Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


Сапалық зерттеулердегі деректердің шынайылығы



Pdf көрінісі
бет135/149
Дата04.03.2024
өлшемі2.17 Mb.
#494211
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   149
Білім беру зерттеулеріне кіріспе теория, әдістер және тәжірибелер

9.1.1 Сапалық зерттеулердегі деректердің шынайылығы
мен сәйкестілігі
9.1-суретте көрсетілгендей, нәтижелерді растау зерттеу үдері-
сінің басынан аяғына дейін жүреді. Бұл бөлімде оқырман өзінің бо-
лашақ жұмысында зерттеу нәтижелерін тексеру тәртібін сипаттай 
алуы үшін шынайылық пен сәйкестілік тұжырымдары толығырақ 
қарастырылады. Әдетте зерттеушілер өз қорытындыларының дәлді-
гі мен шынайылығын тексеру үшін зерттеулерінде жасаған, жасай-
тын қадамдары жөнінде хабарлап отыруы қажет (Creswell, 2009).
Шынайылық
Иньнің пікірінше (Yin, 2011), сапалық зерттеулерде кейс-стади 
кезеңдерін барынша құжаттап, оның толық хаттамасы мен дерек-
тер қорын құру керек. Гиббс (Gibbs, 2007) шынайылықты қамта-
масыз етуде бірнеше үдерісті ұсынады:
• транскрипция жасау кезінде жіберілген айқын қателердің 
жоқтығына көз жеткізу үшін транскрипттерді тексеру;
• кодтау үдерісі кезінде код мәндерінің ауысып кетпеуіне 
көз жеткізу. Бұған деректерді үнемі кодтармен салыстыру 
арқылы және кодтар мен олардың анықтамалары туралы 
ескертулер жазу арқылы қол жеткізуге болады;
• топтық зерттеулер үшін ұдайы кездесу жасап, талдау нәти-
желерімен алмасу арқылы кодтаушылар арасындағы бай-
ланысты үйлестіріп отыру;
• тәуелсіз нәтижелерді салыстыру арқылы түрлі зерттеушілер 
әзірлеген кодтарды айқаспалы тексеру жасау.


212
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
Кресуэлл (Creswell, 2009) зерттеушілерге гранттық өтінім 
немесе ғылыми негіздемелерді жазу барысында ұсынылатын 
зерттеуде ұтымды нәтижелерге жетудің дәлелі ретінде жоғарыда 
аталғандардың бірқатарын қосуға кеңес береді. Ол, сондай-ақ, 
өтінімде зерттеушілердің «кодаралық келісімнің» немесе айқаспа-
лы тексерудің аясында олардың кодтарын салыстыра тексеру үшін 
мамандарды тартатынын атап өтуді ұсынады. Мұндай келісім екі 
немесе одан да көп кодтаушының арасында мәтіннің бірдей үзін-
ділері үшін пайдаланылатын кодтармен келісудің бар-жоқтығына 
негізделуі мүмкін (бұл жерде мәселе олардың бір мәтін бөлігін 
кодтайтындығында емес, өзге кодтаушының аталған бөлікті сол 
бір кодпен белгілеу/белгілемеуінде). Сапалық деректерді талдауға 
арналған бағдарламалық қамтамасыздандыруда шынайылықтың 
статистикалық бағдарламасы кодтау реттілігінің деңгейін анықтау 
үшін пайдаланылуы мүмкін (Creswell, 2009).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   149




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет