Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


Кейс-стади аясында деректер жинау



Pdf көрінісі
бет78/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

5.3 Кейс-стади аясында деректер жинау
«Кейс-стади әдіснамалық таңдау емес, зерттелетін құбылысты 
таңдау. Сіз таңдалған кейсті зерттеу үшін кез келген әдістің таңдай 
алатындығыңызды» айта кету керек (Stake, 2005, 443-б.).
Кейс-стади әдісінде деректерді құрылымдық сұхбат (стандарт-
ты түрде қатаң бекітілген сұрақтар тізбесі бойынша жүргізіледі), 
жартылай құрылымдалған және құрылымдалмаған сұхбат, фо-
кус-топтар (сөз түріндегі деректер), бақылау (сөз, сан, суреттер
бейне, аудио түріндегі деректер), құжат, сауалнама, зерттеу жур-
налы, тест тапсырмаларын және өзге де кесінділерді шолу арқылы 
жинауға болады. 
Мәселен Мөлдір Аблаева (2019 ж.) өзінің мектеп мұғалімдерін 
аттестаттау туралы докторлық зерттеуінде жекелеген жартылай 
құрылымдық сұхбат пен бақылауды (мұғалімдерді аттестацияға 
даярлау) және құжаттарды талдауды (мұғалім портфолиосы, «Пе-
дагог қызметкерлерді аттестаттау туралы ереже», біліктілік талап-
тары) пайдаланады, себебі зерттеу мақсаты мектеп мұғалімдері 
мен басшыларының аттестаттау үлгісі және оның Қазақстандағы 
5.1-сурет. Кейс-стади дизайны (Yin, 2009)
Таныстырылым 
Жоспар
Әдіс
Дайындық
Талдау
Дерек жинау


124
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
мұғалімдердің кәсіби дайындығына ықпалы жайындағы түсінік-
тері мен көзқарастарын қарастыру болып табылады.
Зерттеу нәтижелерін жалпылау (генерализациялау)
Әдетте кейс-стади зерттеулері тар ауқымды болып, жекеле-
ген жағдайдағы мүддемен ерекшеленетіндіктен, жалпылау кейс 
әдісінің әлсіз жағы деп қабылданады. Жалпылауды тек кейс-стади-
ге ғана емес, жалпы әлеуметтік зерттеулерге де тән кемшілік деп 
есептейтін авторлар кездеседі. Томас (Thomas, 2011) жалпылаудың 
жаратылыстану ғылымдарының негізі болып табылатынын және 
оның білім беру зерттеулерінде үнемі пайдалануға келмейтіндігін 
атап өтеді. Осыған ұқсас көзқарасты Макинтайр (MacIntyre, 1985) 
да ұстанады, ол жалпылаудың әлеуметтік ғылымдарда тиімсіздігін, 
себебі оның жалпылау деп саналатын жағдайлар мен мысалдар-
дың тізімі ғана еместігін айтады.
Дей тұрғанмен беделді авторлардың бірі Стейк (Stake, 2005) 
зерттеуге қатысушылардың белгілі бір проблемасы, әрекеттері 
не жауаптары үстін-үстін қайталанып, белгілі дәрежедегі жалпы-
лауларға негіз болады деп есептейді. Автор кіші жалпылау (petit 
generalization) және үлкен жалпылау (grand generalization) ұғымда-
рын енгізді. Бір немесе бірнеше кейстен алынған деректер жал-
пылаудың негізі бола алмаса да, позитивтілікте қабылданғандай, 
шағын жалпылау кейс-стадидің бір бөлігі болып табылады. Мыса-
лы зерттеуші бір құбылысты бақылап, зерттей отырып, сұхбат пен 
бақылаудың әрбірінен жаңа нәрсе байқап, соның негізінде жалпы-
ланған тар ұғым-түсініктерді түйіндей алады. Зерттеуші ірі жалпы-
лау әдісі барысында нақты жағдайды қарастыра отырып, бұрын-
нан бар қорытындыларды өзгертеді.
Кейс-стади көбінесе толыққанды зерттелмеген тақырыптар-
ды қарастыратын әдіс ретінде таңдалып алынады, яғни зерттеуші 
аталған мәселе жайында толық ақпараттандырылғысы келген кез-
де, сондай-ақ құбылыстың қазіргі сипатын тереңдете зерттеуде 
таңдалады. 


125
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет