШС.

Осы мәселе Қарағанды облысы Мемсанэпидқадағалау департаментінің бақылауында.

Оториналаринголог-дәрігерлер штатының жасақталмау фактісі де орынды. Облыс әкімдігі облысқа медициналық қызметкерлерді тарту бойынша шаралар қабылдап жатыр.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына К. өтініш келді (17.01.07 кіріс № 63/02). Ол 2004 жылы отбасымен Қостанай облысына тұрақты тұруға Өзбекстаннан көшіп келіпті. К. жеке басын куәландыратын құжат алу мақсатында құзыретті мемлекеттік органдарға бірнеше рет барған. Алайда осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі берілмеген. Уәкілдің сауалы бойынша жүргізілген тексеріс нәтижесінде К. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алуға өтініші оларға берген суреттің белгіленген талапқа сәйкес келмегендіктен өтініш берушіге қайтарылғандығы анықталды. К. атына Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі 2007 жылғы 15 қаңтарда дайындалды және 2007 жылғы 29 қаңтарда алды.
ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Ақтөбе облысы бойынша ҚР ӘМ ҚАЖКБ КА-168/5 мекемесінде жазалауда болған Г. өтінішін (02.02.07 кіріс №112/02) оң шешті. Өтініш беруші Ақмола облысы аумағындағы түзету мекемесіне ауыстыру туралы мәселені шешуге көмек көрсетуді сұраған. Өтінішінде ол осы мәселе бойынша ҚР Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару комитетіне бірнеше рет өтініш білдіргенін, алайда оның өтінішін олардың қанағаттандырмағандығын хабарлайды. Уәкілдің сауалынан кейін өтініш берушінің өтініші қанағаттандырылды. ҚР ӘМ ҚАЖК ақпаратына сәйкес Г. тұтқындалғанға дейін тұрған Қарағанды облысы бойынша ҚАЖКБ АК-159/6 мекемесіне жіберілетін болады.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына азаматша Е. өтініш түсті (27.08.07 кіріс № 831/02). Онда Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қызылорда облысы бойынша Басқармасының ЗК-169/5 мекемесінде жазалауда отырған ұлы – сотталушы Е. өтініш берушінің денсаулығына және ұлының өміріне қауіп төнуіне байланысты Алматы облысындағы түзету мекемесіне ауыстыруға өтініш білдірген.

Е. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне ұлын ауыстыру туралы жазған өтінішінен Комитет бас тартқан.

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне Е. өтінішін қайта қарауға білдірген өтінішінің нәтижесінде Комитет Е. Комитеттің Шығыс-Қазақстан облысы бойынша басқармасы ОВ-156/6 мекемесіне одан әрі жазасын өтеуге жіберу туралы шешім қабылдады. Осы шара сотталушы Е. ЛА-155/8 мекемесінде онымен бірге жазасын өтеуші теріс пиғылды сотталушымен бір түзету мекемесінде болуының қауіптілігіне байланысты қолданылды.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үйінің жоқтығы туралы анықтама алу мәселесі бойынша Алтай аймағынан Г. өтінішін (кіріс № 63/02 17.01.07) оң шешті.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ықпалы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Құрылыс және әскерлерге пәтер беру бас басқармасы» ММ 1992 жылғы мамырдан 1996 жылғы сәуірге дейін Рудный қалалық әскери комиссариатында әскери қызметте болған уақытта Г. және оның отбасы мүшелері мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз етілмегендігі туралы анықтама берді. Осы ақпарат өтініш берушіге берілді.


Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігі
Уәкілге Атырау облысы қаржы полициясы қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне шағыммен К. өтініш білдірді (21.02.07 кіріс № 175/03). Өтініште іс бойынша куә болып жүрген өтініш берушінің жұбайы К. жеке басын куәландыратын құжатын Атырау облысы бойынша ЭСҚКД қызметкерлерінің түсіндірмей алып алғандығы айтылған. Өтінішті қарау нәтижесінде өтініш берушінің құқығы қорғалды. Атырау облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаменттің бастығына Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларына сәйкес куәгер К. Атырау қаласына жол жүру шығынын өтеу туралы мәселені шешу туралы нұсқау берілді.

Жергілікті атқарушы органдар

Әкімдіктер
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына Астана қаласындағы бір үйдің тұрғындарынан ұжымдық өтініш келіп түсті (09.02.07 кіріс № 141/03). Онда өтініш берушілер Астана қаласы әкімдігінде ауызша қабылдаудан бас тартқандығы туралы хабарлайды. Уәкілдің сауалын қарау нәтижесінде сол жерге барып тексеру жүргізілді, аудан әкімінің қатысуымен ПИК тұрғындардың жиналысы өткізілді, үйдің кәріз жүйесі ауыстырылды. Сумен қамтамасыз етудің инженерлік желісіне күрделі жөндеу жоспарланды.
Ресей Федерациясының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкілге бұрын Қазақстан Республикасында тұрған және қазіргі уақытта бұрынғы жұмыс орнынан 1977 жылдан 1996 жылға дейінгі аралықтағы еңбекақысы туралы анықтама ала алмай қиналып отырған Ч. мүддесіне өтініш білдірді (19.02.07 кіріс № 166/03). Ч. бұрын тұрған Шығыс-Қазақстан облысының әкімдігіне жіберген Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сауалы бойынша мұрағаттық материалдарға тексеру жүргізілді және өтініш берушіге сұраған анықтамасы жіберілді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілге Байқоңыр қаласында тіркелуді ұзартуға көмек көрсетуге өтінішпен Қ. өтініш білдірді (12.12.06 кіріс № 1260/03). Осы шағым бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Байқоңыр қаласының әкімшілігіне өтініш білдірді, нәтижесінде 2007 жылғы 8 ақпанда тұрғын үй комиссиясының шешімімен өтініш берушінің Байқоңыр қаласында тұру мерзімі ұзартылды.


Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына «С.» Ақыл-есінің және дене бітімінің дамуы бұзылған балалар мен жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеу және оңалдыру орталығы» ҚҰ төрағасы Б. өтініш білдірді (22.11.06 кіріс № 1141/03). Ол қоғамдық ұйым орналасқан ғимаратқа сенім білдірген басқарманың келісім-шартын мерзімінен бұрын бұзу туралы талап қойған Павлодар қаласының атқарушы билік органдарының әрекетіне шағым жасайды. Павлодар облысының әкімдігі берген ақпаратқа сәйкес сенім білдірген басқарманың келісім-шарт шарттарын дөрекі бұзуына байланысты облыстың қаржы департаменті «С.» қоғамдық ұйымымен сенім білдірген басқарманың келісім-шартын бұзу және мемлекеттік мүлікті талап ету бойынша процеске бастамашылық етті. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің сауалынан кейін қала әкімдігі қоғамдық бірлестікке қызметін одан әрі жалғастыру үшін үй-жай берді. Облыс әкімі Павлодар облыстық және қалалық атқарушы органдары басшыларына бейімдеу, білім беру және қаржы-шаруашылық қызметтері заңнамасының бұзылуы анықталған жағдайда «С.» ҚҰ қолдау бойынша тапсырма берді.
Өзінің өтінішінде «Ақ бота» Лигасы директоры И. (26.02.07 кіріс № 294/03-192(2)) Алматы қаласы Түріксіб ауданы әкімінің орынбасары Я., Алматы қаласы Түріксіб ауданы маслихатының депутаты Н., Алматы қаласы Түріксіб ауданы әлеуметтік қорғау департаментінің бастығы Ә. әрекеттеріне шағым жасайды.

Өтініш авторы Алматы қаласы Түріксіб ауданы әкімдігінің қызметкерлері психофизикалық дамуы бұзылған мүгедектер мен балаларға қамқорлық көрсету жөніндегі қоғамдық бірлестіктің қалыпты жұмыс жасауына кедергі келтіріп отырғанын жазады. Өтініш берушінің айтуы бойынша әкімдіктің аталған қызметкерлері қоғамдық бірлестіктің Алматы қаласы Ақан сері көшесі 154 үйде орналасқан үй-жайын алып қоямыз деп қорқытады екен.

Алматы қаласы Қаржы департаментінің 2006 жылғы 26 мамырдағы № 12.11/1241 ақпаратына сәйкес «А.» Лигасы 2001 жылғы 6 тамыздағы № 6/194 келісім-шартқа сәйкес көрсетілген үй-жайды өтеусіз пайдаланады. Келісім-шарт Алматы қаласы әкімдігінің «Бұрынғы № 250 балабақшаны психофизикалық дамуы бұзылған мүгедектер мен балаларға қамқорлық көрсету жөніндегі «А.» Лигасы қоғамдық бірлестігіне беру туралы» 2001 жылғы 6 тамыздағы № 1/117 қаулысының негізінде жасалған.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі жүргізген жұмыс нәтижесінде өтініш берушінің құқығы қорғалды, әкімдікпен өтеусіз пайдалану туралы келісім-шартты бұзу және талап етілген сомаға сәйкес ақшалай өтемақы төлеу туралы келісімге қол қойылды.


Өтініш беруші С. (05.07.07 кіріс № 645/03) Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына өрт нәтижесінде тұрғын үйсіз қалған мүгедектер К. пен К. мүддесіне өтініш білдірді.

Өтініште мүгедектерге жер учаскесін ресімдеуге кедергі келтіріп отырған жер учаскесі қызметкерінің заңсыз әрекетін көрсетеді.

Осы өтініш бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі Павлодар облысының әкімдігіне хабарласты. Нәтижесінде мәселе оң шешімін тапты, өрттен зардап шеккендерге жәрдемақы төленді, жер учаскесін ресімдеуге құжаттар дайындалуда.
С. өтініші бойынша (01.10.07 кіріс № 925/03) өтініш беруші жолдасы қайтыс болғаннан кейін оның қызметтік пәтерін «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпте осы пәтерді жекешелендіре алмай отырғандығын жазды. Уәкіл Қарағанды облысының әкімдігіне сауал жіберді. Алынған ақпаратқа сәйкес «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 109-бабы 3-тармағына сәйкес тұрғын үй қызметтік тұрғын үйге жатады және аудандық (облыстық маңызы бар қала), республикалық маңызы бар қала, астана жергілікті атқарушы органдары шеше алмайды.

Осыған байланысты Қарағанды қаласының әкімі Қарағанды қаласы, 15-шағынауданы, 18-үй 71-пәтер мекенжайында орналасқан пәтерді қызметтік тұрғын үйлердің санынан шығару туралы 2007 жылғы 21 қарашада № 56/08 қаулы қабылдады.

Жоғарыда көрсетілген мекенжайдағы пәтерді жалға алудың № 56/8 шарты 2007 жылғы 21 қарашада жасалды және өтініш берушіге 2007 жылғы 30 қарашада берілді.

Астана қаласы бойынша Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау департаменті
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына Д. өтініш түсті (04.09.07 кіріс № 850/03). Онда автор «Т.» ЖШС жұмыстан шыққан кезде жалақысын төлемегендігін және еңбек келісім шартын жасамауы фактісін көрсетеді.

Көрсетілген фактілер жұмыс берушінің азаматтың жалақысын уақытылы алу құқығын бұзуы болып табылады, ол республиканың еңбек заңнамасына қайшы келеді. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 134-бабына сәйкес жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақшалай нысанда бір айдан кем емес, келесі айдың бірінші жартысынан кешіктірілмей төленеді. Жалақыны төлеу күні еңбек, ұжымдық шарттармен көзделеді. Жұмыс берушінің кiнәсiнен жалақы, ал қызметкермен еңбек шарты бұзылған кезде - оған тиесілі басқа да төлемдер белгіленген мерзiмдермен салыстырғанда кешеуiлдеп қалса, жұмыс берушi қызметкерге берешегiн және төлемақы өсiмiн төлейдi. Төлемақы өсiмінің мөлшерi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасы бойынша жалақы төлеу жөнiндегi мiндеттемелерiн орындау күнiне белгiленедi және төлем жүргiзiлуге тиiстi күннен кейiнгi күннен бастап жүргiзiлуге тиiс және төленген күнмен аяқталатын кешіктірiлген әр күнтiзбелiк күн үшiн есептеледi.

Уәкіл Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Астана қаласы бойынша департаментіне сауал жіберді. Тексеру нәтижесінде жалақының уақытылы төлемеу фактісі расталды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 87-бабы 3-бөлігіне сәйкес жалақысын төлеуді кешіктіріп, еңбек заңнамасын бұзғаны үшін «Т.» ЖШС әкімшілігіне әкімшілік айыппұл салынды.
Алматы қаласы бойынша Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау департаменті
Алматы қаласы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне Ж. өтініші бойынша (23.10.07 кіріс № 985/03) сауал жіберілген болатын. Өтінішінде автор «Меридиан секьюрити» компаниясында жалақыны төлемеу фактісін көрсетеді.

Көрсетілген фактілер жұмыс берушінің азаматтың жалақысын уақытылы алу құқығын бұзуы болып табылады, ол республиканың еңбек заңнамасына қайшы келеді. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 134-бабына сәйкес жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақшалай нысанда бір айдан кем емес, келесі айдың бірінші жартысынан кешіктірілмей төленеді. жалақыны төлеу күні еңбек, ұжымдық шарттармен көзделеді. Жұмыс берушінің кiнәсiнен жалақы, ал қызметкермен еңбек шарты бұзылған кезде - оған тиесілі басқа да төлемдер белгіленген мерзiмдермен салыстырғанда кешеуiлдеп қалса, жұмыс берушi қызметкерге берешегiн және төлемақы өсiмiн төлейдi. Төлемақы өсiмінің мөлшерi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасы бойынша жалақы төлеу жөнiндегi мiндеттемелерiн орындау күнiне белгiленедi және төлем жүргiзiлуге тиiстi күннен кейiнгi күннен бастап жүргiзiлуге тиiс және төленген күнмен аяқталатын кешіктірiлген әр күнтiзбелiк күн үшiн есептеледi.

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы жүргізген жоспардан тыс тексерудің нәтижесінде көрсетілген өтініш расталды.

Шындығында да жұмыс беруші 2007 жылғы 2 мамыр мен 10 қазан арарлығындағы жұмыс кезеңі үшін пайдаланылмаған жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына өтемақы төлемеген.

Жоғарды көрсетілген серіктестіктің басшылығына жіберілген бұзушылықтары үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексі 87-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік іс жүргізу қозғалды.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған ЖШС өтініш берушімен толық есеп айырысу жүргізді.


Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті
Уәкілге Ч. Өскемен қаласы ІІБ қызметкерлерінің кәмелетке жасы толмаған Ч. ұялы телефонының ұрлануы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартуына келіспейтіндігіне байланысты өтініш келіп түсті (30.04.07 кіріс № 420/02). Осы өтініш бойынша Уәкіл мекемесі Шығыс-Қазақстан облысының Ішкі істер департаментіне сауал жіберді. Қосымша жүргізілген тексерудің нәтижесінде ҚР ҚК-нің 177-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қостанай облысының Әділет департаменті
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекенжайына Ресей Федерациясы Свердлов облысының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі құжаттандыру органына өтініш беру үшін қажетті құжаттарды талап ету мәселесі бойынша С. мүддесіне өтініш білдірді (05.06.07 кіріс № 526/03). Өтініште Свердлов облысы Талицкий ауданының АХАЖ бөлімі Қостанай облысы Қамысты аудандық АХАЖ бөліміне туу туралы қайталама куәлікті ресімдеп, олардың мекенжайына жіберуді сұрағандығы жазылған. Алайда сұраған құжаттары келмеген.

Осы өтініш бойынша Уәкіл өтініш берушінің құжаттарын алуға көмек көрсету қажеттігі туралы Қостанай облысының Әділет департаментіне өтініш білдірді. Нәтижесінде туу туралы қайталама куәлік өтініш берушіге жіберілді.


Ақмола облысының Әділет департаменті
Уәкілге Ресей федерациясы Саратов облысының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі көші-қон қызметі органына өтініш беру үшін қажетті құжаттарды талап ету мәселесі бойынша М. мүддесіне өтініш білдірді.

Осы өтініш бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі Ақмола облысының Әділет департаментіне сауал жіберді. Өтінішті қараудың қорытындысы бойынша өтініш берушіге қажетті құжаттар жіберілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет