77
Ішке қан кетуді тоқтатудың эндоскопиялық әдісі.
1.
қан кету аймақтарын суық сұйықтармен шаю (5% Аминокапрон
қышқылымен, 10% Хлорлы кальцидің ертіндісімен, Адреналин мен новокаин
ертіндісімен);
2.
жергілікті Тромбин (асқазанға алдын ала 5-10 минут бұрын 1-2 г
натрии гидрокарбонатын енгіземіз);
3.
пленка түзетін препараттардың көмегімен жапсыру;
4.
электрокоагуляция, лазерлі фотокоагуляция;
- өңештің варикозды кеңеюлері кезінде қосымша Питуитрин 20 бірлік
200 мл – 5% Глюкоза ертіндісі енгізіледі, қажет болса- 4
сағаттан кейін
қайталанады. Арнайы зондтпен веналардың компрессиясы (Блекмор)
декомпрессиясы әр бір 5-6 сағат сайын.
- профузды қан кетулер кезінде және консервативті емнің нәтижелігі
болмаған кезде 24-48 сағат ішінде оперативті ем көрсетіледі.
Өкпеден қан кету, қан түкіру
Белгілері: жөтел;
- жөтелмен бірге қанды қақырықтың бөлінуі (қан түкіру кезінде)
немесе қышқылды реакциямен көпіршікті қызғылт қан (өкпеден қан кеткен
кезде);
- қан кетудің жалпы белгілері (әлсіздік,
бас айналу, ентігу, жүрек
қағу, бозару, шөлдеу, құлақта шу, көрудің нашарлауы, суық тер, АҚ
төмендеуі, әлсіз жиі пульс).
Шұғыл көмек: тыныштық, ортопноэ жағдайы, ыстық азық және
сұйықтық ішпеу;
- күшті жөтелу кезінде – Кодеин (0,02) немесе Дионин (0,01).
Жеңіл
жөтел қауіпті емес, себебі ол тыныс жолдарын қаннан тазартып,
аспирациялық пневмонияның дамуының алдын алады;
- инфузиондық-трансфузиондық және гемостатикалық ем;
- Питуитрин 10 Бірлік к/т тамшылатып 200 мл изотониялық
ертіндімен;
- Гемофилия
кезінде 250-500 мл антигемофилді плазмамен
трансфузия әрбір 6-8 сағат сайын;
- Верльгоф ауруы кезінде қалыпты гемостатикалық
емге қосымша -
100-150 мл изотоникалық ертіндіге 10 мг серотонинді тамшылатып енгізу;
Достарыңызбен бөлісу: