Старшын – Ресей өкіметі тағайындаған ұсақ билеушілер. Рулар ішіндегі шағын топтарды басқарды. Аға сұлтандар мен болыстарға бағынды.
Сүле науқас – созылмалы дерт, ауру.
1. Үзіндіні оқып, сюжеттік желісі бойынша «Интеллект картасын» құрастырыңдар.
2. Жазушының жас Абайдың портретін сомдаудағы шеберлігі туралы не айта аласыңдар?
3. Ескілікті жыр, аңыздарды көкірегіне тоқыған Зере Абайға қандай ертегілерді, тарихи негізі бар оқиғаларды баяндап береді? Зере өнегесі Абай болашағының қалыптасуына қалай әсер етті?
4. Ұлжанның әңгімелерін тыңдай отырып, Абай неге таңғалады?
5. Барластан алған бата Абайдың өміріне, оның ақындық әлеміне қалай әсер етті деп ойлайсыңдар?
6. «Жарқын ойлар» зерттеу әдісі арқылы «Тілі ұғымды, өмірі таныс болғаннан ба немесе Барлас пен Байкөкшенің кезектесіп айтқан жырларының кейде шырқаған, кейде қалқып баяулаған, кейде лекітіп соқтырып, ескектете желген әнінен бе? Бебеу қаққан қоңыр, майда баяу домбырадан ба? Қалайда болса, Абай бұл күнге шейін өмірінде дәл осы Барлас, Байкөкше баян еткен дастан, жырларға барабар еш нәрсе есітпеген сияқты болды» деген үзіндідегі Барлас пен Байкөкшенің үзіндіде айтылар негізгі ойға қандай қатысы барына зерттеу жасаңдар. Қосымша дереккөздерді пайдаланыңдар.
1. Зере мен Ұлжан бейнелері жинақтық бейне ме әлде даралық бейне ме? Ойларыңды дәлелдеп, «Пирамида құру» әдісі арқылы жеткізіңдер. Әуелі жұптарға бірігіп, үзіндідегі Зере мен Ұлжан бейнелері туралы өздеріңнің идеяларың, ойларың мен пайымдауларыңмен бөлісіңдер. Содан кейін 4 адамнан тұратын топқа бірігіп, Зере мен Ұлжан бейнелерінің жинақтық немесе даралық бейне екенін дәлелдеңдер. Ең соңында сыныппен бірге қорытынды шығарыңдар.
2. Үзіндідегі негізгі кейіпкердің портретін тауып, мінездеме беріңдер. Кейіпкердің ең маңызды әрекеттерін анықтаңдар. Жинақталған ақпараттар негізінде кейіпкерге қатысты қорытынды жасаңдар.
3. Үзіндідегі көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдай отырып, автор стилін анықтаңдар. Төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап жазыңдар:
• Үзіндіде қандай тілдік құралдар қолданылған?
• Образдың ашылуына көркемдегіш құралдардың әсері қандай?
• Автор кейіпкерлердің бейнесі мен әрекетін сипаттауда қандай сөздерді қолданған?
• Жазушы стиліне сыни тұрғыдан қандай баға берер едіңдер?
1. Жас Абайды күйзелістен айықтырған нелер еді? Топта талқылап, кестені толтырыңдар.
2. Үзіндідегі кейіпкерлердің портретін өздерің жасап көріңдер.
1. Жазушы Абайдың әжесі Зере мен анасы Ұлжан арқылы қазақ әйелдеріне тән қандай ең жақсы қасиеттерді бейнелеген деп ойлайсыңдар? Қазіргі әжелер мен аналар бойынан ондай қасиеттер табыла ма? Өзіндік пікірлеріңді білдіріп, шағын пікірталас ұйымдастырыңдар.
2. Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына виртуалды саяхат жасап, Абай тыңдаған ертегілер туралы шағын таныстырылым жасаңдар.
3. Шығарманың идеясын көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазыңдар.
Кері байланыс. «Бес саусақ».
1. Маған үзінді ұнады ма? Неліктен?
2. Қандай білім мен тәжірибе алдым?
3. Мен үзіндіні қалай талқыладым?
4. Тақырып бойынша басты мәселе қандай?
5. Сабақ барысында өзімді қалай сезіндім?
«Абай» романының жазылу жайынан:
Мен творчествоның адамы жөнінде жазылған романдарды көп оқып, көп зерттедім; олардың iшiндe өзіміздің совет жазушыларының да, қaзipгi Батыс жазушыларының да шығармалары бар. Мұны айтқанда мынаны ескерткім келеді: мені оқығандарымның бәpi бірдей қанағаттандырған жоқ, бipiн ұнатсам, бipiн ұнатпадым. Бipaқ екеуінің де пайдасы болды, екеуінен де үйрендім: бipiнeн қалай жазу керектігін үйрендім, бipiнeн қалай жазбау керектігін үйрендім. Айталық, Батыс жазушысы Моруаның Байрон өмipiн суреттеуі, әcipece ақынның өз қарындасы Августамен қарым-қатынасын көрсетуі мені түңілдірді, мен мұндай кітапқа сырт айналдым. Бұлай жазбау керек деген байлауға келдім. Өйткенi біздің совет оқушылары өткен дәуірдің данышпанын бұлайша суреттеп көрсетуді тілемейді.
Оларға ақын басынан өткен кез келген кездейсоқ биографиялық ұсақ-түйектерді жиып-теріп көрсетудің кepeгi аз, оларға ақын өмipiнiң ең бip есте қаларлық, тәрбие берерлік бағалы құбылыстарын, адам баласының прогресшіл тарихы үшін аса маңызды жайларын саралап, талғап суреттеп беру керек.
Мұхтар Әуезов, 1959 жыл
…Мұхаңның атын көпшілікке әйгілі еткен, ең алдымен, «Абай» журналы еді. Бұл журналды Мұхаңның ең алғаш беташары деуге болады. Өйткені оны бірінші рет ұйымдастырып, оның негізгі мақалаларын жазған көбінесе Мұхаңның өзі болатын. Бұл алғашқы өрлеуінде Мұхаң көбінесе журналист, публицист, ойшыл, сыншы, философ ретінде көрінді…
Әлкей Марғұлан
ТИПТЕНДІРУ деген суреткердің іс жүзінде өмір шындығын өз дүние танымы тұрғысынан белгілі бір уақыт пен кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап-тануы, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралауы болып табылады.
Зейнолла Қабдолов
Өрде
1. «Өрде» тарауынан берілген үзіндіні оқып, тезистік жоспар құрыңдар.
2. Ас иелері Бөжейдің нағашы жұртын күтуді неге Абайға сеніп тапсырады?
3. Абай алыс жолдан шалдығып келген қонақтарды қалай күтеді?
4. Қадырбай мен Абайдың диалогінен Абайдың қандай қырын байқауға болады?
5. Абай қонақтарды, көлденең елді, ас иелерін қалай сүйсіндірді? Үзіндіден тауып оқыңдар.
6. Жазушы асты қалай суреттеген? Үзіндідегі ас беру дәстүрі мен бүгінгі замандағы ас беру дәстүрінде айырмашылық бар ма?
1. Үзіндідегі кейіпкерлерге тән ерекшеліктерді жұптасып анықтаңдар.
2. Абай – азамат ретінде қалыптасқан тұлға. Үзіндідегі Абай бейнесін даралап тұрған қасиеттерді қалай бағалайсыңдар? Топпен бірге жоба жасап қорғаңдар.
1. Үзіндідегі ұлттық мәселелерді өмірмен байланыстырыңдар.
2. «Абай жолы» романын қазақ, әлем әдебиетіндегі мазмұндас шығармалармен салыстырыңдар.
– Шығарма атауы.
– Идеясы мен тақырыбы.
– Жанрлық ерекшелігі.
– Құндылықтар көрінісі.
– Автор ұстанымы.
1. Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, «Абай жолы» роман-эпопеясына байланысты жазылған сын-пікірлермен танысыңдар, ой елегінен өткізіп зерделеңдер.
2. Өздерің жазушының сөз қолданудағы, көркемдегіш құралдарды сұрыптап алудағы шеберлігі туралы сыни мақала жазыңдар.
Кері байланыс. «Шығу парағы» бойынша сұрақтарына жауап жазыңдар.
Мен Мұхтар Әуезовтің шығармаларын туған еліме таныстыруды өзіме үлкен абырой санаймын. Эпикалық «Абай» романы – менің ойымша, ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі. Бұл роман оқушыға қызықты қиял мен ерен ой өлкесін кездіріп, талай терең толғаныстар тудырады. Бұл шығарма совет әдебиеті туындыларының маңдай легінен орын алады деу аздық қылады, әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығармалар табу қиын.
Луи Арагон
КӨРКЕМДІК ДЕТАЛЬ ( бөлшек, бедер-белгі) – мағыналық, көркемдік мәні бар ұсақ ерекшелік, сөз болып отырған нәрсенің жекеленген сипат-белгілері. Кейіпкердің мінезіндегі, кескін-келбетіндегі, іс-әрекеті мен сөйлеу мәнеріндегі немесе шығарманың сюжеттік желісіндегі, композициялық құрылымындағы жекеленген ерекшеліктер немесе суреттеменің, баяндаудың дәлдігін, нақтылығын арттыра түсетін әртүрлі бояу-нақыштар – міне, осылардың қай-қайсысын да көркемдік деталь ретінде алып қарауға болады. Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясында жас Абайдың Тоғжанға деген ыстық сезімін суреттегенде қолданылатын портреттік деталь – қыздың бейнесін оның шолпысының сылдыры арқылы әсерлі елестетуі.
Достарыңызбен бөлісу: |