Микологиялық ЖӘне фитопатологиялық анықтамалық СӨздік



бет9/13
Дата11.06.2016
өлшемі0.94 Mb.
#127517
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Ө


Өзгергіштік – ағзаның ата-ана жұбынан морфологиялық және физиологиялық белгілерімен ерекшелену қабілеті.

Өмірлік цикл – ағзаның зиготадан гаметалар түзуіне дейінгі өсу мен дамудың сатыларының толық қатбекті ауысуы.

Өңез – жапырақ, сабақ, бұтақтардағы беттік түзілім. Саңырауқұлақ мицелиі мен оның спора тасымалдаушыларын тұрады (ақұнтақ саңырауқұлақтары, жалған ақұнтақ, т.б.).

Өрмектіктер (т. Cortinarius, қат. Agaricales) – пластинкалы гименофорлы қалпақты саңырауқұлақтар, табаны жіңішке, етті, цилиндрлік, негізінде жуанданған. Қалпақ қырлары мен табанды қосып тұратын өрмекті қабықша түріндегі жабынның болуы тән. Микориза түзушілер. Көптеген түрлер жеуге жарамды, алайда өзінің улы саңырауқұлақтарға ұқсастығынан аз қолданылады. Маусым-қыркүйек аралығында балық жерде өседі.

Әлемде 400 түрден астамы белгілі. Қазақстанда 13 түр анықталған



Өсімдік ауруларымен күрес шаралары - аурулардың таралуы мен алдын алуына бағытталған шаралар жүйесі. Оларға: агротехникалық, санитарлық, биологиялық, термиялық, т.б. жатады.

1) Агротехникалық шаралар – дұрыс ауыспалы егіншілік, топырақты жырту, сау егістік және тұқымдық материалды таңдау, шыдамды сорттар енгізу, тыңайтқвштар енгізу, арамшөптермен күресу, т.б.

2) Санитарлы шаралар – арамшөпті жұлудан кейін және өнімді алудан кйін өлі өсімдіктерді жою, парниктерді, жылыжайларды, қорларды тазалау, карантинді шараларды өткізу.

3) Химиялық шаралар – түрлі улы химикаттарды себу, түтіндету; дезинфекциялау.

4) Термиялық тәсіл – егістік материалды және топырақты залалсыздандыру үшін жоғары температураларды қолдану.

5) Биологиялық тәсіл – бір ағзаның басқаға паразиттік әсерін қолдану.



Өсімдіктерді қорғау - өнімге өте үлкен нұқсан келтіретін және, мүмкін, жабайы және мәдени өсімдіктерінің жойылуына әкелетін ағзалармен (жануарлар, жәндіктер, өсімдіктер, бактериялар, саңырауқұлақтар) күресуге бағытталған шаралар кешені. Өсімдіктерді қорғау сондай-ақ зиянкестер мен аурулардың пайда болуын алдын алатын және жайылуын шектейтін шараларды қамтиды.

Өсінділер – ақұнтақ саңырауқұлақтарының жеміс денелерінің (клейстотецийлерінің) ерекше өсінділері, олардың субстратқа беку, сондай-ақ пісіп жетілген жеміс денелерінің бесенді атылуы қызметін атқарады.

Өсіп шығу саңылауы – конидияның өсіп шығуы кезінде гифаның шығу саңылауы.

П

Палеомикология (гр.palaios – ежелгі, mykes – саңырауқұлақ, logos – ілім) – қазбалы саңырауқұлақтардың қалдықтарын зерттейтін ғылым.

Панфитотия – бір мемлекет, тіпті континент аумағын алатын өсімдіктердің жалпы ауруы.

Папилла (лат.papilla – емізгі) – 1) кейбір күйе саңырауқұлақтарында кездесетін телиоспора экзоспориясындағы қысқа өскін; 2) пикнида, спорангийдің ұшар басындағы споралардың шығуы үшін тесігі бар өскін.

Пара-(гр.para – маңында) – күрделі сөз бөлшегі, қалыпты жағдайдан ауытқуды көрсетеді.

Паразитизм (гр.sitos – қорек, нан) – бір ағза (паразит) екіншісін (ие) қоректік зат көзі немесе тіршілік ету ортасы ретінде пайдаланатын әсерлесу. Паразитизм тірі ағзалардың ұйымдасуының барлық деңгейлерінде кездеседі.

Паразит – басқа ағза арқылы, оның клеткасының құрамымен қоректеніп тірлшілік ететін ағза. Паразиттердің келесі түрлерін ажыратады:

а) облигатты паразит – тек тірі органикалық затты пайдаланады, және иесінен тыс тіршілік етуге қабілетсіз; жоғары паразиттік белсенділікпен сипаталады;

ә) жаралық паразит – тек жаралар, зақымда арқылы тірі ағзаға өтіп, тірі мүшелерді зақымдайды;

б) токсигенді паразит - өсімдікке енеді, токсиндер бөліп, тірі ұлпаны өлтіреді;

в) факультативті паразит – негізінде сапротроф ретінде тіршілік етеді, алайда белгілі бір жағдайда паразитизмге өтеді;

г) экзопаразит (гр. еktos – сыртында) – иесінің зақымдалған мүшесінің сыртында паразиттік етіп, гаусториялар арқылы клетканың ішкі құрамымен қоректенеді;

д) эндопаразит (гр.endos – ішінде) – иесінің түрлі мүшелерінің ішінде тіршілік ететін паразит.

Парасексуалды үрдіс – екі генетикалық әртекті ядроладың жынысты үрдіс арқылы емес, бірінің біріне анастомоздар арқылы құйылуы немесемицелий гифаларының қосылуы нәтижесінде диплоидты ядроның пайда болуы.

Паратеций – пецицті саңырауқұлақтар апотецийінің ең анық боялған бөлігі.

Парафизоидтер (гр.physis - өсу, пайда болу) – залалсыз, жіпшелі, жай және бұтақтанған, түссіз гифалар, үнемі анастомозданып ұшар басымен спевдотецийдің басымен бірігеді. Асколокулярлы саңырауқұлақтарда кездеседі (кл.т.Loculoascomycetes).

Парафиздер – залалсыз, жіпшелі, түйреуіш тәрізді, жай немесе бұтақтанған, түссіз немесе күңгірт, негізінде қатпарсыз, қалталар мен базидиялар аралығында түзілетін құрылымдар. Қалталы және базидийлі саңырауқұлақтарға тән. Қорғаныш қызметін атқарады.

Парентесома – септальді аппараттың бір бөлігі болып табылатын, септадағы қуыстың айналасында орналасатын диск тәрізді құрылым. Кейбір базидиомицеттерде кездеседі (кл.Basidiomycetes).

Партеногамия - аталық жыныс клеткаларының қатысуынсыз жүретін жаңа ағзаның дамуы.

Партеногенез (гр.genesis – даму) – жыныстық көбею түрі, жаңа ағзаның дамуы аналық жұмыртқа клеткасынан, аталықтың қатысцынсыз жүреді. Аталық партеногенез, немесе андрогенез кездеседі.

Партеноспора – ядроның редукциялық бөлінуінсіз диплоидты жұмыртқа клеткасынан пайда болатын спора. Оомицеттерде (кл.Omycetes) және зигомицеттерде (кл. Zygomycetes) кездеседі.

Пастеризация – 30-60мин. 60-80˚С-ге дейін қыздырып, суыиуға негізделген залалсыздандыру тәсілі. Ол толық залалсыздандыруды бермейді, өйткені көптеген бактериялар мен саңырауқұлақтар бұдан да жоғары температураларды шыдайды. Сондықтан бөлшекті пастеризация жүргізіледі, яғни біренеше рет ысытады, ысыту аралығында спораларға өсу үшін уақыт беріледі. Өнімдерді консервілеуде қолданылады. Француз ғалымы Л.Пастермен ұсынылған.

Патоген (гр.patos – дерт) – ауруды қоздыратын микроағзалар (саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустер).

Патогенез (гр.genesis – пайда болу) – аурудың даму тарихы.

Патогендік – ағзаның (патогеннің) өсімдік, жануар мен адамның ауруын қоздыру қабілеттілігі

Пеницилл, пенициллиум (т. Penicillium, қат. Hypomycetales) – гифальді саңырауқұлақ, барлық жерде кеңінен таралған, негізінен топырақта тіршілік етеді. Конидия тасушылары тік, дара, кейде коремияларға біріккен. Ұшар басында көп бұтақтанған кисточкаларда бір клеткалы түссіз немесе ақшылт боялған конидиялар арналасады. Пенициллдердің «пенициллин» антибиотигінің продуценті етінде үлкен экономикалық маңызы бар. Көптеген түрлер өнімдердең бұзылуы мен адам ауруларына әкеледі.

Әлеме 250 түр белгілі. Қазақстанда 78 түр анықталған.



ПенициллиозPenicillium туысы саңырауұлақтарымен қоздырылатын адам ауруы. Саңырауқұлақ жаралар, мицетомалар, көздің, құлақтың, ауыз қуысының, өкпенің, бронхолардың грануломатозды зақымдалуын туғызады. Ауруға үнемі шаңды жерлерде жұмыс істейтін адамдар шалдығады.

ПенициллотоксикозPenicillium т. саңырауқұлақтарының токсиндерімен тудырылатын аурулар, микотоксикоз. Асқазан-ішек трактінің қабынуына, геморрагиялы диатезге, кейбір мүшелердің дистрофиясына әкеледі.

Пери- (гр.peri – жанында) – күрделі сөз бөлшегі, жақындықты білдіреді.

Перидермий – эцидиальді спора түзудің ерекше типі, мұндағы перидий ісінеді, сондықтан перидермийдің өзінің пішіні бұрыс көпіршікке ұқсайды, және түрлі бағытта жарылады. Колеоспорий ( Coleosporium), кронарций (Cronartium, қат. Uredinales) туыстарында кездеседі.

Перидий (гр.peridium – қалта) – саңырауқұлақ жеміс денесінің сыртқы қабықшасы, заласыз гифалармен және ие-өсімдіктің ұлпаларының қалдықтарымен түзіледі. Қалыпты күңгірт түсті, кейбір саңырауқұлақтарда ашық түске боялған. Консистенциясы түрліше: жұмсақ, күлді, нәзік, сазды, жұқа, қалың. Перидий бір, екі, үш және төрт қабатты болады. Сыртқы қабат экзоперидий, ішкі - эндоперидий деп аталады. Саңырауқұлақтардың барлық топтарында дерлік кездеседі. Таксономиялық маңызы бар.

Перидиольдер – тығыз склероцийлі денелер, кейбір нидулярлы саңырауқұлақтардың (кл. Basidiomycetes) глебасындағы камералар мен оларды қоршаған қабышалардың ерекшеленуі жолымен пайда болады. Олардың ішінде қабат түзіп базидиоспоралары бар базидийлер орналасады.

Перистома – гастеромицеттердің жеміс денесінің ұшар басындағы қысқа цилиндрлік немесе конустық өскін.

Перитеций (гр.theke – қалта) – пиреномицеттердің (кл. Ascomycetes) жартылай тұйық жеміс денесі. Қалыпты домалақ, алмұрт пішінді, ұшар басында аскспоралар шығатын тесігі (порус) болады.

Перифиздер – тат саңырауқұлақтары спермогонийлерінің және аскомицеттердің перитецийлерінің ішкі бетін төсейтін қысқа, жіпшелі, залалсыз гифалар.

Пероноспоралы саңырауқұлақтар (қат. Peronosporales, қат. Oomycetes) – мицелий клеткалы емес, көп ядролы, қатты бұтақтанған, өсімдік клеткасына енетін гаусториялары бар. Жыныстық үрдіс – оогамия. Жыныссыз көбею – екі жіпшелі зооспоралар арқылы. Көбі сулы тіршілік етеді, ал одан жоғары ұйымдасқан түрлер құрлықта тіршілік етуге бейімделген, адайда көбею үшін оларға ылғал керек. Саңырауқұлақтар су және құрлық өсімдіктерінің міндетті паразиттері болып табылады, бірақ сапртрофтар да бар. Ең қауіптісі – пияздың, орамжапыақтың, мактың және т.б. мәдени өсімдіктердің пероноспорозы. Космополиттер.

Әлемде 300 түр белгілі. Қазақстанда 115 түр анықталған.



Пестицидтер (гр.pestis – зиян, cide - өлтіремін) – аз дозада паразиттің өлуіне әкелетін, өсімдік қорғау құралдарының жалпы атауы. Химиялық құрамы бойынша олар үш топқа бөлінеді: бейорганикалық (күкірт, мыс, мышьяк, фтор, барий қоспалары), органикалық (хлорорганикалық, фосфорорганикалық, карбамин қышқылының түзілімдері, фенолдардың нитро түзілімдері, хинондар, т.б.), өсімдік тектес (бацифит, пиретрин). Түрлі жүйелік топ ағзаларының жою мөлшеріне қарай пестицидтер төмендегідей бөлінеді: альгицидтер – балдырларға қарсы, акарицидтер – кенелерге, бактерицидтер – бактерияларға, инсектицидтер – жәндіктерге, немотоцидтер – немотодаларға, фунгицидтер – саңырауқұлақтарға қарсы.

Пецицті саңырауқұлақтар (қат. Pezizales, кл. Ascomycetes) – апотецийлер 0,5-тен 5 см-ге дейін, құлақ тәрізді, бокал тәрізді, басында тұйық, уақыт өте келе домалақ тесікпен немесе лопастьпен ашылады, беткейлік, қысқа не ұзын табанда отырыңқы; жұмсақ, кейде нәзік консистенциялы, тегіс не тарамдалған қырлы, жалаңаш, кейде қылмен қапталған. Диск домалақ, дөңес, ашық түсті. Қалталары 8 споралы, цилиндрлік. Парафизер септилденген, ұшында сәл жуандаған, түссіз. Споралар бірклеткалы, бірнеше көлденең қатпары болады, түссіз, бір қатарда орналасқан. Негізінен ормандарда, ылғалды топырақта, шіріген сүректерде, көңде, күлде, ерте көктемнен күз аяғына дейін кездеседі.

Әлемде 600 түр белгілі. Қазақстанда 50 түрден астам.



Пикнида (гр.pyknus – тығыз, қою) – конидиома, жыныссыз көбеюдің спора тасушысы, қалыпты домалақ пішінді, ұшар басында устьицесі бар, басында шығару қуысы – порус орналасқан қысқа не ұзын өскін болады. Пикнидалардың түсі ашық-қоңырдан (сирек) күңгірт-қоңырға дейін, қалың, жұа, жұмсақ, қатты, нәзік, күлді қабықшалы. Пикнидиаль және сферопсидті ат. Саңырауқұлақтарынан кездеседі.

Пикний – тат саңырауқұлақтарының пикнидалары.

Пикноспоралар – пикнидаларда түзілетін споралар. Жиірек бұл споралар стиллоспоралар деп аталарды, бір, екі, көп клеткалы, пішіні мен түсі алуан түрлі, придаткалары бар немесе жоқ. Бұл барлық белгілер таксономиялық болып табылады.

Пикнотирий – конидиома, беткейлік, қалқанды, жартылай сфералы, тегістелген, негізінен күңгірт, тек қана сыртқы, бірақ кейде базальді қабықшасы да болады.

Пилеипеллис – қалпақтың қабықшасы немесе сыртқы қабаты, қалпақ трамасынан ерекшеленеді.

Пионноттар – конидийліспора түзудің бір түрі, ашық бояған (қызғылт, қызыл, ашық сары), спородохийлерге ұқсас, алайда олардан кілегейлі консистенциясымен ерекшеленеді. Олардың негізінде гифалардың борпылдақ байланысы жатады, онда макроконидиялы конидия тасушылар түзіледі. Фузарий (Fusarium, қат. Hyphomycetales) туысы саңырауқұлақ-тарында кездеседі.

Пиреномицеттер (қатарлар тобы, кл. Ascomycetes) – унитуникатты қалталары бар перитецийлер түріндегі жеміс денелі қалталы саңырауқұлақтар. Негізінен сапротрофтар, бірақ жоғары өсімдік паразиттері де бар. Соңғыларының ішінде ауыл шаруашылығы үшін ең қауіптісі Erysiphe, Podosphaera, Uncinula, Claviceps туыстары болып табылады.

Әлемде 6000-н астам түр белгілі. Қазақстанда 100-н астам түр анықталған. Бес қатар ішінде бөлінеді: Hypocreales, Clavicipitales, Sphaeriales, Diaporthales.



Питиум (т. Pythium, қат. Peronosporales) – мицелий ақшылт, аз бұтақтанған, септилденбеген, клеткаішілік немесе клетка аралық. Жыныс үрдісі – оогамия. Жыныс мүшелері оогонийлермен, антеридийлермен және ооспоралармен берілген. Жыныссыз көбеюі спорангийлер арқылы. Белсенді қозғалыстан кейін зооспоралар тыныштық кезеңіне өтеді: жіпшелерін жоғалтып, цистаға айналып қалың қабықшамен қапталынады. Саңырауқұлақ табиғатта кеңінен таралған, өсімдіктердің, балдырлардың қауіпті паразиті. Жәндіктердің жұмыртқалары мен дернәсілдерінде, балықта, сондай-ақ өлі органикалық қалдықтарда дамуға қабілетті. Патогенді питиум саңырауқұлақтары ауыл шаруашылығына үлкен зардап әкеледі. Күресу шаралары: дұрыс ауыспалы егіншілік, топырақтың ылғылдылық режимі, бор, калийлі және фосфорлы қоректі енгізу, тұқымдарды уландыру, ауру өсімдік пен қалдықтарды жою.

Плазмогамия – жыныс үрдісінің сатыларының бірі, мұнда екі түрлі жынысты клеткаларының протоплазмасы қосылады.

Плазмодесма (гр.demos – байланыс) – клеткалық қабықшадағы микроскопиялық түтікшелер, олар арқылы цитоплазмалық тяждар өтіп, көрші клеткаларды бір бірімен байланыстырады, зат алмасуды қамтамасыз етеді. Жоғары сатылы өсімдік клеткаларында кездеседі.

Плазмодий (гр.eidos – түр, пішін) – кейбір төменгі саңырауқұлақтар мен миксомицеттердің өмірлік циклінің қозғалыстағы вегетативті сатысы. Бір немесе көп ядролы, ерекше клеткаларға бөлінбеген, жалаңаш плазмалық түйнек; псевдоподийлер арқылы амебоидты қозғалысқа қабілетті. Мөлшері 1мм2 –ден 1-1,5 м2 дейін. Миксомицеттерде плазмодийлердің үш типін ажыратады: афаноплазмодий, протоплазмодий, фанероплазмодий.

Плазмодийлер (т.Plasmodium) – гемоспорий отряд тармағының қарапайы ағзалары. Адам мен жануар маляриясының қоздырғыштары. Оларды таратушылар – маляриялық маса.

Плазмодиокарп – түзілуінің алдында плазмодийдің бөлінуі мен пішінінің өзгеруі болмайтын спорофор.

Плазмодиофорлы саңырауқұлақтар, плазмодиофоромицеттер (кл. Plasmodiophoromycetes, Myxomycota бөлімі) – клетка ішілік паразиттер. Крестгүлді тұқымдасы өсімдіктерінің тамырларының ісіктерін туғызады. Тән туыстар: плазмодиофора (Plasmodiophora), спонгоспора (Spongosphora). Вегетативті денесі домалақ, дәнді, түссіз, қабықшасыз, май тамшылары бар, көп ядролы плазмодийтүрінде. Пісіп жетілу кезінде ие-өсімдіктің клеткасының ішінде көптеген тыныштықтағы шар тәрізді, жіңішке тікенекті спораларға ыдырайды. Шіріген тамырлар спораларды босатады, олар топыраққа түсіп, онда ұзақ уақыт сақтала алады. Қолайлы жағдай туысымен споралар екі жіпшелі зооспораларға өсіп шығады, олар бірігіп миксамебалар түзеді. Жаңа өсімдіктер не зооспоралармен, не миксамебалармен зақымдалады.

Әлемде 35 түр белгілі. Қазақстанда үш түр анықталған.



Планогаметалар (гр.Planos – қозғалыстағы) – жіпшелер арқылы қозғалатын жыныс клеткалары (гаметалар).

Планозиготалар – қозғалмалы зиготалар, қазғалысын біріккен гаметалардан қалған жіпшелер қамтамасыз етеді.

Планоспора – зооспора.

Пластинкалы саңырауқұлақтар, қалпақты саңыруқұлақтар (қат. Agaricales) – қалпақтың төменгі жағында орналасқан пластинкалы гименофоры бар, пластинкалар табаннан радиальді таралады. Қалпағы анық дамыған, домалақ, табаны орталықтық, қуысты және тығыз.

Плевроспора (гр.pleuro – қыр, бүйір) – базидийдің бүйір бетінде түзілетін базидиоспора.

Плевроцистидтер – агарикті саңырауқұлақтар пластинкаларының бүйір бетінде түзілетін цистидтер.

Плектомицеттер (қатарлар тобы, кл.Ascomycetes) – шар тәрізді тұйық жеміс денесі – клейстотеций немесе клейстокарпий тән саңырауқұлақтар. Қалталары проттуникатты, клейстокарпийде бір немесе бірнешеу. Аскоспоралар бір клеткалы, түссіз немесе боялған, домалақ, линза тәрізді, түрлі өрнекті. Аскоспоралар қалта мен клейстотеций перидиінің жарылауынан кейін белсенсіз босайды. Қарапайымдыларда жеміс денесі жоқ, және мицелийде топпен түзілген қалталар тек гифалардың борпылдақ байланысымен ғана қоршалған. Негізінен сапротрофтар, бірақ адам мен жануарлар үшін патогенділер де бар. Ішінде гиперпаразиттерде бар.

Әлемде 250 түр белгілі. Қазақстанда 50-ден астам түр анықталған. Үш қатар арасында бөлінеді: Eurotiales, Microascales, Onygenes.



Плектенхима, жалған ұлпа (гр.plectos – байланысқан, ширатылған), псевдопаренхима (гр.pseudos – жалған) – саңырауқұлақ ұлпасы мицелий гифаларының өзара байлануы нәтижесінде түзіледі, оның клеткалары тек бір бағытта ғана бөлінеді.

Племорфизм, полиморфизм (гр. polymorphys – алуантүрлі) – саңырауқұлақтың даму циклінде бірнеше, тұқымқуалаушылық тұрақты спора түзу тәсілін түзу қабілеті.

Плеоспоралы саңырауқұлақтр (қат.Dothiales, кл.Ascomycetes) – аскостромалардың алуантүрлілігімен сипатталады (бірден көплокулярлыларға дейін). Олар беткейлік, бірақ енген болуы да мүмкін, кейін шығыңқы, тегіс, киізді, кейде қылтаңдармен қапталған, қара, күлді болады. Қалталары түйреуіш тәрізді, қап тәрізді, жақсы дамымаған немесе ждамымаған парафиздермен. Споралары түрлі пішінді, тек көлденең немесе көлденең және тік қатпарлы. Кең таралған спрортофтар. Негізінен жоғары өсімдіктеде паразиттік етеді.

Әлемде 300 түр белгілі. Қазақстанда 100-ден астам түр анықталған.



Поли- (гр.polys – көптеген) – күрделі сөз бөлшегі, көптікті, молдылықты білдіреді.

Полиплазма – клетка протоплазмасының орталық, дәнді қабаты. Қазіргі әдебиетте термин қолданылмайды.

Полисома – бір РНҚ молекуласының трансляциясын жүргізетін бірнеше рибосомадан тұратын кешен.

Политомиялық кілт - өсімдік пен саңырауқұлақтарды бірнеше негізгі таксономиялық белгі бойынша анықтау тәсілі.

Полифагтар – паразиттік немесе сапротрофты тіршілік етуге бейімделген ағзалар, олар мұнда түрлі тұқымдас, қатар, класстың өсімдіктерін пайдаланады.

Полифилия (гр.phylon – туыс, тайпа) – белгілі бір ағза тобының өзара жақын туыстығы жоқ бір немесе бірнеше атадан пайда болғанын ұсынатын жағдай.

Популяция – бір түрге жататын, бір ареалды мекендейтін генетикалық ортақ ақпаратты дарақтар жинағы.

Пороспоралар, пороконидиялар – конидия тасушының қабырғаларында басында және қырларында бір-біреуден саңылауларда бүршіктену арқылы түзілетін споралар.

Порус – пикнида устьицесіндегі шығару қуысы, ол арқылы споралар сыртқа шығарылады.

Поралар – 1) өсімдіктер мен саңырауқұлақтар леткаларының қабықшасындағы микроскопиялық саңылаулар, олар арқылы клеткалар арасында зат алмасу жүріледі; 2) саңырауқұлақтарда гимений түтіктерінің саңылаулары. Пішін, мөлшер, түс – маңызды таксономиялық белгілер.

Преферендум (лат.preferentia – жақсы көру) – тірі ағзалардың (өсімдіктер, жануарлар, микроағзалар, саңырауқұлақтар) қоршаған ортаның белгілі жағдайларына (температура, ылғалдылық, жарық, pH) байланысы, бейімделуі.

Примордий – жоғарғы саңырауқұлақтың жеміс денесінің бастамасы.

Прокариоттар (лат.pro – ерте, гр.karyon – ядро) – анық, мембраналы ядросы жоқ ағзалар,оларда ядроның орнын РНҚ және ДНҚ ақуыздарынан тұратын және қарапайым хромосома түріндегі генетикалық аппараты бар нуклеотид басады. Прокариоттарда митохондрийлер, хлоропласттар, Гольджи аппараты, центриольдер мен басқа да органоидтар жоқ, тек клеткалық мембрана, рибосомдар болады. Қазіргі пікірлер бойынша, прокариоттар – бактериялар, архибактериялар, цианобактериялар, көк-жасыл балдырлар – тіршіліктің ең ежелгі формаларына жатады.

Промицелий – қастаушы және тат саңырауқұлақтарының өсіп шығуындағы өскін гифа, оның басында споридиялар дамиды.

Пропагула – диаспора.

Просорус – зооспорангий сорусы дамитын таллом клеткасы.

Проспорангий – спорангий дамитын таллом клеткасы.

Прото-(гр.proto – қарапайым, алғашқы, ең маңызды) – күрделі сөз бөлшегі, алғашқылықты білдіреді.

Протомицетті саңырауқұлақтар (қат. Protomycetales, кл. Ascomycetes) – жеміс денесі жоқ. Көпклеткалы, эндофитті мицелийде қатпарлар пайда болып, аскогенді клеткалар түзіледі. Олар тегіс үшқабатты қабықшалы және түссіз құрамды, шар тәрізді хламидоспораларға айналып, ие-өсімдіктің терең ұлпаларында орналасады. Тыныштық кезеңінен кейін олар ішінде қалта қабырғасы бойымен қатар түзген, мол спорасы бар қаптәрізді қалталарға айналады. Жоғары сатылы жабайы өсімдіктердің паразиті, ісіктер, галлдар, ақшылт-сұр көпіршікті дақтар тудырады. Эконмикалық маңызы шамалы.

Әлемде 25 түр белгілі. Қазақстанда 2 түр анықталған.



Протоплазма (гр.plasma – мүсін) – клетканың тірі құрамы, оның цитоплазмасы мен ядросы, клеткалық мембранамен қоршалған жартылай мөлдір, коллоидты, полидисперсті жүйе. Клетка тіршілігінің физикалық субстанциясы болып табылады, үздіксіз зат алмасу мен сыртқы ортамен байланысты жүзеге асырады. Құрамында ақуыздар, көмірсулар, липидтер, фосфатидтер, минералды тұздар, су болады. Қазіргі кезде ғалымдардың пайымдауынша, «протоплазма» термині ескіріп, оның тек тарихи маңызы ғана бар.

Протоплазмодий – кіші мөлшерлі, түссіз плазмодий, онда протоплазманың анық орын ауыстыруы мен кілегейлі қабық болмайды.

Протопласт – клеткалық қабықшасы жоқ, сыртқы ортадан тек клеткалық мембранамен ғана оқшауланған клетканың ішкі құрамы.

Прототрофтар – азоттың бейорганикалық көздері бар ортада тіршілік етуге бейімділген саңырауқұлақтар.

Профаза – митоздың алғашқы сатысы. Мұнда ядроның ыдырауынан кейін клеткалық материалдан хромосомдар түзіледі.

Профиалида – 1) конидия тасушының ұшында орналасқан құрылым. Онда немесе одан конидия тізбектері бар фиалидтер дамиды; 2) аспергилл туысы саңырауқұлақтарының конидия тасушысының көпіршігіндегі клеткалар, олардың үстінде фиалидтер шоғырланып орналасады. Гифальді саңырауқұлақтарда (кл.Hypomycetes) кездеседі.

Пряжкалар – гифаның бүйірінде, көлденең қатпарға қарсы орналасқан және екі көршілес клеткаларды қосатын кішігірім доғалы өскіндер. Ядроның жоғарғы клеткадан төменгісіне өтіп, оның екі ядролылығының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Барлық дерлік базидиомицеттерде кездеседі.

Псевдо- (гр.pseudos – жалған) – күрделі сөз бөлшегі, жалғандықты білдіреді.

Псевдоангиокарпты жеміс денесі – оның гименийлі қабаты басында ашық, ал кейін қалпақтың қайырылған қырымен немесе екінші ретті жабынмен жабылады.

Псевдобазидия - өзгерген, қатты үлкейген базидия, белгілі шарттарда қалың қоңыр қабықпен қапталуы мүмкін, ал одан кейін тыныштықтағы спора тәрізді түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет