Мүрәлінов К.Қ., Махмутов А.Қ., Мүрәлінова Ж. К


Ішкі қан кетулер кезіндегі шұғыл көмек



Pdf көрінісі
бет35/129
Дата04.03.2024
өлшемі4.96 Mb.
#494141
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   129
оперативтік хир 8 н

 
Ішкі қан кетулер кезіндегі шұғыл көмек 
 
Асқазан – ішек қан кетулер белгілері: 
1. 
Аз немесе жасырын қан кетулер – «себепсіз» анемия. 
2. 
Айқын немесе массивті қан кетулер: 
латентті кезеңде (бірнеше минуттан тәулікке дейін созылады) – жалпы 
белгілері қан кету: 
- әлсіздік, кілегей қабықтарының бозаруы, естен тануы мүмкін; 
- суық тер, бозару; 
- тахикардия, АҚ төмендеуі; 
- ентігу; 
- аузының құрғауы, шөлдеу; 
айқын кезеңінде: 
- «кофе қойыртпағы» түріндегі (сирек қызғылт) қою қанды құсулар
кейде реакциясы қышқыл, қан ұйындыларымен азық қалдықтарымен құсу; 
- асқазан ішек жолдарының жоғарғы бөліктерінен қан кеткен кезде 
меленаның пайда болуы, төменгі бөліктерінен қан кеткен кезде қан және қан 
ұйындылары. 
 
 
 


77 
Ішке қан кетуді тоқтатудың эндоскопиялық әдісі. 
1. 
қан кету аймақтарын суық сұйықтармен шаю (5% Аминокапрон 
қышқылымен, 10% Хлорлы кальцидің ертіндісімен, Адреналин мен новокаин 
ертіндісімен); 
2. 
жергілікті Тромбин (асқазанға алдын ала 5-10 минут бұрын 1-2 г 
натрии гидрокарбонатын енгіземіз); 
3. 
пленка түзетін препараттардың көмегімен жапсыру; 
4. 
электрокоагуляция, лазерлі фотокоагуляция; 
- өңештің варикозды кеңеюлері кезінде қосымша Питуитрин 20 бірлік 
200 мл – 5% Глюкоза ертіндісі енгізіледі, қажет болса- 4 сағаттан кейін 
қайталанады. Арнайы зондтпен веналардың компрессиясы (Блекмор) 
декомпрессиясы әр бір 5-6 сағат сайын.
- профузды қан кетулер кезінде және консервативті емнің нәтижелігі 
болмаған кезде 24-48 сағат ішінде оперативті ем көрсетіледі. 
Өкпеден қан кету, қан түкіру 
Белгілері: жөтел; 
- жөтелмен бірге қанды қақырықтың бөлінуі (қан түкіру кезінде) 
немесе қышқылды реакциямен көпіршікті қызғылт қан (өкпеден қан кеткен 
кезде); 
- қан кетудің жалпы белгілері (әлсіздік, бас айналу, ентігу, жүрек 
қағу, бозару, шөлдеу, құлақта шу, көрудің нашарлауы, суық тер, АҚ 
төмендеуі, әлсіз жиі пульс). 
Шұғыл көмек: тыныштық, ортопноэ жағдайы, ыстық азық және 
сұйықтық ішпеу; 
- күшті жөтелу кезінде – Кодеин (0,02) немесе Дионин (0,01). Жеңіл 
жөтел қауіпті емес, себебі ол тыныс жолдарын қаннан тазартып, 
аспирациялық пневмонияның дамуының алдын алады; 
- инфузиондық-трансфузиондық және гемостатикалық ем; 
- Питуитрин 10 Бірлік к/т тамшылатып 200 мл изотониялық 
ертіндімен; 
- Гемофилия 
кезінде 250-500 мл антигемофилді плазмамен 
трансфузия әрбір 6-8 сағат сайын; 
- Верльгоф ауруы кезінде қалыпты гемостатикалық емге қосымша - 
100-150 мл изотоникалық ертіндіге 10 мг серотонинді тамшылатып енгізу; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет