Мейіркеш мамаңДЫҒының даму тарихы



бет1/154
Дата12.02.2024
өлшемі1.17 Mb.
#491625
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   154
Пациент күтімі технол Байболина


I. МЕЙІРКЕШ МАМАҢДЫҒЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
"Мейіркеш ісі" қоршаған ортаның өзгеру салдарынан болып отыратын жағдайдағы жеке тулғаның және халықтың денсаулығына байланысты, проблемаларды шешуге бағытталған денсаулық сақтау жүйесінің бір саласы болып саналады. Ғылым ретінде мейіркештік іс практикада тексерілген білімдерге сүйенеді. Алғашқыда мейіркештік іс өз бастауын медицина, психология, социология, мәдениеттану ғылымдарынан бастау алған. Қазіргі замаңда мейіркеш ісіне жаңаша салалар қосылып жатыр (мейіркеш ісінің философиясы, менеджменті, маркетинг, мейіркештік педагогика, мейіркеш ісіндегі қарым-қатынас).
Мейіркештердің негізгі мақсаты сырқаттанған адамдардың, жанұяның, халықтың денсаулығын сақтап, жан-жақты ем көрсету болып табылады.
"Мейіркештік іс" пәні медицина, биология, гигиеналық, клиникалық және қоғамдық пәндермен тығыз байланысты, бірақ та осы пәннің негізгі міндеті мейіркештік кәсіптік бағытта, жан-жақты білім алуға көмектесіп, мүмкіндік туғызу.
Мейіркеш ісі қазіргі уақытта өз алдына келесі мақсаттарды қояды:

  • бұқара халыққа мейіркеш ісінің маңыздылығы, ерекшелігі
    жөніңде түсінік қалыптастыру;

  • мамандықты міндетті кеңейту және халықтың мейіркештік
    қызметке қажеттілігін қанағаттандыру үшін мейіркеш потенциалына көңіл аударып, нәтижелі дамыту керек;

  • адамға, денсаулыққа, қоршаған ортаға деген мейіркештің белгілі бір ойлау дағдысын қалыптастыру;

  • этикалық, эстетикалық және деонтологиялық аспектілерді ескере отырып мейіркештерді пациенттермен, жанұя мүшелерімен, өз әріптестерімен мәдениетті қарым-қатынас жасауға үйрету;

  • мейіркештік көмектердің жаңа технологияларын енгізу және өңдеу;

  • медициналық ақпараттармен жоғарғы деңгейде қамтамасыз ету;

  • мейіркештік көмектің сапалы түрде нәтижелі стандарттарын құрастыру;

  • мейіркеш ісі аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп отыру.

Жоғарыда қойылған мақсаттарға жетуде және мейіркеш ісінің мамандық ретінде орнығуы үшін мейіркештердің мамандык, тілін стандарттауда жалпы терминология қажет.


"Әрбір әйелдің өзін мейрімді бике ретінде көрсете алатыңдығы туралы көп жазылып, айтылған. Менің болжауымша бұл күгімдердің негізі белгісіз болған."
Флоренс Найтингейл, 1859 ж.


Бұл сөздер жүз жыл бұрын айтылса да, бүгінгі күні мейіркеш ісі мамаңдық ретінде үнемі дамып отыр. Бұл мамаңдық қоғамға қызмет ету үшін пайда болған және қазіргі замаңда өз келбетін жоймаған. Әлеуметтік жағдайларға және денсаулық сақтаудың жаңа талаптарына сәйкес мейіркеш қызметкерлерінің де рөлі өзгеріп отырады.
Мейіркеш ісінің теориясы, оның мамандық болып дамуы ағылшын қызы Ф.Найтингейл атымен байланысты (1820-1910 жж.)
Ф.Найтингейлдің "Мейіркештік күтім туралы хаттарында" (1859 ж.) мейіркеш ісіне алғаш рет анықтама берілген. Қоршаған орта, жан тыныштығы, дұрыс тамақтану, т.б. сипаттама берген.
Найтингейлдің пікірі бойынша пациенттің жазылуы тек қана дәрігердің күтіміне байланысты емес, сонымен қатар ең бастысы пациент өз табиғатына басты көңіл аударып отыруы керек.
Ф.Найтингейл мейіркеш ісін екі негізгі бөлімге бөледі:

  • дені сау адамдарға күтім көрсету (адам ауруға душар болмау үшін алдын алу шараларын жасап отыру);

  • пациенттерді күту (ұзақ ғұмыр кешуіне жақсы жағдайлар туғызу).

Ф.Найтингейл бақылаулар мен ақпараттар негізінде пациенттің денінің саулығы қоршаған ортамен байланысты екенін анықтады. Ол мейіркеш ісінің проблемаларының тарихтағы ғылыми әдістер бойынша шешімін тапқан. "Адамның жанын ауырғаңда ғана танып білуге болмайды. Қазіргі заманда мейіркештер дәрігерлердің нұсқауларын орындаушы болып қана қоймай, сонымен қатар өз бетімен шешім қабылдай алатындай жағдайда болуы тиіс." - деген өсиетті Вирджиния Хеңдерсон өз ізбасарларына арнаған.
Хендерсон зерттеуші ретінде мейіркештердің пациенттерді күтудегі ең негізгі ережелерін өндеп берген. Вирджиния Хендерсонның пациенттің ең негізгі деген 14 қажеттілігін ашатын (бірқалыпты дем алу, ас пен сұйықты қалыпты қабылдау, қозғалыста болу және ыңғайлы қалыпты сақтау, ұйқы және демалыс, дене қызуын бір қалыпты ұстау, қоршаған ортамен араласу және т.б.) теориясы мейіркештер арасында кеңінен тарап әлемге әйгілі болды (1955). В.Хендерсон мейіркеш мамандығының мәніне мынадай түсінік берген: мешркештің пациенттерді күтудегі қызметі - сол пациенттің өз денсаулығына деген көзқарасын бағалау, пациенттің өз денсаулығын және өмірін сақтап қалудағы іс-әрекеттерді орыңдауына көмек көрсету.
Елімізде Қазан революциясынан кейін, мейіркештік мамаңдықтың дамуының жаңа кезеңі басталды. Мейіркештерді оқытып, даярлауды үкімет ез міндетіне алды. Азамат соғысы кезіңде мейіркештік мектептерге бастауыш білімі бар адамдарды, ал медициналық техникумдарға жеті жылдық білімнен кейін қабылдады.
Медициналық орта білім жөнінде I Бүкілресейлік конференцияда реформа қабылданған. Реформада барлық медициналық күрстардің, мектептердің, техникумдардың аттарын өзгерту жөнінде қаулылар болды. Мамаңдарды даярлаудағы программада негізгі орын саяси – қоғамдық тәрбие беруге бөлінген.
Отан соғысы кезіңде Денсаулық сақтау халық комиссариаты 1-1,5 жылдың ішінде майданға және тылға орта білімді медициналық кадрлар даярлаған. Фашизммен күресте көптеген мейіркештер жаралыларға көмек беруде ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсетті. Медициналық көмектің сапасын жетілдіруінің аркасында жаралылар мен сырқаттардың 70% қайтадан сапқа оралған. Соғыста көптеген мейіркештер еңбегі мен батырлығы үшін үкімет наградасына ие болған.
Біріккен Ұлттар Ұйымында денсаулық сақтау мәселелерімен айналысатын ең ірі мекеме /В03/-ДДСҰ/ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы болып саналады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1945 жылы қаңтар айыңда құрылған. Ол әртүрлі аурулармен күресуде үлкен жұмыс жүргізеді, медицина ғылымымен айналысады, журнал, бюллетеньдер шығарады, сонымен бірге, "Мейіркеш мамандығына'' қатысты сұрақтарды шешеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыңда мейіркеш мамаңдығының мәселелерімен айналысатын арнайы сараптама комитет бар. Бұдан басқа мейіркеш мамандығына қатысты мәселелермен айналысатын "Мейіркеш пен акушеркалардың /ассоциациясы/ құрама одағының халықаралық мекемесі" мен "Халықаралық медициналардың кеңесі" төрт жыл сайын Конгресске жиналып, мейіркеш мамандығының теориялық және практикалық сұрақтарын шешіп отырады.
Қазіргі уақытта емдеу мекемелеріңдегі ортаңғы медицина қызметкерлері мейіркеш ісіне қосымша оқулық жинақтары "ЛЕМОН"-ды қолданады. ДДСҰ анықтамасы бойынша "мейіркеш үрдісі" - әр түрлі мейіркештік қатынастар. Денсаулық сақтау мейіркеш ісінің негізгі бөлігі, оның қызметінде - денсаулық сақтау, аурудың алдын алуы, психоэмоционалдық көмек көрсету және т.б. болып саналады.
Мейіркеш ісінің мағынасы: пациентке күтім жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет