«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Лүнтəй – ескі жер аты. Тарихшылар оның ескі жұртын қазіргі Шынжаңдағы Бүгір  (Лүнтəй) ауданында деген көзқарасты ұсынады.  Жишышұй



Pdf көрінісі
бет85/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

Лүнтəй – ескі жер аты. Тарихшылар оның ескі жұртын қазіргі Шынжаңдағы Бүгір 
(Лүнтəй) ауданында деген көзқарасты ұсынады. 
Жишышұй – өзен аты. Бұл өзен «Бес əулет тарихы. Ұдұн баянында» «Өрүңқаш 
өзені» деп аталған. Өрүң ескі түркішеде “ақ” деген сөз. 
Агни елі – ежелгі Батыс өңірдегі қала-мемлекеттердің бірі. Қытай жылнамала-
р ында “Аgіеi”, “Агни” деген аттармен мəлім. Ыдықұт ұйғыр хандығы тұсында – 
Солми немесе Сұлми, Миң əулеті тұсында – Шалыс, Чиң əулеті тұсында Қарашаһар 
(Қарашары) деп аталды. Бұл елдің аты көне кхарошты жазбаларында Argi болып та 
жазылған. Демек, көне қытайшадағы “ĭan giei” дегендегі “n” дыбысы “р” дыбысын 
бейнелейді. Агни қаласының ескі жұрты қазіргі ҚХР ШҰАР Байынғолин моңғол 
автономиялы облысына қарасты Янчи (Қарашары) дүңген автономиялы ауданының 
орталығына таяу маңда. Уаттер деген ғалым санскрит тілінде от деген мағынадағы 
agni сөзінен келгендігін, оттың түркі тілінде yanghï (янғы) болып айтылатындығын 
тілге тиек ете отырып, қытайша “янчи” деген сөзді осы янғымен байланыстырады. 
Күлтегін ұстынындағы «Тоқұз ерсен» осы Агни (Янчи) елімен қатысты деген де 
жорамал бар.
Ұдұн – ежелгі батыс өңірдегі қала-мемлекеттердің бірі. Астанасы – Йотқан қаласы, 
Батыскент немесе Батыс тау қаласы. Орны қазіргі ШҰАР Хотан аймағындағы Хотан 
қаласының маңында. Ұдұн елінің аты Қытайдың ежелгі жазба деректерінде көбінесе 
“Юйтян” деп оқылады. Бұдан тыс “Куштана”, “Коштана”, жергілікті тілде “Уантана”, 
“Готана”, санскритше жазбаларда “Қара сиямака”, “Удияна” түрінде де кезігеді, кейде 
«Хотан» делінеді. Юан əулеті тұсында – “Одан” деп айтылған. Ежелгі тұрғындары 
Ақ теңіздің (Жер Орта теңізінің) шығыстық тармағына жататын ақ нəсілділер, яғни 
сақтар. Тілі – хотан тілі немесе ұдұн сақтарының тілі.
Шəлік елі – Батыс өңірдегі байырғы қала-мемлекет. Көне жұрты – қазіргі 
Қашқардың Жаңашар ауданында. “Қашқар” Қарахан дəуірінен белгілі. Юй Тəйшəн 
мырза мұны sugda (suγlaq, suγdaq, елімен), Сын Жұңмян shulih (тибет деректерінде), 
sulya (ұдұн деректерінде) сөздерімен қатысты зерттейді. “Sulya” сөзін Үнді дерек-
теріндегі гималайлық тайпа атынан іздеушілер де бар. Меніңше, бұл «Қашқар» сөзінің 
ескі қытай жазбаларына тұңғыш түсуі. “Қашқар” сөзі ежелгі сақ тілінде мемлекет 
деген мағынада.
Гуажоу – аймақ аты. Солтүстік Уейдың Шяучаң жылдарында Дахата (Дүнхуаң) 
бекінісжайы – Гуажоу дуаны болып құрылды, билік орталығы Дүнхуаң ауданында 
(қазіргі Гəнсу өлкесі, Дүнхуаң ауданының батысында) болды. Сүй əулетінің да-йе 
жылдарында дуан күшін жойды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет