212
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория,
әдістер және тәжірибелер
Кресуэлл (Creswell, 2009) зерттеушілерге гранттық өтінім
немесе ғылыми негіздемелерді
жазу барысында ұсынылатын
зерттеуде ұтымды нәтижелерге жетудің дәлелі ретінде жоғарыда
аталғандардың бірқатарын қосуға кеңес береді. Ол, сондай-ақ,
өтінімде зерттеушілердің «кодаралық келісімнің» немесе айқаспа-
лы тексерудің аясында олардың кодтарын салыстыра тексеру үшін
мамандарды тартатынын атап өтуді ұсынады. Мұндай келісім екі
немесе одан да көп кодтаушының арасында мәтіннің бірдей үзін-
ділері үшін пайдаланылатын кодтармен келісудің бар-жоқтығына
негізделуі мүмкін (бұл жерде мәселе
олардың бір мәтін бөлігін
кодтайтындығында емес, өзге кодтаушының аталған бөлікті сол
бір кодпен белгілеу/белгілемеуінде). Сапалық деректерді талдауға
арналған бағдарламалық қамтамасыздандыруда
шынайылықтың
статистикалық бағдарламасы кодтау реттілігінің деңгейін анықтау
үшін пайдаланылуы мүмкін (Creswell, 2009).
Достарыңызбен бөлісу: