205
алу, құрсақ қуысы органдарын жансыздандару, тегіс бұлшық еттер тонусын
реттеу, мес қарын тимпониясы.
Операция техникасы. Ірі жануарларды тұған күйінде ал
ұсақ
жануарларды жатқызып бекемдейді. Операция орнын дайындайды.
Ұзындығы 8-10, ені 1,5 инені ірі жануарларда соңғы қабырғаның
алдыңғы жағына, ұсақ жануарларда соңғы
қабырғаның артқы жағынан
көкірек омыртқа өсінділерінен алақан бойы төмен енгізеді. Инені 30-35º
горизонтальды бағытта омыртқа денесіне дейін енгізеді. 0,5% новокаин
ерітіндісінің 5-10 мл енгізгеннен кейін шприцті инеден ажыратады. Егер ине
дұрыс орналасса инеден тамшылап ерітінді ағады.
Егер плевра
тесілсе инеден сұйық ақпайды, керісінше ішке қарай ауа
тартылады. Мұндай жағдайда инені сәл артқа тартып бағытын өзгертіп қайта
енгізеді.
Новокаин ерітіндісін дене массасының 0,5 мл/кг
есебімен, қой, ешкі,
шошқа мен мысыққа 2 мл/кг есебімен енгізеді. Қажет болған жағдайда
тежеуді 7-10 күннен кейін қайталауға болады.
Бел аумағын (паранефралды) новокаинмен тежеу
Операцияға көрсетулер (операция жасалатын жағдайлар): құрсақ
қуысындағы
асептикалық қабыну процестері, құрсақ және жамбас бұлшық
еттерінің түйілуі (спазма)
Операция техникасы. Новокаин ерітіндісін бүйрек
аумағындағы май
клечаткасына енгізеді. Тежеу топографиялық анатомияны жақсы білу мен
жасалу техникасын және асептиканы қатаң сақтауды талап етеді.
Сенькин бойынша ірі қара малды паранефральды новокаиндік
тежеу.
Тежеуді оң жақтан жасайды, онда бүйрек алғашқы екінші бел омыртқа
өсінділерінің аумағында орналасады. Бүйректің краниальды шекарасы соңғы
қабырға алдында, каудальды шекарасы үшінші
бел омыртқаның өсіндісі
деңгейінде, ал латеральды бөлігі 2-3 см төмен орнадасқан. Сол бүйректің
ұзын шажырақайы болады және қарынның толу деңгейіне байланысты
орналасуы түрліше.
Орепация техникасы. Жануарды тұрған күйінде бекемдейді.
Инені
соңғы қабырға мен бірінші бел омыртқа өсіндісінің аралығы немесе 1 мен 2
бел омыртқа аралығы, иенені 1,5-2 см артқа тартып орталық сызыққа қарай
бағыттайды. Инені жануар түріне, жасына, жынысына қарай 8-10 см
тереңдікке енгізеді. Ерітіндіні баяу бүйрек плеврасын зақымдап алмай 0,25%
новокаиннің жылы ерітіндісінің 200-300 мл енгізеді.
Достарыңызбен бөлісу: