Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар



бет1/26
Дата24.04.2024
өлшемі205 Kb.
#499682
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Арт терапия


«Арт-терапия» бағытындағы авторлық бағдарлама

  • Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар

  • admin

  • 28.10.2023

  • 0

  • 0

  • 1742

Алматы облысы Қапшағай қаласы
Ақөзек ауылы
№10 орта мектеп
Уразалиева Гулсара
Педагог-психолог
«Арт-терапия» бағытындағы авторлық бағдарлама
Авторлық бағдарлама мектептің педагогикалық кеңесінде қаралып, баспаға ұсынылды.
Хаттама №1
31. 08. 2023 жыл
Құрастырған: Уразалиева Гулсара - №10 орта мектеп педагог-психологі.
Пікір жазған: Тулегенова Гульмира – мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
Бағдарлама мектеп психологтарына, кез келген педагогтарға арналған. Ұсынылып отырған бағдарлама оқушылармен жеке түзету – дамыту жұмысы барысында қолданылады.
Алғысөз
Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз.
Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапия әдістерінің жаңа түрі болып табылады.
Пікір жазған:
Тулегенова Гульмира – мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
Арт Терапия“ бағытындағы авторлық бағдарламаның мақсаты: әр баланың көркемдік қабілетін дамыта отырып, шығармашылық, қиял сезімін дамыту. «Мен» бейнесін қалыптастыру, арттерапияны қолдану арқылы баланың өзі білмеген, өзінен құпияда сақтаған дарындылықтарын жарыққа шығарып, оны дамытуға қанағаттанушылық сезімін ояту, өзінің ішкі жан – дүниесін білуге, түсінуге мүмкіндік беру, сенімсіздікті жою.
Арт Терапия “ бағытындағы авторлық бағдарламаның өзектілігі:
7 сынып оқушыларына арттерапиялық тапсырмаларды орындата отырып, сана-сезімі мен өзін-өзі қабылдауы жоғары – жеке тұлғаны қалыптастыру.
Міндеті: балаларға түрлі бұйымдардан қуыршақ жасату, сурет салдыру, ермексаздан түрлі бейне құрастыру арқылы бала бойындағы қабілеттерді ашу. Топпен бірігіп жұмыс жасауды, олармен өзара тіл табысуды және қарым-қатынасты дамыту. Өз бойындағы қасиеттерді аша отырып, талдау жасауға үйрету, өзін-өзі көрсету, өзін-өзі дамыту, өзгенің пікірін сыйлап, түсіне білуге баулу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет